Maм 11, 2021 00:18
Загрос таулы сілемінде сарқырамалар көп. Ал ең ірі сарқырамалардың бірі – Дезфул ауданының Шеви ауылына жақын жердегі Шеви сарқырамасы (Shevi Waterfall). Оның биіктігі 80 метр, ені 75-85 метр. Сондықтан ол ірілік тұрғысынан Батыс Азиядағы бірегей табиғи сарқырамалардың бірі саналады. Сарқырама бойында суды қысыммен сыртқа атқылайтын сақылау бар. Су биіктен саты-сатымен түсіп, жасыл мық басқан арнаны кесіп өтіп, өзенге құяды.