Maм 23, 2021 01:17 Asia/Almaty
  • Иран: Кандалус ауылы (120)

4 мың жылдық тарихқа ие Кандалус ауылы Мазандеран облысының Альборз тауларының ішінде, Ноушаһрдың оңтүстік-шығысынан 75 км қашықтықта орналасқан. Ол Иранның ең әдемі әрі таза ауылдарының бірі саналады.

Ауылдың ең маңызды тартымдылықтарының бірі ретінде Кандалус этнографиялық мұражайы мен өсімдіктану мұражайын атауға болады. Онда осы аймақтың көне тарихы мен өркениетіне қатысты өте пайдалы да қызықты мағлұматтар сақталынған. Ауылдағы қолөнер түрлеріне джаджим тоқу (қалың жіптен мата тоқып, қыш ыдыстарды қаптау), гүлді-гүлді жүн көйлек тігу және киіз басу жатады.  

Кандалус ауылы
Екі қабатты көне үйлердің төбесі жабынқышпен жабылған.
 Ауылдың ирелең көшелеріне тас төселген.
Кандалус ауылының әдемі табиғаты
4 мың жыл бұрын Кандалус маңына адамдар қоныстанған. Сондықтан оның тарихи маңызы зор..
Кандалус ауылының әдемі панорамасы
Кандалус мәдени мұражай-кешені – Мазандеран облысындағы бірегей мұражайлардың бірі.
Мұражайда б.з.д. екінші мыңжылдықтан бастап Қаджарлар заманына дейінгі қыш пен шыныдан жасалған бұйымдар, фарфор ыдыстар және т.б. сақталынған.
Бұл ауылда әлемдегі ең алғашқы ауыл мұражайы орналасқан.
 Құжаттар мен қолжазба нұсқалары бөлімінде Құран Кәрімнің қолжазба нұсқалары, өлең жинақтары, келісімшарттар мен бұйрықтар жинастырылған.
Кандалус ауылы тұрғындарының басты табыс көзі егін мен мал шаруашылығы және бау-бақшадан қамтамасыз етіледі.
Кандалус ауылының табиғаты әдемі болғандықтан туристер көп келеді.
Ауыл тұрғындары Жаңа жыл басталарда үлкен мерекелік шара өткізеді.
Ауыл тұрғындары ерекше рәсімдерде жергілікті киімдерін киіп шығады.
Ауылдың шығыс жағында 100 жылдық тарихы бар имамзада Фазл мен Фазил кесенесі орналасқан.