-
Иран: Гаһар көлі (93)
Шіл 26, 2020 02:27Гаһар көлі – Иранның ең әдемі көлі. Ол Луристан облысындағы Ошторонкуһ тауларының арасында бой көтерген Дуруд қаласының оңтүстік-шығысынан 35 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 2350 метр биіктікте орналасқан.
-
Иран: Шах мешіті (90)
Маусым 06, 2020 20:37Орталық мешіт, Солтани мешіті және Имам мешіті деген атаулармен танымал Шах мешіті – Исфахандағы «Нақш-е жаһан» алаңында орналасқан мешіттердің бірі.
-
Иранның туристік тартымдылықтары (13)
Маусым 02, 2020 20:37Бүгінгі бағдарламада Коһкилуе мен Буйер Ахмад облысының әдемі қалаларының бірі Сисәхт қаласына сапар шегеміз.
-
Иран: Ригзаррин (87)
Maм 20, 2020 14:53Ригзаррин немесе Моғестан – Иранның Йезд облысындағы Бафақ шөлінің Анджир сайынан солтүстікке қарай 40 шақырым жерде орналасқан ең танымал шөлдердің бірі. Шөлдің солтүстік бөлігінде Хаджиабад Заррин жоталары орналасқан. Олар солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Шөлдің оңтүстік-батыс бөлігін тұзды күмбездер басқан. Моғестан шөлі оның ортасында орналасқан жоталарға байланысты солтүстік және оңтүстік болып бөлінген. Шөлді көшпелі ұсақ құм төбелер басып жатыр.
-
Иран: Сүлеймен зынданы (88)
Maм 20, 2020 14:47Сүлеймен зынданы – Тахт-е Сүлеймен кешенінің батысынан 3 шақырым жерде орналасқан іші қуыс конус пішіндес тау. Бұл тау мыңдаған жыл бұрын көл суының минералды шөгінділерінен пайда болған. Осы таңғажайып тау маңында тұратындар оны «Сүлеймен зынданы» немесе «Дию зынданы» деп атап, хазірет Сүлеймен бағынуға бас тартқан диюларды осы тауға қамап отырған деп санайды. Таудың биіктігі 97-107 метр. Оның төбесінде тереңдігі шамамен 80 метрді құрайтын шұңқыр бар. Шұңқыр аузының диаметрі – 65 метрге жуық.
-
Теһранның "Наһдж ул-Балағе" саябағы-2
Maм 19, 2020 20:22Иран астанасы Теһранның "Наһдж ул-Балағе" саябағы бір-бірімен туннель арқылы байланысып жатқан екі бөліктен тұрады. Бұл әдемі бақта 8 жаяу жүру терассасы, арнайы велосипедшілер жолы, спортпен айналысатын орын, балалар ойнайтын 3 алаң, 2 мешіт, 750 орындық автотұрақ, 40 дәретхана және жанұямен демалуға арналған күркелер бар.
-
Иранның туристік тартымдылықтары (12)
Maм 14, 2020 21:25Бүгінгі бағдарлама Коһкилуе мен Буйер Ахмад облысына арналады.
-
Теһранның "Шоһада" саябағы
Maм 13, 2020 22:01Коронавирустың таралуына байланысты екі ай карантинде болған Теһран қаласының тұрғындары қалыпты өмірге қайта оралып жатыр. Қалыпты өмірдің символдарының бірі - саябақта серуендеу және спортпен айналысу.
-
Иран: Түркіменсахра (86)
Maм 09, 2020 17:04Иранның солтүстігіндегі Гүлстан облысының Түркіменсахра ауданында өркеш-өркеш жап-жасыл төбелерден тұратын аймақ бар.
-
Теһранның "Наһдж ул-Балағе" саябағы
Maм 06, 2020 00:02Теһранның "Наһдж ул-Балағе" саябағы - қала тұрғындарының жанұямен шығып, серуендейтін жері. Саябақ аумағын жаяу айналып өту үшін екі сағат уақыт кетеді. Видеода саябақтың тек бір бөлігі көрсетілген.