-
Рамазан айының жиырма тоғызыншы күнінің дұғасы
Maм 23, 2020 07:16Уа, Алла! Осы күні мені Өзіңнің рақымдылығың мен мейіріміңе бөлеп, табысқа жеткізіп, тыйым салып, жүрегімді жаланың қаралығынан тазарта гөр, уа, иманды құлдарының мейірімді Құдайы!
-
Рамазан айының жиырма сегізінші күнінің дұғасы
Maм 22, 2020 06:41Уа, Алла! Осы күні менің мұстахаб істерімнің сауабын көбейтіп, менің хақыма жататын мәселелерді шешуге көмектес. Өзің жаққа жететін құралдардың арасындағы құралымды жақындат, уа, табандылардың табандысы!
-
Рамазан айының жиырма жетінші күнінің дұғасы
Maм 20, 2020 06:47Уа, Алла! Бұл күні маған қадір түнінің берекесін нәсіп етіп, барлық істерім мен қиыншылықтарымды жеңілдете гөр. Тәубамды қабыл етіп, күнәларымды кешір, уа, өзінің лайықты құлдарына мейірімді Құдай!
-
Рамазан айының жиырма алтыншы күнінің дұғасы
Maм 20, 2020 06:44Уа, Алла! Бұл күні менің істерім мен талпыныстарымды қабыл ете гөр! Осы айда күнәларымды кешіріп, ғамалдарымды қабылдап, кемшіліктерімді жасыра гөр, уа, дұғаларымызды естуші!
-
Рамазан айының жиырма бесінші күнінің дұғасы
Maм 19, 2020 06:18Уа, Алла! Осы күні мені достарыңның қатарына қосып, дұшпандарыңның дұшпанына айналдыр. Соңғы пайғамбарыңның ізбасарларының қатарына қос, уа, пайғамбарлардың жүректерін нұрландырушы!
-
Рамазан айының жиырма төртінші күнінің дұғасы
Maм 18, 2020 06:17Уа, Алла! Бүгін Сенен Өзіңді риза ететін нәрсені сұрап, сені наразы ететін нәрседен өзіңді паналаймын. Өзіңе бағынуда табысты етіп, саған бағынбаушылық танытпаудан құтқар. Уа, мұқтаждардың Қолдаушысы!
-
Рамазан айының жиырма үшінші күнінің дұғасы
Maм 16, 2020 23:53Уа, Алла! Осы айда менің күнәларымды жуып, кемшіліктерімді жоя гөр.Жүрегімді тақуалықпен сына, уа, күнәһарлардың қателіктеріне көзжұмбайлық танытушы!
-
Рамазан айының жиырма екінші күнінің дұғасы
Maм 16, 2020 13:14Уа, Алла! Осы күні маған Өз даналықтарыңның есіктерін ашып, берекеңді бере гөр! Мені Өзіңнің ризашылығыңның себебі етіп, жәннаттың ортасынан орын бер, уа, құлдарының талап-тілектері мен дұғаларын орындаушы!
-
Рамазан айының жиырма бірінші күнінің дұғасы
Maм 15, 2020 03:43Уа, Алла! Осы күні мені Өзіңнің ризашылығыңа бөлейтін жолға нұсқа. Жолыма шайтанды жолатпай, мені тыныштық табатын мекен – жәннатқа орналастыр, уа, ізденімпаздардың қажеттіліктерін орындаушы!
-
Рамазан айының жиырмасыншы күнінің дұғасы
Maм 14, 2020 15:07Уа, Алла! Осы күні менің алдымнан жәннәттың есігін ашып, тозақ отының есігін жаба гөр! Осы күні қасиетті Кітабыңды оқуға көмек бер, уа, мүміндердің жүректеріне тыныштық сыйлаушы!