Pars Today
Уа, Алла! Осы күні маған Өз даналықтарыңның есіктерін ашып, берекеңді бере гөр! Мені Өзіңнің ризашылығыңның себебі етіп, жәннаттың ортасынан орын бер, уа, құлдарының талап-тілектері мен дұғаларын орындаушы!
Қасиетті Рамазан айының 21 жұлдызы – хазірет Әли (ғ.с.) шәһид болған күн.
Уа, Алла! Осы күні мені Өзіңнің ризашылығыңа бөлейтін жолға нұсқа. Жолыма шайтанды жолатпай, мені тыныштық табатын мекен – жәннатқа орналастыр, уа, ізденімпаздардың қажеттіліктерін орындаушы!
Қасиетті Рамазан айының 21-ші түні – Қадір түні мың айдан артық түн; алдағы бір жылдық тағдырымыз белгілі болатын түн. Рауаяттар бойынша Рамазанның 19-шы түнінде адамдардың тағдырының кітабы ашылады. Ең жоғары мәртебеге ие 21-ші түнде әлемнің бүкіл істері, әсіресе әр адамның жағдайы жазылады. 23-ші түні илаһи халифа растайды. Бұл кезеңдер мүмінді тынышытық пен Қадір түнінің қадір-қасиетін түсінуге жеткізеді.
Уа, Алла! Осы күні менің алдымнан жәннәттың есігін ашып, тозақ отының есігін жаба гөр! Осы күні қасиетті Кітабыңды оқуға көмек бер, уа, мүміндердің жүректеріне тыныштық сыйлаушы!
Исламдағы ораза. Ораза – ізгілік жолына түсіп, тақуалықты шынықтырып, қанағатқа бой үйрету үшін берілген мұрсат.
Уа, Алла! Бұл күннің берекесінен маған молынан нәсіп етіп, Өзіңнің ризашылығыңа жетер жолымды жеңілдет. Бұл күннің жақсылықтарын қабылдаудан бізді мақұрым етпе, уа, хаққа жол нұсқаушы!
Қадір түні – Құдайға ғашық миллиондаған мүмін толқыған жүректері және жасқа толы жанарларымен қолдарын жайып, әлемнің мейірімді әрі кешірімді Жаратушысынан күнәһар пендесін кешіруді сұрайтын түн. Қадір түні – мәселелер шешіліп, адасқандар өз жолын табатын, келесі жылдың тағдыры белгілі болатын түн. Бұл түні барша аспандықтардың қонағы болады.
Уа, Алла! Осы күні мені таңсәрідегі берекеңнен хабардар етіп, жүрегімді жарқыраған нұрыңмен нұрландырып, дене мүшелерімнің барлығын өз нұрыңның әсеріне бөле, уа әділ жүректерге жарық сыйлаушы!
Басқаларға мейірім білдіріп, жақсылық жасау – Алланың ризашылығына себеп болатын қадір-қасиеттердің бірі.