Хазірет Әли (ғ.с.) – әділет мизаны
(last modified Fri, 15 May 2020 04:48:08 GMT )
Maм 15, 2020 10:48 Asia/Almaty
  • Хазірет Әли (ғ.с.) – әділет мизаны

Қасиетті Рамазан айының 21 жұлдызы – хазірет Әли (ғ.с.) шәһид болған күн.

 

 

Алла елшісі (с.ғ.с.) күндердің бірінде қасиетті Рамазан айының айбыны мен артықшылығы туралы баяндады.  Сол кезде хазірет Әли (ғ.с.) қасиетті Рамазан айының ең жақсы амалы туралы сұрады.  Алла елшісі (с.ғ.с.): «Бұл айдың ең жақсы амалы Алла харам еткен нәрселерден тартыну»,- деп жауап беріп, жылады.   Әли (ғ.с.)  хазіреттен жылауының себебін сұрағанда: «Уа, Әли! Менің жылауымның себебі бұл айда саған жасалатын зорлық-зомбылықта. Мен сен намаз оқып тұрғанда өткен және келешек ұрпақтың ең тас жүрек, ең бақытсыз адамының сені қылышпен ұрғанын көріп тұрмын», - деді.   Имам: «Сол  кезде менің дінім сақталып қала ма?». Алла елшісі: «Иә, дінің аман қалады»,- деп жауап берді. Бұл жауапты естіп, хазірет Әли (ғ.с.) қуанышқа бөленді.

Хиджри күнтізбесі бойынша 40 жылдың Рамазан айының 19 жұлдызында адамзат Пайғамбар (с.ғ.с.) дүниеден озғаннан кейінгі теңдессіз тұлғаның құлшылығы мен оған қарсы қатыгездіктің жоғары деңгейіне куә болды. Бұл күні Ибн Молджам Моради хазірет Әлиді (ғ.с.) өзінің улы қылышымен жаралады. Жарақат салдарынан үш күннен кейін Рамазан айының 21 жұлдызында әлемнің ең жомарт тұлғасы шәһид болды. Бұл қатыгез адам өзінің қылмысы туралы былай деген: «Таңсәріде Әли (ғ.с.) мешітке еніп, Алламен сырласты. Содан соң мешіттің төбесіне көтеріліп, дауыстап азан айтты. Ол өз дауысымен мені намазға оятты. Өзі миһрабта тұрып, намаз оқыды. Ауыр сәтті бастан кештім. Әли (ғ.с.) басын сәждеден көтерген кезде қылышымды көтеріп, бар күшімді салып, Хандақ соғысында Амру ибн Абдевад ұрған жерден ұрдым. Басынан қан ақты, бірақ Әли (ғ.с.) тек «Алламен ант етемін, жеңілдедім», - деді».

Барлық тарихшылардың пікірінше, хазірет Әли (ғ.с.) ғибадат жасайтын миһрабында әділетінің құрбаны болды. Хазірет

 

 

қоғамдық әділет негіздеріне сүйеніп, Ислам көшетін қорғау үшін 25 жыл үнсіздікке  шыдаған соң, билікті өз мойнына алуға келісті. Хазірет Әлидің (ғ.с.) көзқарасынша, әділет – исламдық құндылықтар мен саясаттың ең маңызды негізі. Ол Ислам әлемінің билігін қолына алған алғашқы күні: «Менің үкіметімнің мақсаты – дінді жаңғыртып, қоғамда әділет орнату. Мен Алла елшісінің жолын ұстанамын. Бұл істе ешкімнің жағдайына қарамаймын»,- деп жариялады. Хазірет Әли (ғ.с.) ислам үкіметінің билігін өз міндетіне алған кезде бұрмаланушылықтармен күресіп, мұқтаджар мен кедейлерге көмектесуге, жәбір көргендердің құққығын қорғап, қоғамдық мүлікті әділ бөлуге талпынып: «Өміріммен ант етемін, шындықтың қарсыластары мен адасушылық жолындағылармен күресуден бас тартпаймын. Алламен ант етемін, жалғандыққа соққы беріп, шындықты сыртқа шығарамын»,- деді. («Наһдж ул-Балағе», 104-ші құтпа).

Хазірет Әли (ғ.с.) Исламды таратуға үлесін қосқандар мен қарапайым халықты бөлмей, қоғамдық мүлікті тең бөлді. Ол: «Халайық! Мен өздеріңдей адаммын. Менің мүддем – сендердің мүдделерің, менің зияным – сендердің зияндарың. Мен сендерді Пайғамбарларыңның жолына нұсқаймын. Естеріңде болсын, Алланың кез келген мүлкін, соның ішінде жерді басқаға сыйлаған адам оны қазынаға қайтаруы керек»,- деді.  

 

Ойшылдар хазірет Әлидің (ғ.с.) қоғамдық әділетін екі тұрғыдан теңдессіз санайды: біріншіден, хазіреттің қоғамдық әділет туралы көзқарасы оның иманына сай; екіншіден, ол өз көзқарасын іс жүзінде іске асырып, билік басына келген кезде Исламдағы әділет негіздерін қоғамда қалыптастырды. Бауыры Ақил ел байлығынан  шамалы үлес сұраған кезде бұл істің салдарын еске салды. Хазірет сенімді серіктерінің бірі Әбу әл-Асвад Дулиді төрелік етуге тағайындағанымен алғашқы күндері оны басқарудан босатты. Әбу әл-Асвад: «Уа, мүміндердің әмірі! Мені төреліктен босатуыңа не себеп болды? Мен қылмыс жасаған жоқпын, айыпталмадым»,- деп наразылық білдірді. Хазірет Әли (ғ.с.): «Сен дұрыс айтасың, міндетіңді орындаған кезде аманатқа қиянат жасамадың. Бірақ маған сенің алдына айыпталған немесе шағым түсірген адам келген кезде сенің даусыңның олардың даусынан қаттырақ шыққаны туралы мәлімдеме жетті. Шындық иелері оңай сөйлеп, өздерін қорғай алмайтын болады»,- деді. Хазірет Әлидің (ғ.с.) Малек Аштарға жазған хаты тарих бойында әділет орнатудың ең жақсы құжаты ретінде көптеген халықаралық ұйымдар мен жеке адамдардың көзіне түсті. Бұл хат  сан рет әлемнің ойшылдары мен әртүрлі діндердің ғұламаларын таңғалдырып, адамзат қоғамындағы    әділет пен қоғамның айқын мизаны ретінде бағаланды.

 

Бұл  илаһи басшы, адал ойшыл және шындықты талап етушінің кек қылышынан өліп, шәһид болуына не себеп болды? Имамды қоғамнан алып тастаудың негізгі себебі қате көзқарас болды. Бұл қате көзқарас тек имам Әлидің (ғ.с.) кезеңінде ғана емес, одан бұрын Пайғамбардың (с.ғ.с.) және одан кейінгі кезеңдерде де байқалды. Тіпті заманауи кезеңде де көрінеді. Бұл надан ой әрқашан экстремизммен бірге болып, дінді теріс және жеккөрінішті етіп көрсетіп, дағдарыс қалыптастырды. Бұл ойда адам дос пен дұшпанды, исламдық қоғамның басымдылықтарын ажырата алмайды, ойланбастан басқаларды күпірлікпен айыптап, саяси теңгерімді Ислам дұшпандарының мүддесіне өзгертеді. Сондықтан хазірет Әлиді (ғ.с.) өлтірген адам ғибадат михрабында Әлиге ( ғ.с.) қастандық жасаған үлкен қатерлі ойдың  кішкентай бөлігі. Бұл қатер әрқашан адамзат қоғамы үшін қоқан-лоққы болды.  Хазірет Әлидің (ғ.с.) мәдениетінде ғылым мен сенім, ақыл мен дін бір-бірімен сәйкес келді. Олардың ешбіреуі жалғыз адамды бақыт пен кемелдікке жетелей алмайды.

Сүннит ғалым Ибн Әбил Хадид: «Надан ойларды танып білу үшін хазірет Әлиді (ғ.с.) өлтірушілердің Рамазан айының он тоғызыншы түнін таңдағанына назар аудару керек. Олар: «Біз ғибадат және жақсылық жасағымыз келеді. Сондықтан сауабы көбірек болу үшін оны қадірлі түндердің бірінде орындағаымыз дұрыс» деп ойлады»,- деді. Бұл ой- пікір қазіргі кезде Ислам әлеміне көптеген қиындық тудырған ғасырлар өткеннен кейінгі тәкфиршіл ДАИШ-тың ой пікірі. Ваххабизмнен тамырланған тәкфиршілерді  Ибн Молджамның жаңа кейпі деп айтуға болады. Олар қазіргі кезде негізсіз сылтауларымен әлемнің сүннит және шиіт мұсылмандарының көпшілігін кәпір санап, қолдарын ислам үмбетінің қанына былғады.

Хазірет Әли (ғ.с.) теріске шығарылмайтын қадір-қасиеттерімен адамзат тарихында екіжүзділікті әшкереледі. Сондықтан 14 ғасырдан кейін мұсылмандар шындықты жалғандықтан ажырату мүмкіндігіне ие болып отыр. Хазірет Әли (ғ.с.) өмірінің соңғы күндерінде адамдарды өткінші  дүниені терең түсініп, материалдық өмірден алыстап, жақсырақ жолды таңдауға шақырды. Хазірет Әли (ғ.с.) «Наһдж ул-Балағенің» 149-шы құтпасында: «Мен кеше сендердің досың болдым, бүгін сендер үшін ғибратпын, ертең сендерден бөлінемін. Ертең менің бос орнымды көріп, дүниенің өтпелі екенін сезесіңдер»,- деді.

 

 

Алғашқы мұсылман, Алла елшісінің серігі мен орынбасары, ержүрек, мейірімділік, шындық пен әділеттің үлгісі хазірет Әли (ғ.с.) шәһид болды.  Хазіреттің айбыны туралы Жебірейіл жер мен көктің арасында: «Алламен ант етемін, дұрыс жолға нұсқаушы негіз бұзылды, набоват білімінің жұлдыздары өшіп, тақуалық пен илаһи тазалықтың белгілері  жойылды»,- деді.

Хазірет Әлидің (ғ.с.) шәһид болған күніне байланысты әлемнің барша мұсылмандарына көңіл айтамыз.