Там 22, 2016 17:21
Айтып өткеніміздей, «Мың бір түн» кітабы – Шахризада атты әйелдің хикаялары. Ол күнде бір әйелге үйленіп, ертең таңертең оны өлтіріп отырған залым патшаның әйеліне айналады. Шахризада осы әділетсіздікпен күресуге бел байлап, жанұясының қарсылығына қарамастан залым патшаға тұрмысқа шығып, әр түні таусылмайтын ертегілер айту арқылы өлімді кешеуілдетіп отырады. Оның осы теңсіз күрестегі қаруы – даналық пен қырағылық.