Бірлік аптасы 3: Ислам әлеміндегі Ислам революциясының диалогы мен бірлік идеясы
(last modified Tue, 13 Dec 2016 07:46:05 GMT )
Жел 13, 2016 13:46 Asia/Almaty
  • Бірлік аптасы 3: Ислам әлеміндегі Ислам революциясының диалогы мен бірлік идеясы

Аятолла Хаменеи: «Біз ислам әлемінің ағымдарына өз сенімдеріңнен бас тартып, басқа ағымдардың сенімдерін қабылдаңдар деп айтпаймыз. Бірақ барлық мұсылмандарға біздің арамыздағы қайшылықтарға қарағанда ортақ факторлар көбірек әрі маңызды деп айтамыз. Біздің дұшпандарымыз айырмашылықтарымызға сүйенеді. Біз керісінше, ортақ факторларды нығайтып, дұшпанға біздің өзара жіктелуімізді пайдаланып, ислам үмбетіне қысым көрсетуге рұқсат етпеуіміз керек»,- деді.

Ислам үмбетінің бірлігі – Құран Кәрім мен пәк тұлғалар ерекше көңіл бөлген ең маңызды мәселелердің бірі. Алла Тағала  Құран Кәрімде бірлік пен біртұтастық туралы айтылған әр жерді мадақтап,  керісінше қайшылықтар мен екі топқа бөліну туралы айтқан кезде оны айыптайды. Құран әртүрлі жерде маңызды бірлік мәселесіне тоқталып, адамзаттан илаһи жіпке (дінге) жабысып, одан айырылмауды талап етеді: «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер». («Әл-Имран» сүресі, 103-ші аят).

Исламдық бірлік – исламның бастапқы кезінен осы кезге дейін әрбір азат мұсылман оны қуаттаған ең маңызды идеялар мен мақсаттардың бірі. Исламның ұлық пайғамбары мен басқа илаһи тұлғалар еш уақытта бірлік мәселесіне немқұрайдылық танытпай, оны ислам қоғамының табысы мен бақытының сыры деп санады. Хазірет Әли (ғ.с.) мен басқа да пәк имамдар өздерінің қасиетті өмірлерінің бойында мұсылмандардың бірлігін қорғау үшін сан рет өз құқықтарының тапталуына үнсіздік танытты. Сөйтіп мұсылмандардың арасындағы қайшылықтардың күшеюінің алдын алып, Аллаға құлшылық ететін мұсылмандардың бірлігі, мұсылмандардың ортақ қасиетті кітабі Құран мен құбыласы саналатын Қағбаны қорғады. Бұл бақытқа жеткізетін тағылымдардың негіздері бойынша исламдық революция диалогі ислам әлеміндегі бірлік мәселесіне ерекше назар аудартады.

1979-шы жылы Иранда Ислам революциясы жеңіске жеткен соң имам Хомейни исламдық бірлікті  исламдық сенімдердің тереңдігінен тамырланған стратегиялық ұран ретінде баяндады. Сонымен бірге  Иран Ислам Республикасының Конституциясында исламдық мазхабтардың жақтастары өз сенімдеріне тұрақты болу тұрғысынан азат деп көрсетілуімен бірге басқа мазхабтардың жақтастарының өз шағымдарын олардың көзқарастарын ұстанатын соттарға беру құқықтары туралы баяндалды.

Иран Ислам революциясының іргетасын қалаушы имам Хомейни

Исламның ұлық пайғамбарының туған күнінің кезеңін «Бірлік аптасы» деп атап, Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ұйымын құру ИИР-ның әртүрлі исламдық мазхабтардың арасын біріктіру саласындағы кең ауқымды іс-әрекеттерінің бір бөлігі болды. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пәк Исламының тағылымдарынан тамырланып, пайда болған Ислам революциясының диалогы әлемнің жәбір көрген халықтарына мейірімділік пен қамқорлық білдіріп, оларға қолдау көрсетуді мадақтайды. Сол себепті Иран зұлымдық пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұрып, ешбір залым үстемшілге достық қолын ұсынбайды.

Мұсылмандардың арасындағы бірлік – Ислам революциясы диалогынің негізгі мақсаттарының бірі, өйткені мұсылмандардың ғиззаты мен күш-қуаты бірлік аясында қалыптасады. Исламдық үмбет бұл күш-қуаты және ғиззатымен  өз дұшпандарына қарсы тұрып, олардың жүректерін алаңдатады. Исламдық үмбеттің ең маңызды дұшпаны саналатын сионистер жылдар бойы бүкіл Палестинаны басып алып, бүкіл мұсылмандарды құртуды көздеуде. Палестинаға қолдау көрсету және бір күнді «Құдс күні» деп атау мазлұм палестиналықтарды қолдау саласындағы Иранның  талпыныстарының бір бөлігі. Заңсыз сионистік  режим  еш уақытта  Нил мен Евфрат өзендерінің арасындағы жерлерді басып ала алмайды.

Сондықтан Ислам революциясы диалогі мұсылмандардың арасындағы шынайы бауырластықты қолдайды. Мұсылмандар арасында бірлік орнатылған кезде дұшпандар исламдық жерлерге шабуыл жасап, исламдық мемлекеттерінің мұнай мен газ және кен бай қорларын басып алатындай ойды ұмытатындай әлемдік құдырет пен ғиззат қалыптасады. Дұшпандарға исламдық елдердің байлықтарын талан-таражға салуға рұқсат бермей, қолда бар қорлар мен байлықты исламдық үмбеттің жан-жақты дамуы үшін  пайдалану керек.

Басқа жақтан Ислам революция диалогы бірлік орнатуды көздеп, бауырлардың бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, бір-біріне алға ілгерілеуге көмектесуге шақырады. Мәселен, исламдық елдердің бірінің ғылыми жетістігі тек сол мемлекеттікі ғана емес, олар исламдық елдердің басқа ғалымдарына дейін жетіп, олардың дамуына көмектеседі. Мұндай көзқараста бәсеке ынтымақтастыққа айналып, барша исламдық үмбеттің бірлігі үшін талпыныс жасайтын болады. Айта кететін жайт, Ислам революциясы диалогы исламдық мазхабтар жақтастары, яғни сүнниттер мен шиіттер арасындағы бірлікті қарастырады, бірақ еш уақытта ваххабизммен бірлік орнатуды көздемейді. Өйткені бауырлардың бір-бірін өлтіру сынды қабылдауға болмайтын наным-сенім уаһабшылардың бұрмаланған ойларынан туындаған. Осы кезде лаңкестік тәкфіршіл топтар, әсіресе ДАИШ ең жаман қылмыстарды іске асырып,  Алла мен пайғамбардың атымен шиіт, сүннит деп бөлмей, мұсылмандардын қыруда.

 Мұсылмандардың бірлігі – Иранның исламдық революциясының  көзқарасындағы революцияның жеңісінің алғашқы кұндерінен қалыптасқан ең маңызды бағдарламалардың бірі. Ислам революциясының іргетасын қалаушы имам Хомейни бірлікке стратегиялық мәселе ретінде қарайтын. Ол ұлттық бірлікті ел мен ұлттық құдыретті қорғап, ұлттық мүдделерді талан-таражға салғызбау үшін маңызды деп санайды. Сонымен бірге мұсылмандар арасындағы бірлік пен біртұтастықты мұсылмандардың ғиззатына себеп болып, Ислам мен Құранға зиян келтірмеуге  және әлсіздерді үстемшілерге қарсы біріктіруде маңызды деп санайды. Имам Хомейни мұсылмандар бірлігін жемістері мұсылмандардың жеңісі, дұшпандардың жойылуы, исламдық елдердің дамып, алға ілгерілеуі болып табылатын мықты ағаш санады. Ол бірлікті мұсылмандардың өміршеңдігінің  кепілдігі деп таныстырды.

 

 Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша, қарсы сөздерге төзімділік таныту – бірліктің маңызды факторларының бірі. Ол сабыр сақтау мен төзімділік адамның өзін тәрбиелеуі мен нәпсісімен күресуіне жол ашады деп санайды. Осыған орай имам Хомейнидің  ойларында бірлікке жету үшін нәпсімен күресу маңызды әрі қажет деп көрсетілген. Ол іріткі салушылардың ислам дінінің мәселелерімен таныс емес деп санады. Имамның пікірінше келісімге келу, жақын болу,  ортақ сезімдер мен ортақ  тағдырға ие болу дұшпандардың мұсылмандардың арасында қайшылық тудыру қастандықтарын жалғастыру талпыныстарын залалсыздандырады. Ислам революциясының ұлы көсемі әрі үлкен стратег мұсылмандардың бірлігі туралы: «Исламның бастапқы кезеңіндегі мұсылмандардың жеңіске жетуінің сыры сөз бірлігі мен тіпті осал әскердің әлемнің алпауыт империяларын жеңетін иманының мықтылығы болды. Әлем мұсылмандары! Тауһид мектебінің жақтастары! Исламдық елдердің  барлық қиындықтарының себебі сөз бірлігі мен келісімнің болмауында. Жеңіске жетудің сыры  сөз бірлігі мен жұмыстарды үйлестіру болып табылады»,- деді. Иран Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі аятолла Хаменеи де бірлікке имам Хомейни сынды стратегиялық мәселе ретінде қарайды. Ол бірлікті ислам дүниесінің маңызды әрі қажет мәселелерінің бірі деп атап, мұсылмандарға: «Бірлік үшін баршаның талғамы бір болу қажет емес. Бірлік деген әртүрлі талғамдарды бір-бірінің қасына орналастырып, мұсылмандардың мүдделерін  жеке мүддеден жоғары қою. Біз ислам әлемінің ағымдарына өз наным-сенімдерінен бас тартып, басқа ағымдардың наным-сенімдерін қабылдаңдар деп айтпаймыз. Бірақ барлық мұсылмандарға біздің арамызда қайшылықтарға қарағанда ортақ факторлар көбірек әрі маңызды деп айтамыз. Біздің дұшпандарымыз айырмашылықтарымызға сүйенеді. Біз керісінше ортақ факторларды нығайтып,  дұшпанға біздің өзара жіктелулерімізді пайдаланып, исламдық үмбетке қысым көрсетуге рұқсат етпеуіміз керек»,- деді.

Аятолла Хаменеи дұшпандардың бірлікті бұзатын әректтеріне қатысты қырағы болуды мұсылмандар үшін қажет іс санайды. Ол бұл туралы: «Батыс пен АҚШ мұсылмандарды шиіт және сүннит деп бөліп, ұлтаралық мәселелерді көтеріп, олардың арасында қайшылық тудырмақ. Сондықтан қырағы болып, мәселені зерттеп, дұрыс ұстаным білдіру қажет»,- деп қуаттады.