Еуропада оңшыл экстремизм мен исламнан үркіту артуда 2
Еуропаның оңшыл экстремизмге бет бұруының терең тамыры бар және тарихы бір ғасырға жақындады.
Еуропалықтар 1930-шы жылдардағы Германиядағы нацистік, 1920-шы жылдардағы Италиядағы фашистік партияларға бет бұруы мен Екінші Дүниежүзілік соғыста көптеген шығын көрді. Нақты айтқанда 50 миллион халқынан айрылып, ондаған мемлекеттің қирауымен бет-бет келді. Екінші Дүниежүзілік соғыстың ащы тәжірибесіне назар аудара Еуропада оңшыл экстремистік партиялардың билік басына келуіне байланысты алаңдаушылық қалыптасқан болатын. Алайда өткен бірнеше жылда халықтың оңшыл және дәстүрлі центристік партиялардың іс-әрекеттеріне наразы болуына байланысты бұл алаңдаушылықтар азайды. Соңғы бірнеше жылда экстремистік оңшыл партиялар әртүрлі еуропалық елдерде өткен сайлаулар мен референдумдарда көзге түсерліктей жеңіске жетіп, Еуропаның саяси, қоғамдық және мәдени өзгерістеріне әсерін тигізді. Еуропадағы экстремистік оңшыл партиялардың нацистік және фашистік оңшыл партияларға ұқсастығы болғанымен лдардың арасындағы көптеген айырмашылықтарын да байқауға болады.
Экстремистік оңшылдықтың таралуының тарихын үш кезеңге бөлуге болады. Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталып, фашизм сәтсіздікке ұшыраған соң еуропалық мемлекеттердің көбінде тұрақты саяси жүйелер орнатылды. Бұл саяси жүйелерде экстремистік оңшыл партиялар сахнадан толық кетпегенімен олардың нәсілшіл әрі еврейлерге қарсы ұрандары тоқтатылды. Фашизмді жеңу, экономиканың дамуы, жұмыссыздардың санының төмендеуі мен нәсілшілердің сенімнен айырылуы сол жылдары оңшыл экстремизмнің дамуына бөгет болды.
Оңшыл экстремизмнің екінші толқыны 1970-ші жылдары көтерілді. Олардың көбі скандинавиялық аймақта пайда болып, көбінесе салыққа қарсы популистік қозғалыстар болды. 20 ғасырдың соңғы 25 жылына жақындаған сайын халықтың қолдауына көбірек ие болған жаңа партиялар мен қозғалыстардың пайда болуына куә болдық. Бұл кезеңде сол партияларға деген қолдаулар артты. Мәселен, Австрияның Азаттық партиясы 1986-шы жылы халықтың 5 пайызының қолдауына ие болса, 1999-шы жылы халықтық қолдау 27 пайызға жетті. Францияның «Ұлттық майданы» бір жанама партиядан әр сайлауда кемінде он пайыз дауысқа ие болатын үлкен партияға айналды. Шын мәнінде 1980-шы жылға дейін «оңшыл экстремизм» деген сөз «неофашизмге» тең болды. Бірақ 1980-ші жылдары барлық нәрсе өзгеріп, жаңа партиялар құрылды. Бұл онжылдықтың басында парламенттерге кірген алты партияның саны онжылдықтың соңында 10 партияға жетсе, 1990-шы онжылдықтың ортасында 15 партиядан асты. 21-ші ғасырда экстремистік оңшыл партиялар негізгі ағымдарға айналып, билікке кіруге талпыныстарын арттырды. Олардың кейбіреулері бұл салада табысқа жетті. 2000-шы жылы Австрияның «Азаттық» партиясы бұл елдің центристік үкіметімен коалицияға кірді. Италияда Солтүтік Лига (LN) партиясы кабинетке кірді. 2002-ші жылы Голландияның экстремистік оңшыл (LPF) партиясы 17 пайыз дауыс пен Парламенттің 36 орнына ие болып, коалициялық кабинетке жол тапты. Дәл сол жылы Францияның «Ұлттық майдан» партиясының төрағасы Жан Мари Ле-Пен социалистік партияның үміткерлігінде жеңіп, бес миллионға жуық, яғни 18 пайыз дауысқа ие болып, Жак Ширакпен бірге сайыстың екінші кезеңіне шығып, Еуропа мен әлемнің көзіне түсті. Еуропаның баспасөз құралдары Жан Мари Ле-Пеннің Францияның президенттік сайлауының екінші кезеңіне түсуін саяси сілкініс деп бағалады. Аталмыш партия болжамдарға қайшы өз жақтастарын сақтап қалды.
Жан Мари Ле Пеннің қызы Мари Ле Пен «Ұлттық майданның» басшылығын өз міндетіне алып, 2012-ші жылғы Францияның президенттік сайлауында 18 пайыз дауысқа ие болды. Қоғамдық ғылымдар саласының кейбір сарапшыларының пікірінше, экстремистік оңшыл партиялардың пайда болуының тіпті кейбір жайттарда ұқсастығы болғанымен фашизм кезеңі келді деп айтуға болмайды.
Қазіргі оңшыл экстремизм ағымы екі әлемдік соғыстың арасындағы кезеңмен салыстырғанда өзгеше жағдайда пайда болды. Бұл партиялар қырғи-қабақ соғыс аяқталуға жақындап, коммунистік жүйе құлдырап, жаһандану, еуропалық интеграция, миграция мен бірнеше мәденитке дауыс беру қалыптасқан жағдайда алға ілгеріледі. Экстремистік оңшыл ағымдарды бөлу үшін партиялар, топтар мен жеке адамдардың заңды тұрғыларына көңіл бөлген жөн. Экстремистік оңшыл партияларды идеологиялық ұстанымдарына қарай бөлу саласында зерттеушілердің пікірлерінен айырмашылықтар байқалады. Олардың кейбіреулері экстремистік оңшыл партияларды неофашистік ұстанымдарға ие дәстүрлі партиялар және популистік пікірлерге ие жаңа партиялар деп бөледі. Франция, Австрия, Италия, Голландия және Швейцария сынды елдерде жаңа партиялар фашизмнен алыстап, центристік ұстанымдарын білдіріп, көптеген табыстарға жетті.
Оңшыл экстремизмнің әртүрлі ерекшеліктері бар. Кейбір уақытта олар бір-біріне қайшы келеді. Экстремистік оңшыл партиялардың ұқсас ерекшеліктеріне олардың исламға, жаһандануға, Брюссельге (яғни Еуроодаққа) қарсы болуы және Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Голландия, Австрия сынды мемлекеттерде дамып келе жатқан популистік болмыстары жатады. Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуына қатысты референдум Британияның мигранттарға қарсы ұлттық партиясының үгіт-насихаттарынан кейін өтті. Ұлыбританияның Премьер-министрі Дэвид Кэмерон Еуроодақтан мигранттардың келуін бақылауға алу басымдылығына ие болу үшін Brexit референдумын өткізді. Ол өзі Ұлыбританияның Еуроодақта қалуын жақтайтындардың қатарына қосылып, елі бұл Одақта қалады деп үміттенген еді. Бірақ референдумның нәтижесі оның болжамдарына керісінше болып, ол премьер-министрлігі міндетінен отставкаға кетті.
Осы кезде Францияның «Ұлттық майданы» мен Голландияның «Азаттық» партиясы Еуроодақтан шығуды талап етуде. Экстремистік оңшыл партиялар негізінен қиындықтарға басқаларды кінәләуді жөн көреді. Қоғамтанушылар оңшыл экстремизмді билік басындағы жүйеге қарсы болғандықтарына байланысты демократиялық емес әрі популистік деп бағалайды. Қоғамдық және саяси ғылымдар ойшылдарының көбі ұлтшылдықты оңшыл экстремизмнің негізгі ерекшелігі деп қуаттайды. Бес ерекшелік оңшыл экстремизмнің ең маңызды сипаттары ретінде аталды: ұлтшылдық, нәсілшілдік, ксенофобия, демократияға қарсылық таныту және авторитарлық үкімет құруға әрекеттену. Бұл ерекшеліктерді қоғамтанушылардың көбі оңшыл экстремизмнің басты ерекшеліктері ретінде қабылдайды.