Шейх Нимрдің шәһид болуының жылдығы (адам құқығы Сауд әулетінің көзқарасы бойынша)
(last modified Sun, 15 Jan 2017 12:49:07 GMT )
Қаң 15, 2017 18:49 Asia/Almaty
  • Шейх Нимрдің шәһид болуының жылдығы (адам құқығы Сауд әулетінің көзқарасы бойынша)

2016-шы жылдың қаңтар айының екісі күні Сауд Арабиясының халқы бұл елдің әйгілі діни тұлғасы шейх Нимр Бақер ән-Нимрге өлім жазасын қолданудың куәсі болды. Өлім жазасына айыпталған бұл әйгілі тұлғаның басын халықтың көз алдында семсермен шабуды тәуелсіз ақпарат құралдары мен жеке адамдар «сұмдық қылмыс» деп атады.

 

 

Адам құқығы мәселесін көптеген тұрғыдан қарастыруға болады. Адам құқығы тек біртұрғылық мәселе емес. Халықаралық құқық және халықаралық конвенцияларда «Адам құқықтары саласындағы негізгі принциптер» атты ережелер жиынтығы бар. Өмір сүру құқығы, азап-қорлық пен кемсітушілікке тыйым салу, ақпарат еркіндігі, ар-ождан бостандығы, діни сенім бостандығы – бұзылмайтын әрі бұрмаланбайтын  адам құқықтары саласындағы негізгі принциптер. Кез келген үкімет  бұл заңдармен санасуға міндетті. Осыған орай адам құқығы саяси, қауіпсіздік, құқық, діни, экономикалық және мәдени тұрғыларға ие. Бұл заңдардың бұзылуы патшалық, диктатуралық билік пен үшінші әлемге байланысты емес, өйткені демократиялық  билік жүйелерінде де адам құқығының кейбір заңдары бұзылады. Билік тек бір әулеттің қолына түскен Сауд Арабиясы сынды мемлекеттерде адам құқықтары саласындағы негізгі принциптер мақсатты түрде бұзылады. Яғни, бұл мемлекеттің саяси жүйесінің болмысында қалыптасқан. Сауд әулеті әлем бойынша адам құқығын ең көп бұзатын елдердің қатарына кіреді. Сауд Арабиясындағы адам құқығының бұзылуын көптеген тұрғыдан талқылауға  болады. Ең маңызды мәселелердің бірі саударабиялық азаматтардың саяси құқықтарының бұзылуы болып табылады. Сауд әулетінің үкіметі саудиялық азаматтардың құқықтарын шынайы түрде бұзады. Бұл құқықтар үшін Сауд әулетінің саясатында орын қалдырылмаған. Айта кететін жайт, мемлекет азаматтық құқыққа назар аудармайынша, адам құқығы мәселесінің бұл елдің басшылары үшін мағынасы болмайды. Сауд Арабиясында азаматтық құқықтар сақталмайды. Азаматтық құқықтарға дауыс беру, сайлауға қатысу, саяси белсенділік, басшылардың халыққа  жауап беруі, әйелдердің көлік жүргізу сынды қоғамдық құқықтарға ие болуы жатады. Сауд Арабиясында әйелдер дауыс беруге қатыспайды әрі ер адамдардың өздері дауыс беру құқықтарын ешбр сайлауда еркін пайдаланбайды. Сауд үкіметі өзін ел халқының алдында жауапты санамайды. Сауд үкіметі вахаббизм көзқарастарын қолдап, сол елдің асыра сілтеуші мүфтилері әйелдердің құқықтарына көңіл бөлмейді. Әйелдер дауыс беру құқықтарымен бірге көлік жүргізу құқықтарынан да айырылған. Сонымен бірге қастарында бауыры, жұбайы, перзенті немесе әкесі болмаса, жиындарға қатыспайды. Адам құқығы саласындағы кейбір сарапшылар мен органдар саудиялық әйелдерді «заңды аз сандылар» деп атайды, өйткені олардың көбі өз жұбайларының жеке мүлкі саналады. Сауд Арабиясы халқының қауіпсіздік және сот құқықтары да саудиялық үкімет тарапынан айқын түрде бұзылуда. Бұл салада Сауд Арабиясындағы 30 мыңнан астам саяси тұтқындарға, сот істерінің ұзаққа созылуына, айыпсыз түрде ұзақ мерзімге абақтыға қамалуға, абақтылардағы зорлық-зомбылықтарға, әділетсіз сот шешімдерін шығаруға, қарсыластарды азаптап, оларды заңсыз түрде тұтқындауға назар аудартуға болады. Сот жүйесінің Сауд үкіметіне тәуелді болуы соттың билікке ұнайтын шешімдер қабылдауына себеп болады. Мұндай шешімдердің мысалы ретінде бұл елдің әйгілі тұлғасы шейх Нимр Бақер ән-Нимрге өлім жазасын беру шешімін еске саламыз. Сауд үкіметі Сауд Арабиясындағы зорлық-зомбылықты заңдастыру үшін «Лаңкестік заңы» деп аталған заңды бекітті. Лаңкестік заңы бойынша сол елдің азаматы шеруге немесе басқа да жиындарға шыққысы келсе, реформалар енгізу туралы мәлімдемеге қол қойса, басшыларды сынаса немесе елдің ішіндегі және сыртындағы әртүрлі топтар мен партияларға қосылса, немесе олармен ғаламторда байланыс орнатса лаңкес саналып, 10 жылға абақтыға қамалудан бастап, өлім жазасына дейін кесіледі.  Сауд үкіметінің абақтыға түскен қарсыластарын азаптаулары – адам құқығының бұзылуының анық үлгісі. Саудиялық қауіпсіздік күштері тұтқындарды қорлап, бұл туралы көптеген мәліметтер жариялады. Заңды айыптаусыз ұзақ мерзімге абақтыға қамау тұтқындардың көбінің  үмітсіздігіне себеп болады. Мұндай қамаулар  Сауд режимінің азаматтық өмір сүру құқығын анық бұзуының көрінісі болып табылады. Діни құқықтар Сауд үкіметі айқын түрде бұзатын келесі құқықтардың қатарына жатады. Діни құқықтарды бұзу бәрінен бұрын арабстандық шиіттерге қарсы орын алуда. Шиіттер Сауд Арабиясы халқының 10-15 пайызын құрайды. Олардың көбі елдің шығыс бөлімінде өмір сүреді. Бірақ Мәдине мен Мекке қалалары мен Наджран аймағында да ондағн мың шиіт өмір сүруде. Бүгінде олар діни кемсітушіліктермен бетпе-бет келуде. Саудиялық шиіттер министр, әкім, дипломат, немесе халықаралық ұйымдардың бірінде  үкіметтің ресми өкілі бола алмайды. Олардың көбі үкіметтік жұмыс орындарына тұра алмайтындықтан,  төмен орындарда еңбек етуде. Басқаша айтқанда, діни кемсітушілік Сауд Арабиясындағы шиіттерге үкіметтік лауазымдарда жұмыс істеуге рұқсат етпейді. Сауд Арабиясының шиіттері өздері өмір сүретін қалаларында мешіттер мен басқа діни мекендерін сала алмайды. Сонымен бірге олар діни тақырыптағы еңбектерін басып шығару, діни рәсімдерін өткізу мен мәдени жұмыстарын атқару саласында да шектеулермен кезігуде. Сауд Арабиясының мұнай ресурстарының негізгі қорлары бұл елдің шығыс аймақтарында орналасқан. Бұл аймақтардың тұрғындарының көбін шиіттер құрайды. Сондай-ақ бұл аймақтар ең кедей аймақтар саналады. Сауд режимінің саясаттары бұл елдің шиіттерін наразылық білдіру құқықтарынан мақұрым етіп отыр. Арабстанның шығыс аймақтарында орын алған кез келген қоғамдық  және саяси оқиға қауіпсіздік құбылысы саналып, бұл аймақтың саяси, қоғамдық және діни басшыларына қарсы қатаң шаралар қолданылады. Қорыта айтқанда әр  мемлекеттің басты азаматтық құқықтарын әшкере түрде бұзу, сонымен бірге адам құқығы әлемдік негіздерінде ескерілген өмір сүру, діни бостандық және азаптамау сынды құқықтарды бұзу Сауд Арабиясының саяси жүйесінің ең негізгі ерекшеліктеріне жатады. Үкіметтің тек бір әулетке қатысты болуы, ваххабизм тағылымдарының ықпалына түсуі, Сауд режимінің адам құқығымен санаспауына БҰҰ сынды үлкен халықаралық ұйымдардың назар аудармауы, сонымен бірге Сауд режимінің діни қасиеттерді құрал ретінде пайдалануы Сауд Арабиясының саяси жүйесінің ерекшеліктері болып табылады.