Ирактағы Хашд аш-Шаабиды заңдастырудың себептері мен салдарлары
Ирак Парламентінің депутаттары қарашаның 27-сі күні көпшілік дауыспен Хашд аш-Шаабиге қатысты заңды бекітіп, бұл топты заңды орган ретінде жариялағанымен, Ирак үкіметінің кейбір ішкі және шетелдік қарсыластары негізсіз уәждерімен Хашд аш-Шаабиды секталық топ деп айыптайды. Аталмыш заң бойынша Хашд аш-Шааби Ирактың белгілі міндеттерге ие заңды органдарының бірі саналады. Бұл заң бойынша Хашд аш-Шааби Ирактың Қарулы күштерінің бас штабының қарамағында әрекет ететін болады.
2014-ші жылдың мауысым айында Ирак ДАИШ лаңкестік тобының шабуылы мен елдің кейбір бөлімдерінің лаңкестік топтың қолына түсуіне куә болды. Бұл жағдай қалыптасқан кезде әйгілі ғұлама аятолла Систани халықтық ерікті күштерді құру туралы пәтуә шығарды. Хашд аш-Шааби немесе халықтық ерік күштер аталмыш пәтуәға сай құрылды. Хашд аш-Шаабидың құрылуынан екі жыл өткен уақытта оған кіретін күштердің саны туралы көп мәліметті кездестіруге болады. Бірақ 2016-шы жылдың қараша айында Ирактың Хашд аш-Шааби күштерінің баспасөз хатшысы Ахмад әл-Асади Ирактың халықтық ерікті күштерінің қатарында әртүрлі таптардың 141 мың жауынгерінің лаңкестікпен күресіп жатқанын мәлімдеді. Хашд аш-Шаабидың қарсыластары – негізінде Ирак үкіметінің қарсыластары. Олар Ирак үкіметінің саясаты мен үкіметіне секталық тұрғыдан назар аудартып, Ирак үкіметінің лаңкестерге қарсы күрестегі жеңістерінде Хашд аш-Шаабидың рөлін маңызды санайды. Хашд аш-Шаабидің қарсыластары бұл халықтық күштерді радикалды топ деп айыптауда. Сауд режимінің Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейр өзінің иорданиялық әріптесі Насер Джудемен кездесуінде тағы да: «Ирактың Хашд аш-Шааби тобын экстремистік күштер құрайды»,- деген уәж айтты. Хашд аш-Шаабиды экстремистік топ деген айыптаулар Хашд аш-Шаабидың қолбасшыларының көбісі Мосулды азат ету сынды маңызды әрекеттерде сүнниттер болған жағдайда айтылуда. Кейбір дерек көздері кейбір ирактық басшыларға сілтеме жасап: «Хашд аш-Шаабидың 141000 күшін 25000-30000 сүнниттер, 30 000 Ирактың түркімендері құрайды. Хашд аш-Шаабидың мүшелерінің кемінде 30 пайызын сүнниттер мен Ирактың түркімендері құрайды. Дәл осы шындық бұл күштердің экстремистік топ болуын теріске шығарады. Хашд аш-Шаабиды радикалды топ деген айыптаулар Ирак үкіметінің ішкі және шетелдік қарсыластарының аталмыш топты қаралау мақсатында айтылуда. Бұл күштерді ахлақ пен адамгершілікке қарсы әрекет етіп, билікті өз мүддесіне пайдаланды деп айыптау ақпарат құралдарының шабуылында қолданылатын тақырыптардың мысалы. Қарсыластар мұндай айыптауларымен Хашд аш-Шаабиге қысым жасап, бұл күштерге бюджет бөлудің лдын алып, қызметін жалғастыруға кедергі жасауды көздейді. Мұндай әрекеттерге қарамастан Ирак Парламенті 2016-шы жылдың қараша айында Хашд аш-Шаабиды заңдастыру және оны елдің қарулы күштеріне қосу туралы заң бекітті. Хашд аш-Шааби Ирактың Конституциясына сәйкес құрылды. Ирактың Конституциясының 108-ші бабында тәуелсіз күштердің құрылуы туралы айтылған. Хашд аш-Шаабиды Ирактың қауіпсіздік структурасында заңдастыру бұл күштер үшін маңызды жетістік болды. Хашд аш-Шаабидың заңдылығының артуы бұл заңның ең маңызды табысы. Өйткені, Хашд аш-Шаабидың қарсыластары оны заңсыз күштер деп санайды. Ирак Парламентінің шешімімен Хашд аш-Шааби заңды күшке айналып, ол үшін Ирактың әскери және қорғаныс жүйесінде ресми орын анықталды. Енді Хашд аш-Шааби тек дағдарыс жағдайында майданға уақытша келген күш саналмай, Парламенттің шешімі бойынша Ирактың тұрақты әскери күшіне айналды. Хашд аш-Шаабидың қарсыластары Ирак үкіметін аталмыш халықтық ерікті күштерді таратуға мәжбүрлегісі келді. Бірақ Хашд аш-Шаабидың заңдастырылуы олардың әрекеттерінің әсер етпегендігінің белгісі. Хашд аш-Шаабиды заңдастыруды Ирак үкіметіне тигізген әсері тұрғысынан да қарастырған жөн. Хашд аш-Шаабиды заңдастыру Ирак үкіметіне оң және теріс әсерлерін тигізуі мүмкін. Оң әсерлеріне Ирак үкіметінің қорғаныс күшінің артуына себеп болу жатады. Өйткені бұл елдің қарулы күштерінің саны көбейеді. Хашд аш-Шаабидың Ирактың қорғаныстық және қауіпсіздік жүйесіне қосылуы бұл елдің территориялық тұтастығының бөліну қатеріне тірелмеуіне себеп болады. Өйткені, 2014-ші жылы ДАИШ лаңкестік тобы шабуыл жасаған кезде Ирак бөліну қатерімен бетпе-бет келген болатын. Негізінде Хашд аш-Шаабиды заңдастыру лаңкестердің Иракқа оралуын қиындатып, нәтижесінде лаңкестердің, тіпті Иракқа оралу туралы ойлауды ұмытуға жеткізеді. Келесі мәселеге Хашд аш-Шаабидың Ирактың қорғаныстық және әскери жүйесіне қосылуы арқылы ирактық әскери күштердің күшейе түсетіндігі жатады. Ирак армиясының қазіргі жүйесінде Ирактың бұрынғы режимін қайтарғысы келетіндер де бар. Хашд аш-Шаабидың елдің әскери-қорғаныс жүйесіне қосылуы бұл жүйені қайтадан қарастыруға мүмкіндік береді. Хашд аш-Шаабидың Ирактың қарулы күштеріне қосылуы бұл елдің аймақтағы орынын ныайта алады. Өйткені араб елдерінің көбі қауіпсіздік саласында адами күштің жетіспеушілігімен кезігіп отырған жағдайда Ирак қауіпсіздік саласында адам күші жеткілікті елдердің қатарына кірмек. Дәл осы фактор Таяу Шығыс аймағындағы Ирактың рөлін арттыра алады. Хашд аш-Шаабиды өткен екі жылдағы Ирактың қауіпсіздік сахнасындағы маңызды әрі белсенді ойыншы деп атауға болды. Өйткені ол Ирак үкіметінің қауіпсіздік күшіне айналып, лаңкестікпен күресте маңызды рөл атқарды. Сондықтан оның қарсыластары Ирак үкіметіне қарсы ақпараттық үгіт-насихаттары мен қысымдарын арттырды. Ирак үкіметі Хашд аш-Шаабиды заңды күштерге айналдыруға шешім қабылдап, Ирактың әскери-қорғаныс жүйесіне қосуы бұл елдің қорғаныс қабілетін көтереді. Ал шетелдік басшылардың Хашд аш-Шааби туралы теріс уәждері Ирактың ішкі істеріне араласу болып табылады.