Иран Ислам революциясы (ғалымдардың көзқарасы бойынша) 6
(last modified Sun, 05 Feb 2017 12:53:40 GMT )
Ақп 05, 2017 18:53 Asia/Almaty
  • 
Иран Ислам революциясы (ғалымдардың көзқарасы бойынша) 6

Ислам революциясының діни тұрғысы және оның бүкіл әлемдегі діни көзқарастарды жандандыруы туралы Мұхаммад Ленсл, профессор Исмаил Килбс және Бари Рабиннің пікірлері

Иран Ислам революциясы – адамзат қоғамының жаңа ғасырының басталуы. Бұл революция әрқашан заманауи адамның рухани және діни болмысын жаңғырту саналады. Сарапшылардың көбі адамның рухани және діни өмірінің жаңғаруы  Ирандағы  Ислам революциясының жеңісімен басталды деп санайды. Сол себепті өткен ғасырдың 80-ші жылдары бұл жаңғыртудың бірінші онжылдығы  болып табылады. Егер қазіргі әлемдегі  діни болмысты жаңғыртатын күнді анықтайтын болсақ, бұл Иран Ислам революциясының жеңіске жеткен 1979-ші жыл болады. Бұл көтеріліс барлық діндердің жақтастарына  діни ой-пікірлері үшін мүмкіндік тудырды. 

Австриядағы Исламды жаңғырту мәдени орталығының басшысы Мохаммад Лансел имам Хомейни қозғалысының Еуропаға тигізген әсері туралы мақаласында: «Имам Хомейнидің Ислам революциясы Еуропаға Исламның жаңа бейнесін ұсынуымен бірге мұсылман еместердің діни өмірлерін өзгертті. Басқаша айтқанда,  бүгін тіпті Еуропада діни болу жаңа құндылыққа ие болды. Австрияның бұрынғы президенті өз сөзінде  Ислам революциясының барлық діни адамдарға сенім мен тек өзіне сенуді ұсынғаны туралы айтты»,- деп жазды.

Мохаммад Лансел

Испан тілдес философ, профессор Исмаил Килбс адамзаттың өміріндегі діннің жаңғыруындағы имам Хомейнидің рөлі туралы: «Дін жаңғырды. Шіркеулер жаңа өмір бастады. Жоғары оқу орындарында дін мен діни ой-пікірлерге көңіл бөлу бұдан былай бұрыс саналмайды. Күнделікті өмірдегі рухани сұлулықтар қайтадан жаңғырды. Әлем қоғамдық қарым-қатынастарын құтқарып, оларды әдемі ету үшін діннің күш-қуаты мен рухани ерекшеліктерге бет бұратын болды. Мұның барлығы имам Хомейнидің қоғамдық ой-пікір мен әлемдік қоғамдық пікірге енгізген өзгерістерінің нәтижесі»,- деді.

АҚШ сыртқы саясат қауымдастығының басшысы Даниил Папис Түркиядағы конференцияда: «Ислам революциясының жеңісіне дейін біз діни ой-пікір үшін ешбір есікті ашпағанымызды мойындауымыз керек. Бірақ енді біз америкалықтар үшін діни жақтастар туралы зерттеулерін бастауға мүмкіндік тудыруымыз керек»,- деді.

Даниил Папис

Батыс журналисі және «Дұрыс ислам» мақаласының авторы Бари Робин  Брюссельдегі Батыс журналистерінің отырысында сөйлеген сөзінде Ислам революциясынан кейінгі дінге деген көзқарас туралы: «Өткен жылдары Вашингтон саяси және дипломатиялық қарым-қатынастардағы діннің маңыздылығын түсінбеді. Бұл мәселе  біздер, америкалықтар үшін көптеген қиындық тударды. Бұл қиындықтар Вашингтонға көптеген шығын келтірді. Егер келешекте осы қиындықтар болмасын десек, діннің шындық және адамзат қоғамының негізі екенін түсінуіміз керек»,- деді.