Еуропада оңшыл экстремизм мен исламнан үркіту үдерісі артуда 5
Оңшыл экстремистік партиялар бөгделердің өз елдерінде өмір сүруін олардың құндылықтары мен наным-сенімдеріне қайшы санайды. Бөгделерге қарсылық білдіру кейбір уақытта заңдар түрінде қабылданса, кейде қатыгездіктер түрінде байқалады.
Оңшыл экстремистердің шетелдіктерге өшпенділік танытуы тек олардың өздерін ғана емес, олардың наным-сенімдері мен тағылымдарын да нысанаға алумен кезігеді. Оңшыл экстремистік партиялардың, әсіресе Францияның ұлттық майданының Түркияның Еуроодаққа кіруіне қатысты қарсылықтарының себептерінің бірін аталмыш тұрғыдан қарастыруға болады. Олардің пікірінше, Түркия Еуропаның христиан мемлекеттерінің арасындағы мұсылман ел. Сондықтан оның болмысы еуропалықтардың болмысынан өзгеше.
Еуропадағы исламнан үркіту және исламға қарсы ағымдардың артуы бұл құрлықтағы ксенофобия құбылысынан тамырлануда. Мигранттар толқынының Еуропаға ағылуы мен еуропалық қоғамдардағы Исламға бет бұру ағымының артуы және мұсылмандардың атымен қоқан-лоққылар мен лаңкестік әрекеттердің көбеюі Еуропадағы исламнан үркіту мен осы дінге қарсы ұстанымдардың артуына себеп болды. Еуропадағы исламнан үркіту Ислам революциясының жеңісінен кейін 1980-ші жылдары және Кеңес одағының ыдырауынан кейін 1990-шы жылдары ілгеріледі.
2001-ші жылы АҚШ-та орын алған 11-ші қыркүйек оқиғасынан кейін лаңкестікпен күресті сылтауратып, Батыс үкіметтері мен ақпарат құралдары исламофобияны стратегиялық саясат ретінде жүзеге асыратын болды. Буштың соғысқұмар үкіметі екі мұсылман мемлекетке, атап айтқанда Ауғанстан мен Иракқа қарсы шабуыл жасап, басқа елдердің азаматтарын ұрлап, олардың егемендігін бұзған кезде лаңкестікпен күресуді сылтауратты. Шын мәнінде, Буш үкіметінің соғыс отын лаулатуы мен кейбір еуропалық үкіметтердің сол саясатты қолдауы қоқан-лоққылар мен лаңкестік актілерді арттырды. Олардың құрбандарының көбі мұсылмандар болды. Сонымен бірге еуропалық үкіметтер мен ақпарат құралдарының нәсілшілдігі мен ксенофобиясы белгілі болды. Исламдық елдерде орын алған лаңкестік әрекеттерге қатысты Батыстың ақпарат құралдары өте аз реакция білдірді. Керісінше, мұсылман елдеріндегі лаңкестік әрекеттердің мыңнан бірін құрайтын Батыс мемлекеттерінде орын алған лаңкестік актілер ең үлкен әлемдік оқиғаға айналды.
Еуропадағы ақпарат құралдары мен саяси партиялардың ксенофобиясы және кейбір экстремистік саясаткерлер мен ойшылдардың исламнан үркіту үдерісін таратудағы рөлі өте маңызды болып отыр. Осыған орай бұл топтардың еуропалық қоғамдардағы исламнан үркіту құбылысын таратуы қоғамдық ой-пікірге маңызды әсерін тигізуде. Бұл мәселе еуропалық қоғамдардағы кейбір мұсылмандардың жағдайын келеңсіздіктермен бетпе-бет келтірді.
Әлемдік ақпарат құралдарының «Шындықты қайта қарастыру базалары» ретінде дамуымен бүгінде біз исламның шынайы бейнесін бұрмалап көрсету құбылысымен кезігіп отырмыз. Батысқа қарсы күресу үшін бомбалар жарып жатқан мұсылман партизандардың, лаңкестік ағымдардың басшылары ретінде көрсетілген діни адамдардың, араб тілінде сөйлейтін және әртүрлі әскери қарулармен жабдықталған қатыгез ер адамдардың суреттері Батыстың ақпарат құралдары арқылы таратылуда. Сондай-ақ Еуропаның ақпарат құралдары күнделікті хабарларында бомбалар жарып жақтан мұсылман лаңкестік топтары туралы айтып, исламнан үркіту мен исламды қатыгез дін етіп көрсетумен айналысуда. Бұл суреттер шындықтан алыс болғанымен, қазіргі әлемде ақпарат құралдары шындықты ойдан шығарып, соны қоғамдық пікірге шындық ретінде ұсынады.
11-ші қыркүйек оқиғасынан кейін ақпарат құралдарының исламға деген көзқарастарын қайтадан қарастыру мәселесіне көп мән берілді. Күнделікті зерттеулер Батыс пен Еуропаның ақпарат құралдарындағы ислам мен мұсылмандарға қатысты көзқарастардың және осыған орай олардың теріс бейнесін көрсетудің үдеріске айналғанын көрсетеді.
Мысырлық әйгілі мұсылман жазушы Эдвард Саид 1996-шы жылы «Ислам және ақпарат құралдары» атты өз кітабының кіріспесінде «қырғи-қабақ» соғысынан кейінгі кезеңдегі Батыстың ақпарат құралдарындағы ислам әлемінің бейнесі туралы «лаңкестік, қанқұмар дін, Батыс үшін қатер және әйелдерді пайдаланатын дін» деп жазатындарына назар аудартты. Бұл кітаптың жарық көруінен 20 жыл өткен соң Батыс үкіметтері мен ақпарат құралдары ислам мен мұсылмандарға қарсы кең ауқымды үгіт-насихаттарын жалғастыруда. Олар Батыс халықтары үшін «лаңкестік» деген сөзді исламмен бірге қолданады. Еуропаға ағылған босқындардың көбінің мұсылман болуы олардың елдерінің қауіпсіздігінің қатерге тірелуін сылтауратып, антимигранттық долылық саясатты жүргізуін ақтауға себеп болуда. Батыс үкіметтерінің мұндай саясаттары оңшыл экстремистік партиялар мен топтардың мұсылмандарға қарсы әрекет етуіне жағдай тудырды. Оңшыл экстремистік партиялар мен топтар әртүрлі тәсілдермен мұсылмандардың құндылықтары мен қасиеттеріне шабуыл жасайды. Франция, Ұлыбритания, Голландия, Дания, Германия мен кейбір басқа еуропалық мемлекеттерде өткен бірнеше жылда Құран Кәрім мен Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ға тіл тигізу сынды ащы оқиғалар орын алды.
Еуропалық үкіметтер мұсылмандардың сол кездегі қорлау әрекеттеріне білдірген ашу-ызалары мен сындарына көрсеткен реакцияларын сөз бостандығы деп ақтады. Расында, діни наным-сенімді құрметтеу Батыстың либерал демократиясының негіздерінің бірі болып табылады. Батыс үкіметтері мен ақпарат құралдары кез келген адамгершілік негізді оңай бұзатындықтарын көрсетті. Батыс үкіметері мен ақпарат құралдарының мұсылмандарға қарсы кеңістігін көбінесе оңшыл экстремистік партиялар пайдаланып, мұсылман азаматтар мен мигранттар және еуропалық азаматтардың арасындағы бейбіт өмірге нұқсан келтіруде. Бүгінде Еуропада ксенофобия исламофобиямен толық араласты. Шын мәнінде, ислам діні – бейбітшілік пен татуласу және мұсылмандар мен басқа діндердің жақтастарының арасындағы бейбіт қатар өмір сүрудің туын көтеруші. Мұндай бейбіт қатар өмір сүрудің үлгісін ИИР мен басқа кейбір мұсылман елдерінен анық көруге болады. ИИР-да аз санды діни топтар Ислам кеңесінде өз өкіліне ие. Кейбір топтардың Исламның атымен лаңкестік әрекет және қатыездік жасауының исламның тағылымдарымен ешбір қатысы жоқ. Өкінішке орай, Еуропаның кейбір танымал ойшылдары мен журналистері исламның үркіту құбылысын таратуда әсерлі рөл атқарды. Тіпті кейбіреулері исламның теріс бейнесін тарату үшін тарихи деректі фильмдерге зерттеу жасаған. Олар Ислам діні ме Құранды және мұсылмандарды адам өлтірушілерге теңеген. Батыстың көрнекті азаматтарының саяси диспуттері мен қателіктері көбінесе Еуропаның қарапайым халқының назарына түседі. Мұсылмандарға қарсы жазған адамдардың бірі – Ориана Фаллачи.
Нью-Йорктегі 11-ші қыркүйек оқиғасынан кейін италиялық жазушы Ориана Фаллачи исламшылдар мен араб мәдениетін сынап, батыстықтарды үнсіздік таныту немесе олармен келісімге келгені үшін айыптады. Ол кітаптары мен мақалаларында еуропалықтардың болмысын сақтап қалу мен мұсылмандарға қарсы тұруды қуаттайды. Ол 2005-ші жылы өзінің соңғы кітабында еуропалық мемлекеттерді өз болмысын қорғай алмайтындығымен айыптап, Еуропаның қазіргі жағдайын 1938-ші жылмен салыстырды. Бұл салыстыруда бірінші рет «исламның ұлтшылдары» деген жаңа термин пайда болды. Бұл кітап жарыққа шыққан күндері шамамен оның 5 миллион 100 000 данасы сатылды. Оңшыл экстремистік партиялар мұсылмандар Еуроодақ пен басқа діндердің жақтастарына қатер төндіруде деген уәж айтты.