Ауғанстандағы ДАИШ тобының қатерімен қарсыласу 3
(last modified Mon, 20 Feb 2017 15:41:16 GMT )
Ақп 20, 2017 21:41 Asia/Almaty

ДАИШ лаңкестік тобының Ауғанстанның солтүстігінде орналасуының мақсаты не және Орталық Азия республикаларының қауіпсіздігіне қарсы қауіп-қатері қандай?

Көпшілік ДАИШ лаңкестік тобы үшін Ауғанстанның соңғы мақсат еместігін, бұл елді ДАИШ үшін тек өз күштерін Орталық Азия мен Кавказға өткізетін көпір деп санайды. Осыған орай ДАИШ күштері Нангархармен бірге Ауғанстанның солтүстік провинциясындағы Құндұзда да орналасуды көздеуде. Осыған орай, өткен айларда Ауғанстанның солтүстік және солтүстік-шығыс провинциялары ДАИШ лаңкестік тобының құзыры мен Талибан тобының қатыгездіктеріне куә болды. Айта кететін жайт, ДАИШ лаңкестік тобына мүше болып табылатын шешен, өзбек және тәжік содырларының көбі Ауғанстанның Фарьяб, Сарипул, Құндұз, Джаузджан, Саманган және Орталық Азиямен шекаралас орналасқан басқа аймақтарында орналасуға әрекет жасады. Бұл аймақтарға Бадахшан, Тахар, Құндұз, Балх, Джаузджан, Фарьяб және Бадгис провинциялары кіреді. Бұл аймақтарда «Тахрике талебане Пәкістан», «Лашкаре Тайибе» және «Өзбекстан исламдық қозғалысы» орналасқан. Сол себепті, Ресейдің көзқарасы бойынша бүгінде ДАИШ пен бұл топтың жақтастары Орталық Азия мемлекеттері үшін көптеген шығын келтіруде. Түркіменстан-Ауғанстан және Ауғанстан-Тәжікстан шекараларында әскери жасақтардың белсенділігіне, мәселен ДАИШ тобының қара туларын көтеруіне куә болып отырмыз.

Орталық Азия мен Кавказ республикаларының көптеген азаматтарының  Сирия мен Ирактағы ДАИШ лаңкестік тобының қатарына қосылуына байланысты бұл топтың ортасында сол аймақтағы елдер, әсіресе Ферғана аңғары халқы ДАИШ лаңкестік тобын қабылдайды деген ой таралған. Алайда басқалар Орталық Азияның, соның ішінде Тәжікстан азаматтарының ДАИШ лаңкестік тобының қатарына  қосылуына діни наным-сенімдері емес, бұл топтың өз мүшелеріне төлейтін ақшасы себеп болды деп санайды. Өйткені, бұл елдердің жастары мен үлкендерінің көбі жұмыс іздеп, ақша тапқылары келеді. ДАИШ лаңкестік тобының Орталық Азия мен Кавказ республикаларына көз тігуі Ресей мен Қытайдың алаңдаушылықтарына себеп болды. Аталмыш топ Ирак пен Сирияның мұнайын экспорттаудан тауып отырған қаржы көздерінен айырылып, өз мүшелеріне бұрынғыдай жоғары жалақы төлей алмай қалды. Сондықтан аталмыш топтың мүшелері Орталық Азия мен Кавказдағы өз республикаларына оралып, жұмыс іздеген адамдар ретінде Ресейге сапар шегуі мүмкін. Сол себепті Ресейдің алаңдаушылықтарының бірі ДАИШ лаңкестерінің Сирия мен Ирактан оралуына қатысты болып отыр. Ресей  ДАИШ-ты бомбалап, оның Сирияда сәтсіздікке ұшырауының себепкерлерінің бірі болғандықтан, жұмыс мигранттары қалпында  ДАИШ лаңкестік тобының Ресейге өз күштерін аттандыру арқылы кек алуына алаңдауда. Ресей Қорғаныс министрлігінің басшылары Ирак пен Сирияда ДАИШ және басқа лаңкестік топтардың қатарында соғысып жүрген өз елі мен Орталық Азия елдері азаматтарының арасынан шамамен 4500 азаматтың  елге оралғанын хабарлады. Нью-Йорктегі АҚШ-ның зерттеу орталығы: «ДАИШ лаңкестік тобының қатарында 2400 ресейлік, 500 қырғыз бен өзбек, 386 тәжік, 360 түркімен, сондай-ақ 300 қазақстандық азамат соғысып, аймақтың қауіпсіздігіне шынайы қауіп-қатер төндіріп отыр»,- деп баса айтты. Фарьяб облыстық кеңесі төрағасының орынбасары Абдулахад Илбек: «Өзбекстан, Шешенстан мен Пәкістан лаңкестерінен 135 отбасы Ришкут, Кайсар мен Гурмач уездерінде орналасты. Шетелдік лаңкестердің отбасыларының бұл елде қоныстану үдерісі жалғасуда. Яғни, лаңкестер жанұяларын Ауғанстанның оңтүстігіне көшіріп, қоныстандыру саласындағы ұйымдастырылған іс-қимылдарын жалғастыруда. Ауғанстан үкіметі бұл мәселеге Пәкістанды жауапты деп санайды»,- деп мәлімдеді. Айта кететін жайт, шетелдік лаңкестер ауған тәліптерін әскери жаттығулардан өткізуімен бірге оларды дамыған қарулармен жабдықтады. Пишкут әкімі Абдәлқадір Қадеридің айтуынша, шетелдік лаңкестер жергілікті азаматтардың арасынан өз қатарына адам жинағысы келеді. Ауғанстанның әртүрлі аймақтарында, соның ішінде Нангархар, Лугер, Забель және Орзуган облыстарында ДАИШ лаңкестік тобының мүшелері артуда. Мәліметтерге сәйкес, бұл облыстар ДАИШ лаңкестік тобы адамдарының панажайына айналған көрінеді. ДАИШ лаңкестік тобы  «Үлкен Хорасан»  жобасы бойынша мақсатты түрде өз күштерін орталық облыстарға ауыстырып, тіпті Қытайдың шекарасындағы Синьцзян-Ұйғыр автономды өңіріне дейін алға ілгерілемек. ДАИШ лаңкестік тобының Сирия мен Ирактағы сәтсіздікке ұшырауы және Таяу Шығыс аймағында халифат құру жобасын іске асыра алмауы бұл топты Орталық Азия мен Ауғанстан аймағында «Үлкен Хорасан халифатын» орнату жобасын іске асыру мақсатын ілгерілетуге жігерлендірді. Сондықтан аталмыш топ өз күштерін алдымен Ауғанстанға енгізіп орналастырмақ. Содан соң оларды Орталық Азия мен Кавказға аттандырады. ДАИШ лаңкестік тобының ең маңызды мақсаттарының бірі  Ферғана аңғарын өз бақылауына алу болып отыр.  Ферғана аңғары бұл жерде Нарын және Сырдарья өзендерінің ағуына байланысты Орталық Азияның ең құнарлы жерлері болып саналады. Осыған орай Ферғана аңғары мақта, бидай, күріш, көкініс пен жеміс өнімдерін беріп, Орталық Азияны азық-түлікпен қамтамасыз ең маңызды көздердің бірі болып табылады. Ауылшаруашылығының ең маңызды өнімдерін шығаруы бұл аймақтың Орталық Азияның халық ең көп өмір сүретін аймақ атануына себеп болды. 5 пайыздан кем жерде шамамен 15 миллион халық өмір сүреді. Өткен 10 жылда бұл жерде халықтың саны 32 пайызға артты. Ферғана аңғарында өмір сүретіндердің көбі өзбектер, бірақ бұл аймақта тәжіктер мен қырғыздарды да  кездестіруге болады. Шын мәнінде, бұл аңғар Орталық Азиядағы исламдық фундаментализмнің орталығы саналады. Ферғана аңғары Тәжікстанның солтүстігі мен Өзбекстанның шығысы және Қырғызстанның оңтүстігінде орналасқан. Бұл алқапқа Қырғызстанның Джалалабад пен Ош, Тәжікстанның Сағд, Өзбекстанның Андижан және Наманган қалалары толығымен немесе олардың бір бөлімдері  кіреді. Андижан мен Наманган Өзбекстанның исламдық қозғалысы мен «ат-Тахрир» партиясының Өзбекстан бөлімі белсенділік танытатын екі негізгі база саналады. Осыған орай, бұл аңғар өзбек, қырғыз және тәжік  тайпаларының арасында бөлінген. Сондықтан ДАИШ лаңкестік тобы Ферғана аңғарындағы өз жағдайын тұрақтандырып, бұл аймақтағы елдердің азық-түлігін өз бақылауына алуымен бірге, аймақтың барлық мемлекеттерімен  қарым-қатынас орнатқысы келеді. Ресейдің пікірінше, ДАИШ лаңкестік тобының Ауғанстандағы құзыры мен  мүшелерін Орталық Азия мен Кавказ аймақтарына көшіріп, бұл аймақтан өз қатарына күш жинауа талпынуы АҚШ-тың Орталық Азия мен Ресейдің оңтүстік шекараларындағы стратегиялық мақсаттарын Ауғанстан арқылы алға ілгерілетуі болып табылады. Негізінде, Ферғана алқабындағы тайпалараралық қайшылықтар мен дағдарыстар ежелден келе жатқан мәселе. Бүгінде экстремистік  лаңкестік топтар бұл тарихи қайшылықтарды өз мақсаттары мен жобаларын алға ілгерілету үшін пайдалануға талпыныс жасауда. Сонымен бірге діни және экстремистік ұстанымдар аталған топтарға мақсаттарын алға ілгерілету үшін көмектеседі. Ферғана алқабы бірнеше топтың, соның ішінде Өзбекстанның исламдық қозғалысы мен әт-Тахрир тобы орналасқан мекен саналады. Бұл ДАИШ лаңкестік тобының Орталық Азиядағы мақсаттары үшін  өте маңызды. Ауғанстан географиялық тұрғыдан бұл аймаққа жақын болуына байланысты лаңкестік топтарды қызықтырады. ДАИШ лаңкестік тобының Ауғанстандағы есірткі өндірісі мен транзитін өз бақылауына алу мүмкіндігіне байланысты аймақ мемлекеттері, атап айтқанда Ресей мен Қытайдың қауіпсіздігі қатерге тіреледі. Бұл мемлекеттер ДАИШ-ты Орталық Азия мен Қытай шекарасыдағы Синьцзянь аймақтарына дағдарыс орнатуды көздейтін АҚШ-тың жасырын сарбаздары санайды. Осыған орай соңғы кезде Қытай мен Ресей Ауғанстандағы белсенділігін арттырып, Талибан тобымен ынтымақтастық жасап, оларды қаруландырып,  ДАИШ тобына Ауғанстан жерінде  қарсы тұрмақ. Бірақ, кейбір сарапшылардың пікірінше, Ресей Ауғанстандағы ДАИШ тобының қатерін үлкейтіп көрсетіп, бұл елдегі өз жағдайын нығайтып, Орталық Азия мен Кавказ елдерімен әскери-қауіпсіздік ынтымақтастықтарын арттырғысы келеді. Ауғанстанның бейбітшілік үдерісінде Қытайдың белсенділік танытуы Бейжіңнің бұл елдің қауіпсіздігіндегі өзгерістерге алаңдаушылық білдіруінің белгісі болып табылады. Алайда Бейжіңің Ауғанстанда жан-жақты орналасуын арттыру талпынысы бұл елді аймақ пен халықаралық күштердің бетпе-бет келу орталығына айналдырады. Мәскеу бұл қарама-қайшылықтарды Орталық Азия мен Кавказ аймақтарына жетуі мүмкін деп санайды. Орталық Азия мен Кавказ Ресейдің ықпал ететін аймақтарына жатып, бұл аймақтардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету Мәскеу үшін маңызды саясаттардың бірі саналады. Сондықтан Ауғанстандағы тұрақсыздықтың Орталық Азия мен Кавказ елдерінің қауіпсіздігіне әсер ететіндігіне қатысты ресейлік, тіпті қытайлық басшылардың мүддесіне сай келмейді.