Рохинья мұсылмандары – әлемнің ең қаналған азшылығы (1)
(last modified Mon, 27 Feb 2017 10:15:31 GMT )
Ақп 27, 2017 16:15 Asia/Almaty
  • Рохинья мұсылмандары – әлемнің ең қаналған азшылығы (1)

Рохинья мұсылмандары әлемнің ең қатты қаналған ұлттық азшылығы деген атқа ие болды. Оларға қарсы қанаушылық күн сайын артуда. Алайда ешбір хабарлардың тақырыптарында бұл мәселе қозғалмайды. Әлемдегі ең қатты қаналған азшылық халық әлемнің қандай бөлігінде өмір сүріп, өмірлерін қалай өткізіп жатыр?

Диктор 1:

2017 жылдың қаңтар айында әлемдік ақпарат құралдары өзен жағалауында жатқан рохиньялық бір жарым жастағы босқын баланың мүрдесінің суретін жариялады.

Бұл жантүршіктірерлік сурет өткен жылғы 3 жасар сириялық босқын бала Айлан Курдидің оқиғасын еске салды. Түркия теңізіндегі жағалаулардың бірінен табылған баланың өлі денесінің суреті бүкіл әлемнің халқы мен басшыларын дүр сілкіндірген еді.

Айланды еске салған рохиньялық баланың сурет

Бұл кішкентай босқын Мьянмадағы Ракхайн штатындағы рохинья мұсылмандарының бірі болған. Оның есімі Мохаммад еді. Бұл баланың отбасы Мьянмадағы рохинья мұсылмандарына қарсы зорлық-зомбылықтан құтылмақ болып, Ракхайннан қашқан болатын. Бірақ, Мохаммад пен оның үш жасар ағасы, анасы мен нағашысының тағдыры Бангладеш шекарасындағы өзенде батып, көз жұму болды.

Баланың әкесі: «Бұл суретті көрген кезде өзімнің өлгенім дұрыс болар еді деп ойлаймын. Енбі бұл өмірдің мен үшін мәні жоқ»,- деді.

Мохаммадтың әкесі – Зафар Алем

Диктор 2:

Мьянмадағы рохинья мұсылмандары әлемдегі басқа ұлттық азшылықтарға қарағанда бәрінен қатты азап пен жапа шегуде. Мьянма үкіметі оларды бенгалдық иммигранттар деп есептейді. Ал негізінде, көптеген халықаралық бақылаушылардың пікірінше, бұл адамдар Ракхайн штатының жергілікті тұрғындары саналады.

Мохаммадтың әкесі: «Біздің ауылда әскери тікұшақтар бізге оқ атып, Мьянманың сарбаздары да бізді нысанаға алған еді. Біз өз үйлерімізде қала алмадық. Сол себепті үйден қашып, орманда жасырындық. Менің атам мен әжем, екеуі де тірідей өртеніп кетті. Әскер біздің ауылымызды түгелімен өртеп жіберді. Ауылдан ешнәрсе қалмай, жермен-жексен болды»,- деді.

Батып кеткен баланың әкесі зорлық-зомбылықтан құтылу үшін бір ауылдан екінші ауылға көшкендерін айтып: «Мен алты күн бойы жол жүрдім. Төрт күн бойы нәр сызбадым. Осы алты тәулік бойы мүлдем ұйықтамадым. Мьянма әскері рохинья мұсылмандарының соңына түсіп, біз үнемі қашып жүрдік»,- деді.

Диктор 1:

Сол сапар кезінде Мохаммадтың әкесі отбасынан бөлініп, бір өзі Бангладеш пен Мьянма арасындағы шекараны бөліп тұрған Наф өзеніне дейін жеткен еді. Ол өзен арқылы бір бангладештік балықшының көмегімен Мьянманың шекарасынан өткен. Өзі шекарадан аман-есен өткеннен кейін, отбасын шекарадан асырып, Бангладешке жеткізуге талпыныс жасаған.

Зафар Алем Бангладештегі лагерьде

Зафар Алем: «Мен бір қайықшыны тауып, жұбайым мен балама өзеннен өтуіне көмектесуін сұраған едім. Содан кейін, х.ж.с.б азар айының он төрті күні отбасыммен хабарластым. Олар мүлдем үміттерін үзген екен. Бұл менің отбасыммен соңғы рет хабарласқан кезім болды. Жұбайыммен сөйлескен кезде кішкентай баламның менің есімімді айтып жатқанын естіген едім»,- деді.

Телефон байланысынан бірнеше сағат өткен соң, Зафардың  отбасының қашу операциясы басталған еді. Алайда, Мьянма полициясы біреулердің өзеннен өткелі жатқанын түсініп, оларға қарай оқ ата бастайды. Қайықшы оқтың астында қалмауы үшін адамдарды тездетіп отырғызып, қайықтағы жолаушылар саны шамадан асып, соңында қайық суға батып кетеді.

Бұл жанұяның отағасы бұл қайғылы оқиғадан бір күннен соң хабардар болады: «Маған бір кісі хабарласып, баламның денесі табылғанын хабарлады. Ол баламның өлі денесін мобильді телефонына суретке түсіріп, маған жіберді. Сол кезде қаралы хабардан тілім күрмеліп қалды".

Диктор 2:

Бұл отбасының оқиғасы рохинья мұсылмандарының күнделікті бастан кешіріп жатқан ауыр оқиғаларын еске салады. Халықаралық көші-қон ұйымының хабарлауына сәйкес, соңғы апталар мен айлар ішінде шамамен 34 мың адам Мьянма мен Бангладештің шекарасынан асып өткен. Мохаммдатың әкесі: "Тек осы шекаралық өзен ғана қанша адамның судан жүзіп өткенін біледі",- деді.

Мұсылмандардың үйлерін өртеу

Рохинья мұсылмандары әлемнің ең қатты қаналған ұлттық азшылығы деген атқа ие болды. Оларға қарсы қанаушылық күн сайын артуда. Алайда ешбір хабарлардың тақырыптарында бұл мәселе қозғалмайды. Әлемдегі ең қатты қаналған азшылық халық әлемнің қандай бөлігінде өмір сүріп, өмірлерін қалай өткізіп жатыр?

Диктор 1:

Мьянма немесе бұрынғы Бирма – 1948 жылы Ұлыбританияның отарынан шығып, тәуелсіздік алған оңтүстік-шығыс Азиядағы ең кедей мемлекет. Мьянма мұсылмандары өз тәуелсіздігіне жету жолында Ұлыбритания отаршылығына қарсы бар күштерін салып, қарсылық көрсетті.

Мьянма

Дәл осы қарсылық әрекет Ұлыбританияның мұсылмандардың билігін жою үшін оларға буддалықтарды  айдап салу арқылы іріткі салу саясатын қолдануына себепкер болды.1942 жылы буддалықтар ағылшындардың берген қарулардың көмегімен мұсылмандарды қатыгездікпен өлтіріп, соның салдарынан Мьянманың Аракан штатында 100 мыңға жуық мұсылман қаза болған.

Диктор 2:

Бирманың рохинья мұсылмандар қауымы милади жыл санағы бойынша 7-ші ғасырда пайда болып, тарихтың белгілі бір кезеңінде жүздеген жылдық исламдық автономиялық үкіметке ие де болған. Мемлекеттік статистикалық мәлімметтерге сәйкес, Мьянмада рохинья деп аталатын 800 мыңға жуық мұсылман өмір сүреді. Бұл мұсылмандар Мьянма халқының 4 пайызын құрайды. Бірақ, Мьянма үкіметінің нәсілшілдік және адамзатқа қарсы саясаттарына байланысты бұл статистикалық мәліметтер сенімсіз болып шықты. Тәуелсіз ақпарат көздері аталмыш шынайы статистика мәліметін бұл көрсеткіштен әлдеқайда көп, тіпті 15 миллион адамға жетеді деп болжады.

Мьянма мұсылмандарына қарсы озбырлық пен қылмыс

Соңғы бірнеше онжылдық ішінде рохинья мұсылмандары үкімет пен бирмалық буддалықтар тарапынан озбырлық әрекеттерге ұшырап отыр. Соның салдарынан бұл азшылықтың адамдары көз жұмып немесе өз отандарынан қашуға мәжбүр болып отыр. Мьянмадан Бангладешке жер аударған мұсылмандардың саны 1978 жылы 300 мың адамға жетсе, 1988 жылы 150 мыңға, ал 1991 жылы 500 мың адамға жетті деп болжануда. 1992 жылы тағы да жүз мыңдаған мұсылман Мьянмадан жер аударылған.

Диктор 1:

1970 жылға дейін рохинья мұсылмандары заңды түрде Бирма елінің азшылығы саналған. 1982 жылы Конститутцияға өзгерістер енгізгеннен кейін әскерилерден құралған үкімет рохинья мұсылмандарын Бирма азаматтары ретінде мойындамады. Осыдан кейін Бирманың әскери үкіметі біртіндеп рохинья мұсылмандарына жаман қатынас көрсетіп, олардың жеке, діни бостандықтары мен адам құқықтарын теріске шығара бастады. Осы адамдарға қарсы қысымдардың салдарынан мыңдаған рохинья мұсылмандары көрші елдерге қашты. Бирма үкіметінің мұсылмандарға қарсы қысымы он бірінші қыркүйек оқиғасынан кейін күшейе түсті. Бұл Бирма үкіметінің мұсылмандарға қатысты Батыстың әсерінің белгісі саналады.

Диктор 2:

Бирма мұсылмандарына қарсы қылмыстың жаңа толқыны барысында буддалықтар салқынқандылықпен мыңдаған күнәсіз әрі қорғансыз адамдарды өлтірді. 2012 жылдың маусым айының үші күні жүздеген буддалық Аракан штатында орналасқан мешіттен Янгон қаласына қайтып бара жатқан бірнеше мұсылманы бар автобусқа шабуыл жасады. Буддалықтар шабуыл барысында 8 мұсылманды өте қорқынышты түрде өлтірді.

Мьянма мұсылмандарына қарсы қылмыстардың жаңа толқыны

Бір куәгер жиіркенішті сол қылмысты есіне алып: "Буддалық монахтар мұсылмандарды өлтіріп, олардың денелерін жол бойына қатар-қатар тізіп, мүрделерге түкіріп, солардың үстеріне шарап құю арқылы өз жеңістерін тойлады",- деді. 2012 жылдың тамыз айында, яғни геноцид басталғаннан шамамен екі ай өткен соң өлтірілгендердің саны 20 мың адамнан асып кетті.

Диктор 2:

Тәуелсіз ақпарат көздері бүгінгі күнге дейін буддалықтардың этникалық тазарту әрекетіне анық әрі түсінікті дәлел таба алмай отыр. Бұл елдің мұсылмандары Бирма тарихында ешқашан буддалықтарға қарсы қылмыс жасаған емес. Ешқашан Бирма үкіметтеріне қарсы шетелдік үкіметтерді қолдамаған. Олардың қылмысына қатысты ешбір құжат жоқ.

Әйелдерге қарсы зорлық –зомбылық

Көпшіліктің алдында әйелдерге зорлық көрсету мен мұсылмандарды олар үшін адамгершілікке жатпайтын және харам саналатын істерді жасауға мәжбүрлеу Мьянмадағы рохинья мұсылмандарына қарсы жасалып жатқан қылмыстың мысалдары саналады.  Бирмалық мұсылман әйел Айша Солһидің мысырлық Elwatan газетіне берген сұхбатында: "Бұл елдегі буддалықтар мұсылмандарға шошқа етін жеу мен шарап ішу немесе өлімді таңдауға ұсыныс жасайды. Бирмалық мұсылмандар мұндай өмірдің орнына өлімді таңдайды",- деді.

Диктор 1:

Рохинья мұсылмандарының оқиғасы өте қорқынышты саналады. Адам құқықтары жөніндегі тәжірибелі инспектор бұл оқиғаны олардың басынан өткен ең ауыр жағдай санайды.

Төрт инспектор мен БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы мен біріккен бір топтың басшысы Линней Арвидссон: "Шындығын айтсақ, бұл адамдармен сұхбаттасып, олардың қайғы-мұңын тыңдау өте ауыр болды",- деді.

Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар

Аталмыш топтың қол жеткізген нәтижелері өткен аптада жарияланды. Бұл әлемді дүр сілкіндерлік баяндама болды. Бұл топ өз мәліметтерін өткен жылдың қазан айында Мьянманың Ракхайн штатынан Бангладешке қашқан 70 мың рохинья мұсылмандарының ішіндегі 204 әйел мен ер кісінің сөздері негізінде дайындады. Сұхбат бергендердің көпшілігі қаза болған, зорлық көрген не іс-түссіз жоғалып кеткен адамдарды білетіндерін айтқан.

Арвидссон: "Мен осы уақытқа дейін қысқа уақытта көп адамнан сұхбат алып, шынайы әрі қатты заң бұзушылықтардың куәсі боламын деп ойламаған едім",- деді.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі тергеушісінің мәлімдеуінше, рохинья мұсылмандарының өлім, зорлық-зомбылық, ұрып-соғу, азаптау әрекеттері туралы Мьянма полициясы мен қауіпсіздік күштерінің баяндамалары шынымен баршаны дүр сілкіндірген жағдай.