Наурыздан наурызға дейінгі Ауғанстан өзгерістері 2
(last modified Wed, 22 Mar 2017 10:13:06 GMT )
Нау 22, 2017 16:13 Asia/Almaty
  • Наурыздан наурызға дейінгі Ауғанстан өзгерістері 2

Өткен 1395-ші жылғы Ауғанстанның ең маңызды өзгерістерінің бірі бұл елде ДАИШ тобының пайда болуы саналады.

Өткен 1395-ші жылғы Ауғанстанның ең маңызды  өзгерістерінің бірі бұл елде ДАИШ тобының пайда болуы саналады. ДАИШ тобы Түркіменстан электр тоғын Салангке енгізуге қарсы мыңдаған адамның  шеруі кезіндегі Маһиб жарылысын өз мойнына алды. Содан кейін Ауғанстандағы БҰҰ-ның арнайы өкілі ДАИШ лаңкестік тобының бұл елдегі араласушылығының артуы туралы ескертті. Ол Кабулда өткен баспасөз отырысында: «ДАИШ тобының Ауғанстанда пайда болуына қатысты алаңдаушылықтар бар. ДАИШ бұл елдің халқына зардап келтіруді мақсат етеді. ДАИШ тәкфіршіл тобы Ауғанстанның облыстарының көбінде өз санын көбейтуге әрекет жасауда. Ауғанстан халқы еш уақытта ДАИШ лаңкестік тобының саясатын қабылдамайды. Маһиб жарылысында 80-нен астам адам қаза болып,  300-ден артық адам жарақат алды»,- деді. Ауғанстан әскері ДАИШ-ке қарсы әртүрлі әрекеттерде осы лаңкестік топқа ауыр шығын келтіргені туралы жариялады. Бұл жағдайға қарамастан, ДАИШ өз қатарына күш жинап, Талибан тобынан кеткен ауған арабтары мен ақша үшін кісі өлтіруге баратын жалданушылардан үш топ құрды. Яғни, ДАИШ лаңкестік тобының Ауғанстанда пайда болуы сырттан жобаланған мәселе. Ауғанстан Президенті Мұхаммад Ашраф Ғани мен бұл елдің басқа басшыларының айтуынша, Пәкістан мен аймақтағы араб елдерінің кейбіреулері,  соның ішінде Сауд Арабиясы Ауғанстандағы ДАИШ-тың қолдаушысы. Сондай-ақ мәліметтер бойынша, соңғы уақыттарда Ауғанстандағы ДАИШ лаңкестік тобына көптеген қару-жарақ пен ақша жеткізілді. Бұл лаңкестік тобының Ауғанстандағы ең маңызды мақсаты соғыстың стратегиясын ұлтаралықтан мазхабаралыққа өзгерту болып табылады. Өткен 1395-ші жылы АҚШ Сенатының қарулы күштері комитетінің басшысы бұл елдің қате саясаттары мен орынды стратегиясының болмауының ДАИШ лаңкестік тобының Ауғанстанда пайда болуына себеп болғанын мойындады. Джон Маккейннің айтуынша, АҚШ Ауғанстандағы қауіпсіздік жағдайының бұзылуына жауапты. Әрине, ДАИШ лаңкестік тобының Батыстың, әсіресе АҚШ-тың барлау қызметтері арқылы құрылғанына және Вашингтонның әскери құралы ретінде АҚШ-тың сұм мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында әрекет ететіндігіне ешкім күмәнданбайды. Ауғанстанда  да ДАИШ лаңкестік тобы АҚШ-тың Ауғанстан мен аймақтағы ұзақ мерзімді саясаттарымен тікелей байланысты. Талибан тобы Ауғанстан үкіметімен келісімге келген жағдайда ДАИШ лаңкестік тобы бұл ел мен аймақтағы Вашингтонның әскери құралы ретінде Ауғанстан мен аймақтағы дағдарыс пен бейберекеттерді жалғастыруға әрекет етеді. Сол себепті аймақтағы саяси және қауіпсіздік топтарының көбі АҚШ-тың дағдарыс пен бейберекеттіктерді Ауғанстаннан Орталық Азия және Кавказ аймағына тасымалдауы туралы сан рет ескертті. Ресей Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасындағы қауіпсіздік шараларын күшейтті.  АҚШ Талибан, әл-Қаида және ДАИШ топтарын пайдаланып, өзінің дағдарысты басқару саясатын іске асырады. Сөйтіп Ауғанстандағы әскерилерінің орналасуының жалғасуын ақтауымен бірге бұл елді өзі мен НАТО-ның маңызды әскери базасына айналдырады. Ауғанстанның Ұлттық бірлік үкіметінің атқарушы кеңесінің басшысы Абдолла Абдолланың  өткен жылғы Сауд Арабиясына жасаған сапарымен тұспа-тұс Ауғанстан Парламентінің өкілдері Сауд режимінің лаңкестік топтарға көмектескенін қатты сынады. Пресс ТВ-дің мәліметінше, бұл елдің Парламент өкілдері Сауд Арабиясының Талибан тобына Риядтың мақсаттарын алға ілгерілетуі үшін  жүздеген миллион доллар төлегеніне қатты ашу білдірді. Наразы өкілдердің айтуынша, Сауд Арабиясы Ауғанстан үкіметімен соғысып жатқан Талибан тобына жыл сайын 300 миллион доллар көмек көрсетеді. Ауғанстан Парламентінің өкілдерінің бірі Джамал Факури Беһешти Ауғанстан үкіметінен Сауд Арабиясымен қарым-қатынастарын қайта қарастырудың талап етілгені туралы хабарлады. Өткен жылы Ауғанстандағы ДАИШ лаңкестік тобының қылмыстарының жалғасуы бұл елдің халқының наразылықтарына себеп болып, Герат халқы  шеруге шығып, бұл топтың Ғурдеге қылмыстарын айыптады. Наразылар ДАИШ тәкфіршіл тобының Ғур провинциясындағы ондаған  адамды қыру қылмыстарына ызасы мен жиіркеніштерін білдіріп, бұл қылмысты іске асырғандарды қамап, жазалауды талап етті. Наразылар Ауғанстан үкіметінен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, бейбітшілік пен тұрақтылық орнатып, лаңкестік шабуылдарды тоқтатуға талпыныс жасауды талап етті. ДАИШ лаңкестік тобы Ғур провинциясының Фирузкух қаласына жақын жерде 36 әскери емес адамды өлтіріп, 11 адамның жаралануына себеп болды. ДАИШ тобы сонымен бірге Ауғанстанның шығысындағы Нангархар облысының 10 ақсақалын өлтірді. Ауғанстанда ДАИШ лаңкестік тобының қоқан-лоққылары күшейген соң бұл елдің сүннит ғұламалары тәкфіршіл ДАИШ тобына қарсы күресетіндіктерін қуаттады. Ауғанстанның сүннит ғұламалары Кабулдағы Ауғанстан Парламентінің өкілдерінің қатысуымен өткен  отырыста ДАИШ лаңкестік тобының қылмыстарын айыптады. Ауғанстанның сүннит ғұламаларының бірі Моулави Садузи бұл отырыста: «ДАИШ лаңкестік тобы адам мен дінге қарсы»,- деп, халықтан бұл тәкфіршіл лаңкестік тобына қарсы күреске шығуды талап етті. Ауғанстан Парламентінің өкілі Моулави Абдолрахман Рахмани да сол отырыста: «Лаңкестік топтары мұсылмандардың, соның ішінде Ауғанстан мұсылмандарының негізгі дұшпандары. Олардың қылмыстары шариғат пен адамгершілікке қайшы»,- деді. Өткен жылы Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Ханиф Атмар: «ДАИШ лаңкестік тобы Ауғанстанға Пәкістан арқылы кіреді. Қандағардағы ДАИШ лаңкестік тобы мүшелерінің 80 пайызы – пәкістандық азаматтар. Олар әрқашан Ауғанстан үкіметі тарапынан қысым көрген кезде шекарадан Пәкістанға кетеді»,- деді. Ханиф Атмар Ауғанстанның үкіметтік күштерінің ДАИШ-пен күресті  жалғастыруына тоқталып, тікфіршіл топтың шабуылдарына қарсыласу үшін ұлттық жігерді күшейтуді сұрады. Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі бұл сөздерін Ресей, Қытай және Пәкістан өкілдерінің Мәскеуде үшжақты отырысы  өтіп, үш елдің өкілдері ДАИШ шабуылдарының артуы туралы хабарлап, Ауғанстанда орналасқан АҚШ пен НАТО күштерінің қолбасшысы Джон Никсон ДАИШ-ты Талибан тобы сынды  Пәкістаннан кіретін топ деп атаған жағдайда айтып отыр. Өткен жылы АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы  бұл ел әскерилерінің Ауғанстанда ұзақ уақытқа қалатындықтары туралы хабарлады. Джон Керри Брюссель отырысында: «АҚШ әскерилері жылдар бойы Ауғанстанда қалып, Ауғанстанның тұрақтылығы мен алға ілгеруіне көмектеседі. Ауғанстанда лаңкестікпен күресіп, бұл елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 13000 шетелдік әскери ауған күштерімен ынтымақтастық жасайды»,- деген уәж айтты. Керридің алдамшы сөздері лаңкестікпен күресуді сылтауратып, АҚШ Ауғанстанға шабуыл жасағаннан бері, яғни өткен 15 жылда бұл сұм құбылыс  жойылмақ түгілі, Талибан және ДАИШ топтарының шабуылдары күннен күнге артып, күн сайын көптеген халық қырылып жатқан жағдайда айтылды. Ауғанстан Президенті де Брюссель отырысында лаңкестікпен күресу үшін мықты армия құруды бұл елдің қажеттілігі деп атады. Ауғанстан Парламентінің өкілдері өткен жылы  «АҚШ ДАИШ лаңкестік тобының бұл елде қалуы үшін қоғамдық ой-пікірге әсер етуге талпынуда» деп қуаттаған болатын. Ауғанстан Парламентінің мүшесі Наджибе Хосейни Парламент отырысында ДАИШ лаңкестік тобының Ирак пен Сирияда осы елдердің  үкіметтік күштері тарапынан басылып-жаншылғанына тоқталып: «АҚШ аталмыш тәкфіршіл тобының бұл елде  қалуына жағдай жасауда»,- деді. Хосейни Ауғанстан үкіметінен АҚШ-тың бұл қастығына қырағы болып, тәкфіршілерге Ауғанстанға кіруге рұқсат бермеуді талап етті. Ауғанстан Парламентінің келесі бір мүшесі Рона Тарин  де бұл туралы: «АҚШ ДАИШ лаңкестік тобының Ауғанстандағы құзырын тұрақтандыру үшін  жағдай жасауда»,- деді. Ауғанстан Парламентінің тағы бір өкілі Гүл Ахмад Аземи де Кабул үкіметінен ДАИШ лаңкестік тобы мәселесіне шынайы назар аударуды сұрады. Өткен жылы Ауғанстан Президенті Мұхаммад Ашраф Ғани ДАИШ лаңкестік тобымен жан-жақты қарсыласуды бұйырды. Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі Мұхаммад Ашраф Ғанидің қатысуымен өткен отырыста ДАИШ лаңкестік тобымен күресу стратегиясын растады.