Батыстағы либералдық идеялардың төмендеуі
(last modified Wed, 10 May 2017 10:12:55 GMT )
Maм 10, 2017 16:12 Asia/Almaty
  • Батыстағы либералдық идеялардың төмендеуі

Еуропа өткен бірнеше жылда еуропалық қоғамдардың құндылықтары мен идеологиялық негіздерін, яғни либерал-демократиялық принциптерге сай қалыптасқан негіздерін дағдарысқа тіреген өзгерістермен бетпе-бет келді. Либерал-демократия өзінің пайда болған мекені Еуропада дағдарысқа тірелді. Азаттық, теңдік және дарашылдық либерализмнің ең маңызды негіздері саналады.

Либерализм тарихта Батыста алға ілгерілеп, шарықтау мен құлдырау кезеңдерінен өткен соң мәдениет, экономика және саясат салаларында қалыптасқан идеологиялық мектептердің бірі саналады. Саяси және қоғамдық тұрғылардан либерализм кез келген дін, кез келген ұлт және кез келген жынысқа қатысты барлық азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуді көздейді. Либерализмнің көзқарасы бойынша, азаматтардың негізгі құқықтарына наным-сенім азаттығы, сөз еркіндігі,  жеке адамның саяси өмірге қатысу азаттығы кіреді. Экономика және саяси тұрғыдан нарықтық экономика мен шағын үкіметтер бұл саладағы либерализмнің ең маңызды негіздері саналады. Либерал үкіметтің негізгі ерекшелігі экономикаға араласпау, бәсеке және азат капиталистік жүйе құру болып табылады. Либералды үкіметтер өз тарихында дағдарыстарға тіреліп, экономикалық либерализмнің саясаттарына  өзгеріс енгізуге мәжбүр болды. Бұл дағдарыстардан  әлеуметтік  және неолиберализм принциптерін ұстанатын үкіметтер пайда болды. Алайда бұл үкіметтер де үлкен дағдарыстарға ұшырады. Ойшылдардың көбі капиталистік жүйе кезеңдік дағдарысқа тіреліп, содан соң тұрақты жағдайына оралады деп ойлады. Бірақ, 2008 жылы АҚШ-та басталған қаржы және экономикалық дағдарыс Еуропаның да капиталистік жүйелеріне таралып, капиталистік жүйелер  осы уақытқа дейін тұрақты қалпына келмеді. 2008 жылғы қаржы дағдарысы бірнеше еуропалық мемлекетті экономикалық тоқырауға душар етті. Бұл дағдарысқа ұшыраған үкіметтер үнемді экономика саясатын ұстанып, Еуроодақ пен Халықаралық қаржы қорынан қаржылай көмек алып, бюджет тапшылығы мен қарыздары және шығындарын салыстырмалы түрдегі теңгерімге келтірді. Алайда үнемді экономика саясатын ұстану көптеген әлеуметтік, саяси және экономикалық салдарларға себеп болды. Экономикалық негіздердің тоқырауға тірелуі, жұмыссыздар санының артуы мен экономикалық жік Еуропаның дағдарыспен кезіккен мемлекеттерінің үнемді экономика саясатының салдарлары болды.

 

Еуроодақ оңшылдарды қолдады

 Өткен он жылда оңшыл және орта-солшыл партиялар күшейіп, экономикалық дағдарысты басқару үшін үнемдеу экономикалық саясаттарын жалғастырудан басқа жол таппады. Халықтың кең ауқымды наразылықтарына байланысты мерзімінен тыс сайлаулар өтіп, соның нәтижесінде оңшыл және орта-солшыл партиялар әлсірек, оңшыл және солшыл экстремистік топтардың жағдайы нығайды. Негізінде қаржы дағадрысын басқару үшін қолданған үнемді экономика саясаттарының салдарлары еуропалық мемлекеттердің көбінде партиялық жүйелердің ыдырауына себеп болды. Орта-солшыл партиялардың тарауы орта-оңшыл партиялардың тарауына қарағанда көбірек зиян шекті. Бұл үдеріс Грекиядан басталды.  30 жылдан артық уақыт бойы  Геркияның негізгі екі партиясының бірі болған бұл елдің Социалистік партиясы тарап, оның орнын СИРИЗА партиясы басты. Испанияда да Франко үкіметінің құлдырауынан шамамен 40 жылдан кейін екіпартиялық жүйе жойылды. Социалистік партия мерзімінен жылдам өткен екі сайлауда Парламентті басқаратын немесе негізгі оппозициялық партия орындарынан айырылды. Халықтық консервативтік партия да Парламентте салыстырмалы көп орынға ие болғанымен, үкімет құра алмады. Испания үкіметі де бүгінде қиын жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. Австриядағы президенттік сайлауда ІІ-ші Дүниежүзілік соғыстан кейін бірінші рет оңшыл және орта-солшыл партиялардың ешбір үміткері екінші кезеңге шыға алмады. Алайда ең үлкен саяси өзгеріс  Францияда орын алып, Еуроодақтағы интеграцияға үлкен әсер етті. 2017 жылдағы Франциядағы президенттік сайлау бұл елдің тарихындағы жаңа кезең саналады. Елдің оңшыл және орта-солшыл ешбір үміткері президенттік сайлаудың екінші кезеңіне өтпеді. Өткен 60 жылда Францияда билік Социалистер партиясы мен орта-оңшыл партиялардың арасында алмасып тұрды.  Бірақ, президенттік сайлаудың бұл кезеңінде Социалистік партияның үміткері Бенуа Амон шамамен 7 пайыз дауысқа ие болды. Франсуа Фийон шамамен 20 пайыз дауысқа ие болып, үшінші орынды иемденді. Солшыл партияның үміткері Жак-Люк Меланшон 19 пайыздан астам дауысты иемденіп, 4 орында орналасты. Алайда, экстремистік оңшыл көзқарас ұстанатын Ұлттық майданның үміткері Марин Ле Пеннің президенттік сайлаудың бірінші турында 21 пайыздан артық дауысқа ие болуы таңғалдырарлық жайт.

Марин Ле Пен - Франциядағы  президенттік сайлаудың таңғалдырушысы

Еуропада оңшыл және солшыл экстремистік партиялардың күшке ие болуы халықтың бұл партияларға көбірек бет бұруына себеп болған келесі бір құбылыспен тұспа-тұс келді. Бұл құбылыс Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймақтарының дағдарысқа тірелген елдері босқындарының толқыны болды. Оңшыл экстремистік партиялар мигранттар мен исламға қарсы ұрандарымен мигранттар мен мұсылмандарды Еуропаның экономикалық және қауіпсіздік саласындағы қиындықтарының себептерінің бірі деп таныстырды. Франция мен Еуропаның бірнеше мемлекетінде орын алған бірнеше лаңкестік әрекеттен кейінгі лаңкестік қоқан-лоққыны арттырып, қауіпсіздік кеңістігін алаңдатқан жағдай оңшыл экстремистік партиялардың мүддесіне аяқталды. Еуропадағы либералдық идеялардың төмендеуі экстремистік партиялардың манифестерінің саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда либералдық идеяларға толығымен қайшы келуімен байқалды. Германия Президенті Франк Вальтер Штайнмайер – Еуропада демократияның қатерге тірелуі туралы ескерткен саясаткерлердің бірі. Ол: «Үстемдікті қалайтын көңіл-күйді байқауға болады. Сондай-ақ, осы жерде, біздің қасымызда әрқашан біздің заңды және қатар өмір сүру құндылақтарымызға күмәнданатын адамдар көбірек кездеседі. Бүгін біз өзгертуге болмайтын нәрселерімізді қорғауымыз керек деген ой туады. Бүгін қара, қызыл, сары немесе жасыл болу  мәселесі маңызды емес, демократия туралы мәселе маңызды. Демократиялық азаттықтар қатерге тірелуде. Біз Еуропада бірнеше жыл бұрын тіпті ойымызға да келмейтін өзгерістерді бастан өткердік»,- деп баса айтты. Либерализм – еуропалық интеграцияның негізі, бірақ бүгінде экстремистік оңшыл ағымдар мен ұлтшылдар күш-қуатқа ие болып, өздерін басқадан артық ұлт, артық мәдениет және артық болмыс санап, шекараларын қоршап, мұсылмандарды мемлекеттерінен шығаруды мақсат етуде. Бірнеше жыл бұрын мұндай кемсітушілік пен ұлтшылдық туралы айтуға болмайтын, бірақ бүгін еуропалық қоғамдардағы экономикалық, саяси және әлеуметтік дағдарыстарды шешетін жолға айналды. Бірге өмір сүру, толеранттық, өзара іс-қимыл және теңдік еуропалық интеграция жобасының идеялық негіздері болып табылады. Қазіргі таңда Еуропа халқының ой-пікірінде либералдық құндылықтар, бірге өмір сүру мен толеранттықты қабылдамайтын идеялық ағымдар артуда. Еуропадағы діни аз сандыларды, әсіресе мұсылмандарды қорлау артып, PIU Europa зерттеу ұйымының мәліметтері бойынша Еуропа осы салада рекордқа жетті. Әлемде демократия мен гуманизм орнату туралы уәж айтатын  мемлекеттер  аз санды мұсылмандардың жамағатын қорлау бойынша көшбасшылардың қатарында тұр. Еуропадағы экстремистік оңшыл партиялардың күш-қуатқа ие болып, либералдық құндылықтардың төмендеуі Еуропаның кері кетуі мен болжауға болмайтын өзгерістермен кезігіп отырғанын көрсетеді.

Франциядағы президенттік сайлаудың негізгі бәсекелстері Макрон мен Ле пен