Ұлттық кітап мерекесі (Теһранның 30-шы Халықаралық кітап көрмесінен есеп)
(last modified Sat, 13 May 2017 07:11:38 GMT )
Maм 13, 2017 13:11 Asia/Almaty
  • Ұлттық кітап мерекесі (Теһранның 30-шы Халықаралық кітап көрмесінен есеп)

Халықаралық кітап көрмесі – Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін басталған ең маңызды шаралардың бірі. Ол Иранда «Ұлттық кітап мерекесі» деп аталады. 3 мамырдан өз жұмысын бастаған бұл көрме 10 күн ашық болады.

Теһранның 30-шы Халықаралық кітап көрмесі – Азия мен Таяу Шығыстағы ең беделді халықаралық кітап көрмелерінің бірі. Бұл көрмеге жылына 2 мыңнан астам отандық баспагерлер  мен жүздеген шетелдік баспа қатысып, 4 млн-нан астам адамның көрмеге келуі оған айрықша бедел сыйлады.

Теһранның 30-шы Халықаралық кітап көрмесі

Теһранның Халықаралық кітап көрмесін өткізудегі негізгі мақсат баспа саласындағы кәсіби мамандардың коммерциялық алмасуларынан бұрын осы индустрияны мәдени болмыс негізінде дамытып, кітап оқу мәдениетін тарату болып табылады.  Әлемнің кейбір елдерінде халықаралық ірі кітап көрмелерін өткізудегі мақсат алдымен сауда болып отыр. Өйткені бұл көрмелерде баспагерлер авторлық құқық пен оның артықшылықтарын бір-біріне беру арқылы экономикалық алыс-беріспен айналысады. Олар мәдени өнімді жарнамалаумен қоса, бұл тауарды жаңа нарықтарға шығарып, экспорттауды көздейді. Алайда Теһранның Халықаралық кітап көрмесі өз назарын қоғамның әртүрлі жастағы барлық әлеуметтік топтары арасында кітап оқу мәдениетін дамытуға аударып, өткен 30 жылдың ішінде осы жолда шынайы қадамдар жасады.

Теһранның Халықаралық кітап көрмесін ашу салтанаты 2 мамырда «Афтаб» қаласында өтті. Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі сейіт Реза Салехи Амири осы рәсімде: «Халықаралық кітап көрмесі Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі ең маңызды шаралардың бірі және шын мәнінде Ислам революциясының өнімі болып табылады. Имам Хомейни (р.) мен Ислам революциясы жетекшісінің көзқарастары бойынша, кітап мәдениетті өзгертіп, дамытуда маңызды орынға ие. Оның рөлін сақтау – ИИР-ның жүйесіне қызығатын барлық адамдардың міндеті.

30 жас – жұмыс жасау үшін өте жақсы жас, онда жастықтың жалыны да, орта жастың тәжірибесі де бар. Көрменің 30 жылдығында маңызды оқиға орын алды. Яғни, көрмені ұйымдастыру толығымен коммерциялық құрылымдарға тапсырылды. Сонымен қатар биыл отандық баспагерлердің қатысуымен қоса баспа саласындағы өзгерістерге экономикалық мүмкіндіктер де туындап отыр»,-деді.

Салехи Амири Теһранның Халықаралық кітап көрмесінің отызыншы кезеңінің ашылу рәсімінде

Бұл рәсімге Италияның Мұра және мәдени шаралар министрінің орынбасары Энтимо Чезеро көрменің арнайы қонағы ретінде қатысты. Сербияның Мәдениет министрі Младен Вескович пен осы ел баспагерлерінің делегациясы, Италияның Ирандағы елшісі Мауро Канчатури, Италияның мәдени өкілі Карло Черети мен осы елдің баспа саласындағы белсенділерінің бір тобы Теһрандағы Халықаралық кітап көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты. Рәсімнің жалғасында Италияның Мұра және мәдени шаралар министрінің орынбасары ел Президенті Серджо Маттарелланың жолдауын оқыды. Жолдаудың бір бөлігінде: «Италия делегациясын қабылдап отырған Теһран кітап көрмесінің ашылуымен құттықтауды өзіме мәртебе санаймын. Бұл шара Италия мен Иранның достық қарым-қатынасын қуаттай түседі»,-деп мәлімдеді.

Италия Президенті Ұлы Жібек жолы тарихы мен қағаздың Шығыстан Батысқа келгеніне тоқталып: «Иранда Италиядағыдай кітап пен кітап оқу тарихы тереңнен басталады. Осы жолда қағаз бен кітап әлем тарихын өзгертті»,-деді.

Теһранның Халықаралық кітап көрмесінің отызыншы кезеңінің арнайы қонақтары

1395 жылдағы (2016 жылдағы) Теһран мен басқа қалалардың таңдаулы баспагерлері Теһранның Халықаралық кітап көрмесінің отызыншы кезеңінің ашылу рәсімінде таныстырылды. «Мизан» баспасы жеке сектордағы ересектерге арналған кітаптар шығару бөлімінде, «Дар ул-Хадис» мәдени институтының баспасы аудандық қалалар деңгейінде жеке сектордағы ересектерге арналған  баспалар бөлімінде, «Суре Мехр» баспасы мемлекеттік сектордағы  ересектерге арналған  баспа ретінде, сонымен қатар «Сәмт» баспасы марапатталды.

Жеке сектордағы балалар мен жасөспірімдер баспалары бөлімінде «Қадиани» баспасы мен «Шахр-е Қалам» және «Офоқ» баспалары марапатталды. «Джамал» мен «Борақ» баспалары аудандық қалалар деңгейінде жеке сектордағы балалар мен жасөспірімдер бөлімінде және «Балалар мен жасөспірімдердің ойын тәрбиелеу орталығы» атты баспа жеке сектордағы балалар мен жасөспірімдер бөлімінде «ең үздік» деп таңдалды. «Шәһид Каземи» баспасы, «Кетабестан-е Маарефат» баспасы мен «Гоман» баспасы да қосалқы бөлімде үздік баспалар ретінде таңдалды. Теһранның Халықаралық кітап көрмесінің отызыншы кезеңінің ашылу рәсімінде осы баспалар марапатталды.

Теһранның Халықаралық кітап көрмесінің отызыншы кезеңінің ашылу рәсімінде үздік баспагерлер марапатталды

Кітап көрмесінің отандық баспагерлер бөліміне 2643 баспа қатысты. Бұл бөлімде 800-ден астам стенд жасалып, 240 мың кітап жұрт назарына ұсынылды. Биыл көрменің шеберлік сабақтары баспагерлердің әртүрлі салаларында өтті. Бірінші рет елдің Қоғамдық кітапханалар ұйымының әріптестігімен кітап пен карикатура салоны іске қосылды. Сонымен қатар «Кітапнама» залында 50 кітаптың тұсауы кесіледі. 20 кітаптың тұсаукесері өткізілді. «Ахл-е қалам» (Қаламгерлер) залында 30 отырыс, «Баспа құрылымдары» залында 130 отырыс пен 25 шеберлік сабағы өткізілді. Көрменің бұл кезеңінде ұйымдастырушылардың ықтиярына 135 мың шаршы метр аудан берілді. Оның 85 мың шаршы метрі уақытша залдарға арналған. Биыл алғаш рет «мейман қала» да көрмеге қатысады. Алғашқы кезеңде қонақ ретінде Түркияның Стамбұл қаласы таңдалды. Бұл тақырыптың өркениет пен парсы тілі саласында өте жақсы тәжірибе болатын көкжиегі жарқын. Сонымен қатар алғаш рет көрменің гранты деген мәселе көтерілді. Бұл мәселе баспа саласындағы белсенділермен байланыс орнату үшін жақсы мүмкіндік. Саясатты анықтау кеңесінде өткен жылы парсы тілінен басқа тілдерге аударуда шеберлікке қол жеткізген 10 адамға грант беріледі деп шешілді. Бұл адамдардың көбі Мысыр, Армения, Италия Швейцария, АҚШ-пен басқа елдерден шыққан парсы тілінен басқа тілдерге аудару саласында жұмыс істейтін жазушылар, баспагерлер мен аудармашылардан тұрады.

Теһранның 30-шы Халықаралық кітап көрмесі

Биылғы көрмеге Шетелдік көрмелер мен Баспагерлер одағының  басшылығынан 14 адам қатысты. Қосалқы белсенділіктер бөлімі бұрынғы жылдардағыдай «Йас» залында өткізілді. Көрменің осы кезеңінде баспа саласындағы тәжірибелер отырысы әртүрлі тақырыптарда өткізілді. Алуан қауымдар саласында әртүрлі қосалқы жұмыстар қарастырылған. Әрбір облыстың күні жеке-жеке өткізіледі.

Теһранның 30-шы халықаралық кітап көрмесінің араб бөліміне 94 баспагер қатысты. Бұл бөлімде 47234 кітап, латын бөлімінде 150144 кітап қойылды. Теһранның Халықаралық кітап көрмесінің өткізілуімен бір мезгілде Германияның мәдени белсенділері мен баспагерлерінің делегациясы Теһранның Афтаб қаласындағы Франкфурт кітабы халықаралық көрмесінің бөліміне қатысты. Франкфурт кітап көрмесінен келген бұл делегацияның құрамында осы көрме басшысының орынбасары мен халықаралық жобалар  бөлімінің жауапты тұлғалары бар.  Сонымен қатар Теһран кітап көрмесінің осы кезеңіне Германияның 18 баспасының өкілдері мен кітаптары қатысты. Бұл көрмеге алғаш рет Берлин поэзия үйінен бір топ неміс ақыны келді. Кітап көрмесі кезіндегі отырыстарда «Иранның архитектуралық жолнұсқауы» және «Тиімді маркетинг арқылы кітап сатуды қалайша арттыруға болады?» атты кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.

Халықаралық бөлім елдер арасындағы байланыстарды кеңейте түсетін бөлім саналады. Биыл Италия елі арнайы қонақ болды. Өткен бір жылдың ішінде осы салада жақсы бағдарламалар жүзеге асырылды. Италия 40 адаммен Теһран кітап көрмесіне қатысты. Оның 35-і – Италияның атақты жазушылары. Теһранның кітап қаласындағы италиялықтардың екі күндік шеберлік сабағы, Иран мен Италияның кітап иллюстраторларының ортақ шеберлік сабағы, ауызша аударма отырысы, тіларалық аударманың осал тұстарын талдауға арналған отырыс, Италияның қазіргі заман әдебиетін талдау отырысы, Италияның баспа нарығы жөніндегі кеңесулер италиялық топтың Теһрандағы бағдарламаларының бір бөлігі болды. Теһранның 30-шы Халықаралық кітап көрмесінің бірінші күнінде  Италия стенді Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министірінің мәдени істер жөніндегі орынбасары әрі кітап көрмесінің басшысы сейіт Аббас Салехи және Италияның Мұра және мәдени шаралар министрінің орынбасары Энтимо Чезероның қатысуымен ашылды.

Энтимо Чезеро Италия бұрышын ашу рәсімінде екі елдің мәдени саладағы әріптестігі туралы айтып: "Италия Премьер-министрі осыдан бұрын мәлімдегендей, Иран мен Италияның қарым-қатынасы алдымен мәдени саланы, содан соң саяси-экономикалық саланы қамтиды. Мен бүгін Италияның Мәдени мұра, мәдени шаралар және туризм министрінің атынан алғашқы батыс елі ретінде Ирандағы Теһран кітап көрмесінің арнайы қонағы болып қатысып отырғанымызға қуаныштымын. Теһранның Халықаралық кітап көрмесі – маңызды шара. Бұл оқиға Ирандағы кітап пен кітап оқудың кең таралғанын білдіреді. Менің ойымша, бұл – толғаныс тудыратын теңдессіз тәжірибе",-деді. Чезеро сөзінің жалғасында кітап көрмесінің басшылығына және Италия стендін жобалаушыға алғыс айтып, Италия делегациясының халықаралық кітап көрмесіндегі және басқа да кейбір мәдени кешендердегі, соның ішінде Иранның ұлттық кітапханасындағы бағдарламаларын санамалап өтті.

Теһранның 30-шы Халықаралық кітап көрмесінің ашылу рәсімі

Теһранның 30-шы Халықаралық кітап көрмесі «Бір кітап артық оқиық» деген ұранмен Теһранның халықаралық көрмелер орталығы – «Афтаб» қаласындағы көрме кешенінде 13 мамырға дейін жалғасады.