Рохинья мұсылмандары – әлемнің ең қаналған азшылығы (8)
(last modified Thu, 25 May 2017 06:12:23 GMT )
Maм 25, 2017 12:12 Asia/Almaty
  • Рохинья мұсылмандары – әлемнің ең қаналған азшылығы (8)

Әдетте бұқаралық ақпарат құралдарынан рохинья мұсылмандарының буддалықтар тарапынан діни зорлық-зомбылыққа ұшырап, өз жерлерінен қашып, басқа елдерге бас сауғалап кеткені жайлы хабарлар тарап жатады. Алайда, жаңалықтар, зерттеулер мен баяндамаларды зерттеп, сараптаудың нәтижесінде осы оқиғаның басқа бір қырының дұрыс ашылмағаны мәлім болып отыр. Бұл топтамамыздың соңғы бөлімінде осы тайпаның басына түскен қасіреттері мен бақытсыздықтарының басқа тұсын ашып көрсетуді мақсат еттік.

Әлемнің ең қаналған азшылығы саналатын рохинья мұсылмандарының азаптары мен бейнеттері әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылып жатыр. Бұл бейкүнә халықтың тағдыры әйелдер мен балаларға қарсы ең қатыгез зорлық-зомбылықтар, үйлерді өртеу, соңында бас сауғалап, мұхиттың рақымсыз сулары арқылы қауіпті кемелермен елден қашу секілді ащы оқиғаларға толы. Босқындарға лық толы суда жүзетін "табыттар" теңізде көптеген қауіп-қатерлерге тап болады. Бақтарына орай, босқындардың кейбіреуі жағалауға аман-есен жетіп жатады. Бірақ жағалауда да оларды айтарлықтай үміт күтіп тұрмайды. Оларға ешкім қолдау көрсетпейді. Теңіз жағалауындағы мемлекеттерде мейірімділік танытып жатқан да ешкім жоқ. Кейде аштық салдарынан әйелдер мен жас қыздар ақшаға сатылып жатса, ерлер мен балалар адам контрабандасы топатарына құлдыққа түсіп, қатерлі тағдырды бастан кешіп жатады.

Мьянмадағы рохинья мұсылмандарының жағдайына қатысты белгілі бір уақыт бойы үнсіздік танытылып келді. Ал Мьянма әскерінің бейкүнә халыққа қарсы жаппай шабуылдарының жаңа толқыны басталып, олардың жан түршіктірерлік суреттері жарияланған соң, әлемдік ақпарат құралдары мен халықаралық ұйымдар оларға назар аудара бастады. 2012 жылы рохинья халқына қарсы рақымсыз шабуылдар жаңа деңгейге көтеріліп, бұрынғыдан бетер арта түсті. Осылайша, бұл оқиға мыңдаған рохиньялықтың басқа елдерге бас сауғалап, қашып кетуіне себеп болды. Сонымен қатар, шамамен төрт ай бұрын бұл елдің әскерилері осы халық өмір сүретін аймақтардың біріне басып-кіріп, кемінде 1500 үй мен баспананы қиратып, әйелдер, балаларға, бейбіт тұрғындарға қарай от жаудырған.

Бұл оқиғаны бұқаралық ақпарат көздерінде бүркемелеу арқылы басты назарды олардың діни және тайпалық ерекшеліктеріне аударып, бұл оқиғаларды діни азаптаудың бір түрі деп атаған. Адам құқықтары жөніндегі бақылаушы рохинья халқына қарсы зорлық-зомбылықтарды тайпалық "тазалаудың" бір түрі және "адамзат баласына қарсы қылмыс" саналатынын ресми түрде мәлімдеді. БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі агенттігінің басшысы Джон Мак Кейсик Мьянма үкіметінің рохинья халқына қарсы тайпалық тазалау жасап жатқанын қуаттады.

Әдетте бұқаралық ақпарат құралдарынан рохинья мұсылмандарының буддалықтар тарапынан діни зорлық-зомбылыққа ұшырап, өз жерлерінен қашып, басқа елдерге бас сауғалап кеткені жайлы хабарлар тарап жатады. Алайда, жаңалықтар, зерттеулер мен баяндамаларды зерттеп, сараптаудың нәтижесінде осы оқиғаның басқа бір қырының дұрыс ашылмағаны мәлім болып отыр.

Соңғы бірнеше жылда Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университетінің әлеуметтану ғылымының профессоры Саския Сассэн рохиняя мұсылмандары мен олардың босқындық мәселесін өзінің ғылыми зерттеу жұмысының негізгі тақырыбы етіп алды. Ол кітаптарының бірінде, сондай-ақ бір ғылыми мақаласы мен The Guardian басылымына арнап жазған мақаласында қылмыстарды жасаудың негізгі себебін анықтау арқылы осы тақырыптың басқа қырларын түсіндірген.

Профессор Саския Сассэн

Сассэннің пікірі бойынша, бұл аймақта бірнеше ғасыр бойы өмір сүріп келген Мьянманың рохинья халқы соңғы жылдары Мьянма әскері мен әсірешіл және ұлтшыл буддалық кейбір лауазымды тұлғалардың қатты азаптаулары мен езгісіне шыдап келеді. Бірақ Сассэннің айтуынша, оның зерттеулеріне сәйкес, дін мен тайпа мәселесі бұл мәжбүрлі босқындықтың жалғыз қыры ғана емес. Мьянмада 1990 жылдардан қазіргі күнге дейін бұл елдің әскері қарапайым шаруалар мен жер иелерінің үлкен жерлерін ешбір өтемақы төлеместен, тартып алып отыр. Осы аралықта егістік пен ауыл шаруашылық алқаптары мен басқа жерлерді тартып алып, оларды заңсыз түрде иемдену үнемі жалғасып жатқанымен, соңғы жылдары, яғни 2012 жылы жер туралы заңда ірі компаниялардың жер иемденуіне қатысты өзгерістер енгізілуіне байланысты бұл құбылыс бұрынғыдан бетер күшейе түсті.

Бұл жағдайды экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, рохинья халқын өз жерлерінен қуып шығару келешекте сол жерлердің жаңа кәсіп үшін пайдалы болатындығы түсінікті жайт. Шынтуайтында, Мьянма үкіметі соңғы кездері рохинья халқы тұрып жатқан аймақтарында шамамен 1миллион 268 мың гектар жерді ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында жеке меншік компанияларға бөліп берген. Бұл мұндай мақсатта бөлінген жердің көлемі 2012 жылы шамамен 7 мың гектар ғана болған, яғни төрт жылдың ішінде бұл көрсеткіш 160 есе артқан жағдайда орын алып отыр. Алайда, рохинья мұсылмандарын азаптау туралы хабарлар тек діни және тайпалық сипатпен бүркемеленіп жатыр. Сол себепті, бұл шындықтар мен миллиондаған адамның, соның ішінде рохинья халқының жерлерін заңсыз тартып алу мәселелері сол жаңалықтардың арқасында мүлдем көзге түспей, назардан тыс қалып отырады.

Рохинья мұсылмандарының егістік жерлерін емдену

Бірақ бұл ақиқаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында бүркемеленуіне қарсы олар тек зорлық-зомбылық және діни жеккөрушілік тұстарын басты назарға алады. Мьянмадағы 2015 жылғы сайлауда партиясы жеңіске жеткен Бейбітшілік саласында Нобель сыйлығының иегері Аун Сан Су Чжи де баршаның үмітіне қарсы бұл мәселеге байланысты үнсіздік танытты. Ол кісі тіпті АҚШ-тан "рохинья" сөзін пайдаланбауды сұраған. Себебі, оның айтуынша, бұл термин Мьянмадағы ұлттық бітімге келу үдерісіне еш пайда әкелмейді.

Мьянманың Сыртқы істер министрі және "Демократия үшін ұлттық лига" партиясының жетекшісі Аун Сан Су Чжи BBC телеарнасына жақында берген сұхбатында бұл елдегі рохинья азшылығына қарсы кез келген қылмыс жасау мен оларды жаппай өлтіруді теріске шығарды. Су Чжи ханым рохинья мұсылмандарын өлтіру және тайпалық тазалау мәселесіне байланысты: "Мен жай ғана саясаткермін. Мен толығымен Маргарет Тетчер ұқсамаймын. Бірақ басқа жағынан, Тереза ана да емеспін",- деп мәлімдеді.

Мьянма Сыртқы істер министрі Аун Сан Су Чжи

Аун Сан Су Чжидің: "Менің ойымша, ол жақта көптеген қылмыс орын алып жатыр. Бұл елдің басшылығымен ынтымақтастық жасап жатырмыз деп ойласа да, мұсылмандарды өлтіріп жатқан мұсылмандардың өздері ",- деп айтқан уәждері сауал тужырады.

Ал БҰҰ мұның алдында мыңнан астам рохинья мұсылманының Мьянма үкіметінің қауіпсіздік күштерінің қолынан қаза тауып, кемінде 70 мың рохинья мұсылманының өткен бір жылдың ішінде өз өмірлерін сақтап қалу үшін отандарынан қашып, көршілес елдерге, әсіресе Бангладешке кетуіне мәжбүр болғандарын  хабарлаған еді. Су Чжи бұл сұхбат барысында Мьянмадағы кез келген тайпалық қырғында теріске шығарып: "Рохиньяда орын алып жатқан оқиға үшін бұл сөздер асыра айтылғандық",- деді.

Адам құқықтары жөніндегі кейбір ұйымдар мен мекемелердің осындай реакцияларына қарамастан, жерлерді тартып алып, иемдену жағдайы назардан тыс қалып отыр. Шын мәнінде, Мьянма әскері 1990 жылдардан бері буддалық және буддалық емес жер иелерінің жерлерін тартып алумен айналысты. Бірақ, 2010 жылы бұл елдегі заңға өзгерістер енгізіліп, Мьянманың қақпалары шетелдік инвесторларға айқара ашылды. 2012 жылдың наурыз айының отызында Мьянма Парламентінің Жоғарғы және Төменгі палата депутаттары егістік жер мен егіншілікке жарамсыз алқаптар туралы заңды қайта қарастырып, оған біршама өзгеріс енгізді. Содан кейін шетел инвесторлары туралы заң бекітілді. Бұл заңға сәйкес, 70 жылға шетел азаматтарына 100 жер алқабына меншік құқығы берілді. Дәл сол жылы 1963 жылы қабылданған диқандар туралы заңның күші жойылды. Ол заңға сәйкес, ұсақ жер иеленушілерге қолдау көрсету түрінде олар заңды көлік құралдарымен қамтамасыз етілетін.

Енді осының жалғасында Мьянмадағы миллиондаған шаруалар мен ұсақ жер иеленушілерді мәжбүрлеп көшірудің куәсі болып отырмыз. Олардың басым бөлігі буддалық болып табылатын елдегі жаңа экономикалық жүйенің салдарынан бас сауғалап кеткен адамдар саналады. Мұндай жағдайға тап болып отырған жалғыз Мьянма мемлекеті емес екендігі қызық жайт. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, ірі аграрлық компаниялардың басқа елдерге келген сәтінен бастап, ұсақ жер иелері өз ата-бабаларының жерлерінен қуылған. Тіпті ол жерлерде бірнеше ұрпақ қатарынан еңбек етіп, оларды абаттанған күйінде сақтап қалса да, олардың сол жерлерге меншік құқығына ие екендігін дәлелдейтін ешбір нақты құжаттары болмаған.

Соңғы жылдары Мьянмадағы шетелдік инвестициялар көбінесе пайдалы қазбалар, су және энергияны өндіру салаларына салынды. Ал жұмысшылар және орта тап өкілдерін құратын өндіріс саласына айтарлықтай инвестиция жасалмады. Мысалы, 1 миллиард доллардан астам инвестицияны қажет ететін Ядна құбырлар желісін жүргізу жобасы тек 800 адамды жұмыспен қамтыды. Мьянмадағы егстік жерлерге қатысты жүзеге асқан келісімдердің басым бөлігі үшін ерекше шарт қойылған. Мысалы, жергілікті әскери және мемлекеттік емес қарулы топтардың қолбасшылары негізінде Мьянманың солтүстігіндегі егістік алқаптардың көпшілігін, оларды сату және сатып алуды өз бақылауында ұстап отыр.

Рохинья мұсылмандары жерлерін иемдену

Осындай жағдайда бұл елге алғашқы шетел инвесторларының келуінен бастап, жер алқаптарын иелену туралы өтініштердің елде қазір орын алып жатқан текетірестердің негізгі факторына айналғаны байқалады. Негізінде, үдерістің алгоритмі келесідей: алдымен шетел компаниялары Мьянмаға келді. Содан кейін  жер иелену өтініштері арта түсіп, нәтижесінде ұсақ жер иелері өз жерлерінен айрылды. Шаруалар болса күннен-күнге кедейленіп немесе өз жерлерінен айрылып жатты. Алайда, елде егістік жерлерді сату және сатып алу нарығы өркендей түсті.

Осылайша, рохинья халқын азаптау және қинау алдын ала жоспарланбаса да, кемінде екі міндетті атқарды: бірі – өндірістік мақсатта жерлерді босату болса, екіншісі – мұсылман, буддалық және басқа дін өкілдерінен тұратын ұсақ жер иелерін қууды доғару үшін Мьянма үкіметіне қысым жасауға тосқауыл болып табылатын діни аспектіге басты назар аудару болды. Негізінде, мұсылмандарды елден қуу жерлер мен су ресурстарын азат ету мақсатында жасалған айла болып табылады. Рохинья халқы өз бастарын аман алып қалу үшін жерлерін тастап, қашып жатты. Оның үстіне, діни ерекшеліктерге назар аудару діни, мазхабтық сезімдердің күшеюіне соқтырып, барлық ұсақ жер иелерін өз жерлерінен қуу үдерісін тоқтату мақсатында үкіметке қысым көрсету үшін тосқауыл болды.