Таяу Шығыс: оқиғалар тоғысында
(last modified Mon, 29 May 2017 03:30:56 GMT )
Maм 29, 2017 09:30 Asia/Almaty
  • Таяу Шығыс: оқиғалар тоғысында

Мамыр айының басында Таяу Шығыс маңызды оқиғалардың куәсі болды. Алайда ХАМАС-тың жаңа саяси құжаты, Астана-4 келіссөздері, ЮНЕСКО-ның Израильге қарсы қарар қабылдауы мен Палестина автономды құрылымының басшысы Махмұд Аббастың шетелдерге сапарлары басқа оқиғаларға қарағанда маңыздырақ болды.

Палестина қарсыласу қозғалысы ХАМАС 2017 жылы мамырдың бірі күні өзінің жаңа саяси құжатын жариялады. Бұл құжат бірнеше оң бағыттағы баптар мен  көптеген реакцияларды тудырған басқа да баптарды қамтыды. Соның ішінде, жаңа құжаттың оң бағыттағы баптарында босқындарды қайтару және Израиль басқыншылығымен күресу қажеттігі қуатталған. Қырық екі баптан тұратын бұл құжатта Әл-Ақса мешіті Палестина халқы мен ислам үмбетінің даусыз құқығы деп аталған. Ал басқыншылардың ол жерде ешқандай құқығы жоқ. Әл-Ақса мешітін еврейлендіру мақсатындағы сионистік режимнің шаралары мен оны мезгіл мен мекен тұрғысынан бөлу мәселесі жойылып, заңсыз деп жарияланған болатын.

Жаңа саяси құжатта түсініксіздік тудырған және қарсыласу топтарының қарсылығына тап болған екі бап бар. Бұл құжатта алғаш рет тәуелсіз Палестинаны 1948 жылғы емес, 1967 жылғы шекаралар бойынша құру мәселесі қарастырылып, сонымен қоса ХАМАС-тың "Израильді жою" туралы тұрақты бабы жойылған болатын. Кейбір ақпарат көздері бұл құжатқа шұғыл реакция білдіріп, ХАМАС Израильді ресми түрде мойындады деп хабарлады. Ал ХАМАС-тың саяси бюросының басшысы Халед Машаль: "Жаңа құжат біздің негізгі принциптерімізден, әсіресе Израильді ресми түрде мойындаудан бас тарту дегенді білдірмейді",- деп мәлімдеді. Сонымен қатар, құжаттың 20-шы бабында: "ХАМАС Израильды ресми түрде мойындамай және ешбір палестиналықтың құқықтарына көзжұмбайлық танытпай, босқындардың өз үйлеріне қайтуы және 1967 жылдың маусымның төрті күнгі шекараларымен астанасы Құдс болатын, толығымен егеменді әрі тәуелсіз Палестинаны құруды ортақ ұлттық келісімнің негіздемесі санайды",- деп жазылған. Осы құжаттың жарияланған сәтінен төрт күн өткеннен соң ақпарат құралдарында ХАМАС саяси бюросының төрағасы Халед Машальдың өз қызметінен отставкаға кетуі негізіндегі хабарлар жарияланған болатын. Бұл мәселе қарсыласу бағытының көмегімен осы құжатты қолдаушылардың шетке ығыстырылатынын білдіреді.

БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) өткен сейсенбі күні сионистік режимге қарсы қарар қабылдап, бұл режимді Бейт ул-Мұқаддас пен Газа секторында халықаралық заңдарды бұзғаны үшін айыптады. ЮНЕСКО бұл қарарында "басқыншы күш" деп атаған Израильден Бейт ул-Мұқаддастың шығыс бөлігіндегі үздіксіз қазу жұмыстары, тоннельдер қазу және басқа да жобаларын тоқтатуын сұраған. Құдстың жалған және басқыншы режимінің құрылғанына 69 жылдығының қарсаңында бекітілген бұл қарарда мұсылмандардың алғашқы құбыласын яхудилік атаулармен емес, исламдық "Әл-Ақса" және "Харам аш-Шариф" атауларымен аталған.

Қалашықтар салуды жалғастыруға байланысты Израильге қарсы халықаралық қарарлар шығару үдерісі арта түсті. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 2016 жылдың желтоқсан айында қарар қабылдап, Израильды қалашық салуды жалғастыру позициясын айыптады. ЮНЕСКО да былтыр Израильге қарсы қарар шығарды. Израильдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі өткен жылдың желтоқсан айында бұл режимге қарсы қабылданған №2334 қарарына реакция білдіргені секілді, ЮНЕСКО-ның қарарына да реакция білдіріп, оны "ақымақтық" деп атады. ЮНЕСКО өзінің Израильге қарсы қарарын Израильдың былтыр оған қарсы қарарға реакциясы ретінде өзінің БҰҰ-ның осы ұйыммен ынтымақтастығын тоқтатқаннан кейін шығарды. БҰҰ-на қарасты басқа ұйымдарға қарағанда Израильдың қылмыстарына ЮНЕСКО-ның көбірек реакция білдіруінің негізгі себебі мынада: Израильдің әрекеттері, әсіресе қалашықтар салуды жалғастыру және көшелер мен көне мекендердің атауларын өзгерту басып алынған жердің жеке даралығының өзгеруіне себеп болады. Ал ЮНЕСКО-ның негізгі міндеттерінің бірі мәдени-өркениеттік мұраларды сақтау болып табылады.

Сирия мәселелсі туралы екі күндік Астана-4 келіссөздері өткен сәрсенбі және бейсенбі күндері өтті. Бұл отырыстың ең маңызды жетістігі Ресей тарапынан ұсынылған Идлиб, Латакия, Алеппо және Хама облыстарының көптеген бөліктерін қамтитын "шиеленіс азайған" 4 аймақ құру туралы келісім болды. Өткен жұма күні кешке іске асқан бұл келісім ИИР, РФ және Түркияның бақылауына алынған. Осы келісімнің кепілі саналатын бұл үш мемлекет ағымдағы мамыр айының жиырма екісіне дейін "шиеленіс азайған" және қауіпсіз аймақтардың шекараларын анықтау үшін қажет шараларды іске асыруы тиіс.

Сирия бейбітшілігі жөніндегі Астана-4 келіссөздеріндегі Ресей делегациясы басшысының айтуынша, АҚШ және "ДАИШ-ке қарсы" деп аталатын халықаралық коалиция ұшақтарының Сирияның "шиеленіс азайған" аймақтарында ұшуына рұқсат берілмеуі бұл келісімнің келесі маңызды бөлігі саналады. Басқаша айтқанда, бұл келісім Сирия дағдарысындағы Иран, Ресей және Түркия секілді белсенді ойыншылардың лаңкестікпен күресті жалғастыру мақсатында және лаңкестікпен күресте АҚШ-қа сенбейтіндіктерін білдіреді. Осының негізінде, бұл тақырып америкалық басшылардың реакциясына тап болып, олар мұндай шектеуді қабылдамайтындықтарын мәлімдеді.

Келесі маңызды мәселесі ретінде, бұл келісімнің Сириядағы "ән-Носрат" майданы және ДАИШ лаңкестік топтарының әлсіреуіне себеп болуын айтуға болады. Осыған байланысты, бұл келісімнің жүзеге асуының сол алғашқы сағаттарында Қабун аймағындағы "ән-Носрат" майданы тәкфіршіл тобының ондаған қарулы лаңкестері бұл аймақтан шығуға өтініш білдірген.

Палестина автономды құрылымының басшысы Махмұд Аббас өткен аптада Каир, Оман және Вашингтонға сапармен барған еді. Аббас Каирде Мысыр президенті Абдул Фатах ас-Сисимен, Оманда Иордания королі Абдалла ІІ-мен, Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, сұхбаттасты. Аббастың әр үш кездесуіндегі сұхбаттарының негізгі тақырыбы Израильмен келіссөздерді қайта жандандыру болды.

Махмұд Аббас Абдул Фатах ас-Сисимен кездесуінде 1967 жылғы шекараларында және астанасы шығыс Құдс болатын екі мемлекет құру негізінде келісімге келу үдерісін қайта жандандыру мәселесін талқылап, сұхбаттасты. Аббастың Абдалламен ІІ-мен кездесуі кезінде де сионистік режим мен палестиналықтар арасындағы бейбіт келіссөздерді қайта жаңарту қажеттігі қуатталды. Ал Аббастың Дональд Трамппен кездесуінде Израильмен бейбіт келіссөздерді қайта жандандыру осы сұхбаттың негізгі тақырыптарының бірі болды.

Махмұд Аббас Палестина автономды құрылымы мен сионистік режиммен ымыраға келу келіссөздерін 2014 жылдың сәуір айында бұл режимнің қалашықтар салуды тоқтату, Палестина мемлекетінің құрылуы және палестиналық тұтқындардың бостандығына тыйым салуға қарсылық білдіруіне тоқтатылған жағдайда Израильмен бейбіт келіссөздерді қайта жандандыруды көздеп отыр. Дәл қазіргі жағдайда Израильдің палестиналықтарға қарсы қылмыстары, әсіресе қалашықтар салу және палестиналықтарға қарсы зорлық-зомбылықтың деңгейі қатты артқан. Палестиналық тұтқындар сәуірдің он жетісінен қазірге дейін аштық жариялаған. Шынтуайтында, ымыраға келу туралы келіссөздерді тоқтатуға себеп болған дәл сол дәлелдер әлі күнге дейін бар, тіпті сионистік режим әрекеттерінің салдарынан жаңа тосқауылдар пайда болды. Сонымен қатар, Махмұд Аббас Дональд Трамп үкіметінің бейбіт келіссөздерді қайта жандандырып, палестиналықтардың мүдделерін де назарға алатынын күтеді. Себебі,Трамп үкіметінің Израильдің мүдделері мен қауіпсіздігіне қатысты міндеттемесі Обама үкіметіне қарағанда әлдеқайда көбірек саналады.