Парсы әдебиетіндегі Рамазан айы (6)
Бағдарламамыздың кезекті бөлімінде Рамазан айының Насыр Хосроудың поэзиясында алатын орны жайлы сөз қозғаймыз.
Насыр Хосроу – х.қ.ж.с.б. 5 ғасырда өмір сүрген өз заманындағы рационалды және дәстүрлі ілімдердің басым бөлігін жетік меңгерген ирандық танымал ақын, хакім, философ және саяхатшы. Ол қасидаларында ораза мен ораза тұту секілді түрлі діни ұғымдарға аса жоғары маңыз берген. Насыр Хосроудың рамазан айы туралы арнайы қасидасы жоқ, алайда оның Рамазан айын мадақтаушы екендігіне еш күмән жоқ. Насыр Хосроу ғылым мен бойсұну ұғымдары туралы өлеңдерінде Рамазан айы тақырыбын зерттеп, осы айды ұлықтады. Оның ғылым мен бойсұнудың маңыздылығын баса айтуы соншалықты, оның өлеңдер жинағында осы екі ұғымға толы қасида өте көп. Насыр Хосроу сөз ететін діндегі екі маңызды мәселе – таным мен мағрифат.

Насыр Хосроу әрбір іс пен ғибадаттың сыртқы келбетіне емес, оның тереңдігі мен әсеріне көңіл бөлді. Ол оразаны да дәл осы тұрғыдан қарастырды. Насыр Хосроудың көзқарасындағы ораза ұғымы ораза ұстаудың жасырын қырларын танып-білумен қатар жүреді. Насыр Хосроу ғылымды бойсұну мен оны қабылдаудың шарты ретінде баса айтып, мұсылмандар мен мүміндерді әрдайым білім іздеу, ойлау мен ұғынуға кеңес беретін Құранның жолына нұсқайды. Хәкім Насыр Хосроу оразаның мәнін түсінбестен су мен тағамнан бас тартып, шөлдеп, аш қалудың пайдасы жоқ деп есептейді. Оның пікірі бойынша тартыну мен өзін-өзі ұстаудың мәні мен мақсатын дұрыстап ұғынып алған жөн. Ол бұлардан хабары жоқ ораза тұтушыны босқа ашығып, шөлдеп жүрген адамға теңейді.
Мына қызық жайтты білгендеріңіз жөн: парсы тіліндегі "наһар", яғни «түскі ас» сөзі бұрын тамақтанбау, ас ішпеу деген мағынаны білдіріп, "аһар" инфинитивінен жасалған. Уақыт өте келе "аһар" сөзіне "на" болымсыздық префиксінің жалғануы арқылы "на аһар" сөзі қарын тойдырмау немесе ас ішпеу деген мағынаны білдіріп, кейін өзінің орнын бүгінде «түскі ас» деген мүлдем басқа мағынаны білдіретін "наһар" сөзіне берген.