Діни жетекшінің Құранмен нұрланған ортада сөйлеген сөзі
(last modified Tue, 06 Jun 2017 10:37:26 GMT )
Маусым 06, 2017 16:37 Asia/Almaty
  • 
Діни жетекшінің Құранмен нұрланған ортада сөйлеген сөзі

Құранның көктемі, яғни Рамазан айының бірінші күні Ислам революциясының жетекшісі Құранмен нұрланған ортада елдің Құран саласындағы белсенді азаматтарымен кездесіп, үш сағат бойы сұхбаттасты.

Аятолла Хаменеи кездесуде Иранның үлкен бағында Құран гүлдерінің бүршік жаруына ризашылығын білдіріп: «Бұл жерге Құранның мүбәрәк тұқымы себілді. Сондықтан бүгінде мемлекеттің қоғамдық кеңістігі Құранмен таныс болып, елдің әртүрлі аймақтарындағы балалар мен жасөспірімдер Құранды жақсы көреді. Тағұт үкіметі кезде елдің кеңістігінде, әсіресе балалар мен жасөспірімдер үшін Құран жат болды» деді. Ол елдің Құран саласындағы жетістіктерін революция мен исламдық жүйенің жетістіктері деп атап: «Жетістіктер болғанымен, әлі де жолдың басындамыз Құранға қатысты отырыстар Құранды жақсы көріп, халықтың зейінінің Құранға бет бұруына себеп болады»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі Құран саласындағы белсенді азаматтарымен кездесті

Қасиетті Рамазан айы – Құран түскен ай. Исламдық мәдениетте Рамазан «Құранның көктемі» деп аталады. Өйткені, оның Қадір түндері Исламның ұлық пайғамбарының жүрегі Жебірейіл арқылы Құранды қабылдады. Бұл айда мүміндер ораза тұтып, Құранның мағынасын түсіну үшін ғибадат пен мүнәжәт етіп, жүректерін дайындайды. Имам Бақер (ғ.с.): «Әр нәрсенің көктемі бар. Құранның көктемі – Рамазан айы»,- деген болатын. Имам Әли (ғ.с.) Құранның дәрежесі туралы: «Жүректердің көктемі саналатын Құран туралы ойланыңдар»,- деген. Сондықтан Рамазан айының берекесінің үлкен бөлігі Құранмен байланыс орнатумен байланысты деп айтуға болады. Сол себепті, Құранның нұрлы жетістіктерінің  тұқымын жүректерімізге сеуіп, оларды өсіріп, соңында рухымызға қорек болатын Құранның жемістерін жинауымыз керек. Мұндай жол Құранға шынайы сүйсенпеншілік білдіруге әкеледі.

Аятолла Хаменеи Құранға сүйспеншілік білдіру Құранның мәселелері туралы ойлануға жағдай жасайды деп: «Мұндай жағдайда өмір туралы негізгі сұрақтардың  жауабын Құраннан табуға болады. Бүгінгі әлемдегі адамның адасуы мен бақытсыздығы өмірдің негізгі тақырыптарының, соның ішінде адам мен дүниенің қарым-қатынасы, дүние-мүлікті қалай пайдалану, достық пен дұшпандықтың түрі, амал мен ұстаным туралы сұрақтарға жауап таба алмауында»,- деп қуаттады. 

Ислам революциясының жетекшісі бүгінгі әлемдегі адамзаттың соғыс, қауіп-қатер, алаңдау, адасу, жанұялардың ыдырауы және таптар арасындағы қайшылықтар сынды кейбір қиындықтары туралы: «Бұлардың барлығы  өмірдегі сұрақтарға дұрыс жауап таба алмай, қате түсінушіліктерге байланысты. Соның салдарынан әлемде бұрмаланған экономикалық және саяси жүйелер пайда болып, адамзат көптеген қиындықтарға шырмалды. Дұрыс жолды білмейтін, тура жолды танымайтын, Алламен қарым-қатынасы жоқ қоғам – осындай қоғамның дәл өзі. Адамзаттың бұл қоғамдары өкінішке орай, осындай адасушылықтармен кезігуде. Құранға сүйспеншілік білдіріп, оның нұрлы аяттары туралы ойлану адамның сұрақтарына дұрыс жауап береді»,- деп баса айтты.

 Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында    исламдық қоғамның бүгінгі қиындықтарына тоқталып, оларды Құранның тағылымдарына немқұрайдылық таныту мен ойланбаудың салдары деп атады. Ол кейбір исламдық қоғамдарды надандардың басқаруын қиындықтардың бірі деп атап: «Олардың надандығы мен қате әрекеттері имансыздықтары және Құраннан алыстауынан туындады»,- деді. Ислам революциясының қазіргі жетекшісі Құранның «Фатх» сүресінің «... Кәпірлерге қатаңырақ, өзара тым мейірімді..», - деп айтылған 29-шы аятына сілтеме жасап: «Сауд басшылары мен соларға ұқсастар кәпірлерге тым мейірімді.  Олар үшін өз халықтарының мүлкінен жұмсайды. Қазба байлықтарынан түетін ақшалары мен ұлттық байлықтарын халқының тұрмысына жұмсаудың орнына кәпірлерге, халықтың дұшпандарына сыйлайды. Ақымақтар ақша беріп, исламның дұшпандарының достығына ие бола аламыз деп ойлайды. Негізінде, олардың арасында достық жоқ. АҚШ басшыларының өздері «Сүтті сиыр сынды оларды сауып, сүттері біткен кезде бауыздайды» дейді. Сауд басшылары мен соларға ұқсастар кәпірлермен достық орнатуды мақсат етіп, Йемен мен Бахрейннің мұсылман халқына қарсы адамгершілікке жат қылмыс жасауда»,- деді.

Аятолла Хаменеи «...Сөзсіз, бекер нәрселер жойылады» деп айтылған «Исра» сүресінің 81-ші аятына сүйеніп: «Құранның тағылымдарына қайшы әрекет ететін бұл үкіметтер міндетті түрде күйреп, құлдырап, соңында бақытсыздыққа ұшырайды. Бұған ешбір күмән жоқ. Алайда, бұл жылдамырақ немесе кейінірек орын алуы мүмкін. Бұл мүмін қоғамның іс-әрекетіне байланысты. Егер дұрыс әрекет етсе, бұл оқиға тезірек орын алады. Егер, дұрыс әрекет етпесе, кейінге қалады. Бірақ, міндетті түрде орын алады. Құран бойынша, Жаратушының сөзіне сәйкес, келешек – мүміндер мен Алланың жолында амал ететіндерге тиесілі»,- деді.  Аятолла Хаменеи Иран халқының революциясының жеңісіне қырық жылға таяп қалғаны мен халықтың шетелдік құдыретті дұшпандармен қарсыласуын илаһи уәдені растау деп атап: «Біздің мемлекетіміз де Сауд үкіметі сынды АҚШ-тың істе деген кез келген ісін жүзеге асырған үкіметтің басқарғанын бастан өткердік. АҚШ Пехлеви үкіметіне «Иран Парсы шығанағындағы біздің жандармымыз» деп айтатын. Бірақ, Иран халқы иманы, амалы, жанкештілігімен оны әлемдік қолдауға ие болуына қарамастан құлатып, орнына Ислам республикасы жүйесін орнатты»,- деп баса айтты.

Діни жетекшімен кездесу

 Иран Ислам революциясының жетекшісі  сөзінің жалғасында Құранның «Әл Имран» сүресінің 139-шы «Босамаңдар да қайғырмаңдар. Егер, мүмін болсаңдар, әлбетте үстем боласыңдар» деп айтқан аятына тоқталып: «Иман жолында мықты, табанды болыңдар. Мен Иран халқы мен мемлекет басшыларының бірлігін қалаймын. Әлемдік қарым-қатынас орнату – ислам жүйесі үшін қажеттілік. Бұл исламдық негіздерге қайшы келмейді»,- деді. Ол ИИР-ның иманы мен жігеріне сүйеніп, дұшпандарды жеңудегі сәтті тәжірибесіне тоқталып: «Біз өз көзімізбен құр қолмен халықтың таңылған соғысты жеңіп шыққанын көрдік. Саяси және халықаралық мәселелерге жаңадан кіріскен халық дұшпандардың қастандықтарын жеңді. Мұның барлығы біздің тәжірибелеріміз. Осы тәжірибелерді пайдаланып, алға ілгерілейтін және ғиззат пен табысқа ие қуатты елге айналудың тек Құранмен қарым-қатынас орнату арқылы ғана мүмкін екенін білуіміз керек. Барлық жақсылықтардың көзі илаһи кітапта. Құдайға шүкір, сіздердің барлығыңыз онымен таныссыздар. Амалдың негізі – Құран»,- деп баса айтты.

Аятолла Хаменеи сөзінің соңғы бөлімінде Құран саласындағы белсенділерге Құран мен оның тәлім-тәрбиесі туралы отырыстарды көбейтуге кеңес беріп, Құран қариларына: «Құран оқыған кезде аяттың мағыналарына көңіл аударып, тыңдарманның да назарын  аударыңдар. Құран оқыған кезде сөздерінің мағынасы туралы ойланып, дауыстап, ақырын, дауыстың ырғағын өзгертіп, оқырманға түсіндіруге талпыныңдар»,- деп баса айтты.