Аятолла Хаменеидің Ораза айт намазында сөйлеген сөзі
(last modified Tue, 04 Jul 2017 10:47:32 GMT )
Шіл 04, 2017 16:47 Asia/Almaty
  • Аятолла Хаменеидің Ораза айт намазында сөйлеген сөзі

Ислам революциясының жетекшісі Ораза айт намазының бірінші құтпасында рухани және ахлақтық мазмұнда насихат айтып, екінші құтпасында ислам үмбетінің ең маңызды мәселелеріне тоқталды.

Иранның мұсылман халқы бір ай ораза тұтқан Рамазан айынан кейін Теһранда Ораза айт намазын Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеидің басшылығымен оқыды. Бір ай ғибадат пен әлемнің Жаратушысына құлшылық етудің тойы саналатын бұл ұлы күні Иран халқы қалалар мен ауылдарда Алланың бұйрығы мен Алла елшісінің сүннетіне сай Ораза айт намазын өткізді. Иранда Ораза айт күні ең көп халық қатысқан намаз Теһранның имам Хомейни атындағы діни және мәдени орталығында өткен намаз болды. Бұл намаз жылдар бойы Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеидің имаматымен өтуде.

Аятолла Хаменеидің басшылығымен өткен Ораза айт намазы

 Иран Ислам революциясының жетекшісі  бүкіл ислам үмбетін Ораза айтпен, Иран халқын ораза тұтып, илаһи сынақтан абыроймен шығуымен құттықтады. Аятолла Хаменеи биылғы жылдың Рамазан айын Иран халқы үшін мүбәрәк ай болды деп бағалап: «Біздің халық өз амалдары мен ғибадаты және халыққа қызмет ету жұмыстарында кеңістіктің рухани, Аллаға жақындататын кеңістік екенін, Рамазанның шынайы Рамазан болғанын көрсетті»,- деді. Ол жаздың ыстық күндері елдің барлық жерлерінде, тіпті өте ыстық аймақтарда жастардың, ерлер мен әйелдердің ораза тұтуын руханияттың белгісі деп атап, жастардың ғибадат рәсімдеріне қатысуын, әсіресе олардың Құранға ғашық болуын мадақтап, оны берекенің белгісі деді. Иран Ислам революциясының жетекшісі  мешіттер мен көшелерде қарапайым ауызашар дастархандарының жайылуын жақсы әрі жағымды сүннет деп атап, Аллаға шүкіршілік  айтты. Аятолла сонымен бірге Иранның қасиетті Рамазан айында ораза тұтқан халқының  білместікпен жасаған қылмыстары үшін қамауға түскендерді босатуға көмектесуін, аурулардың емделу қаржыларын қамтамасыз ету сынды Аллаға жағымды әрекеттеріне сілтеме жасап: «Халықтың мұндай амалдарымен өткен Рамазан айы – шынайы мүбәрәк»,- деді. Иран халқы Рамазан айында өздерінің қаржылай көмектерімен қасақана жасамаған қылмыстары мен қарыздары үшін қамауға түскен жүздеген адамды азат етті.

 Аятолла Хаменеи Ораза айт намазының бірінші құтпасының келесі бөлімінде Қадір  түндеріндегі халықтың Аллаға жалбарынып, дұға тілеуі туралы: «Ағылған көз жастары мен Алланың қасиеттілігін түсінген жүректер өте құнды. Бұл бір халықтың  рухани негізін нығайтатып, оған қиын жолдардан шығуға көмектесетін факторлар»,- деп қуаттады.

Ол сондай-ақ Рамазан айының соңғы жұмасында өткен Құдс күніне арналған шерулерге тоқталып: «Халық көшелерге тіпті   балаларымен бірге шығып, шерулерге қатысты. Халықтың бұл үлкен шеруі – негізінде  тарихи іс-әрекет. Олар тарихта халықтың мақтан тұтатын ісі ретінде тіркеледі»,- деп қуаттады. Иран Ислам революциясының жетекшісі  Ораза айт намазының бірінші құтпасының соңында баршаны Рамазан айының рухани жетістіктерін қорғауға кеңес беріп: «Бұл айдағы жетістіктер сіздер үшін илаһи қор. Сол қорларды сақтаңыздар. Құран оқуды ұмытпай,  намазға назар аударыңыздар. Бұлар – қорғайтын нәрселер. Бұл ай – үнемдеуді, Аллаға назар аударуды үйренетін ай. Осы жаттығуларды дұрыс пайдаланып, өздеріңіз үшін сақтап қалыңыздар.  Илаһи ризалық пен илаһи рақым сіздерге де жетсін деп тілейміз»,- деді.  Хадистер мен рауаяттар бойынша ой-пікірлерімізді дамытып, жүрегімізді тыныштандыру, Ұлы Аллаға бағынып, қарапайымдылық білдіру, күнәларды  азайту, шаһуатты жеңіп, ғибадаттарды орындауға дайындалу Рамазан айының жетістіктеріне жатады. Бұл жетістіктерді сақтауға талпынуымыз керек. Шиіттердің әйгілі ғұламаларының бірі әрі Құран тәпсіршісі аятолла Джавади Омули бұл туралы: «Қасиетті Рамазан айынан кейінгі біздің ең маңызды міндеттеріміз – берекеге толы осы айдың жетістіктерін сақтап қалу. Ұлы Алла барлығымызға «намаздарыңды сақтап қалыңдар», дегендей оразаға қатысты да сондай бұйрық берген. Құранда «намаздарыңды сақтап қалыңдар» деп айтылған. Негізінде бұл тек намазға ғана қатысты емес, «намаз» деген сөздің орнында «ғибадат» деп те айтылу керек. Намаз діннің тірегі болғандықтан, «намаз» деген сөз қолданылған. Негізінде оразамызды да сақтап қалуға міндеттіміз» деген. Аятолла Джавади Омули қасиетті Рамазан айынан кейін де дұға оқып, Алланы мадақтауды жалғастыруды қуаттап: «Біз қасиетті Рамазан айында ораза тұтумен бірге дұға тілеуді үйрендік. Бұл мектеп – дұға мектебі. Дұға – негіздердің бірі. Қасиетті Рамазан айында дұға оқу көп насихатталады. Өйткені, дұға – ғибадат. Ол көптеген оң әсерге ие. Алламен сырласып, Алладан сұрап, нәтижесінде сұрағанымызға ие болу – Рамазан айының нәтижесі. Сондықтан, дұғаларды сақтап қалу қасиетті Рамазан айын сақтап қалуға себеп болады.

Ораза айт намазы

Ислам революциясының жетекшісі  Ораза айт намазының екінші құтпасында елдің, ислам әлемі мен аймақтың маңызды мәселелерінің кейбіреуіне тоқталып: «Иранның ұлы халқы үлкен жұмыстарды атқарып, беделді болып, жүректерді шаттықа бөлеп, жүректегі үмітті арттырыңыздар. Рамазан айында, одан бұрын да үлкен белсенділік таныттыңыздар. Мәселен, біріншіден, сайлауға жаппай қатысып, әлемге айбындылықты көрсете алдыңыздар. Бұл үлкен әрі айбынды іс болды. Екіншіден, Құдс күнгі шерулерге қатысу да үлкен іс саналады. Сақшылар корпусының дұшпанға қарсы шабуылы, нақтырақ айтқанда Теһранда орын алған ДАИШ-тың лаңкестік әрекетінен кейін Сириядағы ДАИШ-тың позицияларына зымыран атуы да үлкен іс болып табылады»,- деді. Аятолла Хаменеи бұл мәселені Иран халқының қоғамдық қоры деп атап: "Бұл қорды сақтау – халықтың өз бірлігі мен біртұтастығын,  революцияның мақсаттарын сақтау. Революцияның мақсаттарын адамдар жүректерінде жоғары мақсат ретінде сақтауы қажет»,- деп баса айтты.

 Аятолла Хаменеи құтпасының жалғасында мәдени салаға назар аударып: «Біздің  мәдени салада бос жерлеріміз көп. Дұшпанның мәдени тұрғыдан әсер ете алатын жайттар көп. Бұл үкіметтік  және халықтық мәселелер»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі бұдан бұрын студенттердің алдында сөйлеген сөзінде жастарды «жұмсақ соғыс офицерлері» деп атап: «Мәдени органдардағы кейбір кемшіндіктерді  көріп, жастар олардың жұмыстарын өз қолдарына алуы керек. Жастар мен идея иелері өз бастамаларымен мәдени жұмыстарды алға ілгерілеткені дұрыс.  Істі алға ілгерілету заңсыздық немесе бос сөз емес. Революциялық күштер  бәрінен бұрын елдің жүйесі мен тыныштығын қорғап, дұшпанға жағдайды өз мүдделері үшін пайдалануға мүмкіндік бермеуі керек. Сондай-ақ, заңды қорғаған жөн»,- деді.

Аятолла Хаменеи ислам әлемінің мәселелері туралы: «Ислам үмбетінің денесінде көптеген зақым бар: Йемен, Бахрейн және исламдық елдердегі әртүрлі мәселелер – Исламның денесіндегі жарақаттар. Ислам дүниесі Йемен халқын қолдап, Рамазан айында бұл халыққа шабуыл жасаған залымдар мен зорлық-зомбылық жасаушыларға жиіркеніштерін білдіруі керек. Біздің халқымыз ислам дүниесінің үлкен қозғалысына демеуші бола алады. Біз дұшпан туралы ұстанымымызды жариялаймыз. Ислам дүниесі, әсіресе ойшылдары мен ислам әлемінің ғұламалары да ұстанымдарын дер кезінде білдіріп, Алланың ризалығына себеп болуы керек»,- деді.  

Аятолла Хаменеи Ораза айт намазының екінші құтпасының соңында: «Уа, Алла! Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен хазіреттің әулеті арқылы исламдық үмбеттің табыстарын күнделікті арттыруды сұраймын. Бізге міндеттерімізді күннен күнге белгілі ете гөр»,- деп тіледі.