Батыстағы исламнан үркіту (2)
(last modified Sun, 16 Jul 2017 08:15:22 GMT )
Шіл 16, 2017 14:15 Asia/Almaty
  • Батыстағы исламнан үркіту (2)

Бұл бағдарламада Ұлыбритания мен Францияда мұсылмандарға жасалған нәсілшілдік сипаттағы жуырдағы шабуылдар мен Еуропада нәсілшіл пиғылдағы лаңкестік әрекеттердің пайда болуына тоқталамыз.

Еуропадағы лаңкестік әрекеттер екі жақтан да өзгеру үстінде. Лаңкестік әрекеттердің құрбандары да, оларды жасаушылар да бұрынғы лаңкестік әрекеттерден өзгеше. Екі аптаның ішінде Ұлыбритания мен Францияда мұсылмандарға шабуыл жасалғаны туралы хабарлар ақпарат құралдарында таралып, тез арада ұмытылды. Бірінші хабар Лондонда мешіттен намаз оқып шыққан бір топ мұсылманға жасалған  шабуыл туралы болды. Онда бір адам қаза тауып, 8 адам жараланды. Осы шабуылдан тура бір апта өткен соң бір автокөлік Брюссельде Ораза айт күні мұсылмандардың бір тобына шабуыл жасады. Бұл оқиғада да 6 адам, соның ішінде 3 бала жараланды.  Осыған қатысты тағы бір оқиға Францияда болды. Өз көлігімен Париждің маңындағы мешіттің алдындағы мұсылмандар тобына шабуыл жасамақ болған адам сәтсіздікке ұшырап, қамауға алынды. Басқыншы адам көше мен жүргінші жолдың деңгейіндегі айырашылыққа байланысты шабуылды жасай алмады. Бір куәгердің айтуы бойынша, машина мешітті үш рет айналып, содан соң жылдамдығын арттырып, мешіттің алдындағы жүргінші жолында тұрған адамдарды қағып кетпек болған, бірақ жолда пайда болған кедергілерге байланысты адамдарға зиян тигізе алмаған. Оның көлігі басқа бір көлікке соғылып тоқтаған.  

Бір адамның Парижде мешіттің алдында тұрған мұсылмандарды қағу талпынысы сәтсіздікке ұшырады

Еуропаның саяси және ақпараттық орталарында осы оқиғаға әрқилы реакция білдірілгені ой тудырады. Бұл оқиғада ешкім лаңкес пен лаңкестік әрекет жайлы тіл қатпады. Ешбір ақпарат құралы осы  шабуылдарды жасаушылардың діні жайлы жұмған ауыздарын ашпады. Сол лаңкестік оқиғалар туралы мәліметтер Еуродағы ақпарат құралдарынан таратылмай, Ұлыбритания мен Францияның қауіпсіздік басшылары бұл оқиғалардың лаңкестік әрекет екендігіне күмән келтірді. Осындай жағдайда егер құрбан болғандар мұсылман емес болғанда, оны орындаушылардың бірі немесе бірнешеуінің аты мұсылманша болғанда немесе бір ислам елінің азаматы болғанда бұл оқиға қауіпсіздік органдары мен ақпарат құрадары тарапынан басқаша баяндалар еді.

Терроризм кез келген діни ағым мен идеологиядағы әсірешілдіктен туындайды. Экстремизм белгілі бір дін және мазхабпен шектелмейді. Ешбір дін мен мазхабты, әсіресе илаһи діндерді қатыгездік пен экстремизмді таратады деп санауға болмайды.  Алайда Еуропа мен Батыс қоғамдарында ислам мен терроризм арасында тікелей байланыс орнатуға талпыныс жасалып жатыр. Батыстың саясаткерлері мен ақпарат құралдарының көбі исламды лаңкестікті таратушы дін деп санайды. Олардың көзқарасынша, барлық мұсылман – кері жағдай дәлелденбеген жағдайда лаңкестер. Кез келген лаңкестік оқиғада бірінші кезекте  мұсылмандар айыпталушы ретінде аталады. Егер лаңкестік оқиғаны орындаушы немесе орындаушылар еуропалық азаматтар болса, ешкім де ислам мен мұсылмандардан кешірім сұрап, айыптарын түземейді. Ислам мен мұсылмандарға жасалған ақпараттық шабуыл Батыс халқының ұжымдық санасында қалып қояды. Шын мәнінде, ақпараттық шабуылдың мақсаты алдын ала белгілі. Исламнан үркіту және исламмен жауласу – осы шабуылдардың мақсаты. Батыс елдері аталған саясатты өз шекараларынан тыс жерде, Таяу Шығыс атты стратегиялық аймақтың дағдарыс ошақтарында пайдаланып, исламнан үркіту және исламмен жауласу саясатын өршітіп отыр. Батыс елдері өздерінің шекараларында ислам тағылымдары негізінде өмір сүретін мұсылмандарға шектеу қоюды  экстремизммен күресу мақсатымен негіздеп, исламнан үркіту және исламмен жауласуды өршітіп отыр. Мұсылман әйелдердің мұсылманша киім кию үлгісін сақтауына немесе араб тілін үйренуге шектеу қою – осындай саясаттардың бір бөлігі. Алайда, Батыстағы исламнан үркіту және исламмен жауласу саясатының келесі бір салдары бар. Ол этностық және мазхабтық кемсітушілікті таратып, мұсылмандарға нәсілшіл сипаттағы шабуылдарды арттырды.

Еуропалық елдер терроризмнің жаңа түріне, яғни нәсілшіл терроризмге ұрынып отыр. Олар бұл мәселеге көңіл аударғысы келмей, оны шетке ысыруға тырысады. Еуропалық нәсілшіл лаңкестер мұсылмандарға шабуыл жасау үшін ДАИШ пен әл-Каиданың тәкфиршіл лаңкестерінің тәсілдерін пайдаланады. Нәсілшіл топтар бұрын шеру өткізіп, наразылық білдіру, нәсілшіл ұрандармен мұсылмандардың қабірлеріне құрметсіздік көрсету немесе кейбір мешіттерге шабуыл жасаумен шектелген.  Алайда  қазіргі таңда нәсілшіл лаңкестер тәкфиршіл лаңкестердің тәсілімен мұсылмандарға шабуыл жасайды. Еуропалық елдер мұндай оқиғаларды ескерусіз қалдырмауы керек. Еуропалық елдер тұрғындарының айтарлықтай бөлігін мұсылмандар құрайды. Ұлыбританияда 3 млн-нан астам мұсылман өмір сүреді. Еуропада мұсылмандардың ең көп шоғырланған тобы, яғни 6 млн адам Францияда өмір сүреді. Еуропаның басқа елдерінде де мұсылмандардың саны біршама. Бұл құрлық мұсылмандар тұратын Таяу Шығыс аймағына жапсарлас орналасқандықтан, ислам мен мұсылмандардың Еуропаға ықпалынан тысқары қала алмайды. Сол себепті нәсілшіл лаңкестердің мұсылмандарға қарсы әрекеттерінің таралуы еуропалық елдер үшін қауіпсіздік саласында қиындық тудырады.  

Батыстағы исламнан үркітудің жаңа шаралары

Нәсілшіл қарым-қатынастар әртүрлі діндерді ұстанушылар арасында жиреніш сезімінің таралуына себеп болады. Еуропалық елдер терроризмге қатысты өз сипаттамасын түбегейлі анықтап алуы тиіс. Терроризмді «жақсы-жаман» деп бөлу өзінің саяси және жарнамалық тиімділігінен айырылып, еуропалық елдерді олардың өз қоғамдарының құрылымы арқылы лаңкестік қауіп-қатерге ұрындырып отыр. Еуропа лаңкестік қаупімен шекараның сыртында емес, өз территориясында бетпе-бет келіп отыр. Қауіпсіздік шараларын күшейту арқылы лаңкестікпен күресу жеткіліксіз. Еуропалық үкіметтер терроризмнің кез келген түріне қарсы шығуға ерік-жігер танытуы керек.  Осы өзгерісті көрсететін шаралардың бірі еуропалық елдердің Таяу Шығыс аймағы мен әлемде экстремизм мен терроризмді тарататын елдермен қарым-қатынасын өзгерту бола алады. Ұлыбританиядағы Жұмысшы партиясының жетекшісі Джереми Корбин өз үкіметінің Сауд Арабиясымен қарым-қатынасын қайта қарастырып, бұл елге қару-жарақ сатуға тыйым салуды талап етті. Егер ол Премьер-министр лауазымына тағайындалған жағдайда осындай істі атқара алар ма еді, әлде Ұлыбританияның Премьер-министрі  Тереза Мэй мен оған дейінгі Премьер-министрлер секілді Сауд Арабиясына қару-жарақ сатудағы саяси-экономикалық мүдделерді Ұлыбританияның басқа мүдделерінен артық қоя ма?