Ұлыбритания мен АҚШ барлау ұйымдарының Пәкістан мен Ауғанстан секталарындағы рөлі
Бүгінгі бағдарламамызда Ұлыбритания мен АҚШ-тың барлау ұйымдарының Пәкістан мен Ауғанстандағы сектанттықтың етек жаюындағы ықпалы мен оның өзгеру жолдары талқыланады.
Сектанттық ислам елдеріне алдымен Ұлыбританиядан, содан кейін АҚШ-тан енген құбылыс саналады. Бұл тақырыптағы зерттеулердің бәрінен Ұлыбритания отаршылдығының үздіксіз ізі байқалады. Сектанттық жөніндегі әртүрлі талқылаулардан Ұлыбритания барлау ұйымының араласушылығының көптеген жайттары байқалғанымен бұл ұйымның осы саладағы ең негізгі әрі ауқымды істерінің бірі ислам әлемін ыдыратушылық салдарға ие «ваххабби" ағымын тудыруы болды. Ұлыбритания 1710 жылы Түркияға "Хамфер" деген барлаушысын секта құру үшін жіберіп, осы жолдағы алғашқы қадамды жасады. Ол ислам ілімдерін меңгеріп, Иракқа барды. Сонда Мұхаммед ибн Әбд әл-Ваххабпен танысып, оған ықпал еткеннен кейін уахабтық ағымның негізін қалады.
Ұлыбританияның ірі барлаушысы Хамфердің Лондон тарапынан екі миссиясы болды: біріншісі халықты Осман мемлекетіне қарсы қою; екіншісі мұсылмандардың арасында алауыздық тудырып, діни ағымдар құру болды. Әбд әл-Ваххаб Ұлыбританияның мұсылмандарға қарсы астыртын әрекеттерін іске асыруға көмектескен маңызды адам болды. Хамфердің ықпалына түскен Әбд әл-Ваххаб «Егер кімде-кім менің мазхабымды қабылдамаса, кәпір саналады. Онымен күрес парызға айналады»,- деген пәтуа шығарды. Осылайша ваххабтық ағымның пайда болуымен ислам әлеміндегі ең үлкен бүлік туындады.
Әли Золфағари 1993 жылы 15 тамызда Принстон университетінде жазған «Ваххабилер» атты мақаласында: "Әбд әл-Ваххаб «Ибн Саудқа қарсы шыққан кез келген мұсылман баласы пұтқа табынушы болады. Егер кімде-кім бұл пәтуадан бас тартса, дінбұзар атанады» деген пәтуа шығарған.
Әбд әл-Ваххаб өз қызын Сауд әулетінің бір ұлына тұрмысқа беріп, Сауд әулетімен туыстық қарым-қатынасқа ие болғандықтан, осы әулеттің саяси және қаржылай қолдауын ваххабизм идеалогиясына тартуға тырысты.
Ұлыбритания ұзақ уақыт бойы Үндістан түбегінде билік еткендіктен бұл аймақтағы сектанттық саясатын жалғастыру үшін 1866 жылдан бастап деобандизм ағымын қалыптастырды.
Секталық тұрғыдан деобандар хадистер мен сәләфизмді ұстанушылар саналады. Олар өз ұстанымдарында қатал, дөрекі әрі әсірешіл болып келеді. Деобандизм Үндістан түбегіндегі мұсылмандардың арасында сүннит мен шиіт сияқты исламның басқа ағымдарынан даралану үшін туындады. Сондай-ақ, олар өздерінен басқа адамдарды мұсылман деп мойындамайды. Осы тұрғыдан деобандтық мен ваххабтық ағымдар арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Сауд Арабиясы осы тура жолдан тайған екі идеологиялық ағымды қаржыландыру арқылы ислам әлеміне, соның ішінде Пәкістанға сектанттық пен араздықтың тұқымын септі.
Үндістан түбегі бөлініп, тәуелсіз Үндістан, Пәкістан содан соң Бангладеш елдері құрылғаннан кейін деобандизм мен ваххабизмнің тармағы Пәкістанда шоғырланды. Мұсылмандар тұратын ел ретінде құрылған Пәкістан діни мектептер ашып, «Сепаһ-е сохебе», «Лашкар-е джаһангуи» сияқты сектанттық, лаңкестік, экстремистік топтар құру арқылы эсктремизм мен сектанттықты тарататын ошаққа айналды.
Британия мұсылмандар кеңесіндегі ислам мәселелерінің маманы, экономист Мұхаммед Экбал Ассарие: «Шетелдік алпауыттар, әсіресе Ұлыбритания ислам әлеміндегі сәләфиттік және вахаббтық идеологиялардың пайда болуында шешуші рөл атқарса да, араб диктаторлық режимдердің мұнайдан түскен қаржысы мен ағылшындар мен америкалықтардың ішкі істерге араласуының жалғасуы бұл ағымның таралуына өзіндік үлесін қосып, ағымды қатал тәкфіршілдік тәсілмен таратуға жағдай жасады" деді.
Ауғанстанда сектанттық бұл елді Кеңес Үкіметі басып алғаннан кейін пайда болды. АҚШ ОББ-сы мен Англияның МІ6 ұйымы қызыл әскер басқыншыларымен күресу үшін жиһадтық ағымдарға көмектесу сылтауымен Ауғанстанға кіру мұрсатын тиімді санады. Осы уақыт аралығында АҚШ ОББ-ы Ауғанстанды азат ету үшін құны 3,5 млрд доллар тұратын "Құйын" атты операция жасады. Жалпы бұл қаражат Пәкістанда діни мектептерде Кеңес үкіметінің әскерлерімен соғысқа тәліптерді дайындау үшін діни мектептер ашу саласында жұмсалды. Бұл медреселердің оқытушылары Сауд Арабиясында экстремистік мектептерде оқып, ваххабистерден тәлім алғандықтан, олардың сабақтары ваххабизм мен сәләфит ілімдерінен тұрды. Бұл мектептер аймақтағы сектанттық пен экстремизді тарататын ошаққа айналды.
Ауғанстанды басып алғаннан кейін сонда сектанттықты өршіту мақсатында Ұлыбритания, АҚШ, Сауд Арабиясы мен Пәкістан барлау ұйымдарының арасында өзара байланыс пайда болды. Сектанттық – отаршылдыққа қарсы алауыздық тудыру мақсатында ислам елдеріне енгізілген саяси тақырып.
"Эбрар Хаус" мекемесінің басшысы әрі Лондонда тұратын бахрейндік доктор Саид Шаһаби: "Сектаға бөліну діни тақырып болудан бұрын саяси мәселе болып табылады. Шын мәнінде, ол бүгінгі күнгі сүнниттер қоғамындағы үлкен түйткіл саналады. Өйткені, отаршыл елдер сүннит мұсылмандарын демократия, дауыс беру құқығы, сөз бостандығы, талан-таражға салынған мал-мүлкінен алдарқату үшін олардың бастарын сектанттықпен шырмап қойды",-дейді.
Бұл мақсатты орындау үшін Ұлыбританияның МI6 тыңшылық ұйымы Үндістан түбегі мен Ауғанстанда ұзақ тәжірибесіне байланысты АҚШ ОББ-ына жетекшілік етті. МI6 ұйымы шын мәнінде де әртүрлі уақыт пен жағдайларға сәйкес құйтырқы ойындар жүргізу арқылы мұсылмандар арасында алауыздық пен шиеленіс тудыру мақсатында тиісті бағдарламалар мен стратегияларды жобалап орындайды.
Қазіргі таңда отаршыл елдер технологияның дамыған түрлерін: ғаламтор, радио-теледидар тораптарын адамдарды тура жолдан тайдыру мақсатында пайдаланады. Бұл арналарды тарату орталықтарының басым көпшілігі Рияд пен Лондон қалаларында орналасқан. АҚШ пен Ұлыбританияның саясаты сүннит мұсылмандарын сектаға бөлумен ғана шектелмейді. Көптеген орталар бұл елдердің христиандар мен шиіттер арасында сектанттық топтар құруға талпыныс жасап жатқанын ескертеді.
2007 жылы АҚШ-тың барлау ұйымдары жақын болашақта әлемнің жер-жерінде христиандық экстремизмнің куәсі боламыз деп жариялады. Бұл Ұлыбритания мен АҚШ барлау қызметтерінің әлемнің әр түпкірінде діни соғыстар туғызуға бағытталған жан-жақты жоспары бар екенін білдіреді. Бүгінгі сектанттықты бұрынғымен салыстырғандағы айырмашылығы – "лаңкестікке" айналуында. Бүгінде "Лашкар-е джаһангу" мен "Сепаһ-е Сохебе» сияқты ваххабилердің қолдауындағы тәкфіршіл топтар террор, қанды, қатыгездікке толы сектанттық әрекеттер жасап жатыр. Бұл сектанттықтың болмысының мешіттер, діни оқу-орындарындағы мәселелер мен көше қақтығыстарынан соғысқа, террорға және қасиеті жерлерге шабуылдарға өзгергенін байқатады. Пәкістандық сүнниттер ағымы үлемдерінің бірі Махмуд шаҺ Ғури: «Күн сайын әртүрлі атаулармен пайда болып жатқандықтан мұндай топтардың идеологиясы лаңкестік сипатқа ие. Күнәсіз адамдарды өлтіру олардың қате ілімдері мен сенімдерінен туындаған ",-деді.
Пәкістан сүнниттерінің діни басшысы Майан Ахмад Баракати: "Пәкістандағы сектанттық әрекеттердің, яғни қатыгездік әрекеттердің тез таралуы Англия мен АҚШ-тың діни мектептерде ваххабистік бұрмаланған тәлім беру арқылы сүнниттер (деобанди мен барелви) мен шиіттер арасында шиеленіс тудыру мақсатындағы іріткі саясаттарының салдары. «Сепаһ-е Сохебе" сектанттық және лаңкестік тобы сүннит немесе жәмағат секілді танымал атауларды қоғамдық пікірді бұзып, сүнниттерді қаралау үшін пайдаланады",-деді.
АҚШ пен Англия барлау ұйымдарының Сауд Арабиясының қолдауымен құрған ислам әлеміндегі іріткі салу мен қылмыс жасауды көксейтін жаңа тәкфирлік-лаңкестік топ – ДАИШ тобы. Шындығында, бұл топ – әртүрлі атаулармен іріткі салып, қылмыс жасаған бұрынғы барлық лаңкестік-сектанттық топтардың шектен шыққан түрі.
Үндістанның мұсылмандар консультативтік кеңесінің төрағасы доктор Зафар әл-Исламхан: "ДАИШ бір түнде құрылған жоқ. Ол АҚШ ОББ ұйымы тарапынан жоспарланған. Бұл ұйым реакцияшыл-әсірешіл адамдарды әлемнің түпкір-түкпірінен жинап, ислам дүниесінде алауыздық тудыру мақсатында басып алынған Палестинада, Иорданияда, АҚШ-тың өзінде дайындықтан өткізді",- деді.
Қазіргі күні Ислам халифатын құруды көксейтін ДАИШ тәкфірлік-лаңкестік тобы Сирия мен Ирактағы үздіксіз жеңілістерінен кейін Пәкістан, Ауғанстан және Шығыс Азия аумағында азаматтық соғыс ашып, іріткі салуды мақсат тұтады.
Осылайша, АҚШ пен Англия барлау ұйымдары ұйымдастырған және ішкі күштер тарапынан атқарылатын қастандықтар және астыртын әрекеттерімен күресу халық пен исламдық топтардың қырағылық, тілеулестігі мен жан-жақты әріптестігін қажет етеді. Сонда ғана олардың кез-келген сектанттық қастандықтары залалсыздандырылады.