Сауд режимі мен Индонезияның қарым-қатынастарына шолу 6
(last modified Sun, 10 Sep 2017 15:01:12 GMT )
Қыр 10, 2017 21:01 Asia/Almaty
  • Сауд режимі мен Индонезияның қарым-қатынастарына шолу  6

Индонезия мен Сауд Арабиясы қарым-қатынастарын сауда, экономика, инвестиция, қажылық және Сауд Арабиясының Индонезиядағы білім және діни салалардағы қатысуы тұрғыларынан бөлуге болады.

Экономика және сауда бөлімінде Сауд Арабиясы мұнайға деген экономикалық тәуелділігін төмендетуге талпыныс жасап, энергетика, тұрғын үй, дамыған технологиялар, денсаулық, умра мен қажылық қызметтері салаларында Джакарта үкіметімен көптеген келісімдерге қол қойды. Сонымен бірге Сауд Арабиясы мен Индонезияның сауда қарым-қатынастарын кеңейтіп, сауда және инвестициялық айналымды арттыру үшін екі ел арасында іскерлік кеңес құру туралы меморандумға қол қоюы екі елдің экономикалық қарым-қатынас деңгейін арттыруды көздейтіндіктерін көрсетеді. Бірақ Сауд Арабиясының патшасы Малек Салман  Индонезияға сапарында бұл елдің басшыларын Сауд Арабиясының осы елге инвестициясын арттыратындығынан үмітсіздендірді. Америкалық «Антлантик» басылымы: «Сауд Арабиясы патшасының Индонезияның астанасы Джакарта сапары бұл елдің экономикалық қоғамының арасында Сауд Арабиясы Индонезияға 25 миллиард доллар инвестиция салады деген үміт тудырған болатын. Бірақ, ол тек бір миллиард долларлық инвестицияға ғана келісіп, Индонезиядағы сауда және экономикалық топтарды үмітсіздендірді»,- деп жазды. 

Индонезия сапарында Малек Салманмен бір мың адамның болғанына назар аударып, Индонезияның экономикалық қоғамы бұл делегациямен экономикалық саладағы келіссөздер үшін әртүрлі топтар келді деген болжам жасаған болатын. Бірақ шындық болжамдарға қайшы болды. Сауд Арабиясы өз уәждеріне қарамастан, Индонезиямен экономикалық қарым-қатынас орнатудан бұрын бұл елді Оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы салафиттік және ваххабизм тағылымдары бойынша адами күштерді тәрбиелейтін  базаға айналдыруға көздеуде. Сондықтан, Сауд Арабиясы мен Индонезияның қарым-қатынастарын зерттейтін зерттеушілер мен аналитиктер Сауд Арабиясының мақсаты араб тілін үйрету, студенттерді ваххабизм тағылымдары бойынша тәрбиелеу және бұл елдің медреселері мен мешіттеріне ықпал ету деп санайды. 1980-шы жылдағы Сауд Арабиясының Индонезиядағы  шынайы ықпалы исламдық ғылымдар академиясының құрылуын еске салады. Индонезияда  салафиттік ой-пікірлерді тарататын көптеген мүмкіндіктерге ие сегіз мыңнан астам мешіт пен отыз мың діни медресе бар. Біраз уақыт бұрын Сауд Арабиясы 150 мешіт пен ондаған діни медресе салды. Бұл медреселер мен мешіттердегі кітаптар мен мұғалімдер Сауд Арабиясының үкіметі тарапынан ұсынылды. Индонезиядағы салафиттер мәселелерінің маманы Дин Вахид: «Салафизмнің Индонезияға енуі Сауд Арабиясының дін туралы өз түсінігін тарату жобасының бір бөлігі»,- деді.

Индонезия халқы мен бұл елдің ғалымдарын алаңдатқан ваххабизм мен Сауд режимінің араб тілін оқытуы болды. Мәселен, Индонезиядағы Сауд Арабиясының исламдық ғылымдар академиясында бұл елдің ресми тілінде ешбір сабақ оқытылмайды. Яғни, «бахаса» тілі оқытылмайды, тіпті қабырғаларда бұл тілде жазылған жазбалар байқалмайды. Бұл академиядағы білімнің тегін болуы индонезиялық оқушылар мен жастарды қызықтыратын мәселе болып отыр. Индонезияның діни істер министрлігінің маманы Мұхаммад Адлин Сила: «Біз ДАИШ лаңкестік тобының ең үлкен қолдаушыларының бірі саналатын исламдық және араб ғылымдары академиясы түлектерінің кейбір іс-әрекеттеріне алаңдап отырмыз»,- деді. Осыған орай Индонезия ғалымдары қозғалысының ұйымы әрқашан бұл елдің қоғамындағы уаһабшылар мен салафиттердің ықпалының артуына қарсылық білдіруде. Өйткені, Сауд Арабиясы мен уаһабшылар  дәстүрлі ислам мен индонезиялық теңдікті зорлық-зомбылық пен мазхабаралық қайшылықтарға қарай итермелеп, бұл елді Оңтүстік-шығыс Азиядағы екінші Пәкістанға айналдырмақ. Индонезиядағы Сауд Арабиясының исламдық ғылымдар академиясы түлектерінің бірі Юлил Абшар Абдолла: «Бұл академияда зорлық-зомбылық пен мазхабаралық қайшылыққа  сүйенетін уаһабшылар сабақ береді. Бұл оқу орталығындағы білім Индонезиядағы исламның дәстүрлі көзқарастарынан өзгеше»,- деді. Сауд режимінің Индонезия үкіметімен өте жақсы қарым-қатынастары туралы уәждеріне қарамастан, Сауд режимі индонезиялық азаматтарға, әсіресе бұл елдің жұмыс істейтін әйелдеріне кемсітушілік білдіреді. Индонезия халқының ашу-ызасы мен жиіркенішін көтерген өткен екі жылдағы Сауд Арабиясында  жұмыс істейтін әйелдердің біріне қатысты өлім жазасын іске асыруы Джакарта мен Рияд қарым-қатынастарының қайшылықтарына себеп болды. Сауд Арабиясында шамамен бір миллион индонезиялық жұмысшы еңбек етуде. Олар жұмыс берушілердің жыныстық тұрғыдағы қорлықтарымен бетпе-бет келуде.  Сондай-ақ, Сауд Арабиясының жұмыс берушілері  тарапынан біраз жұмысшының өлтірілуі туралы есеп ұсынылды. Бүгінде көптеген индонезиялық жұмыскер Сауд Арабиясының абақтыларында қамауда жатыр. Индонезия басшыларының айтуынша, 170 өлім жазасын іске асыруға тосқаул жасалды. Айта кететін жайт, Индонезия үкіметі мен халқының бұл елдің жұмысшыларына, әсіресе әйелдеріне қорлық жасауға қатысты наразылықтарынан кейін Сауд Арабиясы өз еліне изнлнезиялық  адами күштердің енуіне  тыйым салу арқылы халықтың абыройының Сауд басшылары үшін маңызды емес екенін, Индонезия үкіметінің қысымдарының әсер етпегенін көрсетті.