Құран және имам Хусейн (ғ.с.)
(last modified Sat, 23 Sep 2017 11:52:50 GMT )
Қыр 23, 2017 17:52 Asia/Almaty
  • Құран және имам Хусейн (ғ.с.)

Имам Хусейн (ғ.с.) Құран мектебінің шәкірті ғана емес, ол Құранның серіктесі сынды.

Құран – адамды тәрбиелейтін кітап. Ол адамдарды бақыт пен кемелдікке нұсқайды. Имам Хусейн (ғ.с.) Құран мектебінің шәкірті ғана емес, ол Құранның  серіктесі сынды. Оның  Құранға жақын болуы «Сақалайн» хадисінде көрсетілді.  Құран үнсіз болса, имам – сөйлейтін Құран. Алла елшісі бір сөзінде: «Мен сендердің араларыңа екі құнды нәрсемді қалдырамын: Алланың кітабі мен әулетім. Олар Кәусар бұлағының қасында маған жақындамағанға дейін еш уақытта бір-бірінен ажырамайды. Егер бұл екеуіне жабыссаңдар, еш уақытта адаспайсыңдар»,- деген.

Қасиетті «Сақалайын» хадисінен Алланың кітабі мен Исламның ұлық пайғамбары әулетінің ортақ мақсатқа ие екенін түсінуге болады. Бұл екеуі Алла жолына нұсқап, кез-келген бұрмаланушылықтан алыстатады. Құран туралы: «Бұл – мүлтіксіз бір арапша Құран. Әрине, олар тақуа жолына түседі»,- деп оқимыз. («Зүмәр» сүресі, 28-ші аят). Имам Хусейн (ғ.с.) туралы хазіреттің өмірінің бір сәтінде де хақ жолынан жалғандыққа  бет бұрмағаны туралы оқимыз. Яғни, Құран адамзатты Исламға нұсқағандай, имам Хусейн (ғ.с.) да халыққа иман мен тақуалыққа қарай жол нұсқады. Ол Кербалаға қарай бет алғаннан бастап, тек халықты дұрыс жолға нұсқау туралы ойлады. Ол билік пен байлық туралы ойламады. Имам Хусейн (ғ.с.) кез келген жағдайда әрбір мүмкіндігін халықты пәк өмір мен нұрға қарай нұсқау үшін пайдаланды. Ол өмірінің барлық сәттерін залымдармен күресуге арнады. Құран – мәңгілік мұғжиза және Алланың әшкере дәлелі. «..Расында, сендерге Раббыларыңнан бір ашық дәлел, тура жол, мәрхамет те келді..». («Анғам» сүресі, 157-ші аят).  

Имам Хусейн (ғ.с.) – еш уақытта ұмытылмайтын илаһи дәлел. Имам Хусейн (ғ.с.) туралы: «Куәлік етемін! Сен әлемнің Жаратушысы тарапынан жіберілген айқын дәлелсің»,- деп айтылған.

 Құран Кәрім үлгі мәселесіне қатысты көптеген аяттарға ие. «Ахзаб» сүресінің 21-ші аятынан: «Расында, сендер үшін, Алланы да, ақырет күнін де үміт еткендер мен Алланы көп еске алған кісілер үшін Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар»,- деп оқимыз. Алла Тағала Исламның ұлық пайғамбарын үлгі етіп қалыптастырды. Өйткені, оның жоғары рухы, табандылығы мен сабыры, қырағылығы мен ықыласы, Аллаға  деген иманы мен оқиғалардан хабардар болуы, қиындықтардың алдында тізе бүкпеуі барлық адамдар, әсіресе мұсылмандар  үшін үлгі бола алады. Имам Хусейн (ғ.с.) атасы сынды өз қозғалысының басынан бастап, өз сөзі және амалымен қияметке дейін әлемнің азаттық талап етушілері мен еркін ойлаушылары үшін үлгі жобалады. Ол Кербала жолында іс жүзінде үлгі көрсетіп: «Менің әрекетім сендер үшін үлгі»,- деген. Негізінде, имам Хусейн (ғ.с.) Язидке бият етпей, оның үкіметін мойындамай, бұл үлгіні баршаға ұсынды. Азат адамдар барлық заманда залымдардың зорлық-зомбылығы мен азап-қорлықты қабылдамауы керек.

Алла Тағала – ғазиз. Алланың кітабі мен жолдауы өз Иесі сынды құрметті. «Фуссилят» сүресінің 41-ші аятында: «Расында, өздеріне Құран келген кезде қарсы болғандар бар. Шын мәнінде, ол – ардақты Кітап»,- деп айтылған. Ғазиз, яғни ықпалға түспейтін деген сөз. Имам Хусейн (ғ.с.) – күрескер. Барша оның: «Алламен ант етемін! Сендерді қорлыққа бермеймін,  сондай-ақ құлдар сынды қашпаймын»,- деген ұранын естіді. Ашура күні де Ибн Зиядтың бағынуды талап етуіне: «Қорлық бізден алыс»,- деп жауап берді.

Қорлық бізден алыс

Сүннитердің танымал ғалымы Ибн Аби әл-Хадид: «Әлем халықтарына қорлықта өмір сүрудің орнына семсерлердің соққыларынан өлуді таңдап, ар-намысты сақтау сабағын берген, өзі зұлымдықты қабылдамаған теңдессіз тұлға имам Хусейн бен Әли (ғ.с.) болды. Өзі мен серіктері еш уақытта қорлықты қабылдамады»,- деп жазған. Араб ақындарының бірі: «Олардың денелерінде сау жер қалмаса да рухтарының айбыны өзгермеді»,- деген. Құран Кәрім сан рет жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендірді. «Тәубе» сүресінің 71-ші аятында: «Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер бір-біріне көмекші. Олар дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосады. Сондай-ақ, олар намаздарын толық орындап, зекет беріп, Аллаға, Елшісіне бой ұсынады»,- деп айтылған. Имам Хусейн (ғ.с.) да халықтың басшысы ретінде өмірін жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендірумен өткізді. Жақсылыққа жігерлендірудің үш кезеңі, атап айтқанда жүрек пен тілдее және ғамалдардан байқалу  кезеңі бар. Имам Хусейн (ғ.с.) ғибадатын жүрегі және тілімен бірге ғамалымен де орындады. Хазірет Бани Умайенің қылмыстарын әшкерелеуімен бірге оларға қарсы семсермен шығып, соңына дейін табандылық танытты. Имам Хусейн (ғ.с.) өз көтерілісін жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру деп атап, сөзінде сан рет осы үлкен мақсатын еске салып, дәл осы мәселені жаңдандыруды маңызды деп санады. Имам Хусейн (ғ.с.) көтерілісінің ең маңызды мақсаты хазіреттің бауыры Мұхаммад Ханафиеге жолдаған өсиетнамасында айтылды. Хазірет билік пен байлыққа жету және нәпсіге бағыну сынды мәселелерді көтерілісінен алыстатқан соң: «Мен тек атамның үмбетін өзгерту мақсатында көтерілдім. Мен жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіремін. Атам – Алланың елшісі және әкем – Әли бен Абитолебтің тәсіліне сай ғамал етемін»,- деп жазды. Имам Хур әскеріне жақындап, куфеліктердің уәделерінде тұрмағаны әшкереленген кезде: «Шындыққа сай ғамал жасалмайтынын және жалғандықтың алды алынбайтынын көрмейсіңдер ме?! Мұндай жағдайда мүмін үшін көтерліске шығу – уәжіп. Адам Жаратушыны көруге асығады»,- деді. Имам хусейн (ғ.с.) өз сөзімен халықтың барлық таптарының міндеттерін анықтап, Бани Умайе залымдарымен күресуге дайындалды. Хазіреттің зияратнамаларының көбінде: «Сенің намаз оқып, зекет төлеп, жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіргеніңе куәлік етемін»,- деп айтқан.

Құран илаһи мұғжиза болғандықтан, тарих пен бүкіл адамзат үшін мәңгілікке қалып, еш уақытта ескірмейді. Имам Хусейн (ғ.с.) – мәңгі шәһид. Өйткені, оның көтерілсінің мақсаттары еш уақытта ұмытылмайды. Керісінше, күннен күнге маңызы артады. Имам Садық (ғ.с.) «Құран неліктен уақыт өткен сайын бұрынғысынан жаңа көрінеді?» деген сұраққа: «Алла Тағала Құранды белгілі бір кезең немесе арнайы адамдар үшін жіберген жоқ. Сондықтан, қияметке дейін ол жаңа әрі мәңгілік»,- деп жауап берген болатын. Ашура оқиғасынан 14 ғасыр өткенімен, имам Хусейн (ғ.с.)-ның ерекшеліктері мен басынан өткен қиындықтары туралы қанша айтса да азаймай, жыл өткен сайын аза рәсімдері салтанатпен өтеді.  Алла елшісі: «Имам Хусейн (ғ.с.)-ның шәһид болуымен мүміндердің жүрегіндегі махаббат еш уақытта өшпейді»,- деген.

 

،