Иранда «Қасиетті қорғаныс» апталығы басталды
(last modified Wed, 27 Sep 2017 08:23:47 GMT )
Қыр 27, 2017 14:23 Asia/Almaty
  • Иранда «Қасиетті қорғаныс» апталығы басталды

Соғыс қирау мен өлімді еске салады. Алайда, елді қорғау мақсатында соғысқанда, бұл әрекет жоғары адамгершілік құндылықтарға ие болып, мадақтауға тұрарлық қасиетке айналады.

Саддамның Баас режимінің басқыншылығына қарсы Иранның сегіз жылдық «Қасиетті қорғанысы» осындай соғыстың түріне жатады. Осы жолда шәһид болған жастар, ерлер мен әйелдер қарсыластық пен табандылықтың символына айналды. Олардың ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Өйткені, олар ең жоғары құндылықтарды қорғау үшін жандарын пида етті. Иран халқы ежелден бері өркениет пен мәдениет тудырушы болды. Бұл мәдениет тудыру қасиеті шарықтаулар мен құлдырауларға толы болса да, ешқашан ұмытылмайды. Ислам революциясы Иранның әлемдік деңгейдегі саяси өмірінің жаңа тарауын бастады. Сол себепті Батыс пен Шығыстың екі державасы мен олардың одақтастары революцияға қарсы шықты. Өйткені, Ислам революциясы халықтарға өз елдеріндегі зұлымдық, үстемдік және отаршылдықпен күресудің жолын ұсынып, Батыс пен Шығыстың сол кездегі екі державасы АҚШ пен Кеңес одағының отаршылдық саясаттарын түйткілге ұшыратты. Ирактың диктаторы Саддамның ИИР-на шабуылы Ислам революциясы жеңіске жеткеннен 19 ай өткен соң Батыс пен Шығыстағы екі державаның қолдауымен басталды. Олар Ислам революциясының бодан халықтарға жолдауына алаңдады. Бұл басқыншылық 1980 жылдың 22 қыркүйегінде басталды. Саддамның ИИР-на таңған соғысы 8 жылға созылды. Саддам мен оның Батыс пен Шығыс блоктарындағы одақтастары Иранды бөліп, жаңа құрылған ислам республикасы жүйесін құлатуға бағытталған ешбір мақсаттарына жете алмады.  Бұл соғыс Ислам революциясының арман-мақсаттарын ілгерілету мен Иранның барлық салалар бойынша дамуы мен гүлденуі үшін мықты да мақтан тұтарлық кезең болып табылады. Иран халқы ондаған мың шәһид пен ардагерді еске алып, миллиондаған жас ер мен әйелдің елді қорғау жолындағы ержүректіктері мен Ислам революциясының құндылықтарын ескеріп, қыркүйектің 22-28 аралығын «Қасиетті қорғаныс» апталығы деп атады. Осы бір аптада шәһид болған, жараланған және ардагерге айналған жүздеген мың адамның батылдығы мен ерліктерін еске алу үшін көптеген бағдарламалар жүзеге асырылады.

«Қасиетті қорғаныс» апталығының бірінші күні Иранның барлық қалаларында әскери күштердің парады өткізіледі. Ең маңызды да ірі парадтардың бірі Теһранда өтті. Бұл парадта Иранның Қарулы күштері әртүрлі құрлық, теңіз және әуе қорғаныс салаларындағы жетістіктерін көрсетті. Ирандық жауынгерлер Саддам режимінің әскери басқыншылығына қарсы сегіз жылға созылған «Қасиетті қорғаныста» қарсыластық, жанпидалық пен жанқиярлық мәдениетінің жаңа көрінісін зорлық-зомбылық көрген халықтарға  паш етті. Иранның қазіргі заман тарихындағы маңызды, болмыс қалыптастырушы әрі ұмытылмайтын оқиғалардың бірі – сегіз жылдық «Қасиетті қорғаныс». Мүмін адамдардың ерлігі мен олардың Алла жолында джиһад жасауға құштарлығы ислам мәдениетін іс жүзінде ұстану үшін жан-жақты үлгі ұсынуды, ерлік жасаудағы теңдессіз жауынгерлік стильдерді көрсетеді. Таңылған соғысқа теориялық және практикалық тұрғылардан басынан аяғына дейін жетекшілік етіп, соңына дейін сәтті жеткізген Ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейнидің көзқарасынан Ислам революциясы тарихының осы дәуірдегі өзгерістері мен оның Ислам республикасы ғұмырының жалғасуындағы әсерлерін жақсырақ тануға болады. Имам Хомейни «Қасиетті қорғанысқа» қатысты жан-жақты көзқарасқа ие. Олардың әрқайсысы осы ұлы оқиғаның бір қырын ашып көрсетеді. Ислам революциясы жетекшісінің сопылық және рухани көзқарасы тұрғысынан бұл соғыс шах режимінің тираниясынан жуырда ғана босаған халық үшін «илаһи сынақ» деп қабылданды. Имам Хомейни осы жөнінде: «Соғыс адамдар өте маңызды санайтын мәселе болды. Алайда оның пайдасының зияндарынан көп екені анықталды. Соғыстың нәтижесінде халықтың барлық әлеуметтік топтары арасында пайда болған бірлік, армия, жандармерия мен Сақшылар корпусының жауынгерлері көрсеткен рухани қажыр-қайрат пен елдің түкпір-түкпіріндегі әйелі мен ері аралас бүкіл халықтың бойында пайда болған ұйымшылдық рухы Иранда болған мәселенің басқа мәселелерден мүлдем бөлек екенін әлемге жеткізді»,-деді.

Тарихта Иран халқының сегіз жылдық «Қасиетті қорғанысы» азаттық, қарсыластық пен Аллаға иманның символы деп аталатын болады. Соғысты бастаған басқыншы мен оның одақтастары жамандықтан басқа сипаттамамен еске алынбайды. Имам Хомейни: «Күн сайын біз соғыста берекеге ие болып, барлық салада одан пайда көрдік. Біз революциямызды соғыс кезінде әлемге тараттық. Біз өзіміздің жапа шеккенімізді және басқыншылардың жауыздығын соғыста дәлелдедік. Біз соғыста үстемшілдердің жалған бетпердесін аштық. Біз соғыста достарымыз бен дұшпандарымызды таныдық. Біз соғыста тәуелсіз болуымыз керек деген нәтижеге жеттік. Біз соғыста Батыс пен Шығыстағы екі державаның айбынын мұқалттық. Біз соғыста өзіміздің жемісті исламдық революциямыздың тамырларын нығайттық. Біз соғыста халқымыздың әрбір мүшесінің жүрегіне бауырмалдық пен патриоттық сезім ұялаттық. Біз соғыста әлем халықтарына, әсіресе аймақ халықтарына барлық алпауыттар мен державалардан қорғалуға болатынын көрсеттік»,-деген. Имам Хомейни Саддамның өлім әкелетін соғыс машинасы Батыс пен Шығыстың қолдауымен Иран жерінде ілгерілеген қысылтаяң да шешуші сәтте: «Біз Саддамға тұруға шамасы жетпейтіндей ауыр соққы береміз»,-деді. Хазіреттің осы тарихи сөзі «Соғыс деген соғыс. Біздің абырой-беделіміз осы соғысқа байланысты» деген маңызды сөзімен қоса ұлы тұлғаның мықты көзқарасын көрсетеді.  Имамның осы танымал сөйлемі бірнеше айдан соң «Самен ул-айеме» амалдары барысында және Абаданның қоршауы бұзылған кезде, «Тариқ әл-Құдс», «Фатх ул-мобин» мен «Бейт ул-мұқаддас» әскери амалдары барысында және Хоррамшахрды азат ету барысында іс жүзінде жүзеге асырылды. Кейінгі жылдары Иран армиясы «Кербала-5» пен «Валваджр-8» амалдарында Ирактың Баас режимі армиясын ойсырата жеңді. Саддам соғыстан кейінгі жылдары және Кувейт әмірлігіне шабуыл барысында: «Біз ирандықтармен соғыста өте мықты ерлермен бетпе-бет келдік»,-деп мойындады. Бұл қылмыскер дұшпан имам Хомейниге құрмет білдіріп: «Олар ержүректікпен соғысты» деп тағы мойындады.

Имам Хомейнидің ерекшеліктерінің бірі көптеген оқиғалар туралы дұрыс болжамдар жасауды болды. Имам Хомейнидің мистик болуынан бөлек, бұл болжамдар оның әлемдік өзгерістерді терең түсінетінін, Алланың көмегіне иман келтіретінін, Иран халқының өз жетекшісіне қасық қандары қалғанша адал екенін көрсетеді. Ислам революциясының ұлы жетекшісі Ирактың Баас армиясының Иранға басқыншылық жасаған алғашқы айларында Ирактың диктаторына: «Саддам, саған айтар бір жолым бар: ол – өз-өзін өлтіру. Егер сен нағыз ер адам болсаң, жеңіліске ұшырағаннан кейін өзін өлтірген Гитлер сияқты өзіңді өлтір»,-деген.  Имам Хомейни бұл сөздерді Саддам басқыншылық жасап, Иранның әскери күштері Ислам революциясының жеңісінен кейін әлі оңала қоймаған жағдайда айтқан. 2003 жылы АҚШ Иракты басып алғаннан кейін Саддам қорлықпен дарға асылды. Парсы шығанағының оңтүстігіндегі араб елдерінің айлақтары мен әуежайлары Саддамның Баас режимінің қарамағында болып, осы елдердің мұнайдан түсетін орасан зор қаражаты мен ауқымды әскери құрал-жабдықтары Саддамның қолында болған уақытта Ислам революциясының ұлы жетекшісі осы елдердің басшыларын Саддамды қолдаудан бас тартуға шақырып, Саддам дайын болған жағдайда олардың елдеріне де шабуыл жасайтынын айтты.

Бұл болжам ИИР-на қарсы таңылған соғыс аяқталғаннан екі жыл өткен соң 1990 жылдың ортасында Кувейт пен Сауд Арабиясына қатысты орын алды. Ослайша, Саддам өзінің қолдаушыларына шабуыл жасады. Иран халқының сегіз жылдық «Қасиетті қорғанысы» туралы айтар әңгіме жетерлік. Иран халқы  революция мен исламды қорғау жолында өзінің  жаны мен малын пида еткен ерлерді ешқашан ұмытпайды. «Қасиетті қорғаныс» апталығы Иран тарихында мақтанышпен аталатын осы ерлердің ерліктерін есте сақтап, мәңгілікке қалдыруға берілген мұрсат болып табылады.