Мьянмадағы рохинья мұсылмандарын өлтіруге қатысты Қытай мен Үндістанның үнсіздік танытуының себептері
(last modified Mon, 09 Oct 2017 09:08:53 GMT )
Қаз 09, 2017 15:08 Asia/Almaty
  • Мьянмадағы рохинья мұсылмандарын өлтіруге қатысты Қытай мен Үндістанның үнсіздік танытуының себептері

Мьянманың Ракхайн штатындағы рохинья мұсылмандарын өлтіруге қарсы халықаралық наразылықтарға қарамастан бұл үдеріс әлі жалғасуда. БҰҰ-ның бақылаушылары сол аймаққа барғанда жағдайдың өздері ойлағаннан әлдеқайда қорқынышты екендігін мәлімдеді. Сондықтан әлемдік қоғамдық пікір Мьянмаға ықпалдары жүретін елдердің рохинья мұсылмандарын өлтіруді тоқтату үшін рөл атқаруларын күтіп отыр.

Аймақ елдерінің арасында, тіпті халықаралық деңгейде, Қытай Халық Республикасы (ҚХР) Мьянма үкіметімен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Батыс елдері Мьянманың әскери үкіметіне қарсы санкция жариялаған кезеңде ҚХР мен Үндістан Мьянмаға жан-жақты қолдау көрсетіп, бұл елдегі ықпалдарын бұрынғыдан бетер арттырды. Мьянманың Оңтүстік-шығыс Азияның стратегиялық маңызды жерінде орналасуы, әсіресе оның мұнай мен газ қорларымен қоса Малакка халықаралық бұғазына жақын орналасуы Мьянмаға ерекше жағдай мен артықшылықтар сыйлады. Сол себепті, Қытай Мьянманың әскери үкіметіне халықаралық санкциялар жарияланып, оқшаулауланған кезеңде тек бұл елдің ең маңызды сауда-экономикалық серіктесі болып қана қоймай, сонымен қатар рохинья мұсылмандарын өлтіруге байланысты Мьянма үкіметінің халықаралық қысымдарға қарсы ең маңызды сүйеніші де саналады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері ҚХР мен Ресей Мьянманың одақтастары саналады. Бұл екі мемлекет әрдайым БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Мьянма үкіметіне қарсы рохинья мұсылмандарын қырып-жоюға байланысты мәлімдеме жариялауының алдын алып немесе оның тігісін жақызып отырған. Ал Қытайдың ұраны Мьянма үкіметінің бұл елде тұрақтылықты сақтау үшін жасаған талпыныстарына қолдау көрсету болып табылады.

Мьянма үкіметінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Тхуанг Тун: "Мьянма БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарар қабылдауының алдын алуға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің екі тұрақты мүшесі –Қытай мен Ресейге сенім артып отыр. Әсіресе Бейжің – Мьянманың ең жақсы досы",- деді.

Қытайдың Мьянма үкіметіне қолдау көрсетуінің ең маңызды әрі негізгі мақсаты бұл елге отын жіберу мен стратегиялық Малакка бұғазының азат болуына кепілдік, АҚШ-тың оған үстемдік етуінің алдын алу және Вашингтонның Мьянмадағы ықпалын күшейтуге жол бермеу болып табылады. ҚХР-ның Мьянмадағы негізгі мақсаты тек экономикалық емес. Қытайдың аймақтық саясатында Мьянманың басқа елдермен салыстырғанда өте жоғары орында тұрғанын көрсету үшін бұл елге 14 миллиард доллардан астам инвестиция салды. 2009 жылы ҚХР мен Мьянма үкіметтері арасында қол қойылған келісімге сәйкес, екі ірі құбыр желісі арқылы Мьянмадан Қытайға мұнай мен газ жіберіледі. Шын мәнінде, ҚХР өзіне осы отын түрлерін жіберуге кепілдік алу үшін және АҚШ-тың одан саяси-экономикалық пайда көруі мүмкін энергетика саласындағы Таяу Шығысқа деген тәуелдігін азайту үшін Мьянманың мұнайы мен газын екі ірі құбыр желісі арқылы өзіне жібертіп отыр. Сондықтан Мьянмамен әріптестікті кеңейту Бейжің үшін өте маңызды.

Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Александр Гусев: "Қытай Мьянма үкіметінің стратегиялық және маңызды серіктесі болып табылады. Ол Мьяманың экономикалық секторына, соның ішінде жол құрылысы жұмыстары мен екі айлақ құрылысына үлкен инвестиция салды. Бұл іс АҚШ-қа мүлдем ұнап отырған жоқ",- деді.

Сондықтан Қытайдың Мьянма үкіметінің рохинья мұсылмандарын қырып-жоюына назар аудармай, көзжұмбайлық танытуы өзінің Мьянмадағы ықпалын нығайту үшін оның аймақтық және халықаралық алып елдерден асып түсу мақсатына байланысты. Батыс елдерінің Мьянмаға қарсы жариялаған санкциялардың күші жойылғаннан кейін Еуропа елдерінде, атап айтқанда АҚШ Оңтүстік-шығыс Азия аймағында маңызды орынға ие болып, Малакка бұғазы амалдарына қатысу үшін үлкен секіріс жасады. Бұл әрекет Қытайдың алаңдаушылығын тудырды. АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама тағы екі рет Мьянмаға сапармен барды. Бұл әрекет Мьянманың Вашингтон үшін Оңтүстік-шығыс Азия аймағында қаншалықты маңызды орынға ие екендігін көрсетеді. Ал ҚХР мұсылмандармен қақтығыстың Мьянманың батыс аймақтарымен, Филиппин мен Таиланд елдерінің оңтүстігімен шектеліп, оның толқыны өзінің мұсылмандар мекендейтін аймақтарға, әсіресе Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына таралуының алдын алуды қалайды. Сол себепті, Қытай Мьянма үкіметінің ризалығын алу үшін халықаралық наразылықтарға қарамастан бұл ел үкіметінің рохинья мұсылмандарына қарсы қылмыстарына қатысты үнсіздік танытып отыр.

Үндістан да Қытаймен бәсекеге түсіп, соңғы жылдары өзінің Мьянмадағы ықпалын арттыру үшін белсенді түрде талпыныс жасауда. Мьянма үкіметінің өзінің ҚХР және АҚШ секілді аймақтық және халықаралық алып мемлекеттермен қарым-қатынастарын теңестіруге бағытталған қалауы Үндістанмен қатынасын бұрынғыдан бетер кеңейтуді қолдауына себеп болды. Үндістан Нью-Делидің босқын рохинья мұсылмандар легімен қақтығысқа түсуінің Қытайдың көңілінен шығатын жақсы біліп отыр. Осылайша, Үндістан рохинья мұсылмандарының Мьянма үкіметі тарапынан басып-жаншу жоспарына қатысты үнсіздік танытып қана қоймай, мұсылман босқындарды елден қуу арқылы мұсылмандарға, әсіресе Бангладешке қатысты қысымдарын арттыруды көздеп отыр.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Үндістан үлемдерінің бас хатшысы Моулана Махмуд Мадани: "Босқын рохинья мұсылмандары Мьянма үкіметі тарапынан қырып-жойылып жатқан жағдайда Үндістан үкіметінің оларды елден қуу туралы шешімі тек таң қалдырып қана қоймай, бұл елдің беделіне де нұқсан келтіріп отыр",- деп мәлімдеді.

Мьянма үкіметі рохинья мұсылмандарын өлтіруді доғаруға бағытталған аймақтық және халықаралық қысымдардың астында қалған жағдайда Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди Мьянмаға соңғы сапары барысында Мьянмада сауда-экономикалық, инвестициялық артықшылықтарды иелену үшін Қытай мен Батыс елдерінен, соның ішінде АҚШ-тан артта қалмау үшін бұл елдің үкіметіне қолдау көрсетті. Сонымен қатар, Үндістан үкіметі Халықаралық парламенттік ассамблеяның Индонезияның Бали қаласында Мьянма үкіметінің рохинья мұсылмандарын өлтіру қылмысын айыптаған баяндамасына қосылудан бас тартты. Бұл әрекет Бангладеш үкіметінің наразылығына тап болды.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Үндістан Консультативтік кеңесінің мүшесі Зафар ул-Ислам Хан: "Үндістан үкіметінің босқын рохинья мұсылмандарын елден қуу әрекеті мен олардың өлтіріліп жатқанын елемеуі қайта қарастыруды қажет ететін адамгершілікке жатпайтын әрекет саналады. Себебі, Үндістан үкіметінің лауазымды тұлғаларының уәждеріне қарама-қайшы босқын рохинья мұсылмандары бұл ел үшін ешқандай қауіп төндірмейді",- деп мәлімдеді.

Айта кететін қызық жайт, Үндістан премьер-министрі Моди Мьянма үкіметі басшыларымен кездесуінде лаңкестікпен бірлесіп күресу жайлы сұхбаттасты. Бұл аталмыш елді БҰҰ әлемнің ең қаналған азшылығы деп атаған рохинья мұсылмандарына қарсы лаңкестік әрекеттер жасағаны үшін әлемдік қауымдастық айыптап, мұны доғаруды сұраған жағдайда орын алып отыр.

Үндістан үкіметі халықаралық қысымдарға қарамастан бұл қылмысқа қатысты үнсіздік таныту арқылы Мьянма үкіметіне қолдау көрсетіп отыр. Ал үнді халқы өз елінің түрлі қалаларында жаппай наразылық шерулерін ұйымдастыру арқылы әлемдік қоғамдық пікірімен үндесіп, Мьянма үкіметінің рохинья мұсылмандарына қарсы қылмыстарын тоқтатуды сұрады. Бұл әрекеттер Үндістан халқының Нью-Дели үкіметінің ұстанымын қолдамайтынын білдіреді. Олар өз үкіметінің Ұлыбританияның Үндістанды отарлау кезінде Лондон үкіметі тарапынан үнді халқына қатысты мәселелердің назарға алынбай, Үндістан халқының Ұлыбританияға қарсы көтерілісіне әкеліп соқтырған 1947 жылға дейінгі гуманитарлық мәселелерге көңіл бөлуді сұрады.