«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы және АҚШ-тың ішкі мәселелері
(last modified Mon, 16 Oct 2017 14:18:47 GMT )
Қаз 16, 2017 20:18 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы және АҚШ-тың ішкі мәселелері

АҚШ Президенті алдағы бірнеше күнде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы деп танымал болған Иран мен "алтылық" тобының ядролық мәселеге қатысты келісім туралы өз пікірін жариялайды.

 

2015 жылы бекітілген АҚШ-тың республикашыл және демократ сенаторлары Боб Коркер мен Бенджамин Кардинның аттарымен «Коркер-Кардин» деп аталған Иранның ядролық келісімін зерттейтін заң АҚШ Президентін әр 90 күн сайын белгіленген төрт сұрақ туралы Конгреске есеп беруге міндеттейді. Бұл төрт сұрақтың қатарын «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын толық орындап жатыр ма?», «ИИР келісімді бұзды ма?», «Иран ядролық қару бағдарламасын алға ілгерілету үшін әрекеттенді ме?» және «Иранға қарсы ядролық санкциялар АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік мүддесін көздейді ме?» деген мәселелер қамтиды.

 2017 жылдың қаңтар айының 20-нан   Дональд Трамп АҚШ Президенті ретінде Ақ үйде орналасқаннан осы уақытқа дейін ИИР-ның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табандылығы сәуір және шілде айларында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның елдің Өкілдер Палатасының төрағасы Поль Райанға жазған ресми хаттарында жарияланды. Қалай болғанда да АҚШ-тың бұрынғы үкіметі кезінде басталған әрекет бұл елдің қазіргі үкіметінде екі рет қайталанып, бүгінде АҚШ-тың іші мен сыртындағы саяси жанжалға айналып, тіпті бұл елдің ішіндегі алауыздықтарға себеп болды. Осы ретте неліктен бұл жолы халықаралық келісімге қатысты АҚШ Конгресінде бекітілген заң бұл елдің президенті тарапынан жанжалға айналды деген сұрақ туындайды. Жауаптың бірі ретінде Дональд Трамптың АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың мұрасын жою стратегиясын жалғастырып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының күшін жоюға талпыныс жасауы деп атауға болады. Трамп үкіметінің өткен бірнеше айдағы әрекеттері бұл елдің бұрынғы үкіметінің арзан емделуге кепілдік беретін сақтандыруын, мигранттық бағдарламаларын, салық жобалары мен сауда келісімдерін, қоршаған орта заңдары мен халықаралық қарым-қатынастарын дағдарысқа тіреді. Сол себепті Трамп пен кеңесшілерінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты шешімдері соншалықты таңданыс тудырмады. АҚШ үкіметінің ядролық келісім мен ИИР-ның әлемдегі, әсіресе Батыс Азия аймағындағы  рөлі Вашингтонның ядролық келісімге қатысқандардың ішінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына наразылық білдірген жалғыз ел болуына себеп болды. Әлем мемлекеттерінің шамамен барлығы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын тек ядролық тақырыпқа қатысты деп мойындайды. АҚШ үкіметі сылтау іздеп, бұл келісімге қатысты Вашингтон мен Теһран арасында қайшылық тудырғысы келеді. Трамп «Иран Батыс Азия аймағындағы кейбір іс-әрекеттерімен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының рухына нұқсан келтірді, сондықтан, бұл келісімді қайтадан қарастыру турлы уәж айтты. АҚШ Президентінің пікірінше, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының негіздері бойынша Иранға қойылған кейбір шектеулердің аяқталуы Иран мен «алтылық» тобы арасындағы келісімнің осал тұстарының бірі болып табылады.  

 Өткен бірнеше жылдағы Иранның Батыс Азия аймағындағы лаңкестікпен, әсіресе ДАИШ тәкфиршілерімен күресуі және Иранның сындарлы рөлі болмағанда екі маңызды елдің, яғни Ирак пен Сирияның астаналары лаңкестердің қолына түсетін еді. Сол себепті  Американың Иранды айыптауы дұрыс емес. Негізінде, Батыстың қауіпсіздігінің күрделі бөлімі Иранның Батыс Азияның дағдарысты аймағындағы лаңкестіке қарсы күресіне байланысты. Егер келісімге қатысқандар, соның ішінде америкалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелеріне сай амал етсе, ИИР Қосымша протоколды өз еркімен сегіз жыл орындаған соң, оған қосылып, бұл маңызды құжатта қарастырылған бақылауларды орындайды. Соның нәтижесінде америкалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын растайтын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарына назар аудармау сылтауларының күші жойылады. Алайда бұл дәлелдер Трамп үкіметінің  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты әлемдік қоғамды қолдауына себеп болмады. Кейбір сараптамаларға сәйкес, АҚШ Президенті Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болуы туралы Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің жеті рет растауын мойындағысы келмейді. АҚШ Конгресі 60 күннің ішінде ядролық мәселеге қатысты Иранға санкциялар салу туралы шешім қабылдайды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бұзылып, Иранға қарсы санкциялар қайта қарастырылса, ядролық келісім әшкере түрде бұзылып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы аяқталған болады. Дәл осы мәселе «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының келешегіне қатысты АҚШ пен одақтастары және бұл елдің саяси қайраткерлерінің арасында шынайы қайшылықтарды көрсетеді. Өткен апталарда әлем мемлекеттерінің басшылары мен жоғары лауазымды қайраткерлері БҰҰ-ның бас хатшысы мен Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысымен бірге АҚШ үкіметінен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болуды сұрады. Олар америкалықтардың міндеттемелерін орындамауын әлемде  бұл елдін оқшаулануына себеп болатындығын ескертті.

АҚШ Президентінің бұрынғы орынбасары Джо Байден де «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан жағдайдағы бұл елдің оқшаулануы туралы ескертіп: «Келесі жолы әлем бізбен бірге болмайды»,- деді. Сонымен бірге АҚШ-ның бұрынғы Энергетика министрі Эрнест Мониз: «АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығатыыын болса, әлем  АҚШ-қа қарсы Иранмен бірігеді»,- деп баса айтты. АҚШ-тың ішінде де Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы әртүрлі уәждер қайталануда. АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис бұрын Иранға қарсы ұстаным білдіргенімен, жуырда: «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болды. Бұл келісім АҚШ-ның мүдделерін де қамтамасыз етеді»,- деді. АҚШ-ның Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болғанын қуаттады. АҚШ армиясы Бас штабының қолбасшысы генерал Джозеф Донфорд  та Пентагонның басшысы сияқты Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін орындағанын жариялады. АҚШ Конгресінің Обаманың билігі кезінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сынаған сенаторлар Ронд Боль мен Сузан Кулинз Трамптан бұл келісімнен шықпауды талап етті. Тіпті, Сенаттың сыртқы байланыстар комитетінің басшысы Боб Кукер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жақтастарымен үндес болды. Сондай-ақ, Сенаттың қарулы күштер комитетінің басшысы Маккейннің үнсіздік танытуы оның Ақ үйдің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы ұстанымын қолдамайды деп бағаланды. С. Вествуд   "Washington Extensions" ақпарат сайтында: "АҚШ Президентінің ядролық келісімді бұзу шешімі АҚШ Конгресіндегі және Конгрес пен үкіметі арасындағы алауыздықтарға себеп болады",- деп жазды. Кейбір болжамдар Трамп кеңесшілерінің Иранды "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табанды емес деп жариялап, допты Конгреске қарай жіберіп, Трампты әр 90 күнде аталмыш келісімді растаудан босатуға талпыныс жасап жатқанын көрсетеді. АҚШ-тың бұрынғы Қорғаныс министрі Уильям Кохан: "Дональд Трамп "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы жауапкершіліктен құтылғысы келеді",- деді. Алайда Конгрестің президентті  міндетінен босататыны және 2015 жылы бекітілген заңды қайта қарастыруға келісетін, келіспейтіні келешекте белгілі болады. Бүгінде Трамп пен Иранның ядролық келісімін зерттеу заңын дайындаған негізгі сенаторлардың бірі Коркердің арасынан  қайшылық байқалуда. АҚШ Президенті Твиттерде Сенаттың сыртқы байланыстар комитетінің басшысын кемсіткендн ол соған жауап ретінде президентті балағаттады. Алайда АҚШ Конгресінің Том Катен сынды сенаторлары Трамптан "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан мүмкіндігінше  жылдамырақ шығуды талап етті. Қалай болғанда да, Иранға қарсы ядролық санкцияларды қайтару үшін Сеннаттың 60 адамының дауысы қажет. Егер барлық республикашыл сенаторлар бұл мәселеге оң дауыс берсе де, қосымша кемінде 8 демократ сенатордың дауысы да қажет болады.  АҚШ-тағы Израиль лоббиларының бірі Джей  Стриттің (J Street) басшысы Джереми Бен Амидің пікірінше, "Иранның ядролық келісіміне қатысты Дональд Трамптың мәлімдемесінде оның АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қайшы деп жариялануы қатерлі әрі АҚШ-тың негізгі одақтастарынан оқшаулануына себеп болады. Егер солай болса, АҚШ үкіметі қиындықтармен кезігіп, ұлттық қауіпсіздік қатерге тіреледі".

АҚШ-тың іші мен сыртындағы жағдайға назар аударып, Ақ үй бірнеше бағдарлық стратегияны ұстанбақ. Бұл стратегияда Трамп бір жағынан "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты тығырықтан шығуға талпынса, басқа жақтан келіссөздерге қатысқан Иран мен Еуропаны қайтадан келіссөздер жүргізуге мәжбүрлемек. Сондай-ақ, Трамп үкіметі Иран мен басқа елдердің ынтымақтастықтарының кеңістігін ластап, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын тоқтатып, Иранды келісімде қол жеткізілген артықтшылықтар мен ұпайлардан  мақұрым еткісі келеді. Негізінде ядролық келісімге қарсы біржақты әрекет ету мен әлемдік жігерге немқұрайдылық таныту АҚШ-ты оқшаулап, бұл елге деген қоғамдық сенімді төмендетеді. Дәл осы мәселе АҚШ-тағы саяси мәселелердің тереңдеуіне себеп болуы мүмкін.