"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты Ислам революциясы жетекшісінің жеті маңызды кеңесі
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи елдің ғылым саласының білімді, озық жастарымен кездесуінде дарынды жастарды елдің жарқын келешегінің үміті деп атады.
Аятолла Хаменеи Иранның АҚШ-қа тәуелділіктен толығымен құтылғанына тоқталып: "Дұшпан ИИР-ның өзгерістері мен жұмыстарын зерттеп, артта қалған және тәуелді елден саяси, қорғаныс және ғылыми тұрғылары күнделікті артып келе жатқан маңызды әрі ықпалды елге айналғанына ызаланып, алаңдаушылық білдіруде",- деп ескертті. Ислам революциясының жетекшісі АҚШ режимінің Ислам революцисы жеңіске жеткен алғашқы күндерден бастап, Иран халқына дұшпандық білдіргенін еске салып: "Ол кезде ядролық қуат, зымырандық немесе аймаққа ықпал ету деген мәселе болмаса да, америкалықтар революцияның жеңіске жетуімен олардың қол астындағы, оларға бағынатын әрі олардың мүддесі үшін пайдалы Ираннан айырылғандарын түсінді",- деп қуаттады. Ислам революциясының жетекшісі халыққа, басшылар мен саяси және баспасөз белсенділеріне "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты маңызды жеті кеңес берді. Хазіреттің кеңестері АҚШ-тың Иранның революцияшыл халқынан ұтылуын, АҚШ-тың қулығы мен айлаларына немқұрайдылық танытпау, елдің күш-қуатын арттыру, дұшпанның уәждеріне сенбеу, қорғаныс күшін күшейту, еуропалықтардың әрекеттерін зерттеу, қарсыласу экономикасы мен оның негіздеріне шынайы назар аудару тақырыптарына қатысты болды. Ислам революциясының жетекшісі хиджри-шамси күнтізбесінің жаңа жылының басында қасиетті Машһад қаласында имам Реза (ғ.с.)-ның кесенесіне зиярат жасаушылардың алдында сөйлеген сөзінде Иран халқы дұшпандарының стратегиялық мақсаттарының бірін Иранға қарсы экономикалық қысымдарды арттырып, халықты исламдық жүйеден алыстату екенін қуаттап, наурыз кезінде жүйе басшыларымен кездесуінде сөйлеген келесі сөзінде: "Бүгін исламдық жүйеге қарсы орналасқан жаулардың мақсаты Ислам республикасы жүйесін құрту немесе ішінен әлсірету",- деп ескерткен болатын. Ислам революциясы жеңісінің алғашқы күндерінен Иран халқы көптеген қастықтар және қоқан-лоққылармен бетпе-бет келді. Қастықтар Иран халқына зардап келтіру мақсатында іске асырылды. Батыстың Иранға қарсы санкция салу саласындағы бірінші әрекеті доктор Мұхаммад Мосаддеқтың премьер-министрлігі және 1953-ші жылғы америкалық-британиялық төңкеріс кезінде орын алды. АҚШ пен Ұлыбританияның сол кездегі мақсаты Иранның мұнай өнеркәсібін ұлттандыру үдерісінің алдын алу болды. Бұл тақырып олардың Иранның істеріне араласа алмауына байланысты алаңдаушылық тудырды. Өйткені, олардың Ирандағы үстемшіл мүдделеріне қайшы болды. Сол себепті, АҚШ пен Ұлыбритания ортақ қастандық ойластырып, санкциялар мен экономикалық қысымды құрал ретінде пайдаланып, тек мұнай саудасынан пайда көріп отырған Иранды мұнай өнеркәсібін ұлттандырудан бас тартқызуға мәжбүрлегісі келді. Сондықтан Ислам революциясының жетекшісі елдің өткен тәжірибелері мен сабақтарын қарсыласу экономикасының мақсаттарына жету саласында пайдалану қажеттігін сан рет қуаттады. Бұл жолды өту қиын, бірақ барлық қиындықтарға қарамастан, өткен бірнеше жылда үлкен жұмыстар жасалды. Алайда ойдағы жағдайға жетпеді. Иран өткен 30 жылда таңылған соғыс, экономикалық қоршау мен санкциялар және экономикалық қысымдарды бастан өткерді. Қазіргі таңда дәл осы тәжірибелеріне сүйеніп, қарсыласу экономикасы жолында қадам басуда. Ислам революциясы жетекшісінің сөздерінде сан рет баяндалған және бұл жолы да қуатталған маңызды тақырып АҚШ-тың Иранға дұшпандық білдіруінің негізгі себебі саналатын аймақтағы АҚШ-тың рөлін жою мәселесіне қатысты ойлану болып табылады. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы АҚШ үшін сылтау. АҚШ-тың негізгі мақсаты – бос уәждерін қайталап, дұшпандық әрекеттерін жалғастыру. Бірақ, Иран халқы іс жүзінде егер халық шынайы жігерге ие болса, АҚШ-қа немесе басқа әлемдік алпауыт елге тәуелді болмай-ақ үлкен жетістіктерге жете алатынын көрсетті. Бұл салада қарсыласу экономикасы ішкі мүмкіндіктерге шоғырланып, экономикалық дағдарыстар елдің тұрақтылығына қауіп-қатер тудыруына қарамастан, экономикалық негіздерді қысымдар мен санкциялардың алдында нығайта алады. Бұл саладағы АҚШ-тың мақсаты – Иранды аймақ пен халықаралық сахналарда оқшаулап, Ислам республикасы жүйесін сындарсыз деп атап, елдің халқын революцияның жетістіктерінен үмітсіздендіру. Қоқан-лоққыларға қарсы тұрып, АҚШ-тың рөлін залалсыздандыру жолдарының бірі дұшпанның тәсілдері мен қулықтарын анықтап, барлық, әсіресе экономикалық мүмкіндіктерді пайдалану болып табылады. Ислам революциясының жетекшісі дұшпанның экономикалық қастықтары және олардың Иранға қарсы қысымдар мен санкцияларды күшейтуінің мақсаттарын еске салып, экономикалық инфрақұрылымдарды нығайтудың маңыздылығы мен бұл тақырыпқа назар аударудың қажеттілігін сан рет қуаттады. Осы талпыныстардың аясында Иран экономикалық және ғылыми салаларда маңызды жетістіктерге жетті. Иранның қысымдарға қарамастан үлкен жетістіктерге жетуі Иран халқының дамуының тоқтамайтынын көрсетеді. Орын алып жатқан оқиғаларды дұрыс бағалап, қастықтарға немқұрайдылық танытпаған жөн. Экономиканы нығайту саласындағы кез келген немқұрайдылық жыл сайын артып келе жатқан қысымдардың алдындағы зардаптарды арттырады. Діни жетекшінің көзқарасынша, басты мәселе – қарсыласу экономикасын алға ілгерілету. Өйткені, қарсыласу экономикасы дұшпанның қоқан-лоққыларына қарсы тұруға көмектесіп, мемлекет үшін көптеген мұрсат тудырады. Ислам революциясы жетекшісінің елдің бетке ұстар азаматтармен кездесуіндегі сөзі екі тұрғыдан стратегиялық маңызға ие: Ислам революциясы жетекшісінің сөздері біріншіден, дұрыс жол және өткен мен болашақтағы өзгерістер туралы ойлану; екіншіден, АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қоқан-лоққы жасау мақсаты мен ядролық келісімнен кейінгі қауіп-қатерлерді анықтау қажеттілігін қуаттады. Мұндай көңіл бөлу барлық үміттерге қарамастан, алаңдаушылықтарға немқұрайдылық танытуға болмайтынын көрсетеді. Алайда, барлық қиындықтардан қырағылықпен өту керек. Аятолла Хаменеи: "АҚШ Президентінің ақылсыздығы біздің дұшпанның қастықтарына немқұрайдылық тантуымызға себеп болмауы қажет. Біз қырағылығымыз бен ақылымызды пайдаланып, дайын болуымыз керек",- деп баса айтты. Ислам революциясының жетекшісі АҚШ Президенті мен үкіметін Иран мен аймақ өзгерістерін түсінбегендіктен ой-пікір тұрғысынан артта қалғандары деп атап: "Олар жас, мүмін, революцияшыл және дамыған Иранды 50 жылға кейін қайтармақ. Әрине, бұл істің мүмкін емес екені белгілі. Бірақ, олар бұл шындықты түсіне алмайды. Сондықтан қателесіп, Иран халқының алдында сәтсіздікке ұшырады. Келешекте де олар ойларындағы нәтижелерге жетпейді",- деді. Иран халқы өткен 40 жылда әлемдіктере алпауыт елдерден қорықпай, оларға қарсы тұрып, санкциялар мен қысымдарға қарамастан, алға ілгерілей алатынын дәлелдеді.
****************************************