Адам контрабандасы – өркениетті АҚШ-та пайда болған құбылыс (3)
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i32004-Адам_контрабандасы_өркениетті_АҚШ_та_пайда_болған_құбылыс_(3)
"Адам контрабандасы – өркениетті АҚШ-та пайда болған құбылыс" атты топтамамыздың жалғасында АҚШ-тың адам саудасында атқаратын рөлі туралы шындықтарды тереңірек қарастырамыз. Топтамамыздың кезекті бөлімін назарларыңызға ұсынамыз.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 30, 2017 13:37 Asia/Almaty
  • Адам контрабандасы – өркениетті АҚШ-та пайда болған құбылыс (3)

"Адам контрабандасы – өркениетті АҚШ-та пайда болған құбылыс" атты топтамамыздың жалғасында АҚШ-тың адам саудасында атқаратын рөлі туралы шындықтарды тереңірек қарастырамыз. Топтамамыздың кезекті бөлімін назарларыңызға ұсынамыз.

Батыс елдері әлемдегі адам құқықтарының жағдайына қатысты алаңдаушылықтарды білдіру үшін күнделікті жаңа баяндамалар мен хабарламалар жариялап отыр. Бірақ, олардың бұл хабарламалары саяси мақсаттарға негізделген. Бұл елдердің адам құқықтарының сақталуында оң рөлінің белгісі саналмайды. Адам контрабандасы мәселесі – АҚШ-тың теріс пайдаланып отырған сылтауларының бірі.

Бүгінгі таңда әлемдік теңгерім мен адами қатынастардағы пайда болған өзгерістерге қарамастан, көптеген ойшылдардың пікірінше, әлемдегі ұйымдастырылған адам контрабандасы мафиялық топтар тарапынан табысты саудаға айналған. Жақын арада бұл сауда табысы тұрғысынан қару-жарақ және есірткі заттары контрабандасынан да жоғары орынға ие болуы мүмкін. Адам контрабандасының қаржы айналымы есірткі заты мен қару-жарақ контрбандасынан кейінгі лас, бірақ өте табысты үшінші сауда түрі саналады.

Халықаралық Еңбек ұйымының баяндамасына сәйкес, бұл құрбандардың мақсат елдерде орналасуы мен әрекет етуі жыл сайын 32 миллиард доллардан астам көрсеткішті қамтиды. Бұл көрсеткіштің жартысы өнеркәсіптік елдерге тиесілі.

Батыс Еуропада  60 пайызы Азияның оңтүстігі мен Еуропаның шығыс бөліктері арқылы қамтамасыз етілетін жылына 500 000 әйел мен жас қыздар жыныстық адам контрабандасының құрбанына айналып жатады. АҚШ-тағы саудаланған әйелдердің жағдайы өте ауыр. Бұл елде жыныстық адам саудасына түскен әйелдер мен қыздар көбінесе ерлер тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырайды.

Адам құқықтарын қорғауды баса айтатын АҚШ үкіметі жылына бұрынғы Кеңес үкіметі елдерінен 100 000 әйел мен қыздың, Шығыс Еуропадан 75 000 адамның, Африкадан 50 000 адамның заңсыз түрде саудаланып жатқанын растады. Латын Америкасы мен Кариб аралдарынан АҚШ-қа сауданланған адамдардың саны жылына 100 000 адамға жетіп отыр.

БҰҰ әлемде жылына шамамен 3 миллионға жуық адам контрабандасының жағдайы орын алатынын растады. Бұл көрсеткіштің 56 пайызы Азияға, 10 пайызы Латын Америкасына, 9 пайызы Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкаға тиесілі.

Заңсыз әрекеттерді жүзеге асыруды мақсат ететін бұл құбылыс әлемнің көптеген мемлекеттеріне кедергі келтіріп отыр. Көптеген жағдайларда контрабандистер адамдарды заңсыз көшіру сылтауымен басқа елдерге әкеліп, оларды теріс мақсатта пайдаланады.

Заңсыз келген адамдар көбінесе жақсы жалақысы бар жұмыс туралы жалған уәделерге алданып, құлдыққа түседі немесе олар қақтығыстар, кедейшілік пен азаптаулардан қашып, ажалды теңіздер мен аптап шөлдерді басып өтіп келгенімен, соңында контрабандистердің тұзағына түскен мигранттар болып табылады.

Жыл сайын даму үстіндегі мемлекеттерден жартысы балалар болып табылатын 2,5 миллион жан адам саудасының құрбаны болады. Бұл көрсеткіштің 100 мыңнан астамы Эль-Сальвадор Республикасы, Мексика, Қытай және Вьетнам елдерінен АҚШ-қа жөнелтіледі. Адам контрабандасын көбінесе жыныстық құлдыққа сату мақсатында пайдаланады. Бірақ, АҚШ-та бұл адамдар ақысы төленбейтін, демалыссыз және жұмыс сағаты өте көп ауыр жұмыстарға салынады.

Жалпыға пайдалы қоғамдық топтың атқарушы директоры Норман Гуталинг осы шындықты растап: "Отбасылар тарапынан қыздар мен әйелдердің сатылуы кедей елдердегі табысты кәсіпке айналған. Бұл әйелдердің кейбіреулері оларға ресторандарда, үйлердегі жұмыс немесе киім сату дүкендерінде заңды түрде жақсы жұмыс жасау туралы өтірік айтқандарын мәлімдеген.

Еуропа одағының ішкі саясат жөніндегі комиссары Анна Сесилия Мальмстрём германиялық Die Welt газетіне берген сұхбатында Еуропадағы осы құбылысқа сілтеме жасап: "Бұған сену өте қиын. Алайда Еуропа одағы елдерінде тауар секілді саудаланып жатқан он мыңдаған адам өмір сүріп жатыр. Адам саудасы біздің қоғамда бар және біз ойлағаннан да жақын екендігі ащы шындық",- деді.

Қазіргі таңда адам контрабандасының құрбанына айналған таиландтық және бразилиялық әйелдердің шамамен 70 000 Испания мен Жапонияда жезөкше ретінде лас кәсіптің құрбаны болып табылады. Олардың тек 8000 ғана медициналық қызметтерді пайдаланса, қалған басым бөлігі ЖИТС секілді жұқпалы аурулардан немесе нашақорлықтан көз жұмып жатады.

Пенсильвания штаты университетінің профессоры Кэтлин Бари "Жезөкшелік пен жыныс" атты кітабында: "Экономикасы дамымаған кедей елдерде көптеген әйелдер жыныстық құлдыққа түсіп жатады. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан қазіргі кезге дейін әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған әйел жезөкшелікке  сатылған. Бұл әйелдердің басым бөлігі экономикасы дамымаған Оңтүстік-шығыс Азия мен Шығыс Еуропа, Оңтүстік Америка мен Африка елдеріне тиесілі» деп жазды.

Контрабандистер үшін адам саудасы көлік, қару-жарақ және тауар сату-сатып алу секілді. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі әйелдер мен қыздарға жасалған жыныстық зорлық-зомбылық жағдайлары туралы жан түршіктірерлік баяндамалардың жариялануы әлемдік қауымдастықты алаңдатып отыр. Бұл қиындықпен күресу үшін шынайы шара қолдану мақсатында талпыныстар жасалуда. Бірақ, өкінішке орай, бұл әрекеттер бүгінге дейін қажет жағдайда әйелдер мен қыздарға қамқорлық пен қорғаныс қалқаны бола алмады. Адам контрабандашылары сатып алушының назарын аудару үшін әйелдерді көрсетеді, тіпті кейбір агенттіктерде әйелдер саудасы үшін айына жаппай сату акцияларын да ұйымдастырады. Бұл Батыс елдерінің өз есептерінде адам құқықтарын қорғайтын уәж айтып, басқаларға ахлақ сабағын беріп жатқан жағдайда орын алып отыр.  

Осындай ашық және жасырын әрекеттердің қайталануы адам контрабандасы атты сұм құбылыстың көзін жою үшін жасалып жатқан жаппай және аймақтық талпыныстардың ойдағы нәтижелерге қол жеткізбеуіне себеп болды.

АҚШ-тың адам саудасы атты үрейлі құбылыс пен осы саладағы уәждерінің айтылмай қалған тұстары бар. Бірақ бүгінгі бағдарламамыздың уақытының өз мәресіне жетуіне байланысты бұл тақырыптың жалғасын келесі бағдарламада жалғастырамыз.