Арбағиннің маңыздылығы: Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы тұрғысынан
Хусейнді (ғ.) еске алу рәсімдері әлемде жыл өткен сайын таралып келеді. Хусейн (ғ.с) қырқының – Арбағиннің зияратшылары 2003 жылы 3 млн адам болса, өткен жылы 22 млн адамнан асты. Еуропа, Азия мен Африкадан ақ пен қараны, мұсылмандарды, христиандар мен зәрдушттердің барлығын Хусейнге ғашық етіп, Кербалаға жеткізген бұл қандай күш, қандай құпия? Бүгінгі бағдарламада осы атсалысудың құпиясын Иран Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеидің сөздерінен іздестіруге талпыныс жасаймыз.
Хусейннің рух дарытатын самалы әлемдегі азаттық сүюшілердің жандарына жайлылық сыйлайтын күндері тағы да сіздермен біргеміз. Әлемнің Алла елшісі ұрпағының кесенесінде адамдардың ең үлкен жиынына куә болуына бір-екі күн ғана қалды. Алла Тағала шәһидтер басшысының кесенесін «адамдарды надандық зұлматынан шығаратын шырақ»,«құтқаратын кеме» деп атады. Бұл күндері Аба Абдулла Хусеинге (ғ.) ғашық жандар әлемнің түкпір-түкпірінен дорбаларыниықтарына асып, жаяу-жалпы, материалды дүниеден баз кешіп, есімдерін Арбағин зияратшыларының қатарына тіркеу үшін Нейнава даласына ағылуда. Ғашықтық дүрсілі әлемнің құлағына жетті. Бұл дүрсіл адамзаттың жансыз денесінде рухты қайта қайтаруға жақын қалды.
Хусейнді (ғ.) еске алу рәсімдері әлемде жыл өткен сайын таралып келеді. Хусейн (ғ.с) қырқының – Арбағиннің зияратшылары 2003 жылы 3 млн адам болса, өткен жылы 22 млн адамнан асты. Биыл Наджаф пен Кербала Хусейнге (ғ.) ғашық 25 млн-нан астам адамның келуіне куә болады деп болжануда. Бұл теңдессіз ұлы жиын әлемнің ақпарат құралдарының жарнамалауынсыз-ақ, ешбір мемлекеттік бюджетсіз-ақ ұзақ жылдар бойы сыртқы және азамат соғыстарына шырмалған елде тек имам Хусейнге деген ғашықтық күші мен ерік-жігердің арқасында орын алады. 25 млн. адам Хусейннің жалғыз емес екенін дауыстап айтып, х.қ.ж.с.б. 61 жылы Ашура кезінде имам Хусейн мен оның сенімді серіктерінің қанынан қызарған жасыл туды жерге құлатпау үшін Кербалаға келеді. Шынында, Еуропа, Азия мен Африкадан ақ пен қараны, мұсылмандарды, христиандар мен зәрдушттердің барлығын Хусейнге ғашық етіп, Кербалаға жеткізген бұл қандай күш, қандай құпия?
Иран Ислам революциясының жетекшісі Арбағинды Хусейннің магниттік тартылысының бастауы санайды. Бұл тартылысДжабер бен Абдулланы Мәдинадан шығарып, Кербалаға жеткізді. Алла елшісінің сахабасы әрі Ислам дәуірінің басындағы мұджахедтердің бірі Джабер бен Абдулла – Кербалаға аттанған алғашқы зияратшы. Ол Ашура оқиғасынан 40 күн өткен соң жасының егделігі мен соқырлығына қарамастан, имам Хусейннің (ғ.) қабіріне жетіп, оны аза тұтқан. Хазірет аятолла Хаменеидің айтуынша, Джаберді Арбағин күні Кербалаға тартқан күш ұзақ жылдар өтсе де, әлі де Аһл-е бейтті сүюшілердің жүрегіне ұялаған. Аятолла Хаменеи Хусейннің қырқын Кербала шәһидтерін еске алу және олардың жолдауының бұл күндері мәңгілікке тұрақтануы деп атап: "Бұл ұлы шәһәдәт тарихтан орын алып, яғни Хусейн бен Әли мен басқа шәһидтер Кербалада қаза болып, Бани Умайе Хусейн мен оның серіктерін жер бетінен жойып, олардың пәк денесін жер астына жасырып, олар жайлы естелікті адамзат ұрпағының есінен жоя алса, бұл шәһәдәттың ислам әлемі үшін пайдасы болар ма еді? Хусейн шәһид болып, алайда сол замандағы халық пен одан кейінгі ұрпақтар Хусейннің шәһид болғанын түсінбесе, бұл оқиға тарихта халықтар мен қоғамдардың дамуы мен өркендеуінде қандай рөл атқара алар еді?"-деп, сауал қойды. Әлем шиіттерінің жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи шәһидтер жат жерде үнсіздікте ажал құшқанымен, ақыретте Алланың рақымына бөленеді, бірақ, шәһид болғаны мен жіберген жолдауын қазіргі заман мен келешек ұрпақтар естіп, хабардар болған шәһид қана тарих тудыратын үлгіге айнала алады дейді. Ашураның жолдауын жеткізіп, оқиғадан халықты хабардар ету ісі Арбағин кезінде Кербалада қаза болғандардың туыстары арқылы орын алды.
Ашура күні түстен кейін Алла елшісі (с.ғ.с.) әулетінің мәйіттері Кербаланың даласында қанға бөгіп жатқанда және дұшпандар сырттай жеңістеріне масаттанып жүргенде хазірет Зейнеп (ғ.): "Бұл мәйіттер жерде былай қалмайды. Бұл жерде ту тігіліп, ол ешқашан түспейтін болады",-деді. Арбағин күнгі оқиғадан 40 күн өткен соң, аятолла Хаменеидің түсіндіруінше, ояну ағашының алғашқы түйіні бүр жарып, Хусейннің махаббат бұлағының алғашқы бүлкілі пайда болған. Ислам революциясы жетекшісінің пікірі бойынша Кербалада қаза болғандардың туыстарының тұтқында болған кездегі пасық биліктің қылмыстарын әшкерелеген әрекеттері халықтың арасында хабардарлықтың пайда болуына себеп болғанымен, қоғамдағы басып-жаныштаушы жағдайға байланысты ешкімнің қарсылық жасауға батылдары жетпеген. Хазірет аятолла Хаменеи: "Арбағин күні Кербалада бірінші толқу пайда болды. Тарихшылардың жазуынша, тұтқындардың керуені, яғни хазірет Зейнеп (ғ.) пен басқа да адамдар Арбағин күні Кербалаға кірген. Онда тек Джабер бен Абдулла Ансари мен Атия Оуфи ғана болмаған. Бани Хашем әулетінен бірнеше адам мен Аһл-е бейттің достары шәһидтер басшысының қабірінің басына жиналып, Зейнепті қарсы алуға шыққан. Сол кезде "Тавабин" оқиғасы орын алды. Тавабин оқиғасы басып-жаншылғанымен, аз уақыттан кейін Мұхтар мен басқа да батырлардың Куфа көтерілісі болды. Содан кейін залым Бани Умайе әулеті құрдымға кетті",-деді.
Хазірет аятолла Хаменеидің Арбағин туралы баяндамаларында тоқталған келесі бір маңызды нәрсе – илаһи дінге дұшпандардың улы жарнамаларына қарсы хабардарлық тудырудың қажеттілігі. Аятолла Хаменеи біз үшін Арбағин дәрісінің дұшпандардың жарнамалық топанына қарсы шәһәдәттың ақиқаты мен естелігін мәңгілікке сақтап қалу екенін айтып: "Барлық жарнамалық құралдар Ашура мен Аһл-е бейттің мәселелерін оқшауландырып, халыққа қандай оқиға орын алғанын түсіндірмеу үшін құрылған",-деді.
Ол күндері де қазіргідей залым билеушілер жалған, қасақана және сұрқия үгіт-насихатты барынша қолданған. Мұндай кеңістікте ислам әлемінің бір бұрышындағы сахарада Ашура сияқты ұлы оқиғаның осындай толқынмен сақталуы мүмкін бе еді? Әрине, сол кездегі талпыныстар болмаса, жоғалып кетер еді. Бұл естелікті мәңгілікке сақтаған нәрсе Хусейн бен Әлидің (ғ.) соңында қалғандардың талпынысы болды. Хусейн бен Әли (ғ.) мен хазіреттің ту ұстаушы серіктерінің талпыныстары қаншалықты кедергілерге ұшыраса, Зейнеп пен имам Саджад және тағы басқа ұлы тұлғалардың талпыныстары да соншалықты қиыншылықтарға тап болды. Алайда, олардың әрекет майданы әскери емес, мәдени-жарнамалық алаң болды.
Хазірет аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша, Аһл-е бейт өкілдерінің шәһидтер басшысының кесенесіне баруы шын мәнінде Ашура қозғалысының жалғасы болды. Аятолла Хаменеи: "Олар бұл іс арқылы Хусейн бен Әлиді (ғ.) жақтаушыларға, Алла елшісі әулетінің достары мен осы оқиғаның ықпалына түскен мұсылмандарға бұл оқиғаның бітпейтінін, мәселенің адамдарды өлтіріп, көму немесе адамдарды тұтқынға алып, босатумен аяқталмай, жалғасатынын түсіндіруді көздеген. Шиіттерге бұл жердің олардың жиналатын мекені екенін үйретті. Жиналуға арналған осы ұлы мекенде шиіттер қоғамының мақсаты мен мұсылмандар қоғамының ұлы исламдық мақсаты қайта еске салынуы тиіс болатын. Ислам жүйесін құру және сол жолда қызмет ету, тіпті осындай жағдайда шәһид болуға дейін барумұсылмандардың естерінен шықпауы керек нәрсе еді. Бұл халықтың жадында мәңгілікке сақталуы тиіс болатын»,-деді.
Хазірет аятолла Хаменеи сонымен қатар өзінің баяндамасында Арбағин шеруі кезінде мұсылмандардың бірлігінің көрініс табатындығына тоқталып: «Хусейннің қырқында миллиондаған адам иық тіресе қатар жүреді. Мұсылмандардың, тек шиіттердің ғана емес, сонымен қатар сүнниттердің де осы ұлы ұжымдық қозғалысы туралы хабар бүкіл әлемге таралып, мадақталып, дәріптеледі. Тіпті, адамдар физикалық тұрғыдан бір-бірінің қасында қатар тұрған кездің өзінде осындай ұлы көрініс пайда болады. Ал егер біз бірге болсақ, ислам елдері мен мұсылман халықтарының, шиіттер мен сүнниттердің, әртүрлі шиіттік және сүнниттік ағымдардың бір-біріне ниеттері түзу болса, бір-бірінен күдіктенбесе, бір-біріне қиянат жасамаса, әлемде қандай оқиға орын алып, исламға қандай құрмет көрсетілетінін көресіздер»,-деді.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Хусейннің қырқына қатысты өтетін мағынаға толы ұлы қозғалыс пен теңдессіз құбылысты мәңгілікке сақталатын оқиға әрі илаһи ұрандарды ұлықтау деп атап: «Ғашықтық пен иман және ақыл мен сезім – Аһл-е бейт мектебінің бірегей ерекшеліктерінің бірі. Әлемнің әртүрлі елдеріндегі халықтардың ғашықтық және мүміндікпен осы теңдессіз құбылысқа қатысып, қозғалуы илаһи ұрандардың бірі екені күмәнсіз»,-деді. Хазірет аятолла Хаменеи Ирак халқының Хусейннің қырқына келген зияратшыларды қабылдаудағы махаббаты мен қонақжайлығына тоқталып, осы мағыналы қозғалысқа қатысуға мүмкіндік алған адамдарға қолдағы мұрсатты жақсы пайдалануға кеңес беріп: «Біз Арбағин зияратшыларының жағдайына қызыға қарап, сіздердің жандарыңызда болуды армандаймыз»,-деді.