Америкалық еврейлердің Израильден бойларын аулақ салуының себептері
(last modified Tue, 07 Nov 2017 04:56:37 GMT )
Қар 07, 2017 10:56 Asia/Almaty
  • Америкалық еврейлердің Израильден бойларын аулақ салуының себептері

АҚШ пен Израильдегі ервейлер қоғамы жалпы әлем еврейлерінің 85 пайызын құрайды. Бұл екі қоғамның бір-біріне деген көзқарасы мен өзара қарым-қатынасы сионистік топтар үшін өте маңызды. Соңғы зерттеулерге сәйкес, АҚШ еврейлері, әсіресе еврей жастарының Израильге қызығушылығы күрт төмендеген. Бұл мәселе АҚШ-тағы Израиль лоббиінің саяси және БАҚ топтарының алаңдаушылығын тудырды.

Қазіргі таңда америкалық зерттеушілердің басым бөлігі АҚШ пен Израиль еврейлерінің арасындағы кереғарлықтың арту себебін анықтауды мақсат етіп отыр. Жуырда осы тақырыпқа  байланысты АҚШ еврейлерінің Израильден тіксіну сезімін талдайтын екі кітап басылып шықты. "Жұлдыз және жолақтар" атты кітаптың авторы Майкл Барнет АҚШ еврейлерінің сыртқы саясат тарихы Израиль режимінің нәсілшілдігін АҚШ еврейлерінің бұл режимнен жиіркенуінің негізгі себебі деп сипаттайтынын жазды. Автор кітабының бір бөлімінде: "АҚШ еврейлерінің басым бөлігі яһуди дінін қабылдап, халықаралық өзара әрекеттестіктерге ықылас білдірген жағдайда Израиль нәсілшіл режим сияқты әрекет етуде",- деп жазды.

"Еврей халқының қиындықтары" атты кітаптың авторы америкалық еврей Дов Ваксман АҚШ еврейлерінің Израильге байланысты дау-дамайы жайлы былай жазды: "Израильдегі күннен-күнге артып бара жатқан фанатизм АҚШ-тағы еврей жастарының теріс айналуына, үмітсізденуіне, тіпті Израильден жиіркенуіне себеп болды. Израильдік дипломат Алан Пинкас та өз мақаласында: "Израиль, өте өкінішті, бірақ АҚШ еврейлері енді сені сүймейді",- деп жазды. Пинкас Израильдің он шақты жылдан бері Палестина жерін басып алуы мен оның америкалық реформатор және консерватор еврейлердің көзінше жасаған ақылсыз, қисынсыз және жуырдағы тәккаппарлық әрекеттерін АҚШ еврейлерінің Израильді қолдау деңгейінің төмендеуінің себептері деп атады.

Бірақ осы жерде мынадай сауал туындайды: Осы көзқарасты өзгертуде АҚШ ервейлері болмысының өзгерісі қаншалықты әсер етті? Америкалық еврей жазушы Эллиот Абрамс АҚШ еврейлері арасындағы байланыстың әлсіреуі мен олардың еврейден өзге ұлт өкілдерімен отбасын құруы, діни құштарлықтың азаюының АҚШ еврейлерінің болмысын көптеген өзгерістерге ұшыратқанын жазды. Бұл жағдайда кейбіреулердің пікірінше, АҚШ еврейлерінің Израильден жиіркену тамырының тарихы тереңде жатыр. Мысалы, еврей тарихшысы Джеральд Орбах: "Еврей мемлекетін, тіпті Израильді құру идеясы АҚШ-тың ең әсірешіл еврейлерінің бойында ешқандай сезім тудырмады",-деп айтқан.

Pew зерттеу орталығы 2013 жылы "АҚШ еврейлерінің бейнесі" атты зерттеу жұмысын жүзеге асырды. Сол зерттеу жұмысының нәтижесіне сәйкес, 18-29 жас аралығындағы америкалық еврейлердің тек 25 пайызы ғана Израильге қатты қызығушылық танытады. Ал 65 жастан асқан еврейлердің 40 пайызының Израильге бүйректері бұрып тұрады.

Стивен М. Коэн орындаған келесі бір зерттеу жұмысына сәйкес, орта жастан асқан және жас америкалық еврейлер арасындағы Израильге қатысты керағарлық көрсеткіші жоғары. Бұл зерттеуге сәйкес, 65-тен асқан адамдардың 80 пайызы Израильдің жойылуын өздері үшін қайғылы оқиға және жеке бақытсыздық деп есептейді. 35-ке толмаған америкалық еврейлердің 50 пайызы да дәл осындай пікірді ұстанады.

Нью-Йорк университетінің тарих пәнінің профессоры америкалық еврей Хасия Диннердің ойынша, палестиналықтарды басып-жаныштау үшін пайдаланған зорлық-зомбылық әдістері, әсірешіл оңшыл партиялардың көптеп артуы мен Израильдегі зорлық-зомбылық жағдайларының көбеюі АҚШ еврейлерінің Израильден жиіркенуінің маңызды факторларының қатарын құрайды.

Өмір сүру салты және дүниетаным тұрғысынан америкалық еврей қоғамының израильдік еврей қоғамынан айырмашылығы бар. АҚШ пен Израиль халықтарының ең айқын айырмашылығы олардың өзгеше тайпа мен нәсілге деген әртүрлі көзқарасы саналады. Америкалықтар жаһанданудың қажеттігін қуаттап, 100 жылдан астам уақыттан бері мултимәдениеттілік ұғымына америкалық мәдениет ерекшеліктерінің бірі ретінде басты назар аударған жағдайда Израиль еврейлері басты назарды еврей халқына аударған.

АҚШ пен Израйль еврейлері арасындағы айырмашылықтар ұзақ мерзім ішінде қалыптасып, соңғы жылдары кең етек жайды. Жалпы алғанда, әлсіз логика мен тарихи құжаттардың бұрмалануы, біртіндеп "Холокост" оқиғасының ұмытылуы, АҚШ еврейлерінің өзге ұлт өкілдерімен отбасын құруы, жаһандануға қатысты америкалық көзқарас және Израильдің бір халықты белгілі бір жерде оқшаулау қажеттігін қуаттау секілді факторларды осы алшақтықтың пайда болуының ең негізгі себептері ретінде атауға болады.

АҚШ-тағы ғылыми-академиялық орталар Израильге жиіркеніш тудырған ең маңызды факторлардың біріне жатады. Палестина халқына қарсы Израильдің жасап отырған езгі-қанауларына студенттердің наразылық білдірген ауқымды үгіт-насихаттары көптеген еврей жастарының өз дінін жасыруына немесе олардың бойында Израиль режиміне деген жиіркеніштің пайда болуына себеп болды. Басып алынған Палестинадағы Шалом университетінің профессоры Даниэль Гурдис "Неліктен АҚШ еврейлерінің көбісі Израильге немқұрайдылық немесе дұшпандық танытуда?" деген мақаласында: "АҚШ-та сионистік көзқарастар бұдан былай оңайлықпен қабылдана қоймайды. Еврей жастары енді Израильге құштар емес және оны бұрынғыдай қорғамайды",- деп жазды.

Гурдистың пікірінше, егер жағдай осы бағыттан таймайтын болса, АҚШ-та сионизмге қарсы ағымдардың белсенділігі артып, америкалық еврейлер Израильге ешбір қызығушылық танытпаумен қатар, тіпті ойларындағы Израильдің болмысы мен орын алып жатқан жайттарға қарсылық білдіретін болады.

Шын мәнінде, Гурдис АҚШ еврейлерінің қоғамы бетпе-бет келіп отырған болмыс дағдарысына сілтеме жасап отыр. Бұл болмысқа әсер ететін маңызды факторлардың бірі америкалық еврейлердің өзге ұлт өкілдерімен отбасын құруы саналады. 2013 жылдың маусым айында жарияланған Pew зерттеу орталығының мәліметтеріне сәйкес, америкалық ервейлердің 60 пайызы өзге ұлт өкілдеріне үйленген.

2017 жылдың қыркүйек айында жарияланған АҚШ еврейлерінің зерттеу орталығының мәліметтеріне сүйенсек, Pew орталығы зерттеулерінің нәтижелері жарияланғаннан бастап, АҚШ еврейлерінің өзгеру үдерісі күшейе түскен. 2013 жылғы келесі бір есепке сәйкес, 30 жасқа толмаған америкалық еврейлердің 32 пайызы өздерін еврей санамайтындықтарын мәлімдеген. Бұл 2017 жылы 30 жасқа толмаған еврейлердің 47 пайызы өз сенімдері мен яһудилік сенім арасынан ешқандай байланыс көрмейтін жағдайда орын алып отыр.

Шынтуайтында, АҚШ-та еврейлерге қарсы пікір білдіру еврейден үркіту ретінде бағаланып, онымен шынайы түрде күрес жүргізіліп жатқанымен, бірақ қазіргі таңда АҚШ еврейлерінің өздері АҚШ пен Израиль еврейлер қоғамының ең ірі сыншыларына айналған. Нәсілшілдер жаппай наразылық шеруін ұйымдастырған Шарлотсвилл оқиғасы АҚШ-тың еврейлерін нысанаға алды. Себебі, Шарлотсвиллдің еврей мэрі АҚШ-тағы ұлтшылдықтың нышаны болып табылатын екі тұлғаның мүсінін алып тастауға жарлық шығарған болатын. Наразылық білдірушілердің АҚШ-тың орталығында еврейлерге қарсы айтқан ұрандары бәрінен бұрын АҚШ еврейлерінің ерекше орнына қатысты "табуды" бұзды. Бүгінгі таңда, тіпті АҚШ-та Израильге қарсы еврейлерден тұратын ұйымдар құрылған.

АҚШ еврейлері озбыр әрі басқыншы Израиль режимінің саясаттарынан ең көп ұтылатындардың бірі саналады. Бұл режимнің нәсілшіл саясаттары АҚШ еврейлерінің орны мен позициясына, тіпті идеологиясына әсерін тигізген. Осылайша Израиль режимінің құрбандары тек мұсылмандар мен христиандар ғана емес, тіпті еврейлердің өздері де жалған режимнің қылмыстары мен әсірешілдігінің құрбандары саналады деп айтуға болады.