Арбағин – Ашураның кемелдігі
(last modified Wed, 08 Nov 2017 10:10:27 GMT )
Қар 08, 2017 16:10 Asia/Almaty
  • Арбағин – Ашураның кемелдігі

Арбағин – кемелдікке жететін күн. Ашураның кемелдігі – Арбағин. Арбағин – өткеннің, барлық ізденістер мен талпыныстардың кемелдігі.

 

Арбағин – 40 күн қиындықтар мен уайым-қайғыны бастан өткерген керуеннің Кербалаға қайтып оралған күні. Негізінде бұл кереуен еңсесі түсіп, сәтсіздікке ұшырағанын сезінуі керек еді.  Бірақ, керуен абыройлы әрі жеңіспен оралды. Бани Умайе әулетін сәтсіздікке ұшыратты. Олардың заңсыз билігін сынап, шындықты көрсету үшін өтірік пен алдап-арбаушылықтың пердесін ашты. Арбағин – зұлымдықтың әшкереленуі мен шындықтың жеңіске жетуінің көрінісі.

Ашура күні күн батарда дұшпан имам Хусейн (ғ.с.)-ның серіктерінің шатырларын өртеген соң балалар далада қаңғырып қалды. Көп ұзамай Кербалада жауыздар тойлауды бастады. Дұшпанның әскерилері қарқылдап күліп, айналып биледі. Түнде олар шаршап шатырларында ұйқыға кетті. Алайда, екінші жақтың әйелдері мен балалары түнді ояу, өртеніп кеткен шатырларының қасында өткізіп, таңды атырды. Ашураның келесі күні жеңіс туралы хабар Куфеге жетті. Куфе тойға дайындалды. Атқа мінген жауыздар: "Біз соғыста жеңіске жеттік! Бізге сүйінші беріңдер. Біздің дорбаларымызды алтын мен күміске толтырыңдар. Біз ұлы тұлғаны өлтіріп келеміз",- деп әндетті. Тұтқындарды, Исламның ұлық пайғамбарының әулетін Куфеге енгізді. Олардың киімдері жыртылған еді. Мінген түйелері де оларға лайық болмады. Олар Кербала мен Куфенің арасындағы 70-80 километрді көптеген қиындықтармен өтті. Жолда оларды ұрып, қорлық көрсетілді. Олардың азап-қорлықтарын арттыру үшін Кербала шәһидтерінің бастарын жендеттер тұтқындардың арасында жоғары көтеріп келе жатты.  Жеңісті тойлау үшін бәрі дайын болды. Күтпеген жерден хазірет Зейнаб сөзімен Куфедегі Бани Умайенің сыртқы сән-салтанатын бұзды. Ешкім хазірет Зейнабқа сөз сөйлеуге рұқсат беру туралы ойламады, бірақ ол өз сөзін айтты. Ешкімнің оны тоқтатуға батылы бармады. Хазірет Зейнабтың батыл сөйлегені соншама, адамдар демдерін ала алмай, іштен тынып, отырып қалды. Куфедегі той соңына жетпей, тұтқындарды тез арада Шамға аттандырды. Шамның кеңістігі Куфеден өзгеше болды. Егер Куфеде бір кездері имам Әли (ғ.с.) билік еткен болса, Шам жылдар бойы Муавие үкіметінің қол астында болып, халық Исламның ұлық пайғамбарының әулетімен таныс емес еді. Шамда жылдар бойы Алавилерге қарсы үгіт-насихат жүргізіліп, Муавиені «мүмін» деп атайтын. Тұтқындарды Дамаскке кіргізбек болған кезде хазірет Зейнаб пен имам Саджад (ғ.с.)-ның оларды адам аз дарбазадан кіргізуді сұрғандарына қарамастан, қаланың халық ең көп жиналатын дарбазасынан кіргізді. Сондай-ақ, халықтың назарын көбірек аудару үшін шәһидтердің бастарын тұтқындардың арасына орналастырды. Язид қаланың сыртында өзінің серуені үшін арнайы сарай дайындаған болатын. Ол сол сарайдың үстінен шәһидтердің бастарын күтіп тұрды. Ол бастарды көрісімен: "Найзаға шаншылған бастар көрінді. Джейрун тауының артынан күннің көзі көріне бастады. Бір мезгілде қарғаның дауысы естілді. «Қарқылдасаң да, қарқылдамасаң да, алатын адамнан кегімді алдым",- деп өлеңін оқи бастады. 

Тұтқындар керуені жақындаған кезде оқиға өзгерді. Масаттанған Язид ағашпен имамның тісінен ұрып, хазірет Зейнабты мазақтап: "Бауырыңның тісі қандай аппақ болған",- деді. Хазірет Зейнаб қайтадан құтпасын бастап, Язидтің бүкіл көңіл-күйін бұзды. Бұл құтпадан кейін наразылықтар басталды. Жиынның ортасынан бір христиан адам орнынан тұрып: "Сендер өз пайғамбарларыңның перзентінің өлімін тойлап жатырсыңдар ма? Менің отанымда теңіздің ортасында орналасқан аралдардың бірінде шіркеу бар. Халқымыз кемінде жылына бір рет зиярат жасау үшін сол шіркеуге барады. Шіркеудің михрабының үстінде алтыннан жасалған ыдыс ілініп тұр. Оның ішінде бір тырнақ бар. Халық мұны хазірет Иса мінген есектің тұяғының тырнағы деп санайды. Сондықтан, хазірет Исаны құрметтеп, осы шіркеуге зиярат етеді. Ал сендер болсаңдар, пайғамбарларың дүниеден оза салысымен оның перзентің өлтірдіңдер?!" - деп таңғалды.

Бұл наразылық Язидке қатты әсер еткендіктен, христанды тұтқындап, өлтіруді бұйырды. Рим империясының өкілі болған келесі бір қарт та орнынан тұрып, ызасын жасырмай, Язидке наразылығын білдірді. Язид оны да өлтіруге бұйырды. Сөйтіп, Шамның көңіл-күйі өзгерді. Язид мұндай жағдайға қарсы тұра алмайтынын көрген кезде оны өзгерту үшін мешіттерде Құранды жүз-жүзге бөліп, халықтың арасында таратуды бұйырды. Ол адамдар Құран оқумен айналысып, имам Хусейн (ғ.с.) туралы сөйлемесін деп ойлады. Содан соң кеңістікті өзгертіп, өзін жақсы көрсету үшін пайғамбар әулетіне аза рәсімдерін өткізу үшін бір үйді берді. Халық топ-топпен хазірет Зейнабтың қасына барып, сөзін тыңдады. Мұндай амалдар Язид пен Бани Умайе әулетіне зиян келтірді. Сондықтан өзін имам Хусейн (ғ.с.)-ның өлімінен ақтау үшін: "Мен Хусейнді өлтіруге риза болмадым, біздің арамызда қайшылық болған жоқ",- деді. Бани Умайе әулеті басынан кеңістікті өз мүддесіне және Алла елшісінің әулетіне зиян келтіруге өзгерту үшін көп талпыныс жасады. Хиджридың 61 жылы Кербалада имам Хусейн (ғ.с.)-ды өлтіруге дайындалғандар хазіретті өлтіріп, жаннатқа барамыз деп ойлаған. Тарихшы Яқуби: "Мұхаррамның жетісінен бастап күн сайын шамамен 20 000 адам Евфратта ғұсыл алып, имам Хусейн (ғ.с.)-ды өлтіруге дайындалды",- деп жазған болатын. Пайғамбардың (с.ғ.с.) уәдесінен имам Хусейн (ғ.с.)-ның шәһид болуына дейін Бани Умайе хазірет Әли (ғ.с.) мен пайғамбардың әулетін жеңу үшін 51 жыл әрекет жасады. Өздерінің рөлі мен орындарына қатысты көптеген рауаят дайындады. Мәселен, "Жебірейіл келген кезде пайғамбарға "Муавиеге Алланың сәлемін жеткіз" деген",- деп айтатын. Айта кететін жайт, олар өздерінің орны мен беделін көтеру үшін жалған хадистерді ойларынан шығарған мөлшерде Исламның ұлық пайғамбары әулетінің абыройы мен орнын төмендететін хадистерді де ойдан шығарған. Құран аяттары бойынша пайғамбардың жаны саналатын имам Әли (ғ.с.) Куфе мешітінде шәһид болған кезде адамдардың көбі "Әли мешітте не істеп жүр?" деген. Алайда Ашура және имам Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ның шәһид болуы мұндай саяси кеңістікті өзгертті. Арбағинде тұтқындар керуені абыройымен Кербалаға оралып, Бани Умайе әулеті сәтсіздікке ұшырап, масқараға ұшырады. Керуен қырық күн алыста жүріп, қиындықтар мен жарақат, ұрып-соғу, азап-қорлық, қоқан-лоққы мен тіл тигізуді басынан өткеріп, Кербалаға оралды. Бұл абыройлы керуеннің Кербаладан кетіп бара жатқан жағдайымен ешбір ұқсастығы болмады. Бани Умайенің жарты ғасырлық қастықтарын бұзып, жеңіске жеткен керуен мазлұм шәһидтердің қанына адалдықтарын қайта қуаттау үшін Кербалаға оралды.  Бұл жерде Арбағин толық әрі кемел мағынасына ие болады. Арбағин Құранда да кемелдікке ие. Алла Тағала қырық жылды адамның әрі оның ақылының кемелдікке жететін  уақыты санап, «Ахқаф» сүресінің 15-ші аятында: «Ақыр ол ержетіп, қырық жасқа ұласқан кезде: “Раббым! Өзіме әке-шешеме берген нығметтеріңе шүкірлік етуімді, өзің разы болатын түзу амал істеуімді маған нәсіп ете көр!...” деді» деп айтылған. Сондай-ақ «Ағраф» сүресінің 142-ші аятында: «Хазірет Мұсаға отыз түн уәде еттік те оған онды қосып, сөйтіп Раббының белгілі уақыты қырық кешке толды» еді. Сондықтан, Арбағин – кемелдікке жететін күн. Ашураның кемелдігі – Арбағин. Арбағин – өткеннің, барлық ізденістер мен талпыныстардың кемелдігі. Арбағин – ажыраудың соңы және бірігудің басы. Ашурада Алла Тағала барлық пайғамбарлардың мұрасын имам Хусейн (ғ.с.)-ға сыйлады. Арбағин күні бұл мұралар тарихқа айналды. Ашура – Алланың имам Хусейн (ғ.с.)-ға берген сыйларының көрмесі. Арбағин – имам Хусейн (ғ.с.)-ның адамзат пен тарихқа сыйлағандарының көрмесі.

Сондықтан «Зиярате Арбағин» зияратнамасынан: «Уа, Алла! Мен Хусейн (ғ.с.)-ның өзіңнің құлдарыңды надандық пен хабарсыздықтан және адасудан құтқару үшін қанын төккеніне куәлік етемін»,- деп оқимыз.

 

Тегтер