Бальфур декларациясы мен Таяу Шығыстың қалыптасуы
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i32184-Бальфур_декларациясы_мен_Таяу_Шығыстың_қалыптасуы
2017 жылдың қараша айының екісі күні Бальфур декларациясының жариялануына 100 жыл толды. Соған орай бүгінгі бағдарламада Бальфур декларациясының Таяу Шығыстағы өзгерістерге әсерін талқылайтын боламыз.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 11, 2017 17:13 Asia/Almaty
  • Бальфур декларациясы мен Таяу Шығыстың қалыптасуы

2017 жылдың қараша айының екісі күні Бальфур декларациясының жариялануына 100 жыл толды. Соған орай бүгінгі бағдарламада Бальфур декларациясының Таяу Шығыстағы өзгерістерге әсерін талқылайтын боламыз.

Бальфур декларациясына қатысты екі жайтты атап өту өте маңызды: біріншіден, Бальфур декларациясы Сайкс-Пико келісімінен (The Sykes–Picot Agreement) бір жыл өткен соң Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында 1917 жылдың қараша айының екісі күні жарияланды. Бальфур декларациясын Сайкс-Пико келісімінің жалғасы деп атауға болады. Онда араб жерлері мен Таяу Шығыс Франция мен Англияның арасында бөлініп алынды. Екіншіден, Бальфур декларациясын сионистік ойыншыны қалыптастырудың екінші кезеңі деп атауға болады. Бірінші кезең 1897 жылдан басталды. Сол кезеңде  Теодор Хертзел 1897 жылы Базель саммитінде сионизмді ресми түрде жариялады. Аталмыш кезең 20 жыл, яғни 1917 жылға дейін жалғасын тауып, сионизм ұғымы әлем халықтарына түсіндірілді. Бальфур декларациясымен басталып, 1948 жылға дейін жалғасқан екінші кезеңде еврейлер үшін жер дайындау көзделіп, осы мақсатқа жету үшін Палестина жері таңдалды. Шын мәнінде, Бальфур декларациясының негізгі мақсаты еврей елінің құрылғанын жариялауға жағдай жасау болды. Мемлекет болу үшін үкімет, егемендік, халық пен жер иелігі деген төрт шарт керек. Еврейлерде жер болмаған. Мұнымен бір мезгілде еврей режимінде ел болу үшін халқының саны жеткілікті болмаған.Бальфур декларациясы жарияланған кезде Палестина тұрғындарының 9 пайызы ғана еврей болған. Сондықтан Палестинаны Израиль режимі құрылуы тиіс жер деп таныстырғанда әлемнің түкпір-түкпіріндегі еврейлерді осы жерге қоныс аудару да назарға алынды.

Бальфур декларациясы үшін қарастырылған осы тәсілді ескеріп, бұл декларацияның Таяу Шығыстың қалыптасуындағы әсерінің өте маңызды екенін көреміз. Бұл тұрғысында бәрінен бұрын мына жайтқа тоқталу қажет: Таяу Шығысты құру, қалыптастыру жайлы теория жасау мен көзқарас білдіру соңғы екі ғасырда әрдайым аймақтан тыс жерде Батыс алпауыттары тарапынан орын алды.Бальфур декларациясы – мұның ең маңызды дәлелдерінің бірі. Бальфур декларациясын жариялаудағы негізгі ойыншы Англия болды. Бұл ел сол кезеңде халықаралық жүйедегі негізгі ойыншы саналған. Англияның сол кездегі Сыртқы істер министрі Артур Джеймс Бальфур сионизм қозғалысының нағыз демеушілерінің бірі ретінде осы декларацияны жариялады. Бальфур декларациясына құқықтық тұрғыдан берілген негізгі сындардың бірі үшінші елдің басқа бір елдің жерін жаңа бір мемлекет құру үшін қарастыруы болды. Англияның осындай қадам жасауының негізгі  себебі Таяу Шығысқа көбірек ықпал етуге талпыныс жасауы болды. Университет ұстазы әрі Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі аға сарапшы Хамид Ахмадидің пікіріне сәйкес, Таяу Шығыстың қазіргі дағдарысының себептерін бәсекелес отаршыл әрі империалистік алпауыттардың тартысынан, содан кейін АҚШ пен олардың мүдделерінің арасындағы қайшылықтан іздеу керек. Англия еврейлерді Палестинада тұрғызып, бұл аймақты еврей ұлтының отанына айналдыру арқылы Суэц каналының қауіпсіздігі мен араб әлеміне үстемшілдікті қамтамасыз ету үшін мықты жағдай жасаудыкөздеді. Сол себепті, 1917 жылы қараша айында  сионистік басшылармен ұзақ келіссөздер жүргізу және АҚШ-тың қолдауына ие болуды көздеп, Ротшильдке Бальфур декларациясын жариялады. Бальфур декларациясы Францияны Суэц каналы, Месопотамия менПарсы шығанағының мұнай көздері орналасқан стратегиялық аймақтардан алшақ ұстау үшін жасалған талпыныстардың бір түрі болды. Ұлыбританияның көрнекті саясаткерлері Сайкс-Пико келісіміне наразы болған. Олар осы келісімнің нәтижесінде Францияның  Суэц каналындағы шекараларға жақындай түсетінін айтып, қатердің алдын алу үшін Палестинаны Францияның ықпал аймағынан шығару қажет санаған. Ұлыбританияның Францияға қарсы талпыныстарының нәтижесі шын мәнінде Бальфур декларациясы мен Палестинаны сионистерге беруге міндеттеме алуға ұласты. Ағылшындар сионизм қозғалысының соғыстан кейін олардың саяси және әскери  қолдауына кең түрде бағынышты болатындығы мен мұның Ұлыбританияның Палестинада толық ықпал жүргізуіне септігін тигізетіндігіне сенген.  

Бальфур декларациясының жариялануынан 100 жыл өткенімен Израиль мемлекетін құру Таяу Шығыс аймағындағы кейбір елдер менқоғамдық пікір тарапынан ешқашан қабылданбады және ресми түрде танылмады. Таяу Шығыстағы анархия, тұрақсыздық, тынышсыздық пен қатігездіктің негізгі тамырлары да осы мәселеден бастау алады. Израильдің Палестина жерін басып алып, жалған режим құруы сионистік режимнің ислам елдерінің басым көпшілігі тарапынан ресми түрде танылмауына себеп болды. Екіншідүниежүзілік соғыстан кейін Англияның әлемдік жүйедегі рөлі әлсіреп, АҚШ екі полюсті жүйенің біріне айналғаннан кейін бұл елИзраиль режимінің ең маңызды демеушісіне айналды.

Шын мәнінде, Таяу Шығыс аймағын құрудағы Бальфур декларациясының ең маңызды мақсаттарының бірі бұл аймақты қалыптастырудың әрдайым әлемдік алпауыт елдер тарапынан жобалануына себеп болуы саналады.

Бальфур декларациясының Таяу Шығысты қалыптастырудағы ең маңызды салдарларының біріне Таяу Шығыстың құрылымына осы аймақтың діни болмысына үйлеспейтін ойыншыны әкелуі жатады. Ол Таяу Шығыстағы ислам мен иудаизм діндерінің болмысына қайшы. Кереғар болмысқа ие бұл ойыншы  Таяу Шығыста соғыс пен қатігездікке жағдай жасады. Сионистік режим үсті-үстіне соғыс жүргізді. Сұл соғыстарда Батыстың қолдауына ие болып, аймақта қатігездіктің таралуына себеп болды. Шын мәнінде, Бальфур декларациясы әлемдегі ең ұзақ текетірес, яғни Палестина-Израиль текетіресінің  қалыптасуының ең маңызды себептерінің бірі болды.

Бальфур декларациясының Таяу Шығысты қалыптастырудағы мақсаттарының келесі бірі Палестина жерінің бір бөлігін Израиль режиміне беру арқылы оған 1948 жылы өзінің бар екенін жариялауға көмектесуі болды. Шын мәнінде, Израиль режимін құрудыңүшінші кезеңі 1948 жылдан басталып, әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Өйткені, бұл режим 1948 жылы өзін жариялады. Содан кейін Палестина жерінің көбірек бөлігін иелену үшін басып алған жерлерде қалашықтар салу және еврейлендіру  жобалары қалыбында әрекеттер жасады. Бұл жағдайлар мыңдаған адамның өлімі мен жаралануына және миллиондаған палестиналықтың әлемнің түкпір-түкпіріне, әсіресе көршілес елдерге босып кетуіне себеп болған қақтығыстар мен соғыстардың туындауына жағдай жасады. Шынтуайтында, сионистік режимнің Палестина, Ливан мен Сирия сияқты елдерге қарсы жасаған шараларынан кейін құрылымдық қатігездік Таяу Шығысты қалыптастыру көрсеткіштерінің бір бөлігіне айналды. Бүгінде  Таяу Шығыстағы кейбір елдер, соның ішінде  Сауд Арабиясы басқа елдерге қарсы соғыс ашу арқылы өздерінің мақсаттары мен мүдделерін қамтамасыз етуге тырысып жатыр. Йемен – соның жаңа үлгісі. Сауд Арабиясының Йемендегі қатынасының үлгісі мен сионистік режимнің Палестина мен Ливанға қарсы қатынасының үлгісі арасынан көптеген ұқсастық айқын байқалады. Бала өлтіру, қарапайым адамдарды босытып жіберу, азаматтық құрылымдарды жою, жан-жақтан қоршауға алу, қарапайым адамдарды өлтіру мен жаралау және басқа да жағдайлар Сауд режимі мен сионистік режимнің ұқсас қатынастарының қатарына жатады. Осы қатынас ұқсастығы Израиль режимі мен Сауд Арабиясының Таяу Шығыс аймағында жақындасуы себептерінің бірі болып отыр.  

Қорытындылай келе айтарымыз, Англияның Бальфур декларациясын жариялағанынан бері 100 жыл өтті. Ұлыбританияның қазіргі үкіметі  Бальфур декларациясының 100 жылдығын  атап өткенімен,  Сайкс-Пико келісімі 1916 жылы Таяу Шығысқа жалған әрі бағынышты құрылымды таңды. Бальфур декларациясы да бұл аймаққа соғыс, қақтығыс, қарапайым адамдардың босқынға айналуы, елдерді болмысынан айыру, Батыс алпауыттарының Израильдің қауіпсіздігін сақтау сылтауымен Таяу Шығыс істеріне араласуын күшейтуі  сынды салдарларды таңды.