Халықаралық хаттамалардағы Иранның серпінді рөлі
Ядролық қаруларға қарсы 122 елдің, соның ішінде Иранның өкілдері шілденің жетісі күні Нью-Йорктегі БҰҰ-ның №1 конференц-залында кез келген жағдайда ядролық қаруларды жасау, сынау, өндіру, сатып алу, иелену, жинау, тасымалдау, қолдану және онымен қоқан-лоққы жасауға толық тыйым салу туралы келісімнің мәтінін бекітті.
Бұл келісімнің жақтастары оны тарихи жетістік деп сипаттады. Ал ядролық қаруларға ие мемлекеттер оны "реалистік емес" санап: "Бұл келісім мыңдаған ядролық оқтұмсықтар сақталған қоймаларды азайтуға еш әсерін тигізбейді",-деді.
Аталмыш келісім АҚШ, Ұлыбритания, Франция мен ядролық қаруларды иеленуші басқа елдер оған санкция салған жағдайда бекітілді.
ИИР-ның АҚХА-дағы тұрақты өкілі Реза Наджафи осы отырыста: "Иран әлемде ядролық қаруларды иелену, оны қолдану немесе қолданамыз деп қоқан-лоққы жасауға тыйым салу туралы хаттаманы қолдайды",-деді.
ИИР-ның АҚХА-дағы тұрақты өкілі Ислам революциясы жетекшісінің жаппай қырып-жою қаруларын харам деп жариялауға негізделген пәтуасына тоқталып, конференцияға қатысушылардың хаттамада айтылған ядролық қаруларды толығымен жоюға талпыныс жасаудағы діни басшылардың рөліне тоқталуына ризалық білдірді.
ИИР-ның пайымдауынша, қауіпсіз әлем қалыптастыру үшін осы қарулардың барлығын жою керек. Иран бұл салада аймақтық және халықаралық ұйымның өкілдері мен 60-тан астам елдің Сыртқы істер министрлері мен жоғары мәртебелі сарапшыларының қатысуымен бірнеше халықаралық конференция өткізді. Ислам революциясының жетекшісі 2011 жылдың сәуір айында өткен осындай бір конференцияға жолдаған хатында: "Ядролық қарулармен қоса, химиялық және биологиялық қарулар сияқты жаппай қырып-жоятын басқа да қару түрлері адамзатқа қарсы шынайы қауіп болып табылады. Химиялық қарудың құрбаны болған Иран халқы осындай қаруларды жасау мен жинау қатерін басқа халықтардан көбірек сезінеді",-деп қуаттады. БҰҰ-да құжат ретінде бекітілген Ислам революциясы жетекшісінің жолдауында: "ИИР осы қатермен күрес жолында өзінің барлық мүмкіндіктерін пайдалануға дайын",-деп қуатталды. Ислам революциясы жетекшісінің ядролық қаруларды пайдаланудың харам екендігі туралы тарихи пәтуасында: "Біз бұл қаруларды пайдалануды харам деп атап, осы алапат апаттан адамзат баласын сақтауға талпыныс жасауды барша үшін міндет санаймыз",-деді.
Жаппай қырып-жою қаруларының халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген ең ауыр жаһандық қауіп-қатерлердің бірі саналатындығында күмән жоқ. Тарихи айғақтар көрсеткендей, химиялық, биологиялық және ядролық қаруларды пайдалану ең үлкен гуманитарлық апаттарды тудырды.
Ядролық қаруларды иеленетін елдер ядролық қарулары мен оқтұмсықтар жайлы ресми статистикалық мәлімет беруден бас тартып отыр. Бірақ соңғы есептеулер бойынша әлемде 23 мыңнан астам ядролық оқтұмсық бар. Соның шамамен 20 мыңы АҚШ пен Ресейдің қолында. Осы салада атқарылған халықаралық дипломатия БҰҰ-ның Бас ассамблеясы тарапынан бұған қатысты бірнеше қарардың қабылдануына себеп болды. Солардың ең маңыздысы – №1665 қарар.
БҰҰ Бас ассамблеясы бұл қарарда ядролық қарулардың таралмауын бақылау мақсатында барлық елдердің, әсіресе ядролық елдердің халықаралық қарарға қол қоюы қажеттігін қуаттамады. БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 1965 жылғы №2028 қарарда, сондай-ақ, 18 адамнан тұратын ядролық қарусыздану комитетінен ядролық қарулардың таралмау мәселесіне шұғыл түрде көңіл аударуды сұрады.
1970 жылы күшіне енген ядролық қаруларды таратуға тыйым салу туралы келісім ядролық қаруларға ие елдерден жаңа ядролық қаруларды жасаудан бас тартумен қоса, осы қаруларды басқа елдерге тасымалдаудан, өз жерінен басқа жерге орналастырудан, басқа елдермен ядролық қаруларды шығару бойынша әріптестік жасаудан бас тартуды талап етеді. Ядролық қарусыздану 50 жылға жуық уақыт бойы БҰҰ-ның басты мақсаты мен негізгі бағдары болғанымен, ядролық қаруға ие 9 елдің ешқайсысы, яғни АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Қытай, Франция, Үндістан, Пәкістан, Солтүстік Корея және Таяу Шығыс аймағындағы ядролық қаруға ие жалғыз режим Израиль осы келіссөздерге қатыспады. Солтүстік Атлантикалық шарт ұйымы НАТО-ға мүше елдердің көбі де бұған қатыспады.
Ядролық қарусыздану және қаруды бақылау жолындағы түйткілдер көрсеткендей, ядролық қарулар төңірегіндегі түсінікте әлі де шынайы өзгеріс болмады. АҚШ-тың ядролық қарусыздану және қаруды бақылау саласындағы бүлдіргі әрекеттері осы сөзіміздің дәлелі бола алады. Бұл елдің баллистикалық зымырандарды шектеу туралы хаттамадан шығуы, ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу хаттамасының бекітілуі мен ядролық қаруларға тыйым салу туралы жан-жақты хаттамаға қарсы болуы осы саясаттардың салдарлары болып отыр.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы осы ведомствоның сайтында жарияланған мәлімдемеде АҚШ-тың келісімді қолдамайтынын ашық айтты. АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Хизер Нойерт өзінің мәлімдемесінде: "Ядролық қаруларға тыйым салу туралы келісімге қатысты келіссөздер шілденің жетісі күні Нью-Йоркте аяқталды. АҚШ бұл келіссөздерге қатысқан жоқ және бұл келісімді қолдамады. Ядролық қаруы бар елдердің ешқайсысы аталмыш келіссөздерге қатысқан жоқ. Ұзақ мерзімге арналған ядролық тежегіш күшке арқа сүйеген АҚШ-тың одақтастарының ешқайсысы келісімнің қорытынды мәтінін қолдамады",-деп жазды.
ИИР жаппай қырып-жоятын қаруларға, соның ішінде ядролық қаруларға өзінің қорғаныс доктринасында орын жоқтығын сан рет мәлімдеген болатын. Сол негізде Иран халықаралық қауымдастықтың ядролық қарулардың таралуына тыйым салу туралы хаттамасына қатысты жұмыстарына қатысып, ядролық қаруларды толығымен жойып, қарусыздану үшін жасалып жатқан халықаралық талпыныстарды қолдап келеді. Мысал ретінде Иранның БҰҰ-ның жиналыстарына, әсіресе Бас ассамблеяның ядролық қарусыздануға қатысты жиналыстарына қатысуын айтуға болады.
Ислам елдерінің, әсіресе Таяу Шығыс аймағы елдерінің, соның ішінде ИИР-ның қадағалауымен 1995 жылы Таяу Шығыста ядролық қарудан ада аймақ құруды қуаттайтын қарар қайта қаралған конференцияда бекітілді. ИИР мұндай қаруларды шығару және қолдануды өзінің принципі мен наным-сеніміне қайшы, ақлаққа жат және антигуманистік әрекет деп санайды.
ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейни (р) өз сөзінде ядролық қаруларды иеленушілерді айыптап: "Егер олар атом бомбасын көп жасаса, әлем жойылу бағытына қарай жүріп, халықтарға көптеген зиян келуі мүмкін. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі барлық адамдар,соның ішінде жазушылар, ағартушылар, университет өкілдері, ойшылдар халықты атом бомбасының қатерінен хабардар етуі тиіс. Халық екі ядролық алпауытқа қарсы тұрып, ядролық қарулардың таралуына тосқауыл қоюы керек",-деді.
ИИР-ның ядролық қарудан ада Таяу Шығыс құру мақсатында ядролық қарулардың таралуына тыйым салу келісіміне мүше елдердің міндеттемелерін орындау туралы ұсынған қарары БҰҰ Бас ассамблеясының 66-шы саммитінде бекітілген тақырыптардың бірі болды. ИИР ұсынған қарар ядролық қаруларды иеленетін елдерден ашықтық және қалтқысыздық принципі негізінде халықаралық бақылау аясында өздерінің ядролық қарулары сақталынған қоймаларды толығымен жою үшін тиісті шаралар атқаруды жылдамдатуды сұрады.
ИИР бұл хаттаманы орындауда әрдайым екі маңызды принципті баса айтып келді: бірінші принцип – осы хаттамаларға мүше елдердің барлығы үшін бүкіл ережелердің ешбір кемсітушіліксіз орындалуы; ИИР-ның жаппай қырып-жою қарулары туралы конвенцияны дайындау және орындауда әрдайым баса айтып келе жатқан екінші принципі – даму үстіндегі елдердің әл-ауқатының жақсарып, дамуы үшін ядролық материалдар мен технологияны бейбіт мақсатта пайдалануға кедергі жасамау.
Бес жылда бір рет өткізілетін ядролық қарулардың таралуына тыйым салу хаттамасын қайта қарау конференцияларына қатысу және Қосылмау қозғалысына мүше елдерге ядролық қарусыздандыру мақсаттарын ілгерілетуге қолдау көрсету Иранның бар күш-қабілетін салып атқаратын шараларының қатарына жатады. Бұл талпыныстардың халықаралық деңгейде нәтижелері болды.
Иран осындай жиналыстарда жаңа тақырыптар көтеру арқылы бірінші рет ядролық қаруларды иеленетін елдер мен кейбір араб елдерінің хаттамаға берік еместігі сияқты тақырыптарды жұмыс кездесулері ретінде жиналыстарда тіркеді.
Бағдарламаның соңында ИИР-ның ядролық қаруларға принципті түрде қарсы және ядролық қарулардың таралуына тыйым салу хаттамасына мүше ел ретінде ядролық қарусыздануға қол жеткізу үшін халықаралық қауымдастықтың барлық тиісті шараларында, әсіресе хаттаманы қайта қарау конференциялары мен БҰҰ-ның органдары, соның ішінде ядролық қарусыздану мен халықаралық қауіпсіздікті бақылайтын бірінші комитет, БҰҰ Бас ассамблеясының ядролық қарусыздану комиссиясы, Женева ядролық қарусыздану конференциясында осы тақырыптың нығайып, ядролық қарулардың таралуына тыйым салу хаттамасының толығымен және қалтқысыз орындалуы үшін көп талпыныс жасады. Иранның Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас ассамблеясы саммитінде ядролық қаруларды жобалау, сынау, өндіру, сатып алу, иелену, жинау, тасымалдау, пайдалану мен қолданамыз деп қоқан-лоққы жасауға толығымен тыйым салатын жан-жақты келісімді қолдауы да осы негізде жасалды.