Адам контрабандасы – өркениетті АҚШ-та пайда болған құбылыс (4)
"Адам контрабандасы – өркениетті АҚШ-та пайда болған құбылыс" атты топтамамыздың соңғы төртінші бөлімін назарларыңызға ұсынамыз. Бүгінгі бағдарламамызда қазіргі әлемдегі ең күрделі қиындықтардың бірі, яғни адам контрабандасы және АҚШ-тың осы адам контрабандасы құбылысымен күресу саласындағы уәждерінің болмысы жайлы сөз қозғаймыз.
Адам контрабандасы атты құбылыс әлемнің түкпір-түкпіріндегі құқықтық орталықтар күресіп жатқан үлкен қиындықтардың бірі саналады.
Біраз уақыт бұрын БҰҰ-ның Есірткі заттары және қылмыспен күрес кеңсесінің әлемдегі адам саудасы мәселесіне қатысты жарияланған есебінде әлемде кем дегенде 152 мемлекеттің адам контрабандасындағы бастапқы ел, ал 124 мемлекеттің мақсат ел саналатындығы айтылды.
Саудаланған адамдар көбінесе қолайлы жалақысы бар жұмыс туралы жалған уәделерге алданып, құлдыққа түседі немесе ажалды теңіздер мен апатты шөлдерді басып өтіп келгенімен, соңында контрабандистердің тұзағына түскен мигранттар болып табылады.
Адам құқықтарын қорғауды баса айтатын АҚШ үкіметі жылына бұрынғы Кеңес үкіметі елдерінен 100 000 әйел мен қыздың, Шығыс Еуропадан 75 000 адамның, Африкадан 50 000 адамның заңсыз түрде саудаланып жатқанын растады. Латын Америкасы мен Кариб аралдарынан АҚШ-қа саудаланған адамдардың саны жылына 100 000 адамға жетіп отыр.
Адам контрабандасы құрбандарының 33 пайызы балалар. Бұл көрсеткіштің ішіндегі әрбір үш баланың екеуі қыз бала. Жалпы алғанда балалар мен әйелдер құрбандардың 70 пайызын құрайды. Адам саудасы құрбандарын қанау түрлері әртүрлі аймақтарда айырмашылықтарға ие. Мысалы, Еуропа мен АҚШ-та қанау көбінесе өзін-өзі сату арқылы көрініс табады.
БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) баяндамасына сәйкес, қожайындарының қоластында үй тұрмысында қызмет атқарып жүрген балалардың 90 пайызы қыз балалар саналады.
Біраз уақыт бұрын мысырлық Al Mesryoon газеті осы ұйымдардың бірі жайлы құпияларды әшкереледі. Осы газеттің хабарлауынша, 1981 жылдан бастап Мысырда филиалдары бар Plan атты бір америкалық ұйым жасы жетіге толмаған балаларды отбасыларынан 10 000 долларға сатып алып, АҚШ пен Еуропаға жіберумен айналысады.
Al Mesryoon газеті Мысырдың жергілікті ақпарат көздеріне сілтеме жасап, былай деп жазды: "Бұл ұйымның айналысатын саласы тұрмысы төмен адамдар тұратын аймақтардағы америкалық адам құқықтары мәселесі саналады. Алдымен тұрмысы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсетумен бастап, мақсатына қол жеткізгеннен кейін балалардың Еуропа мен АҚШ-тағы перзенті жоқ отбасыларда өмір сүріп оқуы туралы мәселені ұсынады".
Адам контрабандасының жалғасуы салдарынан жыл сайын қашу, адам ұрлау, ата-аналары тарапынан ұрлану, жоғалған балалар мен жалғыз өздері басқа жаққа қаңғырып кететін балаларды қамтитын шамамен 1 миллион бала адам құқықтарын қорғауды баса айтатын Еуроодақ елдері мен АҚШ-та іс-түссіз жоғалып жатады.
АҚШ-та адам контрабандасы қару-жарақ пен есірткі заттарының контрабасндасынан кейінгі үшінші табысты сауда түрі саналады. АҚШ-тағы ресми ұйымдардың зерттеулері жыл сайын кәмелеттік жасқа толмаған 100 000-нан астам қыз баланың АҚШ-та жыныстық құлдыққа сатылып жататынын көрсетті. Тіпті, АҚШ-тың астанасы Вашингтонның өзінде кейбіреулерінің жасы шамамен он үштегі жас қыздардың өздері жыныстық құлдыққа саудаланып жатады. Бірақ, БҰҰ тарапынан жарияланған статистикалық мәліметтер әлемде жыл сайын орын алып жатқан шамамен 3 миллион адам контрабандасы жайттарының жартысының ақырғы мақсаты АҚШ екенін және осы лас кәсіптің миллиардтаған долларлық табысының шамамен 50 пайызының америкалықтарға тиесілігі туралы осы мәселені растап отыр.
АҚШ-тағы адам контрабандасына қатысты жан түршіктірерлік статистикалық мәліметтер әйелдер мен балалардың АҚШ-та қандай жолдармен құлдыққа түсіп жатқанын көрсетіп отыр.
Адам құқықтары жөніндегі белсенділердің бірі: "Ирактан АҚШ пен басқа елдерге жүзеге асып жатқан балалар контрабандасы осы елде дұшпандықтың пайда болуының теріс салдарының бірі саналады. Контрабандистер тобы өте мықты айла және жасырын түрде кәсіби топтар шеңберінде Ирактағы кедей, тұрмысы нашар отбасыларды нысанаға алып, сол отбасыларға аздаған ақша төлеу арқылы балаларын сатып алып, Ирактан шетелдерге, соның ішінде АҚШ-қа жөнелтіп отырады. Бұл ел сырттай адам құқықтары мен балалардың құқықтарын қорғаушы болып көрінгенімен, бірақ шынайы ақиқат мүлдем басқа",- деді.
Courtney's House – адам контрабандасы немесе жыныстық саудаға түскен әйелдер мен қыздарға көмек көрсететін АҚШ-тағы коммерциялық емес ұйым. Осы ұйымның негізін қалаушы директоры Тина Франттың айтуынша, АҚШ-тағы адамдар балалар контрабандасына қатысты көптеген заң бар деп ойлайды. Шын мәнінде, бұл пікір шындыққа жанаспайды.
Сауданың бұл түрі АҚШ-та тың мәселе емес. Бұл кәсіпке 50 жылдан астам уақыт болды. АҚШ-тың мұндай тарихы оның адам контрабандасымен күрес саласында көш бастап келе жатқан ел екендігін дәлелдеп отыр.
Осы мәліметтер АҚШ-тың негізгі мақсатының адамның ар-ұжданын құрметтеу емес, өз мүдделеріне жету үшін әлемдік деңгейдегі кез-келген қаруды құрал ретінде пайдалану екенін көрсетіп отыр.
Russia Today ақпарат арнасы осы ақиқатқа сілтеме жасап: "АҚШ үнемі басқа мемлекеттерді қыздар мен балаларды жыныстық тұрғыдан пайдаланумен айыптап келеді. Бірақ, шынтуайтында, бұл жағдай АҚШ-тың өзінде мықты саясаткерлердің хабардарлығымен күніне бірнеше рет орын алып жатады",- деп мәлімдеді.
Роберт Мендес атты демократ сенатордың пікірінше, АҚШ-тың адам контрабандасына байланысты басқа елдердегі жағдай туралы осындай хабарламалар жариялаудағы мақсаты шындықтарды баяндау емес. Олар нақты саяси мақсаттарға негізделген.
Бұл сөздер ИИР-ның бірнеше жыл бұрын адам контрабандасымен күресуге байланысты бірқатар заң қабылдаған жағдайда айытылып отыр.
ИИР БҰҰ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстармен күрес жөніндегі конвенцияға (Палермо келісімі) қол қойған елдердің бірі ретінде қазіргі таңға дейін адам контрабандасымен күрес саласында заң шығару және заңды жүзеге асыру бойынша ауқымды іс-шараларды жүзеге асырды. Иранның адам контрабандасымен күрес саласындағы әрекеттері БҰҰ Есірткі заттары және қылмыстармен күрес жөніндегі кеңсесінің баяндамаларында расталып, көрсетілген.
Сонымен қатар Иран Италия, Грекия, Сауд Арабиясы, Герцеговина, Ауғанстан секілді мемлекеттермен ұйымдасқан қылмыстармен күрес, әсіресе адам контрабандасымен күрес жөніндегі көптеген қауіпсіздік жөніндегі келісімдерге қол қойған.
Иранның адам контрабандасымен күрес саласындағы әрекетсіздігі туралы уәждер Иранның қиындықтарға тап болуының алдын алу үшін көршілес елдерден, әсіресе Ауғанстаннан келген босқындарды ашық жүзбен қабылдаған жағдайда АҚШ тарапынан көтеріліп отыр.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи х.ш.ж.с.б. 1394 жылы ордибехешт айында, сәйкесінше 2015 жылдың мамыр айында: "Иранда өмір сүруге заңды рұқсатының бар-жоғына қарамастан, ауғандық барлық бала мемлекеттік мектептерге қабылдануы тиіс",- деді. Бұл сөз көптеген адамдар, әсіресе балалар кейбір Батыс елдерінде өздерінің бастапқы құқықтарынан мақұрым қалған жағдайда айтылды.
Шын мәнінде, егер қолдау таппаған жағдайда, адам контрабандашыларына тап болып жатқан адамдардың босқындығынан туындайтын мәселелердің негізгі ауыр жүгі адамгершілік және діни критерийлер негізінде адамдарды пайдалануға қарсы Иран секілді елдердің мойнына жүктеледі. Бірақ, АҚШ секілді мемлекеттер адамгершілік критерийлерге табандылықтары жайы тек сөз жүзінде айтқаннан басқа ешнәрсе істемейді. Бұл олардың іс-әрекеттері барлық мәселерге байланысты, соның ішінде адам контрабандасы мен адамдарды құлдыққа алуға қатысты қара әрі қылмысқа толы жағдайда орын алып жатыр.