Бальфур декларациясы жарияланғаннан 100 жыл өткеннен кейінгі Палестина тағдыры (2)
Палестина жері ислам әлемінің стратегиялық өзегі ретінде 70 жылға жуық сионистер тарапынан басып алынған. Оның бай тарихы Батыс елдері мен сионизмнің үстемшілдік саясаттары шеңберінде әртүрлі құралдарды, атап айтқанда бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы бірнеше рет бұрмаланды.
Озбыр сионистік режим мен халықаралық сионизм саясаткерлері тарапынан Бальфур декларациясы аясындағы ұлт құру жобасының жалған болуы Ислам революциясы жетекшісінің бұл жобаны әртүрлі жайттарға байланысты түрлі тұстардан бірнеше рет қарастырған тақырыбы саналады.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи х.ш.ж.с.б. 1372 жылы ордибехешт айының сегізі күні қажылықты ұйымдастырушылар мен оған жауапты тұлғаларды қабылдауында Палестинаның басып алыну тарихына көз жүгіртіп: "Палестина мәселесіне байланысты айтатыным, бұл мәселеде өте ащы жайт бар. Палестина жеріне қатысты мәселелердің барлығы ащы болғанымен әлемдік үгіт-насихатта Палестина басқыншылығы орын алып жатқан 45 жылдың ішінде, әсіресе соңғы 10-20 жылдың ішінде келіп Палестинаны басып алған еврейлер белгілі құқыққа ие. Езгі мен қыспаққа алынған мазлұм халық етіп көрсетуге талпыныс жасалған бұл жайт шын мәнінде жанымызға қатты батып отыр. Ресейлік сионистер мен еврейлер Палестинаға көшкісі келгенде оларды «Озбыр немесе жауыз. Олар Палестинаға баратындай ол жерден шыққан жоқ. Олардың әрқайсысы өз жерінде жері, мекені, үйі, байлығы, ақшасы мен өмірі бар Ресейден, Украинадан, Еуропа елдері мен АҚШ-тан шыққан еврейлер", деп ешкім айтпады. Бұл жағдайда олар бір палестиналықтың құқығын тартып алып, оның үйін иемденіп, байлығы мен жерін тартып, оны отбасы құру мүмкіндігінен айыру үшін Палестинаға барады. Бұл сөзді олар айтпады. Бұл 60-70 жылдан бері қазіргі таңға дейін жасалып келе жатқан іс, яғни Палестинаны ресми түрде басып алғаннан 25 жыл бұрын дәл осы әдісті пайдаланған еді. Олар алдымен Палестина жеріне басып кіргенде: "Біз Палестинаға мигрант алып келеміз", деп айтпады. Палестина халқы олардың жеріне келіп жатқандар қандай адамдар деп таңырқаған еді. Олар "Мамандар алып келеміз", деп өтірік айтқан еді",- деп айтты.
Ол кісі бұл салада көптеген құжаттарға сілтеме жасап: "60-70 жылдан кейін жарияланған Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігінің құжаттарында Палестинада жауапты тұлға болған бір британиялық офицер өз есебінде былай деп жазған: "Біз Палестина халқына Палестина жеріне келетін адамдар мамандар, инженерлер, дәрігерлер және т.с.с болып табылады. Олар сендердің елдеріңді абаттандыру үшін келді. Жерлеріңді абаттандырғанан кейін кетеді, деп айттық.
Бірақ біз бұл халыққа өтірік айтып жатырмыз. Олар әлемнің жер-жерінен ешқандай мамандық немесе өнер иесі емес еврейлерді жинап, Палестинаға алып келіп, оларға жер және барлық мүмкіндіктерді ұсынып жатты. Себебі, олар Палестинаның шынайы иелерін бұл елден қуып шығарғысы келеді. Олар зұлымдық жасауды қалайды. Олар зұлымдықты заңды әрі ресми түрде жүзеге асыруды қалайды",- деп жазған.
Исламдық Палестина елінің басым бөлігін сегізаяқ секілді басып алған Израиль атты жалған режим қатерлі ісік саналады. Ислам республикасының негізін қалаушы хазірет имам Хомейни (р) әртүрлі жайттарға байланысты ислам революциясы алауларының қалыптасуы басында болсын, одан кейін де болсын, үнемі Палестина мәселесі мен Құдсты басып алған жалған режимнің өмір сүруі және де осы режимнің ұлт құру үдерісін көтеріп, оның мұсылмандар мен мұсылман елдері үшін төнген қатерлері жайлы ескертіп келген.
Имам Хомейнидің (р) революциялық және азаттық идеясында Иран және Палестина халықтарының бостандығы ол кісінің жазбаша және ауызша еңбектері мен саяси күрестерінің басым бөлігі соған арналған екі негізгі объективті әрі негізгі қажеттілік болған.
Израиль бекітілген кезеңдер саналатын 1948-1967 ж.ж. аралығында орын алған соғыстарда Израиль ешкім оны жоя алмайды деп мәлімдеген болатын. Бірақ, Ислам революциясынан кейін басталған алғашқы интифаза орын алғанда сионистік режимнің заңдылық алу мен тұрақтану кезеңдері айтарлықтай қиындықтарға тап болды.
Имам Хомейнидің (р) сионизмнен үркіту мен Палестина халқына қолдау көрсетуінің шарықтау шегі Құдс күнін "Халықаралық үстемшілдікпен, қанаушылар мен сионизммен күрес күні" ретінде бекіту арқылы көрініс тапты.
Имам Хомейни (р) бастамашыл әрекетінде қасиетті рамазан айының соңғы жұмасын "Құдс күні" деп атады.
Имам Хомейни (р) сионизмді үлкен қатер деп атап, сионизмнің исламнан үркітуін отаршыл алып державалардың қолдауына ие бұл қозғалыстың ең айқын ерекшелігі деп атады.
Хазіреттің пікірінше, сионизм саяси, үстемшіл, діни емес және еврей қоғамынан тыс құбылыс саналады. Сол себепті имам Хомейни (р) сионистік режимнің болмысын әшкерелеу мақсатында Израиль мен сионизмге қарсылығын яхуди діні мен яхудилерге қарсылығынан бөлек деп атап, басқа діндерді құрметтейтінін айтқан.
Имам Хомейни (р) сионизмді АҚШ-тың үздіксіз қолдауына ие отаршылдық пен үстемшілдіктен туындаған өнім деп есептейді. Ол сионистердің Батыс елдерінің, әсіресе АҚШ-тың ең ірі қапиталистерімен байланысына тоқталып, Израильдің шыққан жері мен оның пайда болуының себебін баяндап: "Израиль Батыс және Шығыс елдерінің отаршыл үкіметтерінің келісім мен пікірлестігі нәтижесінде пайда болып, мұсылман халықтарын басып-жаныштап, оларды отарлау үшін құрылған. Ол бүгінде барша отаршылдар тарапынан қолдау тапқан. Ұлыбритания мен АҚШ Израильді әскери және саяси тұрғыдан күшейтіп, оған қатерлі қару-жарақтарды ұсыну арқылы оны арабтар мен мұсылмандарға қарсы басқыншылық жасауға итермелеп отырады. Палестина, Ливан мен Голан жоталарын басып алу және бейбітшілік пен ымырашылдық келісімдерін бекіту арқылы сионистердің басқыншылықтары аяқталмайды. Қайта керісінше олар үлкен Израиль құру мақсатында қадам басып, оның қатері бүкіл Таяу Шығыс пен мұсылман жерлеріне төнеді",- деп қуаттайды.
Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі сарапшы Хасан Риваран бұл жайында: "Сионистер кезінде яхудилер Палестина жерінде өмір сүрген деген пікірге негізделген жалған тарихи рауаят негізінде бұл жерді өздеріне тиесілі деп отыр. Егер бір халық кезінде белгілі бір жерде өмір сүрсе, онда сол жер мәңгі бақи оларға тиесілі деген пікір критерий саналатын болса, онда біз ирандықтар кезінде Грекия мен Мысырда өмір сүрдік және басқа да көптеген жерлерді мекендедік деп айтуымыз керек. Егер бүгінгі таңда баршаның пікірінше күмәнді саналатын тарихи уәждерді негізге алған болсақ, әлемді бейберекеттік жайлаған болар еді. Сондықтан, сионистердің осының негізінде заңыдылықтарын көтеріп жатқан мәселелердің барлығы заңсыз саналады",- деді.
Шындығына келсек, сионистік режимнің пайда болуының себептерін Бальфур декларациясының астарлы тұстарынан іздеген жөн. Израиль Батыстың отаршыл алып державалары үшін осы географиялық және стратегиялық аймақта белгілі бір рөл атқаруы үшін құрылды және бұл істі Ұлыбритания жүзеге асырды. Сионистік режим араб және мұсылман әлемінің бірігуінің алдын алу үшін құрылған. Сионистік режим ислам әлемінің қақ ортасында өмір сүретін болса, бірлікке қол жеткізу мүмкін емес.