Бальфур декларациясы жарияланғаннан 100 жылдан кейінгі Палестинаның тағдыры (1)
Палестинаның тарихын қалай қарастыруға болады? Палестина халқының тағдыры тарихтың қай жерінде басталды және онда қандай ойыншылар рөл атқарды? Палестина тарихында Бальфур декларациясы қандай рөл атқарады және бұл оқиғаға қатысты қандай көзқарас ұстаған жөн? Бұл оқиғаның салдары қаншалықты әсерлі болды және Палестина халқының тағдыры бұл декларацияда қалай жасырын қалды?
1917 жылы сол кездегі Ұлыбритания үкіметінде міндеттеме ретінде осы ел тарапынан бекітілген Бальфур декларациясында: "Палестинада еврей үкіметін құру қажет. Сондықтан Ұлыбритания осы тарихи тапсырманы орындаға міндетті",- деп жазылды.
2017 жылы декларацияға жүз жыл болды. Бүгінгі бағдарламамыздың барысында назарларыңызға осы декларацияның ашық және жасырын мақсаттары мен себептеріне қатысты сараптама мен зерттеуімізді ұсынамыз.
Бальфур декларациясы – Ұлыбритания үкіметі 1917 жылы бекіткен әйгілі декларация. Бұл декларацияда Ұлыбритания үкіметі Палестина жерінде еврейлер үшін ұлттық отан құру туралы еврейлік армандарға тілектестік білдірді. Декларация хат түрінде жазылған. Бұл хатты лорд Бальфур 1917 жылы қарашаның екісі күні сионистік қозғалыстың сол кездегі басшыларының бірі лорд Ротшильдке жолдаған. Хаттың мазмұны төмендегідей:
"Құрметті лорд Ротшильд!
Министрлер кабинетіне ұсынылып, Ұлы мәртебелінің үкіметі (Ұлыбритания үкіметі) тарапынан еврейлердің талап-тілектері мен армандарына пікірлестік білдіргеніме өте қуаныштымын. Ұлы мәртебелінің үкіметі еврейлер үшін Палестинада ұлттық отан құруды бар ынтасымен қадағалап, оның құрылуы үшін қажет жағдайларды жасауға бар күшін салады. Бірақ, Палестинада мекен ететін еврейден өзге ұлт өкілдері азаматтық құқықтарына немесе басқа елдердегі еврейлердің құқықтары мен құқықтық жағдайына қайшы келетін немесе зиян келтіретін істің ешқашан жүзеге аспауы керектігін анық білген жөн.
Осы декларацияны сионистік одаққа жектісеңіз, сізге деген алғысым шексіз болмақ".
Бұл мәтінде еврей халқы үшін ұлттық отан құру ынтасымен Палестина жерін басып алу ресми түрде мойындалуы үшін бір ұранның астарында шынайы мақсат, соның ішінде қаналған босқындар ретінде емес, саяси отарлау мақсатын жүзеге асырудың негізгі мақсаты жасырынған еді.
Осылайша Ұлыбританияның сол кездегі Сыртқы істер министрі Артур Бальфур 1917 жылы қарашаның екісі күні тарихта "Бальфур декларациясы" деген атпен танымал болған декларацияны жариялау арқылы Палестинада еврейлер үшін мемлекет құру идеясын қолдады. Ол кезеңде Палестина әлі Осман империясының отары саналатын.
Ұлыбританияның он тоғызыншы ғасырдағы премьер-министрлерінің бірі сэр Генри Кэмпбелл-Баннерман Таяу Шығыстың маңызы мен Ұлыбританияның сол аймақтағы орнын түсіндіруде былай деді: "Әлемде стратегиялық су жолдарының ең маңыздылары өтетін жерлер бар. Егер олардың әрқайсысы қысқа мерзімге жабылатын болса, әлемнің экономикасы бейберекеттікке тап болады. Сонымен қатар, әлемнің бұл стратегиялық аймағында әлемнің экономикасы соған толығымен тәуелді жерасты пайдалы қазбаларының ең бай қоры шоғырланған. Осындай ерекшеліктерге ие бұл аймақты көбінесе діні мен сенімі бір мұсылман халықтары мекендейді. Егер біз өзіміздің әлемдегі үстемдігімізді жалғастырғымыз келсе, онда міндетті түрде осы аймақта өз ізімізді қалдыруымыз қажет".
Бұл көзқарас сионизмнің пайда болуының негізгі себебі еврейлер бұл жерге келу үшін әлемнің жер-жерінде бір үкімет құруды қажет ететіні туралы уәжден толық айырмашылығы бар екендігін көрсетеді.
Ұлыбританиялықтар шын мәнінде Бальфур декларациясы бекітілгенге дейін Сайкс-Пико келісіміне сәйкес Палестинаны өз отарына айналдырған болатын. Олар одан кейінгі жылдарда Бальфур декларациясын жүзеге асыру арқылы Палестинаның халықтық құрамын бұзуға талпыныс жасады. БҰҰ Палестина жерінде еврей үкіметін құру жоспарын бекіткен 1917-1947 жылдары әлемнің түкпір-түкпірінен жүз мыңдаған еврей Палестинаға ағылып жатты.
Алайда тарихшылардың арасында Бальфурдың өзінің осындай ұстанымында еврейлердің бастан өткізген азаптаулары мен қанауына қатысты жанашырлық сезім танытып, христиан өркениеті еврейлер үшін қызмет ететін уақыты келіп жеткенін көрсетті деген теория бар. Алайда, тарих Бальфурдың еврей ұлтына қарсы өшпенділік танытатынын көрсетті. Ол 1903-1905 ж.ж. Ұлыбританияның премьер-министрі болған кезде Ұлыбритания халқына ұқсас болуды қабылдамаған мигрант еврейлерді өткір сынға алып, өз елі ұшырауы мүмкін ықтималды қиындықтардан қорқып, еврейлердің көшіп келуін шектейтін заңдар қабылдады. Бальфур декларациясы шын мәнінде Бальфурдің өміріндегі ең шарықтаған кезең саналады. Бальфур декларациясын жарияланғаннан кейін жеті айдан соң генерал Алленби қолбасшылық еткен Ұлыбритания күштерінің Осман империясы күштерімен шайқасында Ұлыбритания Палестина жерін басып алды. Генерал Алленбидің Палестинадағы әскери амалдары Бальфур декларациясын жүзеге асыру аясында іске асып, іс жүзінде Ұлыбритания Палестинада әскери билігін орнатты. Бұл оқиға британиялықтар мен еврей капиталистерінің көмегімен әлем еврейлерінің Палестинаға біртіндеп көшуіне негіз қалады. 1922 жылы Бальфур декларациясы еврей үкіметін құруға қатысты тарауды алып тастау арқылы Ұлттар Лигасында қабылданды. Осыдан кейін сионистердің барлық талпынысы әлемнің жер-жеріндегі еврей мигранттарды Палестинаға тартуға бағытталды.
Сионистік режим шындығында Бальфур декларациясымен бастау алған шетелдік жоспарлау нәтижесінде туындаған қастандық әрекеттің өнімі саналады. 1897 жылы Швейцарияның Базель қаласында отырыс өткізгеннен бастап Бальфурдың 1917 жылы берген уәдесіне дейін сионистер бағыттарын жоғалтып, қайда барарларын білмеген еді. Уганда, Аргентина немесе тағы басқа жер... Бұл жай бір арман, қиял болғанымен, Бальфурдың уәдесімен ол бір жобаға айналды. Бұл отаршыл ұлыбританиялықтардың жоспарынсыз жүзеге аспайтын жоба еді.
Бальфур декларациясының арқасында сионистік режим өз тарихын құрып: "Біз Ұлыбританияның отары болдық, бірақ Ұлыбританияның артқа шегінуімен өз тағдырын анықтау құқығы негізінде өз алдымызға бөлек өмір сүретінімізді жариялаймыз" деп мәлімдеді. Бұл тарихи шындықтарды ашық түрде бұрмалау саналады. Себебі, халықтың құрамын, географиялық жағдайлары мен әртүрлі әлеуметтік мәселелерді өзгертуде негізгі рөл атқарған Палестинаны басып алып, оны өз протекторатына алмай, бұл тарихи өзгерісті жүзеге асыру мүмкін емес еді. Себебі, еврейлердің тамыры Палестинадан шықпаған және басып алынған жерлерде еврей халқы деген ұғым мүлдем жоқ. Шын мәнінде, сионистік ұйымдарға қаржы салу арқылы мигрант еврейлер әртүрлі елдерден көшіп келген.
Ұлыбританияның он тоғызыншы ғасырдағы премьер-министрі сэр Генри Кэмбпелл-Баннерман: "Егер біз әлемдегі үстемдігімізді жалғастырғымыз келсе, Азияның батысы аймағында міндетті түрде өз ізімізді қалдыруымыз қажет",- деп айтқан.
Палестина халқының тағдыры тарих бетінде сақталған қастандық әрекеттерден қалған ескі жара екені күмәнсіз. Бағдарламамыздың екінші бөлімінде осы тақырыппен тереңірек таныстырамыз.