Ұлық пайғамбардың дүние салған күніне арналған бағдарлама
(last modified Thu, 16 Nov 2017 19:14:14 GMT )
Қар 17, 2017 01:14 Asia/Almaty
  • Ұлық пайғамбардың дүние салған күніне арналған бағдарлама

Сафар айының 28-ші жұлдызы – 63 жылдан артық өмір сүрмегенімен, барлық замандардағы адамдарға дұрыс өмір сүруді үйреткен адамзат тарихының қасиетті әрі ұлы тұлғасының дүниеден озған күннің жылдығы.

Бүгін – 63 жылдан артық өмір сүрмегенімен, барлық замандардағы адамдарға дұрыс өмір сүруді үйреткен адамзат тарихының қасиетті әрі ұлы тұлғасының дүниеден озған күннің жылдығы. Ол бұл дүниеге адамзаттың мойынындағы ауыртпалықтарды алып тастау үшін келген болатын. ("Ағраф" сүресі 157-ші аят). Ол өзінің келуімен тәухидтің әтірін таратып, жүректерді хабардар етіп, адамдарды оятты. Ол да басқа илаһи пайғамбарлар сынды бірлік жолдауын баяндап, адамды дүниеқұмарлық, надандық, өзіне табыну мен кекшілдіктен құтқарып, махаббат пен бауырмалдық, жанкештілік пен рухани өмір сүруге шақыру үшін келді. Көп ұзамай халық өздері үйренген наным-сенімдері мен тайпаларына тәуелді болуды,  ырымшылдықтарды  бұл ұлы тұлғаның жүзі мен амалдарынан көрмеді, керісінше, хазіреттің жүзінен жаратылған әлемнің шындықтары мен илаһи білімдер бұлағының сарқырауын байқады.

Ол – Мұхаммад бен Абдолла (с.ғ.с.). Ол – соңғы илаһи пайғамбар. Құранның айтуынша, ол – әлемдіктер үшін жіберілген рақым. Сафар айының 28-ші жұлдызында осы хабардың таралуымен Мединеде жылау мен жоқтау үні естілді. Исламның ұлық пайғамбары бұл дүниеден озып, халықты уайым-қайғыға батырды. Хазірет өзінен кейін кең тарап келе жатқан, баршаны қызықтыратын дінді қалдырды. Хазіреттің есімі мен жолы әлемде ұмытылмады. Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның дүниеден озған күнінің жылдығы әлемнің бүкіл халқына илаһи рақым болған жоғары мәртебелі тұлғаны еске салады. Алла Тағала мен періштелері әрқашан хазіретке сәлем мен салауат айтқандай, біз де Алла елшісінің өзі мен пәк әулетіне сәлем мен салауат жолдаймыз!

Көптеген ғасырлардан кейін ойшылдар мен ғалымдар хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның дана шариғаты және құндылықтарымен әлемді өзгерткенін мойындады. Барлық пайғамбарлар мен барлық адамдардан артық болған қасиетті соңғы пайғамбардың  мақсаты адамдарды аяқ-қолдарын кісендеген шынжырлардан босату болды. Германиялық танымал исламтанушы Мария Шимельден мұсылмансыз ба деп сұраған кезде ол: "Білмеймін, тек пайғамбар мен бұл қаланың (Мәдиненің) иесін құрметтеймін деп айта аламын. Адамзаттың рухын өзгерту саласындағы Исламның ұлық пайғамбарының рөлі белгілі. Пайғамбар адамның денесін емес, психикасын жандандырды. Хазірет адамдарды надандықтан құтқарып, әмбебап етті. Хазірет көз бен құлақты және білім мен ақылды дұрыс пайдалануды баршаға үйретті. Сондай-ақ, Жаратшуы тарапынан адамдарға күн мен айды, аспан мен жерді бақытты болуы үшін пайдалана алатын жолдауды жеткізді. Сондықтан мұндай ұлы тұлғаны мадақтау әрбір адамды бақытқа жеткізеді",- деп жазды. Алла елшісі Ислам діні тағылымдарының аясында және өзінің діни басшылығы мен ахлағының арқасында сол кездегі жағымсыз жағдайды жақсартып, хазірет Әли (ғ.с.) сынды тарихтың ең жақсы адамдарын тәрбиеледі. Негізінде имам Әлиді (ғ.с.) Исламның ұлық пайғамбарының беғсатында тәрбиеленген мұғжиза деп атауға болады. Алла елшісі келіп, Алланың толық шариғатымен танысқан қоғамға исламды Алла дінінің ресми атауы ретінде жариялағанша, илаһи пайғамбарлардың әрқайсысы адами қоғамның дамуы мен адамның қоғамдық бірлік болуына қатысты діни заң мен шариғатты баяндады. Алла елшісі Исламның жолдауымен келіп, адамдардың алдында бұл дүниеден жоғары дүниеге сүйіспеншілік білдіруге мүмкіндік беретін жолдарды ашты. Тарих бойында билікқұмарлар адамды тәрбиелейтін бұл мектепті құрту үшін көп әрекет жасады. Бірақ илаһи сүннеттердің табиғи ағымы бойынша, Ислам діні әлемнің түкпір-түкпіріне таралып, исламдық болмыс пен қозғалысқа және  оянуға себеп болды.

Германиялық шығыстанушы "Алланың аяттарын түсіндіру" кітабында: "Негізінде, Ислам бір үй сынды. Ол – мықты тастардан қаланып, әдемі салынған мықты шығыс үй. Біз бір қарағанда  өте қарапайым көрінетін бұл ғимараттың сәулетіне таңғаламыз. Үлкен ғимараттың ішіне кірген кезде жаннат бақтарына ұқсайтын үлкен бақтарды көреміз. Бұл жерде сарқыраған бұлақтар жолдан шаршап келген жолаушыға жаңа дем беріп, көңілін көтереді",- деп жазды. Алла елшісі бұл үлкен ғимаратты көтеру үшін халықтың рухы мен ақылын  әрі ойлану қабілетін ең маңызды негіз ретінде қалыптастырды. Хазіреттің ең бірінші жолдауларында ғылым мен діннің маңыздылығына  ерекше назар аударылды. Пайғамбар адамдарды ойлану арқылы  Аллаға құлшылық етуге шақырды. Сонымен бірге тұтқындарды азат еткендері үшін мұсылмандарды сауаттандырды. Имам Әли (ғ.с.): "Пайғамбар соның арқасында іздеген адам хабардар болыпп, білімнің нұрын табатын жалынды тұтандырды. Ол адасқандардың алдында күн сияқты жарқырап, күмәнге ұрынған және адасқан жүректерді  дұрыс жолға нұсқады",- деп айтқан болатын.

Бүгінде біз надандықтың жаңа түрі үлкен көлемде таралған дүниеде өмір сүріп жатырмыз. Бұл жаңа надандық ақпарат құралдары мен жаңа технологияларды пайдаланып, әлсіз елдердің байлық қорларын талан-таражға салып, әлемге билеп-төстеу саясатын қабылдатпақ. Батыстағы рухани дағдарыс шынайы дағдарыс. Сондықтан, әлем  бұл дағдарыстан кейін илаһи пайғамбарлардың, әсіресе исламның ұлық пайғамбарының тағылымдарын іздейтін болады. Әлем қазіргі таңда жаңа, яғни әділет орнатып,  біздің дүниемізге тыныштық пен қауіпсіздікті    қайтаратын ең жақсы жобаны қажет етіп отыр. Ойшылдар Исламның шынайы негіздерін көрсетіп, оның тағылымдарын іске асыру қажет деп санайды. Өйткені, Ислам дінінің тағылымдары адамның ішкі болмысына сай келеді. Алайда, Батыс әлемі халықтың Исламға бет бұруынан қорқып, бұл дінді теріс көрсетіп, адамдардың Исламға қарай бет бұруына тыйым салуға әрекет жасауда. Бірақ пайғамбар қалыптастырған және пәк имамдар жалғастырған мейірімділік, әділет, жомарттық пен басқалардың құқықтарын құрметтеу және достық  әрқашан адамзат мадақтаған әрі адамдардың қажеттілігі саналатын мәңгілік факторлар болып табылады.

Бұл жолға түсу барлық нәрседен бұрын жолаушыларының бірлігін талап етеді. Бүгінде ислам әлемінің ғалымдары мен басшыларының мықты бірлігі барлық діндер мен барлық мазхабтарды жинап, олардың көздерін ашып, пайғамбар (с.ғ.с.) дінінің шындықтарын көрсете алады. Исламның ұлық пайғамбарының өзі ислам үмбетін біріктіретін фактордың бірі болып, ислам үмбетін біріктіруге талпынып, нәсілшілдік пен ұлтшылдықты теріске шығарып, кемсітушіліктерді жойды. Алла елшісінің таухидке шақырып, мұсылмандар арасында бауырлық байланыс орнатуы надандық құндылықтар мен кемсітушіліктердің негіздерін шайқап, әртүрлі халықтар мен әртүрлі ұлттардың жаңа дінге бұрылуына себеп болды. Хазірет Зейд бен Харес сынды адамдарды Ислам әскерінің қолбасшысы, қара нәсілді Билал Хабашиды өзінің арнайы азаншысы сайлап,  ирандық Салман Фарсиды мадақтады. Сөйтіп, кемсітушіліктер мен қоғамдық қателіктермен күресіп, бірте-бірте жаңа құндылықтарды таратты. Исламның ұлық пайғамбарының теңдік пен әділетті сақтауы исламдық бірліктің нығаюына көп әсерін тигізді. Сарапшылар қайшылықтарды шешіп, жақсы адамдарды қызықтыратын Алла елшісінің халықпен қарым-қатынас орнату тәсілін үмбеттің бірлігінің ең маңызды факторларының бірі деп санайды.  Барлық мұсылмандар исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның жақтастары екендігін мақтан тұтады. Сондықтан пайғамбардың ислам үмбеті арасындағы қайшылықтар туралы алаңдаушылықтарын түсіну керек. Мұсылмандар пайғамбар, Құран және дін сынды ортақ мәселелерге сүйеніп, бірге жиналып, ғиззат пен абыройды қайтаруы керек. Әлемдік ұстаным ақыл мен қисынға сүйенген өркениетаралық және дінаралық келіссөздерге бет бұрып, мұсылмандар әлемнің түкпір-түкпіріндегі ғылыми, зерттеу және білім орталықтарына ағылды. Уақыт өте келе көптеген адамдар Исламға қосылады. Солар арқылы Исламның адамды тәрбиелейтін жолдауы әлем халықтарына жетеді. Спутниктік арналар, ғаламтор мен виртуалды желілердің адамдардың өміріне енуі ислам мен пайғамбар әулеті мектебінің күнделікті өмірге әсерін тигізуге көмектеседі. Өйткені адамдардың көбі аталмыш құралдар арқылы Исламның шындығын және бұл шындықтың ДАИШ пен басқа тәкфиршілердің сөздерінен басқа екенін түсінеді. Иран Ислам революциясының жетекшісі  бұл салада: «Біз Алла елшісі өмірінің ең қиын кезеңінде сүйенген заңдар бойынша алға ілгерілей аламыз. Ол Алла мен илаһи заңдарға сүйеніп сөзін айтып, қадам басты.  Біз де дәл осы заңдарға сүйеніп, қадам баса аламыз. Ол тарихты өзгерте алды. Дүние  оның ахкамы мен жүйесінің ықпалына түсті. Біз де осы жолға түсуді мақсат етудеміз және оған түсе аламыз»,- деді.

Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның дүниеден озған  және хазіреттің «жаннат жастарының басшысы» деп атаған немересі имам Хасан Моджтаба (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығына орай әлемнің барша мұсылмандарына көңіл айтамыз!