АҚШ-тың саяси жағдайын өзгерткен сайлаудан кейінгі бір жыл
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i32359-АҚШ_тың_саяси_жағдайын_өзгерткен_сайлаудан_кейінгі_бір_жыл
2016-ші жылдың қараша айының 8 күні барлық саулнамалардың нәтижелеріне керісінше республикашылардың үміткері АҚШ-тың 45-ші президенті ретінде таныстырылды. Ол сайлауда халықтың көп даусына ие болмағанымен, электораттың қажет дауысына ие болып, өзінің бәсекелесі демократшылдардың үміткері Хиллари Клинтонды сәтсіздікке ұшыратты
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 21, 2017 15:14 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың саяси жағдайын өзгерткен сайлаудан кейінгі бір жыл

2016-ші жылдың қараша айының 8 күні барлық саулнамалардың нәтижелеріне керісінше республикашылардың үміткері АҚШ-тың 45-ші президенті ретінде таныстырылды. Ол сайлауда халықтың көп даусына ие болмағанымен, электораттың қажет дауысына ие болып, өзінің бәсекелесі демократшылдардың үміткері Хиллари Клинтонды сәтсіздікке ұшыратты

Негізінде АҚШ-тың 2016 жылғы сайлауында жеңген және жеңілген үміткерлерден бөлек бұл елдің жүзін өзгерткен басқа жеңгендер мен жеңілгендер болды. АҚШ-тың «ғасыр сайлауы» деп танымал болған бұл жолғы сайлауында саясаттан оқшауланғандар мен жүйені бұзушылар жеңіске жетіп, қалыптасқан жүйенің қорғаушылары сәтсіздікке ұшырады. Басқаша айтқанда, 2016 жылғы АҚШ сайлауы оқшауланғандардың орталықты, белгісіз тәртіптің қалыптасқан тәртіпті жеңуі болды. Алайда, сайлаудың нәтижесі неліктен мұндай болды?

АҚШ-тың 2016 жылғы президент сайлауының мұндай нәтижеге жетуіне шамамен 10 жыл бұрын, яғни 2007-2008 ж.ж. қаржы дағдарысы кезінде жағдай жасала басталды. Оған дейін АҚШ-тың саяси, экономикалық және қоғамдық өмірі өзінің қалыптасқан жолымен жалғастыр. Күнделікті қызмет нарығында белсенді жұмыс жасап, АҚШ халқы өз тұрмысына риза болды. Жұмыс іздегендерге жұмыс орындары ұсынылып, қоғамның кедейлеріне көмек көрсететін үкіметтік бағдарламалар қарастырылған болатын. Алайда сол жылдары лаңкестік әрекеттің қайталануы мен Ирак соғысының теріс салдарларына қатысты алаңдаушылықтар байқалды. Бірақ, экономикалық және күнделікті тұрмыс мәселелерімен салыстырғанда бұл мәселелер шетте қалған еді.  Мұндай  ойламаған жағдайда АҚШ тұрғын үй нарығының «көпіршіктері» жарылып, Америка мен әлемнің экономикасын тоқырауға ұшыратты. Көп ұзамай Уолл стрит қаржы алыптары сәтсіздіктерге ұшырап, тұрғын үй секторына инвестиция салған сенімді банктер банкротқа ұшырағандарын жариялады. Тұрғын үй саласында  жұмыс істейтін қаржы ұйымдарының банкротқа ұшырауымен тұрғын үйлерді басып алу толқыны көтеріліп, үш миллион америкалық азаматты үйсіз қалдырды. Нарықтағы инвестиция ағымы, АҚШ-тағы экономиканың «дөңгелегі» тоқтап, барлық экономикалық бөлімдерді тоқырауға ұшыратты. Жүздеген мың америкалық бұл дағдарыста жұмыстарынан айрылып, миллиондаған америкалықтың зейнеткерліктері үшін жинаған қаржылары жұмсалып кетті. 1929 жылғы үлкен тоқыраудан кейін орын алған бұл ең үлкен экономикалық дағдарыс көптеген америкалықты кедейшіліктің шегіне жеткізді. Бұл елдің үкіметі экономиканы сақтап қалу үшін салық төлеушілердің жүздеген миллиард долларларын нарыққа құйды. Сондай-ақ, қоғамдық қарыздар артып, тұрмыс  бағдарламаларының бюджетін төмендету саясаты жүргізілді. Бұл дағдарыста америкалық байлар одан сайын байып, кедейлері одан сайын кедейлене түсті. Кейбір шаралар қолданылып, үкімет араласып,  экономикалық тоқырау екі жылдан кейін басылғанымен, бұл кезең АҚШ-тың саяси және қоғамдық негіздерін теңселтті. Қаржы мен жұмыс орындарынан айрылып, ашуланған халық АҚШ-тағы қаржы олигархия жүйесіне қарсы көтерілді. Бұл теңсіздік пен бұзақылыққа қарсы наразылық АҚШ-тың капиталистік жүрегі – Уолл стриттан басталды. Наразылар «Уолл стритті басып алуды» өз қозғалыстарының негіздері етіп, капитализмге қарсы соғысқа шықты. Бұл қозғалыс қысқа уақытта АҚШ-тың түкпір-түкпіріне таралып, елдің шекараларынан шықты. Бұл қозғалыста АҚШ қоғамы  «бір пайыздық» және «99 пайыздық» деп аталған екі топқа бөлінді. «Бір пайыздық топ»  қоғам байлығының 80 пайыздан артығына ие болған  байлар отбасылары және «99 пайыздық топ» қоғам байлығының тек 20 пайызына ие топ болды. Өзінің революцияшыл ұстанымдарымен капиталистік жүйені билеген саяси және экономикалық әділетсіз қарым-қатынастарды тоқтатқысы келген «Уолл стритті басып алу» қозғалысы жылдамдықпен қалыптасқан бағдарын өзгертіп, соңында қалыптасқан жүйеде араласып кетті. Өзгеріс енгізу міндеті демократтар үкіметі Барак Обаманың мойнына жүктелген болатын. Ол қоғамдық талаптарға жауап беріп, қоғамдық ызаны басу үшін «Уолл стритте» іске асырып, экономикалық дағдарыстан зардап шеккендерге көмектесуге асықты. Сөйтіп, банкротқа ұшыраған компанияға үкіметтік қаржы бөлу, жұмыссыздық сақтандырысын арттыру, азық-түлік купондарын тарату және емді жеңілдететін «Обамакер» деп аталған  сақтандыру заңын іске асыру сынды шаралар қолданды. Бұл әрекеттерді кедей тап пен экономикалық дағдарыстан зардап шеккендер қолдағанымен, басқа қиындық тудырды. Қиындыққа оңшылдардың «АҚШ қоғамы социализмге бет бұрды» деп қарсы бүлік көтеруі жатады. Аталмыш бүлік 2016 жылғы сайлауда «трампизм» түрінде өз толқынына жетті. АҚШ-тағы наразылықтар толқынында 2016 жылы президент сайлауы өтті. Сайлауда танымал әрі тәжірибелі саясаткерлер бірінен соң бірі Дональд Трамптан жеңіліп, бәсекеден кетті. Алайда Трамп та АҚШ-тың қаржы олигархиясы мен саяси элитасынан бөлек адам болмады. Қалай болғанда да ойын-сауық индустриясының табысты кәсіпкері және ақпарат құралдарындағы танымал адам халықтың талап-тілектерін нақты танып, күнделікті нарыққа америкалық сайлаушылар біраздан күткен жаңа тауарды ұсынды. Жүйені бұзушы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы үміткер Трамп болды. Ол Вашингтон саясаткерлерінің ескірген сөздерінен шаршап, наразылық білдіруші халық естуді армандаған жұмыс орындарын ашу, салықты азайту, үлкен компанияларға АҚШ-тан кетуге рұқсат етпеу, сыбайлас жемқорлықпен күресу, заңсыз мигранттарды Америкадан шығару, мұсылмандарды елге енгізбеу, елдің сыртындағы нәтижесіз соғыстарды тоқтату, ДАИШ лаңкестерін жою, Американың құрметін қайтару сияқты сөздерді айтты. Басқаша айтқанда, Трамптың сайлау компаниясының негізгі  ұраны «АҚШ-ты қайтадан айбынды етеміз» деген ұран болды. Осы бір сөйлем наразы адамдардың, жұмыссыздардың, саясаттан шетте қалғандар мен ауылдағылардың көбінің бұл мәселелерді шешу үшін қарапайым жол ұсынған Трампқа дауыс беруіне себеп болды. 2016 жылдың қараша айының 8 күнгі сайлаудың жеңімпазы америкалық сайлаушылардың көпшілігі сайлаған адам болмады. АҚШ-тың күрделі сайлау жүйесінде  президенттік сайлаудың жеңімпазы халықтың көпшілік даусы арқылы анықталмайды. 548 электорат дауысының 270-не ие болу сайлаудың нәтижесін анықтайды. Саяси және мемлекетті басқару тәжірибесінен кенде Дональд Трамп Ақ үйге наразы штаттар мен 2007-2008 жылдардағы экономикалық дағдарыстан зардап шеккен өнеркәсіптік штаттардың    сайлаушыларының көмегімен жеңіске жетті. Темір, металл және көлік шығару өнеркәсібінің орталығы болған бұл штаттар басында әлемдік үдеріс салдарынан соққы көріп, майданды АҚШ-тың ІТ индустриясының жүрегі саналатын силикондық технологияларға тапсырып, соңында дағдарыс салдарынан банкротқа ұшырады. Бұл штаттар көк жағалы ақ нәсілді жұмыскерлердің жиындарымен кезігіп, бірнеше онжылдық бойы демократтардың кемсітушіліктерімен бетпе-бет келгендіктен Трампқа дауыс берді. Сөйтіп, көптеген сауалнамаларға қарамастан республикашыл партия басшыларынан құрылған саяси элита Дональд Трамп басқарған өзгеріс енгізуді талап ететін толқынды қолдап, саяси ұтылыстарын қабылдады. Бірақ саяси ұтылыс еш уақытта көрнекті тұлғалардың халықтың алдындағы жеңілгенін білдірмейді. 2016 жылғы сайлау кезінде халықтың көнекөз саясаткерлерге қарсы көтерілуі сайлаудың нәтижесін өзгертіп, үкімет басына Дональд Трамптың келуімен басылды. Ол элитамен соғысып, елдегі сыбайлас жемқорлықтың тамырын жоймақ болды. Бірақ, ол жүйенің бір мүшесіне айналып, жүйеге қарсы Стефан Бенан сынды қаһармандардың шығарылуына үнсіздік танытты.  Бүгінде АҚШ-тың наразыларының жүрегіне үміт нұрын сыйлаған сайлаудан бір жыл өтті. Бұл бір жылда  елдің жағдайы бұрынғыдан өзгермеді. Трамп үкіметі «бір пайыздық топ» ретінде танымал болған Уолл стрит байларының біріне айналды. Емделудің бағасын арзандататын «Обамакер» сақтандыру жобасы мұрағатқа тапсырылып, Трамп уәде берген экономикалық даму іске асырылмады. Өткен жылғы президент сайлауының нәтижесінен Американың қоғамы екі бөлініп, жаңа дағдарыстармен бетпе-бет келіп отыр. Бір жақтан демократиялық дәстүрлерге зардап келтіріп отырған экстремистік оңшыл ағымдардың пайда болуымен күресу, басқа жақтан бұл мәселенің алдын алу Дональд Трамп үшін ең маңызды саяси міндет саналады. Трамптың саяси келешегі оның сиқырлы ыдыстан сыртқа шығарған алыпты қайтадан орнына қайтару күшіне байланысты.