"Салманизм" дәуірінде Саад әл-Харири үшін жазылған нұсқаулық
Ливан премьер-министрі Саад әл-Харири қарашаның төрті күні тосын әрекет жасап, өз қызметінен кетті. Саад әл-Харири қызметінен кететіні туралы Сауд Арабиясының астанасы Риядта мәлімдеді. Бүгінгі бағдарламада Риядтың Харириді қызметінен кету үшін қыспаққа алуының себептері мен мақсаттарын қарастырамыз.
Мишель Аун Ливан Республикасының президенті қызметіне сайланғаннан бірнеше күн өткен соң Саад Харири 2016 жылдың қараша айында Ливанның премьер-министрі болып тағайындалды. Ливан премьер-министрі бір жылдың ішінде бұл ел бұрын-соңды болмаған тұрақтылық үдерісін бастан өткізіп, Харири үкіметі оң істерге толы жұмыс дәптеріне ие болған жағдайда қызметінен кетті. Мұндай тұрақты үдеріске сайлауға қатысты заңдарды бекітуін, 12 жылдан кейін Ливан бюджетіне байланысты заң жобасын бекітуін, мемлекеттік қызметкерлердің соңғы онжылдықта кешіктірілген жалақысы мен қаржылай көмектерін төлеуін және Ливанның парламенттік сайлауын 2018 жылдың мамыр айында өткізуді жоспарлауын жатқызуға болады. Сондықтан Саад Хариридің отставкаға кету туралы мәлімдемесінде айтқан сөздеріне қарама-қайшы Ливан Хезболласының бас хатшысы Сейіт Хасан Насролла қарашаның бесі күні баса айтқандай, бұл отставкаға кетудің себептерін Ливанның ішінен емес, Сауд Арабиясынан іздеу керек. Ливан Хезболласының бас хатшысы Сейіт Хасан Насролла қарашаның бесі жексенбі күні Саад Хариридің қызметінен кетуіне реакция ретінде айтқан сөзінде Ливан премьер-министрінің қызметінен кетуінің саудиялық ханзадалардың отставкаға кетуімен тұспа-тұс келуіне сілтеме жасап: "Харири Сауд Арабиясының мәжбүрлеуі салдарынан қызметінен кетті. Хариридің қызметінен кетуі оның өз шешімі мен қалауы бойынша жүзеге асқан жоқ",- деді.
Дәл қазір израильдік Yedioth Ahronoth газетінің араб мәселелері жөніндегі сарапшысы Самдар Бири де қарашаның бесі күнгі өз мақаласында: "Хариридің қызметінен кетуі аймақ оқиғаларынан хабардар адамдар үшін тосын оқиға болған жоқ. Себебі, Сауд Арабиясының Парсы шығанағы істері жөніндегі министрі өткен сейсенбі күні Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Иранды ауыздықтау керек. Жақында соған байланысты оқиғалар орын алады. Саудиялықтар Хариридің отставкаға кеткені туралы хабарға таң қалмаған жалғыз топ. Хариридің қызметінен кетуі туралы мәлімдемені жариялау үшін Риядты таңдауы да кездейсоқтық емес. Бұл саудиялықтардың оған пана болып отырғанын білдіреді",- деп жазды.
Осы жерде Сауд Арабиясы Ливан премьер-министрін қызметінен кетіру үшін неліктен оған қысым жасады деген маңызды сауал туындайды. Бұл сауалдың алғашқы жауабы Таяу Шығыс аймағындағы Сауд Арабиясы мен Иран Ислам Республикасының бәсекелестігіне байланысты. Қазір Таяу Шығыста аймақтық үш алып держава, нақтырақ айтқанда аймақтық державалардың үшбұрышы бар. Олар – ИИР, Арабстан мен Түркия.
Түркия араб әлеміндегі өзгерістерде қалған екі ойыншының бірімен бағыттас әрекет етті. Түркия Сирия дағдарысында бастапқыда Сауд Арабиясымен бір майданда болып, Башар Асадты биліктен тайдыруды көздеді. Бірақ, соңғы жылдың ішінде Арабстаннан теріс айналып, өзінің ИИР-мен арадағы алшақтығын азайтты. Сонымен қатар, Түркия араб елдері мен Катар арасындағы текетіресте Катарды жақтап, іс жүзінде Сауд Арабиясына қарсы шықты. Түркия Күрдістан аймағы мен Ирактың Орталық үкіметі арасындағы текетіресте де Бағдад үкіметіне қолдау көрсетуде ИИР-мен ортақ позицияны ұстанды.
Арабстан мен Иран Ислам Республикасы ресми түрде бір-біріне қарама-қарсы позиция ұстанып отыр. Рияд Теһранмен өзінің дипломатиялық қарым-қатынастарын 2016 жылдың қаңтар айынан бастап үзген болатын. Таяу Шығыс өзгерістеріндегі басым көзқарас мынадай: қазіргі таңда орын алып жатқан дағдарыстар Риядтың Теһранға таңған соғысы саналады. Теһранның аймақтағы ең маңызды стратегиясы Таяу Шығыста тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтап, аймақ істеріне аймақтан тыс алып елдердің араласуына қарсы болған жағдайда Сауд Арабиясының маңызды стратегиясы ИИР-ның аймақтық ықпалымен күрес саналады. Риядтың осы стратегияны жүзеге асыру үшін ұстанып отырған әрекет үлгісі ИИР ықпал ететін аймақтарда тұрақсыздық, тынышсыздық пен зорлық-зомбылық тудыру саналады. Рияд өзінің бойында ИИР-на тікелей қарсы тұра алатын әлеуеттің жоқ екенін біледі. Сол себепті ол Теһранның Таяу Шығыстағы одақтастарын нысанаға алып отыр. Сирия мен Иракты, Ливан Хезболласы мен Йемендегі "Ансаролла" қозғалысын ИИР-ның маңызды аймақтық одақтастары деп атауға болады.
Сауд Арабиясы алғашқы қадамы ретінде Сирияны нысанаға алды. Бірақ 7 жыл өтсе де Сирия жүйесі ешбір өзгеріссіз өз орнында қалып, лаңкестердің жеңіліске ұшырау үдерісі күшейе түсті. Арабстан екінші қадамы ретінде Иракты нысанаға алып, Ирактың ішіндегі саяси қайшылықтарды шиеленістіруге талпыныс жасап, Ирактағы ДАИШ тобының терроризміне қолдау көрсетті. Бірақ Ирактың діни жетекшісінің халықтық ерікті күштерін құру қажеттігі туралы тарихи пәтуасы мен "Хашд аш-Шааби" күштерінің лаңкестікпен күресте атқарған айшықты рөлінің арқасында Ирактағы ДАИШ тобының өмірі үш жылдан соң аяқталды. Ирактың Күрдістан аймағының бөлініп шығуды талап ету әрекетіне жасырын түрде қолдау көрсету де Рияд үшін ешқандай нәтиже бермеді. Риядтың үшінші қадамы 2015 жылдың наурыз айында Йеменге шабуыл жасауы болды. Йеменнің "Ансаролла" қозғалысының стратегиялық құндылығы Ливанның Хезболласымен салыстыруға келмейтін болғанымен Ислам республикасы мен "Ансоралла" қозғалысының арасында діни болмыстық тұрғысынан жақындастық бар. "Ансаролла" қозғалысын биліктен шеттету мақсатындағы Йеменге қарсы соғыс тек Сауд Арабиясын діттеген мақсатына жеткізбеуімен қатар, Йеменнің батпағына батырды.
Қазір Сауд Арабиясы Иранға қарсы аймақтық саясатының төртінші қадамында өз шабуылдарының ұшын Ливан Хезболласына қарай қаратты. Сауд Арабиясы ИИР-ның аймақтық одақтастарын нысанаға алу арқылы Теһранды қыспаққа алып, оның аймақтағы басымдығының алдын алуға талпыныс жасауда. Сауд Арабиясының Сирия дағдарысында жеңіліс табуының салдарынан Хезболланы нысанаға алу үдерісі де күшейе түсті. Сауд Арабиясының Парсы шығанағы істері бойынша министрі Самер әл-Сабһан Ливан Хезболласына қарсы халықаралық коалицияның құрылғаны туралы хабарлап, Хезболланы, яғни "Алланың партиясын" "шайтанның партиясы" деп атады. Израиль мен АҚШ ИИР-мен күресу мақсатындағы өздерінің саяси тактикасының жаңа кезеңінде Ливан Хезболласын нысанаға алды. Қызметінен кетуі үшін Саад Харириге қысым көрсету арқылы Харириді де осы үшбұрышқа қосты. Сол себепті, Саад Харири Хезболлаға тәуелді "8 наурыз коалициясының" мүшелері өзі басқарған кабинет мүшелерінің бір бөлігі болған жағдайда қызметінен кететіні туралы мәлімдегеннен кейін, Ливан Хезболласы мен ИИР-на ауызша шабуыл жасады.
Сауд Арабиясының қызметінен кету үшін Саад Харириді қыспаққа алуының екінші себебі Саад Харири үкіметінің аймақтық саясаттағы, әсіресе Сирия дағдарысындағы әрекетіне Арабстанның наразы болуы жатады. Ливанның 2013 жылдан бастап Сирияда елшісі болмай, бұл елдің Дамасктегі елшілігі Ливан кеңесшісі тарапынан басқарылған жағдайда 2017 жылдың соңында Саад Захия бұл елдің Сириядағы жаңа елшісі болып тағайындалды. Саад Захия Саад Харири премьер-министрліктен кетерден бір күн бұрын Дамаскке келіп, ресми түрде өз жұмысын бастаған болатын. Бұл оқиға бір жағынан Саад Харири үкіметінің Сирия жүйесін мойындауы саналаса, екінші жағынан Ливанның Сириямен қарым-қатынасын нығайту жолында жасаған талпынысы саналады. Осы арада Ливанның Өнеркәсіп министрі Хосейн әл-Хадж Хасан және Ауыл шаруышылық министрі Ғази Зайтар 2017 жылдың тамыз айында онға жуық ливандық бизнесмен мен экономикалық белсенділерді бастап, Халықаралық Дамаск көрмесіне қатысу үшін Сирияға сапармен барған болатын. Бұл Ливанның Сирия дағдарысы басталғаннан бері бейтарап саясат ұстанған жағдайнда орын алды. Тіпті оның Сириямен қатынасы толығымен үзілмегенімен олардың қатынастары айтарлықтай жақын болмады деп айтуға болады. Ливанның Сириядағы жаңа елшісін тағайындауы Сирияның жаңа шарттарын қабылдағанын білдірді. Алайда бұл жағдай Сауд Арабиясының көңілінен шықпады. Саад Харири мен Сауд үкіметінің арасындағы экономикалық саладағы тәуелділікті назарға алатын болсақ, Сауд Арабиясы Ливан үкіметінің жаңа әрекетіне разы болмай, Саад Харириге қызметінен кетуі үшін қысым жасады. Харири де өзінің жеке мүдделерін, әсіресе экономикалық мүдделерін сақтап қалуды Ливанның ұлттық мүдделерінен артық көріп, қызметінен кету арқылы іс жүзінде Риядтың жеріндегі ойынның шарттарын қабылдады.
Аймақтағы жағдай мен Ливан Хезболласының бас хатшысы Сейіт Хасан Насролланың қарашаның бесі күнгі сөзінде Саад Хариридің қызметінен кетуінің себебін Ливаннан емес, Сауд Арабиясынын іздеу керектігін ашық түрде айтуы Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің ИИР-мен күресу туралы жуырдағы сөздерімен тікелей байланысты сыңайлы. Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бин Салман жуырда: "Соңғы 30 жылда орын алған оқиғалар Сауд Арабиясында болмады. Аймақта соңғы 30 жыл ішінде орын алған жайттар Таяу Шығыста болмады. 1979 жылғы Ирандағы революциядан кейін халық дәл осы жағдайды әртүрлі елдерде қайталауды қалады. Соның бірі Сауд Арабиясы болды. Біз онымен қалай күресу керектігін білмедік және бұл мәселе әлемнің жер-жеріне таралып кетті. Енді бүгін содан құтылатын кез келді",- деп мәлімдеді.
"Салмандық" дәуірдегі Сауд Арабиясының да ИИР-мен тікелей күресуге шамасы жоқ. Сондықтан, бұл ел Иранның Таяу Шығыстағы одақтастарын, атап айтқанда Ливан Хезболласын нысанаға алып отыр. Арабстанның АҚШ пен Израиль жеріндегі ойыны Сауд әулетін мақсаттарына жеткізбеуімен қоса, оның Сирия, Ирак пен Йемендегі жеңілістері бұл ойынның ИИР-ның күшеюіне жеткізетінін дәлелдеді. Жас Мұхаммад бин Салман тарихтан дипломатияны үйренгісі келмейтіндей көрінеді.