Имам Мәһди (ғ.с.) үкіметінің аясында әлемді жарқын келешек күтіп тұр
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i32499-Имам_Мәһди_(ғ.с.)_үкіметінің_аясында_әлемді_жарқын_келешек_күтіп_тұр
Хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның ғайып кезеңінің басталуынан шамамен 1200 жыл өткенімен, мақұрым және зорлық-зомбылық көрген халық адамзатты құтқаратын ұлы имамның келуін күтіп, үлкен тарихи оқиғаның орын алуы үшін қажет жағдай жасауға талпыныс жасауда.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 27, 2017 17:35 Asia/Almaty
  • Имам Мәһди (ғ.с.) үкіметінің аясында әлемді жарқын келешек күтіп тұр

Хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның ғайып кезеңінің басталуынан шамамен 1200 жыл өткенімен, мақұрым және зорлық-зомбылық көрген халық адамзатты құтқаратын ұлы имамның келуін күтіп, үлкен тарихи оқиғаның орын алуы үшін қажет жағдай жасауға талпыныс жасауда.

Имам Хасан Аскари (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның ұрпағынан  шыққан он бірінші имам хазірет Мәһди (ғ.с.) хиджри қамари жыл санағы бойынша 260 жылдың раби ул-аууал айының 9 жұлдызында имаматын бастады. Хазірет Мәһди (ғ.с.) – Алла елшісі мен пәк имамдар көптеген хадистерде оның келетіні және адамзатты зұлымдық пен бұзақылықтан құтқару үшін көтерілетін Алла сайлаған имамның өзі екендігін қуаттаған адам. Бұл мәселеден хабардар болған Аббаси үкіметінің нөкерлері хазірет Мәһди (ғ.с.)-ды әкесі сынды өлтіруге әрекет жасағанымен, Алланың қалауымен хазірет Мәһди (ғ.с.) адамдардың көзінен жасырын қалып, оның ғайып кезеңі басталды. Хазірет 69 жыл бойы бірінен соң бірін тағайындаған төрт өкілі арқылы халықпен қарым-қатынас орнатты. Бірақ хиджри қамаридың 329 жылы тікелей қарым-қатынас орнататын өкілі сайланбай, хазіреттің ұзақ мерзімді ғайып кезеңі басталды. Сол кезден бері халық уәде етілген хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның Алланың рұқсатымен келіп, әділет, бейбітшілік пен қауіпсіздік орнататын билігін бастауын күтуде.

Алайда барша күтіп, оның келуі үшін дұға жасайтындай хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның үкіметі қандай ерекшеліктерге ие? Бұл әлемдік үкімет туралы Құдайға шүкір, рауаяттар мен аяттардан көп кездестіруге болады. Хазірет Мәһди (ғ.с.) үкіметінің халықтың үкіметі болып, әлемнің мақұрымдары мен әлсіздерінің құқықтарын қорғайтыны туралы айтылған. "Әнбия" сүресінің 105-ші аятынан: "Расында Тәураттан кейінгі Зәбүрде: “Жерге игі құлдарым мұрагер болады” деп жаздық",- деп оқимыз. Осыған орай ғасырлар бойы зұлымдық және зорлық-зомбылықпен бетпе-бет келген халық хазірет Мәһди (ғ.с.) келген соң әлемдік әділ үкіметтен ең көп пайда көретін болады. Хазірет Мәһди (ғ.с.) үкіметінде илаһи заңдар үстемдік ететін болады. Тарих бойында адамзаттың әртүрлі мектептері сәтсіздіктерге ұшырады. Хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның әлемдік үкіметінде соңғы ең кемел діннің заңдары мен тағылымдары, яғни ислам діні іске асырылады. Алла Тағала Құран Кәрімнің әртүрлі сүрелерінде шынайы діннің Ислам екенін және бұл діннен басқа дінді таңдаған адамның зиян шегетінін қуаттайды. Сондай-ақ, Құранның бірнеше аятында Исламның басқа діндер мен мектептерден басым болатыны туралы уәде берілген. Имам Садық (ғ.с.) бұл туралы: "Алла Тағала қорлық көрген  исламның ғиззатын хазірет Мәһди (ғ.с.) арқылы  көтеріп, бедғат пен бұрмалаушылықты хазірет арқылы жойып, оның шариғаты мен  негізгі сүннеттерін қайтадан жандандырады",- деген болатын. Алайда, мұсылман еместердің зорлық және мәжбүрлеу арқылы мұсылман болмайтынын ұмытпау керек. Бірақ, Исламның негіздері мен шындығы дұшпандарға хазірет Мәһди (ғ.с.) арқылы ұсынылған кезде олар өз еріктерімен адамзатты құтқаратын бұл дінді қабылдайды. 

Бүгінде дүниежүзі халықтары әділетсіздік және кемсітушіліктен басқа уақыттармен салыстырғанда көбірек  қиындық пен қорлық көруде. Бір жағынан әлем халықтарының тек бір пайызы ғана әлемдік қаржы көздерінің 50 пайызына ие. Басқа жақтан Батыс үкіметтерінің отаршыл саясаттары мен кейбір үкімет басшыларының оларға тәуелді болуының салдарынан күнделікті кедейлердің саны артуда. Сонымен бірге үстемшіл мемлекеттер өздерін басқа ұлттардан артық, басқа халықтарды өркениетсіз деп санайды. Сондықтан, әлем халықтары армандарының бірі – кемсітушілікті жойып, әділет орнату.  Хазірет Мәһди (ғ.с.) үкіметі ерекшеліктерінің бірі де жер бетінде өмір сүретін барлық адамдардың арасында әділет орнататындығында. Сондай-ақ, ислам дінінің маңызды негіздерінің бірі әділет орнату және кемсітушілік пен теңсіздіктен құтылу саналады. Хазірет Мәһди (ғ.с.) үкіметіндегі  әділет туралы көптеген хадистерді кездестіурге болады. Мәселен, Исламның ұлық пайғамбары ұрпақтарының бірінің көтеріліс жасайтыны туралы: "Сендерге халықтың арасында қайшылықтар көбейген кезде хазірет Мәһди (ғ.с.) келіп, зұлымдыққа толы болуына қарамастан, жер бетінде әділет орнататыны туралы хабарлаймын. Аспандар мен жердің тұрғындары оның үкіметіне риза болып,  мүлікті халықтың арасында тең бөледі",- деген болатын. Әділеттің орнатылуы зұлымдық пен зорлық-зомбылықты жояды. Адамзаттың бетпе-бет келетін апаттарына соғыстар мен қантөгістер жатады. Тарихтың басынан осы күнге дейін көптеген адамдар текетірестер мен ірілі-ұсақты қақтығыстарда қаза болды. Адамзаттың бұл апаты заманауи кезеңде одан сайын арта түсті.  Билеп-төстеуші үкіметтер басқа мемлекеттердің ресурстарын талан-таражға салу үшін өздері шабуыл жасайды нмесе басқаларды олармен соғысуға мәжбүрлейді. Мәселен, өткен бірнеше жылда АҚШ-тың ДАИШ сынды тәкфиршіл күштерінің Сирия мен Ирак халықтарына қарсы соғысында жүздеген мың адам қаза болды. Бірақ, хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның әлемдік үкіметі орнатылған кезде соғыс пен дұшпандық болмайды. Бұл әлемдік үкімет орнатылудан бұрын өздерінің заңсыз ресурстарынан бас тартқысы келмейтін  билікқұмар үкіметтер мен хазіреттің әділет талап ететін үкіметі арасында қақтығыс орын алады. Сөйтіп, адамдардың зұлымдық пен қантөгістен құтылу арманы іске асырылады. Алла елшісінің хадисінде айытылғандай, "хазірет Мәһди (ғ.с.) зұлымдыққа толы әлемді әлідетке толтырады".

Хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның әлемдік үкіметі кезінде әділ билік орнатылып,  соғысқұмарлар мен зұлымдық  жойылып, тыныштық пен қауіпсіздікке себеп болады. Бүгінде адамзат қауіпсіздікті жоғалтып отыр. Кейбір халықтар қауіпсіздіктің не екенін білмейді. Кейбір мемлекеттерде қауіпсіздікті соғыс пен қантөгіс жойған болса,  АҚШ сынды кейбір мемлекеттерде тынышсыздық қоғамның ішінде байқалады. Күн сайын жүздеген адам мұндай жағдайдың құрбаны болуда. Сонымен бірге қауіпсіздік пен тынышсыздықтың жоқтығын сезу психикалық және қоғамдық-экономикалық жағдайларға зиян келтіреді. Бірақ, хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның әлемдік үкіметі кезінде соғыс, зұлымдық, қорлық тоқтап, әділет пен теңдік орнатылған кезде қауіпсіздік пен тыныштық айқын сезілетін болады. Имам Бақер (ғ.с.) бұл салада: "Имам Мәһди (ғ.с.) үкіметі кезінде қарт әйел әлемнің бір жағынан екінші жағына бара алатын болады. Ешкім оның мазасын алмайды. Мұндай қауіпсіздік барша халық басқаға шабуыл жасауға тыйым салатын, адамдарды бір-бірінің бауыры санайтын бір дінді, яғни ислам дінін ұстанатын болғандықтан жүзеге асады",- деген. Жердің түкпір-түкпірінде тұрмыстың жақсаруы хазірет Мәһди (ғ.с.) үкіметінің келесі ерекшелігі болып табылады. Қазіргі таңда тек кейбір елдердің өркендеп, дамуы мен  бұл елдердің ішінде тек кейбір таптардың ғана тұрмыстарының жақсы болуына куә болып отырмыз. Алайда хазірет Мәһди (ғ.с.) кезінде табиғи ресурстар баршаның арасында тең бөлінуімен бірге, адамзаттың даму деңгейі қазіргі жағдайдан көш ілгері болады. Исламның ұлық пайғамбары: "Сол кезде жерді көзді ашып-жұмғанша басып өтуге болады. Яғни, егер адам жердің Шығысын немесе Батысын аралағысы келсе, бұл істі ең қысқа уақытта орындай алатын болады",- деген.

Хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның үкіметі кезіндегі даму басқа маңызды факторға, нақты айтқанда халықтың ақылының дамуы мен сол кезде ғылымның жылдам таралуына байланысты. Имам Бақер (ғ.с.) рауаяттарының бірінде: "Хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның кезінде Алланың қалауымен халықтың ақылы кемелденеді",- деген. Сондай-ақ, имам Садық (ғ.с.) хадистерінің бірінде қызық тақырыпқа тоқталып: "Ғылым мен білім – 27 әріп. Пайғамбарлар әкелген нәрселердің барлығы тек екі әріп. Хазірет Мәһди (ғ.с.) келген кезде басқа 25 әріп айтылып, халықтың арасында таралады",- деген болатын. Сөйтіп, хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның үкіметі кезінде барлық халықтың тұрмысы жоғары деңгейге жетіп, олар илаһи нығметтерді ең жақсы түрде пайдаланады.

Ғылым мен білім хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның үкіметі кезінде тек материалдық тұрмысты жақсарту үшін ғана пайдаланылмайды. Халық оларды рухани және ахлақтық дамуы үшін пайдаланатын болады. Алайда, хазірет Мәһди (ғ.с.) сынды пәк әрі әділ басшы билеген илаһи үкіметте халықтың басшысынан үлгі алып, дүниелік қажеттіліктерден гөрі рухани байлығы мен ақыреті туралы ойлайтындары табиғи мәселе болып табылады. Сондықтан, ислам ғылымдарын үйреніп, Құран оқып, мешіт салу және діни міндеттерді орындап, ахлақты жақсарту саласындағы талпыныстар дамиды. Имам Әли (ғ.с.): "Хазірет Мәһди (ғ.с.) келген кезде адамдардың жүректері кек пен дұшпандықтан тазарып, олар бір-бірінің бауыры сынды тыныштықта, қауіпсіздік және достық кеңістікте қатар өмір сүретін болады",- деп айтқан болатын.

 

Хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның әлемдік үкіметі адамзаттың арманы болып табылатын көптеген ерекшелікке ие. Сондықтан, хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның ғайып кезеңінің басталуынан шамамен 1200 жыл өткенімен, мақұрым және зорлық-зомбылық көрген халық адамзатты құтқаратын ұлы имамның келуін күтіп, үлкен тарихи оқиғаның орын алуы үшін қажет жағдай жасауға талпыныс жасауда.