Ислам әлеміндегі бірліктің көшбасшылары
(last modified Fri, 01 Dec 2017 05:45:18 GMT )
Жел 01, 2017 11:45 Asia/Almaty
  • Ислам әлеміндегі бірліктің көшбасшылары

Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.)-ның туған күнін сүнниттер раби ул-аууал айының он екісін, шиіттер осы айдың он жетісін Алла елшісінің туған күні санайды. Иран Ислам революциясының көсемі имам Хомейни бұл мәселені ислам мазхабтарын бір-біріне жақындатып, біріктіру үшін пайдаланып, екі күннің арасын мұсылмандар арасындағы «Бірлік аптасы» деп жариялады.

Біраз жыл бұрын өзі ислам әлемінің бірлігіне себепкер болған Иран Ислам революциясының көсемі имам Хомейни бұл мәселені ислам мазхабтарын бір-біріне жақындатып, біріктіру үшін пайдаланып, екі күннің арасын мұсылмандар арасындағы «Бірлік аптасы»  деп жариялады. Бұл кезең «Бірлік аптасы» деп аталып, ислам үмбетінің бірлігін нығайтатын мұрсатқа айналды. Ислам тағылымдарында мұсылмандардың бірлігінің көп қуатталғаны белгілі. Бірақ, бүгін ислам мемлекеттері арасындағы бұрын-соңды болмаған қайшылықтар мен текетірестерге куәсі болып отырмыз. Сондықтан қазіргі жағдайда Ислам діннің тағылымдары мен ұлық пайғамбар хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның өміріне назар аудару әр заманнан көбірек қажет деген ой туады. Өйткені, бұл қайшылықтар мен текетірестерден ислам үмбетінің дұшпандары көп пайда көріп отыр. Негізінде хазіреттің нұрлы болмысы адамзатты дұрыс жолға нұсқайтын жарық болуымен бірге әлемнің бүкіл мұсылмандарын дұшпанға қарсы біріктіретін орталық бола алады.  

Алла Тағала Құран Кәрімнің көптеген аяттарында  мұсылмандарды бірлікке шақырды. Исламның ұлық пайғамбары мен пәк имамдар әрқашан өз сөздері мен амалдарында ислам үмбетінің қорғаушылары болды. Мәселен, Әли-Имран сүресінің 103-ші аятында Алла Тағала  мұсылмандарды өзінің жібіне (дініне) жабысуға шақырып: «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер. Сондай-ақ, өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені, бір-біріңе дұшпан едіңдер, жүректеріңнің арасын жарастырды..»,- деп қуаттаған.

Сондай-ақ Құран Кәрім таухид пен Аллаға құлшылық етуді мұсылмандардың саяси және қоғамдық ынтымақтастығының негізі деп атап, біртұтас үмбеттің құрылуы туралы: «Осы сендердің үмметтерің бір-ақ үммет. Мен Раббыларың. Сондықтан Маған ғана құлшылық қылыңдар»,- деп айтылған. («Әнбия» сүресі, 92-ші аят). Исламның басындағы тарих хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның «Алладан басқа Құдай жоқ» деген негізге сүйеніп, сөзі мен амалында мұсылмандардың арасында іріткі тудыратын надандық кезеңнің істеріне тосқауыл қойды. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның арабтардың арасынан таңдалуы және Құранның араб тілінде жіберілуі мен хазіреттің шақыруы ұлт, тіл және елге бөлінуден жоғары болып, араб және араб емес мұсылмандармен үлгі болатындай  әділ қарым-қатынас орнатты. Алла елшісінің мұсылмандардың ғиззаты мен айбынын қорғау туралы ақыл-кеңестеріне қарамастан, хазірет дүниеден озғаннан кейін қайшылықтар мекеніне айналуға жақын болған Сақифе мекені хазірет Әли (ғ.с.)-ның қырағылығымен текетірестерді тоқтатып, мұсылмандардың бірлігін саяси билікті  талап етушілердің қолына түсірмеді. Бұл маңызды тарихи кезеңде хазірет Әли (ғ.с.) заңды құқығын талап етпей, мұсылмандардың бірлігі мен біртұтастығын сақтау үшін халифаларға қарсы шықпады.  Бірақ хазірет Әли (ғ.с.) шәһид болған соң кектердің шіріген өзегінің ауызы ашылып, жік тудыратын жалын лаулап, тек пен ұлтаралық ырымшылдық оянып, ислам әлемінің бірлігіне сызат түсірді. Бұл алғашқы кезеңде халифаны сайлау тәсілі өзгеріп, мұрагерлікпен өтті. Амави үкіметі іріткі салу саясатын ұстанып, қоғамдық жікті арттырды. Сондықтан Бани Амави әулеті билігінің соңғы кезеңі халықтық көтерілістер мен қоғамдық наразылықтардың артуынан басқа нәтиже әкелмеді. Наразылықтар әртүрлі көтерілістерге ұласты. Бірақ, солардың арасында Бани Амави үкіметінің құдыретін шайқаған Алавилер мен Абасилер қозғалысы болды. Алавилер мен Абасилер бір-бірімен ынтымақтастық жасап, Бани Амави әулетінің үкіметін құлата алды. Бірақ олардың орнына Алавилер емес, Аббасилер келді. Олар ислам қоғамында әділет, тақуалық пен бақыттың жаңа кезеңін орнату  туралы уәж айтты. Абасилердің уәделеріне керісінше бұл кезеңде ислам қоғамында әділет, тақуалық пен бақыт орнатылмақ түгілі, ислам әлемі  іріткі және бөлшектену жағдайымен бетпе-бет келді. 

Айтылған қайшылықтарға қарамастан  орта ғасырларда ислам әлемі құдырет пен айбынға, еуропалық мемлекеттер салыстырмалы түрдегі  әлсіздік және артта қалушылықпен бетпе-бет келді. Бірақ ағартушылық, экономикалық, саяси, әскери және мәдени жұмыстардың нәтижелері бірте-бірте өзгеріс әкеліп, еуропалық үкіметтердің исламдық елдерге отаршыл саясаттарын жүргізуіне жағдай тудырды. Отаршыл елдердің ислам әлеміне араласуы қайшылықтарды арттырғанымен, мұсылмандардың арасында бірігу және ішкі үстемшілік пен сыртқы отаршылыққа қарсы тұру сынды пікірлердің пайда болуына себеп болды. Мұсылмандар Сейед Джамаладдин Асадабади, Абдолрахман Кавакоби, Иқбал Лахури және басқа ғалымдардың ағартушылық жұмыстарының арқасында халық артта қалушылықтың тамырының үстемшіл басшылар мен отаршылардың әрекеттерінен туындаған іріткі мен қайшылықта екенін түсінді. Ислам әлемі исламдық қоғамының толық ауызбіршілігіне жете алмағанымен, үстемшілер мен отаршыларға қарсы тек идеологиялық салада ғана емес, саяси және қоғамдық салаларда да көтерілді. 

 

   ***************************

Сейед Джамаладдин Асадабади – соңғы ғасырдағы бірінші әрі ең маңызды діни реформатор, исламдық бірлік саласында белсенділік танытқан тұлғалардың бірі. Ол 19-шы ғасырдың соңы мен 20-шы ғасырдың басында діни сенімдерді ырымшыдлық пен бұрмаланушылықтардан тазартып, Ислам негіздерін қайтарып, діни тағылымдарды заманның ақылымен сәйкестірді. Оның ақыл-кеңестері жаңа ғасырдың адамына жол ашты.   Өзгерістерді талап еткен бұл ағымда Батысты жеккөру ерекше орынға ие болды. Сондай-ақ, Батысты Шығыс халықтарының артта қалушылығының ең маңызды себептерінің бірі деп атап, исламдық қоғамдағы мұсылмандардың бірлігі мен біртұтастығын бұл мәселені шешетін жол деп санады. Сейед Джамаладдин бұл идеологиялық-саяси ағымға маңызды ықпал етіп, ислам елдерінің басшыларына хат жазу, журнал шығару және халықтың ортасында сөйлеу арқылы исламдық бірлік жобасын іске асырмақ болды.

Иқбал Лахури де – Сейед Джамаладдин сынды ислам әлемін біріктіру идеясы көшбасшыларының бірі. Иқбал Лахуридың пікірінше, мұсылмандардың өзара шынайы қайшылықтары жоқ, олардың негіздері ортақ. Иқбал мұсылмандар бірлігінің негізгі тірегін таухид, Құран және сүннет деп санаған. Өйткені, таухид шайқалмайтын бірлік құрып, мұсылмандардың ойлары мен амалдарының бірлігіне себеп болады.

Сейед Джамаладдин Асадабади – соңғы ғасырдағы бірінші әрі ең маңызды діни реформатор, исламдық бірлік саласында белсенділік танытқан тұлғалардың бірі

Исламдық бірлікке шақырушылар ретінде   Абде және Рашид Реза мен Кавакабиді де атауға болады. Абде Сейед Джамаладдин сынды ислам әлеміндегі қайшылықтардың себептерінің бірін шиіттер мен сүнниттер арасындағы мазхабаралық алшақтық санап, «Наһдж ул-Балағе» еңбегінің тәпсірін жазып, ислам бірлігін исламдық мазхабтар арасындағы қайшылықтарды шешетін фактор деген теориясын ұсынды. Абде ислам әлемінің бірлігі теориясында үш негізді қуаттады: біріншіден, Исламдағы ақыл мен діннің теңдігін сақтау қажеттігі; екіншіден, діни пікірталастарға иджтихдтың қажеттігі: үшіншіден, адамның азаттығы мен жігерінің жаупкершілік және міндетпен байланысты болуы. Мұсылмандар мен исламдық  елдердің бірлігі, жақындасуы мен оянуы Рашид Реза назар аударған ең маңызды мәселелердің бірі болды. Ол араб реформаторлары пан-арабизм, араб патриотизмі мен араб қозғалысы туралы ойлаған кезде артта қалудан құтқаратын жолды ислам әлемінің бірлігі мен мазхабтардың жақындастығынан көрді. Кавакаби  өз кітабінің бірінде үстемшілдікті исламдық елдердің бірлігінің кедергісі санап, оған шабуыл жасады. Ол ислам әлемінің әсіресе таухид негіздерінің үстемшілдікті теріске шығарып, азаттықты дәлелдейтін рөлін қуаттап: «Мұсылмандар зұлымдық пен үстемшіліктің тұтқынына түсіп, Алладан басқаның құлы болып отырған жағдайда  бірікпейді»,- деп ескерткен болатын.

Рашид Реза,  Абде және Кавакаби 

Мысырдың әйгілі мүфтиі әрі әл-Азхар қоғамның шейхі Шалтут пен аятолла Бруджерди – шиіттердің әйгілі ғұламалары. Олар ислам әлеміндегі бірлік дауысы және шиіттер мен сүннит ғұламаларының арасында исламдық мазхабтарды жақындастыру ұйымын құруды ұсынған тұлғалар. Бұл екі ғұламаның ұқсас көзқарастары мұсылмандардың жақындауына көп әсерін тигізді. Шейх Шалтуттың маңызды пәтуасы бойынша, сүнниттердің төрт мазхабының жақтастары басқа мазхабтардың, соның ішінде он екі имам мазхабының ахкамын орындай алады.

Аятолла Бруджерди – әрқашан мұсылмандардың бірлігі мен исламдық мазхабтарды жақындату тақырыбына назар аударған әйгілі ғұлама әрі дін саласындағы еліктеу үлгілерінің бірі. Ол фикх мәселелері бойынша тек имамдар мазхабы ғана емес, барлық исламдық мазхабтар деңгейінде пікірталас жүргізіп, қайшылық туған кез келген мәселе бойынша барлық мазхабтардың дәлелдеріне назар аудару керек деп санады. Ислам әлемінің бірлігі туралы ой-пікір мен имам Хомейни сынды әйгілі ғұламалардың шиіттер мен сүнниттердің арасындағы тарихи қайшылықтарға көңіл бөлмеуі теориялық және практикалық тұрғыдан іске асырылды. Сондай-ақ аятолла Хаменеи де мазхабтарды жақындастыру пікірін іс жүзінде орындады.

Аятолла Бруджерди, шейх Шалтут, имам Хомейни және аятолла Хаменеи

Ислам әлеміндегі бірлік жолын көрсеткендердің жолын жалғастырып, жақын болашақта исламдық тағылымдарға,  сондай-ақ, Алла елшісі мен хазірет әулетінің пәк имамдары және қазіргі заман ғұламаларының ой-пікірлеріне сүйеніп,  ислам үмбетінің бірлігіне куә боламыз деп үміттенеміз.