Шейх Мофид – ислам әлемінің үлкен үлемі
(last modified Tue, 05 Dec 2017 06:12:37 GMT )
Жел 05, 2017 12:12 Asia/Almaty
  • Шейх Мофид – ислам әлемінің үлкен үлемі

Шейх Мофид Ислам әлемі мен шиіт ағымының ең ірі үлемдерінің бірі саналады. Ұлы үлемді тек шиіттер әлемі ғана емес, сондай-ақ барша Ислам әлемінің ұлы тұлғалары да мойындап, мадақтаған.

Діни үлемдер Пайғамбардың (с.ғ.с) мұрагерлері, Исламды қорғаушылар болып табылады. Қапылдықтың қараңғылығы мен ластықтың шаң-тозаңы адамдардың санасы мен жандарының айнасын кірлеткенде адамның жаратылысындағы Құдайға деген ұмтылыс айнасы қарайып, күңгірттене түседі. Бірақ адамзаттың хәкім әрі мейірімді жаратушысы оны ауыр жолда серіксіз қалдырған емес. Алла адамдардың арасынан жаны нұр мен мейірімгее толы пайғамбарларды таңдап, жетекшілік бағытын айқындады. Илаһи пайғбарлардың жетекшілігі аяқталып, жетекшілік тізбегі Пайғамбардың (с.ғ.с) отбасынан шыққан он екі пәк имамның арқасында нығая түскенде Құдай он екінші жасырын имамның жоқ кезеңінде жетекшілік жолы сәуле-нұрсыз қалмас үшін батыл әрі тақуа үлемдер пайғамбарлардың мұрагерлері, Құдайдың дінін сақтап, таратушы болады деп шешті. Бұл адамдар дүниелік алдамшы қызықтарға ластанбай, өздері бұл әлемге нұр мен жетекшілік сыйлады. Бүгінгі бағдарламамызда  сіздерді сарапшы мамандар арасында есімі құрмет және сыйластықпен айтылатын ислам тарихындағы бекзат тұлғалардың бірі шейх Мофидпен таныстырамыз. 

Мұхаммад бин Мұхаммад бин Нағман шейх Мофид деген лақап атпен танымал болған он екі имамдық шиіт мазхабының ұлы үлемдерінің бірі х.қ.ж.с.б. төртінші ғасырдың екінші жартысы мен бесінші ғасырдың бас кезінде өмір сүрген. Ол ұлы ислам ілімдерін қайта жандандырушы әрі шиіт мәдениеті пен он екі имамдық шиіт мазхабының фикхін таратуышлардың бірі болған. Шейх Мофид шиіттердің арасында ғазиз болып, олардың құрметіне бөленуімен қатар, басқа да исламдық мазхабтардың ұлы тұлғалары оның білімі мен даналығын мақтап, дәріптеген. Оны шейх Мофид деп алғаш рет Ғази Абдул Жаббар атты сүниттің ұлы үлемі атаған болатын. Содан кейін Мұхаммад бин Мұхаммад бин Нағман шейх Мофид деген лақап атпен танымал болып кетті. Шафии мазхабының мұхаддисі, фикх ғалымы Ибн Хаджар Асқалани ол жайында: "Ол өте тақуа, бойсұнған, әрдайым білімнің соңындағы адам болған. Халықтың басым бөлігі үшін оның білімі өте пайдалы болған",- деп жазған. Шейх Мофидтің мектебінен өткен оның дарынды шәкірттерінің бірі шейх Туси ол туралы былай жазған: "Мұхаммад бин Мұхаммад бин Нағман – он екі имамдық шиіт мазхабы шешендерінің бірі. Ол кісі өмір сүрген кезде шиіттердің діни жетекшілігі мен басшылығы мәселесі осы кісіге жүктелген еді. Ол фикх пен калам ілімдерінде барлығы үшін ардақты әрі құрметті адам болған. Оның есте сақтау және ойлау қабілеті жақсы дамыған еді, сондай-ақ, ол кез келген сұраққа кідірместен жауап бере алатын еді".

«Шейх Мофид» деген лақап атпен танымал болған Мұхаммад бин Мұхаммад бин Нағман

Шейх Мофидтің бала кезінде әкесі оны Бағдадқа алып келіп, жастайынан білім алып, сауат ашуға баулиды. Ол Бағдадта шиіттік және шиіттік емес елуге жуық ұстаздан білім алып, сол замандағы ұлы үлемдерден көп нәрсені үйренеді. Тарихта шейх Мофидтің бес жасында кейбір мұхаддистерден хадистің рауаяттарын баяндауға рұқсат алғаны туралы айтылған. Бұл оның хадистерді баяндауда өте зерек әрі дарынды болғанын көрсетеді. Шейх Мофидтің Бағдадтағы ең маңызды ұстаздары шейх Саддуқ, ибн Джонид Эскафи, ибн Қулуие мен Абуғалеб Зерари деген кісілер болған. Сейіт Мұртаза мен шейх Туси атты ұлы үлемдер шейх Мофидтің шәкірттері болған. Шейх Мофидтің жазған еңбектері үлкенді-кішілі 200 том кітапты құрайды. Олардың басым бөлігі сол заманда өмір сүрген адамдардың ойлау қажеттіліктеріне сай өте қарапайым әрі түсінікті етіп жазылған.

Шейх Мофидке дейін фикх ілімі шиіт үлемдердің арасында қазіргі кездегідей кең тарамаған еді. Ол заманда фикхтік хадистер пәк имамдардың (ғ.с) сөздеріне сүйеніп, бірқатар құжаттармен қоса кітаптарда тіркеліп жазылған еді. Ал фикх ілімінің ғалымдары хадис мәтінін меңгермеген. Кейін бұл әдіс жетілдіріліп, фикх ғалымдары хадис ілімін меңгеруге құлшынып, хадистер негізінде пәтуа шығарған. Ибн Бабувайе мен шейх Саддуқтың фикх іліміне қатысты жазған кітаптары дәл осы әдіске негізделген. Ол кезеңде хадистердің сыртқы белгілеріне иек арту өте кең таралып, ақылға салып, ойлану әдісі аса бағалы саналмаған. Сондықтан бұл іс діни тағылымдардың даму жолында кедергі жасады. Шейх Мофид өзінің өте терең түсінігімен сол кездегі саналық тоқыраумен күресіп, жүйелі ережелер мен принциптерге негізделген фикхтің жаңа болмысының негізін қалады. Шейх Мофидтің сейіт Мұртаза және шейх Туси атты шәкірттері оның осы жолын жалғастырды.

«Әл-Эршад» және «әл-Амоли» – шейх Мофидтің ең танымал екі еңбегі

Шейх Мофид ақыл-парасат жолында ізденіп, иджтиһад жасауға аса жоғары маңыз берген және кітап пен сүннет ұғымдарын танып-білу жолдарының бірі ақыл мен парасат деп есептеді. Оның пайымдауынша, егер белгілі бір хадис ақыл мен парасаттың үкімдеріне қарама-қайшы келсе, ол хадис күмәнді саналады. Ол заманда "аһле хадис" атты исламның алғашқы ағымдарын ұстанушы дәстүрлі үлемдерге қарама-қайшы мутазилиттер "ақыл-парасаттың жалғыз өзі діни мәселелерді түсініп-ұғынуға көмектеседі әрі осындай мәселелерге жетекшілік ететін ең жоғары нәрсе" деп есептеген болған. Шейх Мофид хадисшілдік ой-пікірлердің алдында табандылық танытып, құрметтегені секілді салыстыру мен ұқсастықты ахкамдар негізінде қорытынды жасау критерийі ретінде бекіткен адамдармен қарсы күресіп, мықты дәлелдер келтіру арқылы бұл пікірді теріске шығарып, осы тақырып аясында көптеген кітап жазған. Мофидтің ең маңызды еңбегі ақыл-парасаттың жалғыз өзінің калам ілімінде көтерілетін барлық мәселелерді түсінуге шамасы келмейтінін дәлелдеуі саналады. Мысалы, ақыл Алланың ерік-жігерін, бәрін естуші әрі көруші және т.с.с. сипаттарын уәһи мен пәк имамдардың хадистерінің көмегімен ғана дұрыс танып-біле алады. Сондықтан шейх Мофидтің калам мен фикх іліміндегі әдісі ақыл-парасат және Құран мен хадисті бірге қатар пайдалануға негізделген және шиіттік калам мен фикх бұл екі дереккөзді қажет етеді деп есептеген орта жол болған.

Фикх ғалымы болу деген шариғат заңын шиіт мазхабындағы тарихы терең кітаптар мен сүннет негізінде ұғынып, түсіну дегенді білдіреді. Шейх Мофидке дейінгі фикх ғалымдары бұл салада көптеген құнды іс-әрекеттерді атқарғанымен, қазіргі таңда шиіттік фикх ілімі деген атпен танымал ұғым ол кездегі іліммен салыстырғанда әлдеқайда толығырақ әрі көптеген айырмашылыққа ие. Құран мен сүннетке жүгініп, ақылдың көмегімен жүздеген фикхтік қағидалар мен мыңдаған үкімдерді түсіну, соңғы пәк имам жоқ кезде міндетті немесе кәмелетке жеткен адамдардың барлық сұрақтарына жауап бере алатын, барлық салалар бойынша егжей-тегжеймен Құдайдың харам және халал деп айтқан нәрселерін ажыратуды баяндап беретін көптеген ахкамдарға қол жеткізу көптеген ғасырлар бойы қалыптасатын нақты әрі өте күрделі ілім саналады. Бұл күрделі үдеріс үшін нақты әдіс-тәсілдердің бастамасы шейх Мофидтің жүзеге асырған әрекетерінің қатарын құрайды.

Хазірет аятолла Хаменеи шейх Мофидтің фикх ілімінің ғылыми деңгейін көтеру мақсатында атқарған шаралары туралы: "Ұлы шейх өзінің ерекше түсінігінің көмегімен бұл салада өзгерістерге толы тарих бастаған және тереңдеп, арта беретін кезеңдер қатарынан тұратын үдерісті бастаушы саналады. Бірнеше ғасыр бойы түрлі мәтіндер мен рауаяттар негізінде фикх іліміндегі дереккөздерді, яғни пәк имамдардың айтқан сөздері мен пәтуаларын жинақтағаннан кейін, фикх ілімі тарихының бір кезеңінде осы жинақталған қор мен құнды байлық ғылыми пікір түрінде шығып, дәлелдеу үшін техникалық әрі тиімді әдіс ойланып табылуы тиіс болды",- деді. Шиіттердің ұлы үлемдерінің пікірінше, шиіттік фикх және калам ілімдерінің ғалымдары өткен он ғасыр бойы негізін қалап, өздерінің ғылыми еңбектерінен алған теңдессіз қазынаның барлығы шейх Мофидтің негізін қалап кеткен ережеге негізделген.

Аятолла Хаменеи

Шейх Мофид басқа діндер мен исламның басқа мазхабтарының ұлы тұлғаларымен пікірталастарға қатысатын. Оның пікірталастағы данышпандығы, зеректігі, даналығы мен адалдығы тек тамашалушылардың ғана емес, тіпті қарсыластарының көңілінен шығатын. Бағдад қаласы шейх Мофид өмір сүрген кезеңде маңызды ғылыми орталықтардың бірі саналып, онда әртүрлі мазхабтардың фикх және калам ілімдерінің ғалымдары арасында пікірталас өткізу кең тараған еді. "Ибн Моаллем" деген лақаппен де танымал болған шейх Мофид өзінің терең білімі, шешендік өнері мен мықты логикасының арқасында барлық пікірталастарда қарсыластарын жеңетін ұлы ғалым әрі нағыз шешен болған.

Шейх Мофидтің замандасы әрі оның қарсыластарының бірі болған Бағдад құтпагерлерінің бірі былай деп айтқан: "Егер шейх Мофид қаласа, ағаш бағанның алтынан жасалғанын да дәлелдеп беретін еді". Бұл сөздер шейх Мофидтің ғылыми пікірталастардағы бәсекелестік күшін көрсетеді

Шейх Мофид берік иманы мен ерік-жігері және дұрыс амалдарымен танымал болған. Ол өз қарсыластарының жазған кітаптарының барлығын жатқа білгендіктен, сол еңбектердегі кмәнді сауалдарға жауап беретін. Оның  200-ден астам кітап жазуы діни тағылымдар мен ілімдерді ілгерлетудегі еркі мен мықтылығын көрсетеді. Шейх Мофидтің жасаған істерінің қатарында оның түнде аз ұйқтап, уақытын намаз оқып,  дұға тілеуге, Құран оқып және білім берумен айналысуға арнағаны, садақа беріп, ораза ұстауға жақын болғаны туралы айтылған. Оның рухани істерінің өзі бөлек әңгіме. Хазірет Маһдидің оған жолдаған хаттары шейх Мофидтің өміріндегі ең бағалы оқиғалардың бірі саналады. Оның өмірі мұсылман жастары үшін үлгі және мұсылман қауымдастығының келешегі үшін үміт бола алады.

Шейх Мофид х.қ.ж.с.б. 413 жылы көз жұмды. Жерлеу рәсіміне 80 000-нан астам адам, соның ішінде қарсыластары да қатысқан. Бұл рәсім сол күнге дейін Бағдадта орын алған ең үлкен салтанатты рәсімдердің бірі болды. Оның денесі жер қойнына табыс етілгенімен, ол жарқын, тарихта мәңгі сақталатын және ұмытылмас  тұлға болды. Ол фикх және калам ілімдері мен Аһле бейт (ғ.с) мазхабының дамуында елеулі рөл атқарды.

Шейх Мофидтің Бағдадтағы кесенесі