Хазірет Мұхаммад Мұстафа (с.ғ.с) – исламның ұлық пайғамбары
Әлемнің барша мұсылмандарын Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығымен құттытаймыз!
Ғасырлардан кейін жаратылған әлемнің күткені – адамдарды дұрыс жолға нұсқаушы дүниеге келді. Алланың ең артық жаратылысы бұл дүниеге аяқ басып, рақым жаңбыры жауып, басшылықтың көктемі келіп, әлем хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның нұрына толды.
Жұлдызшылар өз нұрымен әлемді өзгерткен жарқыраған жұлдызды көргені туралы ант-су ішті. Сол кезде нұрға бөленіп, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) дүниеге келді. Бұл сәбидің жарық дүниеге келуімен надандық пен ырымшылдыққа толы кеңістік мейірімге толы әрі ойлануға мүмкіндік беретін мекенге айналып, адамзаттың алаңдаушылыққа толы өмірі жақсарды. Илаһи хабарды жеткізуші раби ул-аууал айының 17-ші жұлдызында қасиетті Мекке қаласында мүмін, Құдайға құлшылық ететін отбасында дүниеге келіп, иманның жүрекке қонымды әтірін күтушілеріне жеткізіп, болмысымызды білімнің сарқыраған бұлақтарымен толтырды. Осылайша, Алла Тағала әлемдіктерге өзінің рақымын сыйлады.
Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның анасы Әмине былай деген: "Сол түні төбемнен жарқыраған нұр өткендей болды: айналама періштелер жиналып, мен ерекше тыныштықты сезіндім. Бөлме нұрланып, перзентім Мұхаммад дүниеге келді. Түрі әкесі Абдоллаға ұқсас, бірақ одан да әдемі еді. Оның маңдайынан илаһи нұр байқалды. Бір қолын төмен түсіріп, екінші қолын жоғары көтеріп, жүрекке қонымды дауысымен Алладан басқа Құдайдың жоғына куәлік етті. Періштелер оны құшақтап, мені құттықтап, маған дәмді сусын берді. Олардың бірі "Уа, Әмине! Балаңды Аллаға тапсырып: «Оны бір Аллаға тапсырамын. Алла оны қызғаншақ кекшілден құтқарсын», деп айт" деді".
Абдолланың әкесі Абдулмуталиб Әминенің қасына келіп, нұрланған сәбиді құшағына алып, оның жанұясына мұндай баланы сыйлағаны үшін Аллаға алғыс айту үшін әл-Харам мешітіне апарып, Қағбаның ішіне кірді. Сол кезде Қағбаның ішінде сәбидің: "Бисмилләһи уа билләһи" деп айтқаны, содан соң басқа дауыстың: "Уа, әлем халқы! Шындық келіп, жалғандық жойылды. Жалғандық әрқашан жойылады",- деген үн естілді.
Мұхаммад (с.ғ.с.) 12 жасында көкесі Абуталибпен бірге сауда жасау үшін Шамға барады. Керуен жолда монастырға тоқтап, демалады. Бұл монастырде иманды Бахира деген монах өмір сүретін. Жолаушылар кірген кезде ол: "Сіздермен басқа ешкім келмеді ме?"- деп сұрағанда Абуталиб: "Сыртта жасөспірім бала ғана қалды",- дейді. Бухира баланың да кіргенін сұрайды. Мұхаммад (с.ғ.с.) кірген кезде Бахира таңғалып:
- Сұрағым бар. Үлкен Лат және Уззу пұттармен ант етемін, сен шындықты айтасың,- дегенде Мұхаммад (с.ғ.с.): «Мен үшін ең жағымсыз нәрсе – осы екеуі",- деп жауап береді.
- Сені ұлы Аллаға тапсырамын, шындықты айт,- деп Бахира сөзін жалғастырады.
- Мен әрқашан шындықты айтамын.
- Не нәрсені бәрінен артық жақсы көресің?
- Жалғыздықты.
- Әртүрлі табиғи көріністердің қайсын жақсы көресің?
- Аспан мен жұлдыздарды.
Бахира тағы бірнеше сұрақ қойып, хазірет Исаның айтқандарымен салыстырып, бұл баланың пайғамбар Мұхаммадтың (с.ғ.с.) өзі екенін түсініп Абуталибтен: «Бұл баланың әкесі кім еді?» – деп сұрайды. Абуталиб: «Оның әкесі менмін», – дейді. Монах: «Оның әкесі тірі болмауы тиіс еді ғой», – деп келіспейді. Абуталиб: "Сен қайдан білесің?"- деп таңғалады. Бахира Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның мейірімді жүзіне қарап, ақырын дауыспен: "Бұл жасөспірімнің келешегі жарқын. Егер менің көргенімді басқалар көріп түсінсе, оны өлтіреді. Оны қорға, өйткені, ол – Алланың соңғы пайғамбары",- деді.
Қоғамдағы бейбастақтықтар әрқашан хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ды алаңдатты. Оның дүниетанымы мен ой-өрісі артқан сайын оны мен халықтың ой-пікірі арасындағы айырмашылық тереңдей берді. Ол Хира тауына көбірек барып, әлемнің жағдайы туралы ойланумен бірге ғибадат жасайтын. Хира тауына илаһи хабарды жеткізетін періште түсіп, Құранның бірінші "Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы..." деген кезде хазірет 40 жасқа жеткен болатын. Алла елшісі адамзат ахлақтан кейін бірлікті қажет етеді деп, халықты бір-біріне жақындатып, біріктірді. Хазіреттің дінінде кекшілдік пен бүліктің орнын махаббат пен мейірімділік басып, қоғамның кеңістігі бірлік пен бауырластық рухына толады. Мединеге келген алғашқы жылы мұсылмандар арасында бауырластық келісімін іске асырды. Бұл келісім тайпалық қайшылықтарды жойып, қоғамдық ынтымақтастықты қалыптастырды. Исламның ұлық пайғамбары жиындардың бірінде: "Екі-екіден бір-біріне діни бауыр болыңдар",- деген. Сөйтіп, Мединенің тұрғыны мен мохаджерлердің бірінің арасында бауырластық келісімін орнатты. Соңында Әлиді (ғ.с.) дүние мен ақыреттегі өзінің бауыры деп атады. Барлық илаһи пайғамбарлар көркем жүзді келіп, халықпен әділ, риясыз қатынас жасайтын. Халық олардың нұры мен таңғалдырарлық шындығын сезіп, олардың нұрының аясында өмір сүрді. Олар жүректерді билеп, имандарының күшімен адамзаттың айбын керуендерін алға ілгерілетті. Алланың соңғы елшісі және өзіне дейінгі пайғамбарлардың ресалатын кемелдендіруші хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.): "Мен ахлақтық ерекшеліктерді кемелдендіру ету үшін жіберілдім",- деген. Сонымен бірге дәл осы салада Құран Кәрім оның жақсылығын мадақтап, оған "егер жұмсақ мінезді және мейірімді болмасаң, айналаңдағылар ыдырап кетеді" деп ескерткен болатын. Пайғамбардың (с.ғ.с.) мейірімділігі баршаны таңғалдыратын.
Бір еврей үйіңің төбесінде тұрып, күнде хазіретке қарай күл шашатын. Бірақ пайғамбар ештеңе деместен, үнсіз өтіп кететін. Күндердің бірінде пайғамбар оның үйінің қасынан өтіп бара жатқанда, еврейді көрмей: "Досымыз бүгін көрінбеді ғой",- дейді. Хазіретке оның науқастанып қалғанын айтады. Хазірет еврейдің халін сұрап барады. Бұл адамнан ешбір азап көрмегендей, төсегінің қасына таянып отырады. Еврей пайғамбардың мұндай амалына таңғалады.
Исламның ұлық пайғамбары Меккені жеңіп, әскерилерімен бірге қалаға кірген кезде ту ұстаушыларының бірі: "Бүгін – шайқас күні; бүгін – сіздердің жандарыңыз бен мүліктеріңіз халал саналып, құрайыштықтар қорлық көретін күн",- деді. Пайғамбар бұл сөздерді естіп, реніш білдіріп, Мекке халқының арасында үмітсіздік тумас үшін: "Бүгін – рақымдылық күні; бүгін – құрайыштардың ғиззаты күні; бүгін – Алла Қағбаны мадақтаған күн",- деп жауап қайтарды. Хазірет Мұхаммадтің (с.ғ.с.) ақыл-кеңестері мен бағдарламалары бүгінгі адамзатты бүлік пен бұзақылықтардан құтқаратын насихаттардың өзі деп айтуға болады. Сонымен бірге бейбітшілік туралы армандайтын қазіргі адам тек илаһи тағылымдар аясында ғана үміт сыйлайтын келешек туралы ойлай алады. Имам Саджад (ғ.с.)-ның "Cаһифе Саджади» дұға жинағының екінші дұғасында былай деп айтылған: "Үмбетімізге хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ды сыйлаған Аллаға алғыс айтамыз. Уа, Алла! Уәхиіңді берік сақтап, барлық пенделеріңнің арасынан таңдалған хазірет Мұхаммадқа сәлем мен салауат жолда! Ол – жақсылықтар мен берекенің қайнары. Уа, Алла! Өз жолыңда жасаған жұмыстары үшін пайғамбардың жәннәттағы орнын жоғарылат. Ешкім хазіретпен бір сатыда болмасын".