Халықаралық «Исламдық бірлік» 31-ші конференциясына шолу
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i33059-Халықаралық_Исламдық_бірлік_31_ші_конференциясына_шолу
2017-ші жылдың желтоқсан айының 4-6 күндері Теһранда ислам әлемінің бірлігінің аясында «Бірлік және исламдық өркениеттің қажеттіліктері" мәселесіне арналған халықаралық «Исламдық бірлік» атты 31-ші конференция өтті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 17, 2017 20:57 Asia/Almaty
  • Халықаралық «Исламдық бірлік» 31-ші конференциясына шолу

2017-ші жылдың желтоқсан айының 4-6 күндері Теһранда ислам әлемінің бірлігінің аясында «Бірлік және исламдық өркениеттің қажеттіліктері" мәселесіне арналған халықаралық «Исламдық бірлік» атты 31-ші конференция өтті.

Ислам әлемі бір жарым миллиардтан астам жамағаты және экономикалық, саяси, қоғамдық мүмкіндіктерімен әлемдік деңгейде маңызды рөл атқара алады. Бұл мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану үшін ислам өркениетін жандандырған жөн. Ислам өркениеті ислам үмбетін қоқан-лоққыларға қарсы тұрғызып, халықаралық жүйеде шынайы орынға жеткізе алады. Кейбіреулердің пікірінше, ислам өркениеті –  Исламның ұлық пайғамбары кезіндегі ислам әлемінің негіздеріне назар аудару. Келесі біреулер ислам өркениетін Алла елшісінің пайғамбарлық міндетін  бастау кезеңінен осы кезге дейінгі көптеген шарықтаулар мен құлдырауларға ие тарихи жол санайды. Сондықтан қиындықтарға қарсы тұру үшін бұл үдерістен үлгі алу керек.

Халықаралық "Исламдық  бірлік" 31 конференция

Сондай-ақ, келесі көзқарас ислам өркениетін бір сөзбен анықтап, оны барлық қиындықтарды шешетін кілт  және ислам әлемінің бірлігінің негізі деп санайды.  Бұл көзқарас бойынша әлемде Исламның атын шығарып, әлемдік үлгі еткен мәселе – шиіттер мен сүнниттердің бірлігі; исламдық барлық мазхабтардың тұтастығы, бұрмалаушылықтармен қарсыласып, шынайы Исламның құндылықтарына жету жолында ілгерілеу.

2017-ші жылдың желтоқсан айының 4-6  күндері Теһранда ислам әлемінің бірлігінің аясында «Бірлік және исламдық өркениеттің қажеттіліктері" мәселесіне арналған халықаралық «Исламдық бірлік» атты 31-ші конференция өтті. Конференция – ислам әлемінің біртұтастығын арттыру жолындағы маңызды қадам. Басқосуға  әлемнің 90 мемлекетінен жиналған 500-ден астам ислам ғұламаларының қатысуы ислам әлемінің ислам үмбетінің бірлігіне жету саласындағы жігерінің белгісі болып табылады.

Халықаралық «Исламдық бірлік» атты 31-ші конференция

 

ИИР Президенті Хасан Рухани Халықаралық «Исламдық бірлік» 31-ші конференциясында бөгделердің мұсылмандардың арасына іріткі салуы мен кейбір мұсылмандардың  алдануына ерекше назар аудартып: «Биылғы «Исламдық бірлік» конференциясы біз жағымды және ащы екі оқиғамен кезіккен жағдайда жұмысын бастады. Біздің аймағымыздың жағымды  оқиғасы аймақ халықтары мен армияларының лаңкестікті жеңуі болды. Бұл жеңіске Ирак, Сирия және Ливан мемлекеттерінің халықтары мен армияларының, сондай-ақ, бұл елдердің лаңкестікке қарсы күресін қолдаушыларының арқасында қол жеткізді. Олар бүгінде қуанышқа бөленіп, беделдері жоғарылады. Ащы оқиға – аймақтың кейбір ислам мемлекеттерінің сионистік режимге жақын екендіктерін әшкере түрде жариялауы болды»,- деді. Рухани үстемшілдердің Ислам мен ислам өркениетін жою үшін дайындайтын мұрсаттарына тоқталып: «Біз «Ирак пен Сирияда халықты қырды, өркениет мұраларын қиратты, адамдардың арасында үрей мен қорқыныш тудырып, жазықсыз жандардың қаны төгілді» дейміз. Бірақ, «Сол мемлекеттер әлемдік жаңа өркениеттің даму мұрсатынан бірнеше жыл артта қалды» деп айтпаймыз. Америкалықтар, әлемдік үстемшілдік пен сионистер халықтардың алдында бұл аймақтың перзенттерін өлтіргені, өркениет мұраларын қиратып, аймақ мемлекеттерін қирауларға айналдырғандары, Йемен халқының бомбалардың астында қырылуына себеп болған қару-жарақ пен бомбаларды сатқаны, Солтүстік Африка аймағында қастандықтарын бастап, осы кезге дейін жалғастырып келе жатқаны үшін жауап беруі керек»,- деп қуаттады.

Иран Президенті АҚШ пен басқа үстемшіл мемлекеттердің басшыларына: «Сендер мұсылмандардың сендермен жақсы болып, сендерді құрметтегенін қалайсыңдар. Сендер адамзаттың өркениеті мен адамгершілік сендердің қолдарыңда деп уәжденесіңдер. Халықтарды қыру – өркениет пе?»- деді.

Иран Президентінің халықаралық «Исламдық бірлік» атты 31-ші конференциясындағы сөз сөйлеуі

Иран Президенті мұсылмандардың бірлігінің қажеттілігін қуаттап: «Қайшылықтар жойылып, соғыстар аяқталады. Бірақ, үстемшілердің ұлттар мен мазхабтар арасында тудырған қантөгістерінен қалған жарақаттар мен кектердің орнын емдеу үшін барлығымыз талпыны жасауымыз керек. Сіздер ғалымдар, мәдени қызметкерлер, ойшылдар, діни шәкірттер мен студенттер, мұсылмандар мен барлық мазхабтардың үлкен міндеті отаршылдар мен үстемшілдердің өткен жылдары біздің арамызда тудырған қайшылықтардан қалған жараларын емдеу болып табылады. Бұл – біздің бүгінгі міндетіміз»,- деп баса айтты. «Ислам мәдениеті» деген не және оның Батыс өркениетінен айырмашылығы неде? Бұл ғалымдар мен мәдени қайраткерлер талқыға салған ең маңызды мәселелердің бірі  болды. Ислам ойшылдары ислам өркениетінің еш уақытта басқа халықтарды өзін қабылдауға мәжбүрлемегенін еске салды. Исламдық жаңа өркениет жерлерге шабуыл жасау, адамдардың құқықтарын таптау және өз ахлағы мен мәдениетін басқа халықтарға таңу емес. Исламдық мәдениет илаһи нығметтерді адамзатқа сыйлап, адамдар үшін дұрыс жолды анықтауға жағдай жасау. Бұл өркениет – Батыс өркениетіне қарсы өркениет. Батыс өркениетіндегі даму байлық, ғылым мен технология және әскери дамуды қамтиды. Бірақ, Исламның қисынындағы даму ғылымға, ахлақ пен әділетке, тұрмыс, ғиззат пен халықаралық сенімге, саяси тәуелсіздікке, сондай-ақ, рухани тұрғыдағы дамуға, яғни Аллаға жақындау мен ғибадатқа назар аудартады. Исламдық өркениет материалдық және рухани дамуды қатар мақсат етеді.

Пәкістан бірлігі ұлттық кеңесінің хатшысы Лиақат Балуч

Пәкістан бірлігі ұлттық кеңесінің хатшысы Лиақат Балуч бұл туралы: «Бүгінде ислам үмбеті көптеген мүмкіндіктер мен табиғи ресурстарға ие. Сондықтан өзінің жарқын болмысына орала алады. Ислам мемлекеттері әлем халқының 25 пайызы мен табиғи ресурстарының 75 пайызына ие. Оларға немқұрайдылық білдіруге болмайды»,- деді. Ол Иранның ислам әлемінің күш-қуатын нығайту саласындағы талпыныстарына ризалығын білдіріп: «Әртүрлі елдердің дамуы үшін инфрақұрылымдар мен табиғи ресурстарды пайдаланатыны сынды ислам мемлекеттері де өз байлықтарына назар аударуы қажет. Ислам келген соң кейбір мемлекеттердегі ағарту үдерісіне куә болдық. Даму жолында өзін-өзі қамтамасыз етіп, ішкі мүмкіндіктерге сенім арту – мұсылмандардың ерекшеліктерінің бірі. Қазіргі таңда ислам әлемінің экономикалық айналымы артып, нәтижесінде ислам елдерінің күш-қуаты өсіп, экономика саласында жетістіктерге жетті»,- деді.

Ирактың Исламдық жоғары мәжілісінің төрағасы Шейх Хамуди: «Бүгінде ДАИШ жойылған кезде бұл топтың қылмыстарын аймақ жастарының ойынан қалай кетіреміз деп ойлануымыз керек. Сондықтан бұл іс үшін бірлік конференциясы мен ислам  ғұламалары мен ойшылдарының эксперттік отырыстарын өткізу қажет. Ислам қатып қалған дін емес. Ислам алға ілгерілейді. Біздің алаңдаушылығымыз – Исламның алаңдаушылығы. Егер Израильмен бірге исламның басқа дұшпандары исламмен соғысып, мұсылмандарды әлсірететін болса, бүгінде исламдық жаңа өркениеттің пайда болғанын және олардың қастықтарының нәтижеге жетпейтіндігін білгені жөн»,- деді.

Ирактың Исламдық жоғары мәжілісінің төрағасы Шейх Хамуди

Халықаралық «Исламдық бірлік» 31-ші конференциясына қатысушылар конференцияның жабылу рәсімінде ислам әлемінің исламдық өркениетті жаңдандыру саласындағы мүмкіндіктеріне тоқталуымен бірге исламдық жаңа өркениеттің адамзатты қазіргі қиындықтарынан құтқаратын жобаларға да ие екенін қуаттады. Олар сондай-ақ, АҚШ-тың қасиетті Құдсты еврейлендіру және мұсылмандардың қасиеттіліктерін басып алу деген жаңа саясатымен қарсыласу қажеттігін қуаттап, бұл әрекетті айыптап: «Ислам әлемі азаттық пен адам құқығын талап ететін барлық елдер мен барлық саяси күштер қолдайтын палестиналық жаңа интифазаны қажет етеді» деді. «Исламдық бірлік» конференциясының ең маңызды  бөлімдерінің бірі басқосуға жиналған қонақтардың Иран Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеимен кездесуі және хазіреттің жасаған баяндамасын тыңдауы  болды. Биыл бұл кездесу Исламның ұлық пайғамбарының туған күнінің жылдығы күні орын алып,  діни жетекші хазіретті мадақтап, ислам әлемі бірлігінің маңыздылығын қуаттап, пайғамбарды  үлгі тұтуды ислам үмбетін ішкі, аймақ және әлемдік қиындықтардан шығарады деп атап: «Ислам әлемі абыройлы, мықты болғысы келсе, бірлік пен табандылықты үлгі етуі керек»,- деді.

«Исламдық бірлік» конференциясының қонақтары Иран Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеимен кездесті

«Исламдық бірлік» 31-ші конференциясы әртүрлі көрмелер ұйымдастырды.  Көрменің бір бөлімінде бірлік, қайшылықтардың салдары, мұсылмандарға қарсы зорлық-зомбылық, исламдық және исламдық емес елдердегі АҚШ-ның қылмыстарының  тақырыптарына қатысты суреттер қойылды.