Аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіндегі Иранның оң рөлі 1
Қауіпсіздік мәселесі – заманауи әлемдегі басты мәселе. Қарапайым сөзбен айтқанда, қауіпсіздік халық үшін қажет басты нәрсеге айналды.
Бірақ саяси және теориялық тұрғыдан Роберт Арттың айтуынша, қауіпсіздік – екіқырлы әрі өте икемді түсінік. Сол себепті бүгінде қауіпсіздік туралы әртүрлі көзқарасты кездестіруге болады. Қауіпсіздіктің анықтамасы туралы осы уақытқа дейін ұжымдық келісім болмағанымен, қауіпсіздіктің саяси, экономикалық, қоғамдық және қоршаған ортаға қатыстылығына ешбір күмән тумайды. ИИР өзінің стратегиялық негізі бойынша әрқашан әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздіктің орнатылуын көздеді. Иран Ислам революциясының жеңісінен кейін аймақ пен әлем қарым-қатынастарына тәуелсіз әрі белсенді ойыншы ретінде кірді. Ислам республикасы жүйесінің бейбітшілік талап ету рөлі мен болмысы және бұл негіздің Иранның сыртқы саясатында қалыптасуы ислам республикасының қатыгездік пен экстремизмді теріске шығарып, әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздіктің орнатылуына белсенді қатысуына себеп болды.
ИИР Сирия дағдарысын шешу арқылы қауіпсіздік пен бейбітшілік орнатуға қандай стратегия мен қандай әрекеттерді қолданды? Бұл сұраққа жауап беру үшін Иранның стратегиялық саясатына назар аудару қажет. Иран аймақтағы қайшылықтар мен дағдарыстардың алдын алу үшін бұл мақсатқа үш жол арқылы жетуді көздеп отыр: аймақ өзгерістерін нақты зерттеп, орын алған оқиғаларды сараптап, қажет жағдайда қоқан-лоққыларды шешетін шаралар қолдану, Иран кеңесшілерінің Ирактағы құзыры мен Иранның Сириядағы ДАИШ-ке қарсы күрес майданына қатысуы бұл саладағы екі айқын мысал болып табылады; аймақ мемлекеттері арасында жан-жақты ынтымақтастық орнатып, олардың арасындағы қарым-қатынастарды арттыру арқылы ұжымдық сенім қалыптастыру; БҰҰ, Қосылмау қозғалысы мен Ислам ынтымақтастық ұйымы сынды халықаралық ұйымдар мен органдар арқылы қарым-қатынасты кеңейту. Осы үш негіз бойынша ұжымдық бейбітшілік пен қауіпсіздікке сүйенген ынтымақтастық пен келісімге келу және бір-бірін құрметтеу ИИР-ның стратегиялық мақсаты мен шынайы қалауы болып табылады. Иран халықаралық маңызды ұйымдарда белсенділік танытып, бұл рөлін аймақта тұрақты қауіпсіздік орнату саласында пайдаланбақ болды. Осыған орай 2016 жылдың желтоқсан айының 12 күні Теһранда «Батыс Азия аймағындағы қауіпсіздік жүйе» атты тақырыпта бірінші қауіпсіздік конференциясы өтті. Оған ғалымдар қатысты. Иран осы халықаралық отырыс аясында аймақ пен әлем халықтарына аймақтың барлық халықтарының келіссөздері, сенімділігі, ынтымақтастығы мен белсенділігіне сүйенетін тұрақты қауіпсіз тәртіп орнатқысы келетіні туралы жолдауын жеткізді. ИИР келесі қадамында, яғни, 2016 жылдың желтоқсан айында Мәскеудегі үшжақты келісімде Астана мен Женевадағы отырыстар аясында сириялық топтар арасында келіссөздер жүргізуге жағдай тудыруға талпыныс жасады. Иран, Ресей және Түркия Сыртқы істер министрлері Мәскеу отырысының мәлімдемесінде үш елдің Сирия дағдарысының әскери жолмен шешілмейтінін, БҰҰ-ның бұл дағдарысты Қауіпсіздік кеңесінің №2254 қарарына сәйкес шешуге талпынуы қажеттігін қуаттады. Бұл мәлімдеме Астана отырыстарының өтуіне себеп болды. Сирияда бейбітшілік орнату мақсатында өткен бұл отырыстар БҰҰ-ның өкілі Стаффан Де Мистураның қолдауына ие болды. Қазіргі таңда белгілі нәтижелерден кейін бұл талпыныстардың мақсатының аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнату, лаңкестікпен күресіп, бұл сұм құбылыстың кеңеюіне тыйым салу болғаны анықталды. Иран, Ресей және Түркия Президенттері Хасан Рухани, Владимир Путин және Реджеп Тайып Эрдоған өткен қараша айының 22 күні аймақтағы бейбітшілікке қарай келесі қадам жасады. Сочи отырысының қорытынды мәлімдемесінде Сирияның егемендігін, тәуелсіздігін, бірлігі мен территориялық тұтастығын қайтадан қуаттап, лаңкестік топтарды сәтсіздікке ұшыратып, ынтымақтастықтарын жалғастыруға келісті. Үш елдің президенттері сондай-ақ, бұл дағдарысты сириялық топтар арасындағы келіссөздер арқылы саяси жолмен шешуге келісті. БҰҰ-дағы Иран, Ресей және Түркия өкілдері де БҰҰ-ның Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің басшысына ортақ хат жолдап, олардын Сирияға қатысты Сочидың ортақ үндеуін Қауіпсіздік кеңесінің құжаты ретінде жариялауды сұрады.
Иран аймақтағы басқа дағдарыстарға да, атап айтқанда Палестина, Йемен, Ауғанстан мәселелеріне, Мьянмадағы рохинья мұсылмандарының өкінішті жағдайы мен Тәжікстандағы ұлттық татуласу үдерісіне және Қарабақ қайшылықтарын жан-жақты келіссөздер арқылы шешуге көмектесуге, сонымен қатар халықаралық отырыстарға қатысу арқылы маңызды рөл атқарды. ИИР өзінің Конституциясында зорлық-зомбылық көрген халықтардың құқықтарын қорғауды, аймақ пен әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуды қуаттады. Осыған орай Иранның дипломатиялық органы Қосылмау қозғалысы мен халықаралық келіссөздердегі белсенді рөлімен аймақ дағдарысын шешу стратегиясын ұсынды. Иранның Сирия дағдарысын шешудегі рөлі мен нәтижесінде Таяу Шығыс аймағындағы бейбітшілік пен қауіпсіздік тұрғыларын нығайтуы – дәл осы ұстанымдарының нәтижесі. ИИР Президенті Хасан Рухани бұдан бұрын, нақтырақ айтқанда 2013 жылы БҰҰ Бас ассамблеясының жылдық отырысында «Әлем қатыгездікке пен экстремизмге қарсы» деген ұсынысты баяндады. ИИР Президентінің ұсынысы БҰҰ-ның Бас ассамблеясында бекітіліп, қарарға айналды. Осы салада 2014 жылдың желтоқсан айында «Әлем қатыгездік пен экстремизмге қарсы» деген бірінші халықаралық конференция ИИР Президентінің, әлемнің 50 мемлекетінің жоғары лауазымды саяси басшылары мен көрнекті тұлғалары және ғалымдарының қатысуымен Теһранда өтті. Иран бүгінде Сирияда ғана емес, Йемен мен Ливанда және Ирак пен бүкіл әлемде бейбітшілік орнатуды көздейді. Оңтүстік Кореяның «The Korea Herald» газеті 2016 жылдың сәуір айындағы мақаласында Иранның Таяу Шығыс аймағындағы ұстанып отырған саясаттарын мадақтап: «Ядролық тақырыппен бірге Иранның бүкіл Таяу Шығыстағы бейбітшілік орнату туралы ұсыныстары назар аударарлық бастамалар болып табылады»,- деп жазды. Иранның пікірінше, аймақтағы бейбішілік пен тұрақтылықты нығайту саласындағы ең маңызды әрі ең әсерлі тәсілдердің бірі ынтымақтастық пен мемлекеттердің ортақ қоқан-лоққыларға қарсы тұруы және бейберекеттіктердің себептерін жою болып табылады. Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи «Пайғамбар әулетінің ғашықтары және тәкфиршілер мәселесі» атты конференцияның қонақтарымен кездесуінде ислам дұшпандарының іріткі салушылықтары мен қастандықтарына тоқталып: «Ислам республикасы күпірлік пен үстемшілдікке қарсы тұратын қай жерге болмасын қатысу қажет болса, көмектеседі. Ол үшін ешкімнен рұқсат сұрамайды»,- деді.