Аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіндегі Иранның оң рөлі 2
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i33221-Аймақтың_тұрақтылығы_мен_қауіпсіздігіндегі_Иранның_оң_рөлі_2
Таяу Шығыс аймағы – көптеген халықаралық ойыншыларды өзіне қызықтырған ең маңызды орталықтардың бірі.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 23, 2017 17:39 Asia/Almaty
  • Аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіндегі Иранның оң рөлі 2

Таяу Шығыс аймағы – көптеген халықаралық ойыншыларды өзіне қызықтырған ең маңызды орталықтардың бірі.

Бұл аймақта әсіресе өткен бірнеше онжылдықта көптеген саяси өзгерістер мен бейберекеттіктер орын алды. Сол өзгерістер Иранның ұлттық қауіпсіздігіне әсер етті және келешекте де әсерін тигізеді. Бұл өзгерістер Иранның ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігіне қайшы келіп, қорғаныс пен қауіпсіздік салаларында Иранды дағдарысқа тіреуі мүмкін. Осы үдерісте Парсы шығанағындағы Иранмен көршілес кейбір араб мемлекеттері АҚШ-қа тәуелді болып, Иранның айбынынан өздерін стратегиялық тұрғыдан әлсіз сезініп, Иранның деңгейіне жетуді мақсат етіп, АҚШ пен НАТО-ның аймақтағы ықпалын арттыруға талпыныс жасауда. Теория бойынша, геополитикалық және геостратегиялық жағдай аймақтың энергетикалық ресур қорларымен бірге бөгделердің араласуына себеп болатын  аймақтың ең маңызды факторлары болып табылады. Бұл үдерісте АҚШ трансаймақтық ең маңызды ойыншылардың бірі ретінде аймақтың саяси өзгерістерінде маңызды рөл атқарады. АҚШ-тың аймаққа әсер ету мақсатындағы ұзақ мерзімді стратегияларының бірі аймақтағы лаңкестікті дамыту арқылы тұрақсыздық орнатып, Таяу Шығыс аймағы мемлекеттерінің әскери-саяси істеріне араласу болды. Лаңкестік топтардың санының көбеюі және олардың қирату әрекеттерінің кең таралуы Азияның батыс аймағының жартысындағы қауіпсіздікті дағдарысқа тіреген ең айқын қоқан-лоққылардың бірі болды. 

 АҚШ 2001 жылдың 11-қыркүйек оқиғасынан кейін лаңкестікпен күресті сылтауратып, Ауғанстанға шабуыл жасады.  Ауғанстанды басып алғаннан үш жыл өткен соң Иракқа шабуыл жасады. Әл-Қаида мен ДАИШ-тың құрылуынан құлдырауына дейін АҚШ, Британия мен олардың аймақтағы одақтастарының қатыстылығы өте айқын болды. Көптеген деректер АҚШ-тың сол топтарды құруға, жаттықтырып, қаруландыруға қатысқанын көрсетті. Дағдарыс тудыратын ағымның жалғасында 2004 жылдың маусым айында АҚШ ресми түрде «Үлкен Таяу Шығыс» және «Солтүтсік Африка» жобасын әлемнің сегіз өнеркәсіптік мемлекеттерінің жиналысында баяндады. АҚШ-тың араласу ұстанымдарының мақсаты аймақты бөлшектеп, тұрақсыздық орнату болды. АҚШ пен Израиль Суданды бөлу және Ирактың Күрдістан аймағындағы бөлінуді қалайтын күрдтерге қолдау көрсету арқылы аймақта тұрақсыздық орнатуды көздеді. Бірақ олардың әрекеті нәтижеге жетпеді. Қауіпсіздік кеңесінің әлсіздігі бөлшектеу үдерісінің күшеюі мен соның салдарынан халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп-қатердің төнуіне себеп болды. Аталмыш кеңестің дәрменсіздігі бір жақтан шапқыншыларды қылмысқа итермелеп, олардың зорлық-зомбылықтарына жағдай тудырды. Мәселен, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буштың БҰҰ құрылымына немқұрайдылық танытуы мен 2003 жылы жаппай қырып-жоятын қаруды сылтауратып, Иракқа шабуыл жасауы аймақтағы тынышсыздықтардың артуына соқтырды.  АҚШ пен одақтастарының 2001 жылы лаңкестік және әл-Қаидамен күресті сылтауратып, аймақ пен әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне  ықпал етуі аймақ пен әлемнің бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуына еш көмегі болған жоқ. Керісінше, лаңкестік, қатыгездік, есірткі өндірісі мен зорлық-зомбылық арта түсті. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи өткен маусым айында жүйе басшылармен кездесуінің соңында үстемшілердің өздерінің талап-тілектерін орындату үшін әртүрлі тәсілдерді пайдаланатындығын қуаттап: «Үстемшілердің өз мүдделерін қамтамасыз ететін тәсілдерінің бірі – «халықаралық нормалар». Олар тәуелсіз әрі зұлымдыққа қарсы елдерді нормаларды бұзды деп айыптайды»,- деді. ИИР Ислам революциясы жетекшісінің қырағылығы және жүйенің, әсіресе Ислам революциясы Сақшылар корпусы басшыларының алғырлығымен елде қауіпсіздікке қарсы қоқан-лоққылар мен олардың ішкі қауіпсіздікке деген әсерлеріне қарсы стратегиялық шаралар басталды. Осыған орай Иран Ирак үкіметімен келісіп, Иракқа әскери кеңесшілерін жіберіп, Сирияда Ресейдің көмегімен, сондай-ақ Сирия халықтық күштері және армиясымен бірге ДАИШ-ке қарсы нақты әрекеттерді іске асырды. Бұл үлгі болатын әрекеттер шынайы күресті көрсетіп,  аймақтағы АҚШ пен АҚШ басқарған коалиция мен НАТО-ның  тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату туралы уәждерінің өтірік екендігін көрсетті. Ислам революциясының жетекшісі Сириядағы ДАИШ-тың жойылуынан кейін сөйлеген сөзінде: «Кейбір шекаралас мемлекеттер ДАИШ-ты жоятын күштің бар екендігіне  сенбеді. Бірақ, майданға аяқ басып, жеңісті өз көздерімен көріп, Ислам революциясының «Біздің қолымыздан келеді!» деген жолдауына сенді»,- деген болатын. Бұл оқиғалардың барлығы Иранның аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін бұзатын факторлармен бетпе-бет келіп отырғанын көрсетеді. Сол себепті Иранның тұрақтылық орнату жолындағы талпыныстарының жетістіктері тек Иран, Сирия, Ирак пен Ресейге ғана емес, аймақтың барлық халықтары мен тынышсыздықтардың салдарларымен кезіккендер үшін үлкен көмек болды. Бұл әрекет дер кезде трансаймақтық мемлекеттер, әсіресе АҚШ пен аймақтағы оның Сауд Арабиясы сынды одақтастары мен батыс-араб коалициясының аймақты билеп-төстеу мақсатындағы талпыныстарын сәтсіздікке ұшыратты. Бүгінде АҚШ-тың Ирак пен Сириядағы ДАИШ-ты қаруландыру арқылы «жаңа Таяу Шығыс» құруға жағдай жасау саласындағы АҚШ-тың біржақты саяси және әскери жобалары  сәтсіздікке ұшырады. Сондай-ақ, Израиль үшін өте маңызды «жаңа Таяу Шығыс» жобасы іске аспады. Егер қоқан-лоққылар жалғасқанда ДАИШ обыр безі сынды жылдамдықпен таралып, аймақты бөлшектеу жобасы іске асырылатын еді.  Ислам революциясының жетекшісінің Ислам революциясы Сақышлар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы Қасемидің аймақтағы ДАИШ-тың жойылуы туралы хатына берген жауабы дәл осы шындықты көрсетті. Ислам революциясының жетекшісі былай деді: «ДАИШ-тың сұм билігінің аяқталуы Батыс Азия аймағында өздері мен заңсыз сионистік режимнің билігін орнату мақсатында бұл топты құрып, оған жан-жақты қолдау көрсеткен АҚШ-тың бұрынғы және қазіргі үкіметтері мен  аймақтағы соларға тәуелді режимдер үшін соққы болды».

ИИР-ның аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату саласындағы сыртқы саясаты трансаймақтық Қытай мен Еуроодақ сынды мемлекеттердің Таяу Шығыс аймағына оң ықпал етуіне жағдай тудырды. Америкалық «National interest» басылымы Вашингтонның Иранға қатысты дұшпандық саясатын сынап, Теһранның аймақта тұрақтылық орнатуға қатысуын қажеттілік деп атады.